Файл: 1. 1Таырып Медбике ісіні даму тарихы жне философиясы. Масаты мейіргер ісі тсінігіні анытамасы медбикелік ісіні негізгі міндеттері мен масаттары дамуы, философиясы этика, деонтология.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.05.2024

Просмотров: 74

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Механикалық, физикалық, химиялық және біріккен әдістері бар.

Механикалық:

- бөлмеде ылғалды жинастыру;

- төсек-орын, киімді қағып-сілку;

- шаңсорғыш арқылы шаң сору, бөлмені әктеу және бояу;

- қолды жуу.

Физикалық (термиялық) зарарсыздандыру әдістері:

 күн сәулесін қолдану;

 ауаны тазалау үшін ультракүлгін сәулені қолдану;

 ыстық үтікпен үтіктеу,өртеу.

 тамақ қалдықтары мен құралдарды жағып жіберу;

 ыстық сумен шаю немесе қайнағанға шейін қыздыру.

 пастерлеу;

 дистилденген суда қайнату- 30 мин., ас содасын қосу арқылы – 15 мин.толық батырған жағдайда.Қайнатар алдында бөлек ыдыста ластан тазартады, эпидемияға қарсы қорғау шарасын сақтай отырып жуады,жуынды суды зарарсыздандырып канализацияға құяды. Қайнату уақытын су қайнағаннан бастап санайды.

 зарарсыздандырудың ауалы түрі (жинастырмай(орамай), құрғақ шкафта t -120 С, экспозиция 45 минут) егер шыныдан, металл, резеңке, латекс, ыстыққа төзімді полимерден жасалған заттар үшін.

 булы түрі қолданылады, егер сол заттар алдын-ала тазартуды қажет етпесе. Зарарсыздандырушы агент: сулы бу қысымы 0,5 атм. Зарарсыздандыру режимі: температура-110 С, экспозиция- 20 мин.

Зарарсыздандырудың химиялық әдістері:

ЕААМ толық батыру арқылы зарарсыздандырудың химиялық әдістері қолданылады. Науқасқа қатынасы жоқ бөзден, марліден жасалған дәкелерді зарарсыздандырушы ерітіндіге батырып екі рет сүрту.

Сүртуге зарарсыздандырушы: сайдекс, формалин, глутрал, бианол, дезаксон- 1 ерітінділерін қолдануға болмайды, себебі олар адам организміне токсикалық әсер етеді. Зарарсыздандырудың химиялық әдістеріне жатады:

- шаю;

- сүрту;

- толық батыру;

- шашырату(бүрку).

Зарарсыздандырудың біріккен(аралас) әдістері:

Зарарсыздандырудың біріккен әдістерінде арнайы зарарсыздандырушы камераларда жүргізіледі.

Булы-ауалы-ылғалды ауамен температура 110 С,қысым 0,5 атм.,экспозиция-20 мин.

Булы, формалинді: 0,5 атм ,. температура- 90 С, экспозиция- 30 мин.

Күнделікті және қорытынды зарарсыздандырудың сапасын бақылау.

ЕААМ- дегі күнделікті және қорытынды зарарсыздандырудың сапасын бақылау эпидемияға қарсы тәртіпке жауапты қызметкерлерге күнбе - күн жүргізу жүктеледі,ал дезстанция қызметкерлері: үш ай сайын- хирургиялық ауруханада, жылына 2 рет- соматикалық бөлімшелерде жүргізіледі.

Бақылау түрлері: химиялық бақылау (құрғақ немесе залалсыздандыру ерітіндісінің бөлшегін дезлабораторияға жеткізеді, ерітіндінің дұрыс дайындалғанына қорытынды жасап және құрамындағы заттардың белсенділігін анықтайды.).


Визуальды дезстанцияның дәрігері немесе лаборанты жүргізеді.

Бактериологиялық бақылау (құралдың жалпы санының 1 пайыз мөлшерінен жағынды алады,бірақ 3 сынамадан кем емес жағынды алу ) дезистанцияның мамандары жүргізеді.

Алдын-алу (күнделікті) зарарсыздандыру:

Барлық бөлмелерді жуушы және зарарсыздандыру ерітінділерін қолдана отырып, тәулігіне екі рет тазалау жүргізіледі. Зарарсыздандыру ерітіндісіне арналған ыдыста ерітіндің аты, концентрациясы, дайындалған күні жазылады. Зарарсыздандыру ерітіндісін арнайы бөлмеде сақтайды. Барлық жинастыру құралдары белгіленуі керек, әжетханаға арналған құрал тек әжетханада сақталуы керек. Жинастырудан кейін шүберек 0,5 % хлорлы әк немесе 1% хлорамин ерітіндісінде 1 сағат тұруы керек. Қолды шаруашылық сабынымен жуып, инфекциялық науқасты қарап болғасын 0,2% хлорамин ерітіндісі немесе 0,1% «Дезаксон» ерітіндісімен 2 мин өңдеу керек.

Зарарсыздандырушы ерітіндімен жұмыс кезінде еңбекті қорғау ережелерін сақтау

1. Зарарсыздандырудың химиялық ерітінділерін сақтау ережесін қадағалау.

2. Зарарсыздандыру заттарының аты, тағайындауы, дайындаған күні, жарамдылық мерзімі көрсетілген паспорты болуы керек.

3. Зарарсыздандыру ерітінділерін дайындауда жеке бас гигиенасын сақтау (арнайы халат, орамал, респиратор, қорғаныш көзілдірік, резеңке қолғап, ауыстыратын аяқ киім).

4. Зарарсыздандыру ерітінділерін дайындайтын жерде сормалы шкаф болуы керек.

5. Зарарсыздандыру ерітінділері теріге түскен жағдайда тез сумен жуып тастау керек.

6. Көзге тамғанда -2% сода ерітіндісімен жуу,қажет болса 3% альбуцид ерітіндісін тамызу,ауырғандық басылмаса-2% новокаин көзге арналған ерітіндісін тамызу.

7. Тыныс жолын тітіркендірген жағдайда- тез арада ауасы таза бөлмеге шығу немесе таза ауаға, содалы жылы сүт ішу, ауызды 2% сода ерітіндісімен шаю.

Науқастардың киiмдерiн ауыстыру жетi күнде кемiнде бiр рет және ластануына қарай жүргiзiледi. Босанған әйелдердiң төсек жабдығын ауыстыру әрбiр үш күн сайын, iш киiмдерi, сүлгi және төсем сулықтар күнсайын жүргiзiледi.

Операциялық, босандыру блоктарында, асептикалық режимдегi үй-жайларда ауруханалық стерилдi немесе бiр реттiк киiм-кешек пайдаланылады.


Пайдаланылған киiм-кешектi жинау тығыз арнайы ыдыста (клеенка, полиэтилен қаптар, жабдықталған киiм-кешекке арналған арбалар) жүзеге асырылады. Бөлiмшелерде лас киiм-кешектердi бөлуге жол берiлмейдi.

Бөлiмшелерде лас киiм-кешектердi уақытша сақтау (он екi сағаттан асырмай) санитариялық бөлмелерде, осы мақсат үшiн арнайы бөлiнген үй-жайларда жууға және дезинфекциялауға жеңiл (металл, пластмасса бөшкелер) жабық ыдыста жүзеге асырылады. Лас киiм-кешектермен жұмыс iстеу үшiн персонал ауыстырылатын санитариялық киiммен қамтамасыз етiледi.

Таза киiм-кешектер арнайы бөлiнген үй-жайларда стеллаждарда, шкафтардағы сөрелерде сақталады Киiм-кешектiң ауруханадан тыс киiм-кешекпен жанасу мүмкiндiгiн болдырмайтын арнайы технологиялық желiлер бөлiнген жағдайда, барлық меншiк нысанындағы кiр жуу орындарында киiм-кешектi жууға жол берiледi. Инфекциялық, iрiңдi хирургиялық және патологиялық-анатомиялық бөлiмшелердiң киiм-кешектерi жуу алдында дезинфекцияланады.Стационардың таза және лас киiм-кешектерiн тасымалдау қаптамаланған күйде арнайы бөлiнген көлiкте жабық таңбаланған ыдыста («таза» немесе «лас» киiм-кешек) Палаталарды зарасыздандыру іс-әрекеті. Мақсаты: патогенді жене шартты-патогенді микроорганизмдерді жою. Талап:

- Кесте бойынша аптасына бір рет жуып-шаю.

- Тазарту аса қатты кірленген жерлерден аздау кірленген жерлерге қарай жүргізілуі, сондай-ақ жоғары жақтан төменгі жаққа қарай жүргізілуі керек.Жағдай:

- Жуып- шаю пациенттер жоқ жерде жүргізілуі.

- Жүмысты қорғаныс қүралдарын қолдана отырып жүргізу.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Арнайы ауыстырып киетін киіміңізді , қалпақ, ліаска, қолғап,киініз.

2.Қолданылатын зарарсыздандыру затының қолдану талабына сай етіп

зарарасыздандыру ерітіндісін дайындаңыз.

3.«Палата еденін жуу үшін» деген белгісібар жүмыс қүралын(сүлік, шелек, швабра)

қолдану керек, « қабырға, терезе алдын жуу үшін» деген белгісі бар ыдыстарды

қолданасыз.

4.Қоқыстарды пакетпен шығарыңыз.

5.Терезе перделерін алып тастаңыз..

б.Кереуеттерді жылжытып, кереует маңындағы тумбаларды ортаға қойыңыз, төсек

бүйымдарын орап қойыңыз.

7.Төбені сүңгіден тазартыңыз.

8.Тазарту жүмыстарын белгілі ретпен жүргізіңіз: қабырға, шыны, терезе алды, жылыту

жүйесінің трубалары, мебель, еденді зарарсыздандыру, ерітіндісімен, (ветошь

зарарсыздандыру ерітіндісімен жақсылап сулану керек).

9.Раковинаны тазартқыш затпен арнайы ветошпен жуыңыз, оны қолданған соң

зарарсыздандырыңыз немесе қайнатьщыз.


10.1 сағаттансоң таза ветошь қолдана отырып сабынды-жуғыш зат ерітіндісімен

зарарсыздандырылған жерлерді 2 рег, арасына 30 минут. уақыт салып, жуып- шайыңыз

(Юлитр суға 25 грамм жуғыш зат, 25 грамм кальций содасын қосып).

11.2сағатқа бактериоцидті лампаны қосып, палатадан шығыңыз.

12.10 минут палатаны желдетіңіз.

Ескертпе: Жуып болған соң ыдыстарды кір судан босатып, зарарсыздандыру ерітіндісін

дайындаңыз,сүліклерді 1 сағатқа зарарсыздандыру үшін ерітіндіге салып қойыңыз, сосын

қүрғатып, қүрғақ күйінде арнайы орында сақтаңыз. Швабраны зарарсыздандыратын

ерітіңдімен суланған сүлікмен сүртіп, тазартыңыз.

Хлорлы әктің 10% жұмыстық ерітінділерді дайындау іс-әрекет алгоритмі

Мақсаты: зарарсыздандыру.

Жабдықтау:

-арнайы киім, ұзын медициналық халат, клеенка алжапқыш, резеңке қолғаптар, респиратор,

көз қорғайтын әйнек, ауыстырып киетін аяқ киім.

- қақпағы бар, сыйымдылығы 10 л. эмальданған ыдыс немесе үлкен қоңыр түсті, тығыны

бар шыны ыдыс

- бір пакет хлорлы известь (Ікг.)

- ағаш күрекше

- ертінділерге және құрғақ ұнтақ заттарға арналған өлшемді ыдыстар

- құжаттар: 10%хлорлы ақ дайындау құжаты, белсенді хлор бойынша құрғақзатты бақылау

журналы

-жеке бас тазалығына қажет заттар: сабын, жеке орамал.


4.Иллюстративті материал. Презентация

5. Әдебиеттер.

1.С.Қ.Мұратбекова«Мейірбике ісінің негіздері»

308-331-беттер

2.С.А.Мухина, И.И.Тарновская«Мейірбикелік іс негіздері» пәніне практикалық басшылық Мәскеу,2014ж, 155-173 беттер

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

1 тапсырма

Тест-бақылау

І -нұсқа

1. Ойылуды болдырмау үшін, науқастың төсектегі қалпын қанша сағат сайын өзгертеді:

А. 2 сағат

В. жарты сағат

С. 1 сағат

Д. 6 сағат

Е. 3 сағат

2. Тері тесілудің алдын -алу үшін науқастың төсектегі қалпын өзгерту қажет:

А. 0,5 сағат сайын

В. 2 сағат сайын

С. 4 сағат сайын

Д. 6 сағат сайын

Е. 8 сағат сайын

3. Алғашқы ойылу белгілері:

А. терінің бозарып қызаруы, көкшілденуі

В. эпидермистың сыдырылуы

С. терінің күлдіреуі

Д. ұсақ нүктелі бөрітпенің пайда болуы

Е. Эпидермистың сыдырылуы, терінің бозарып қызаруы, көкшілденуі

4. Науқасты денесін (терісін) күтуге керек заттар

А.орамал, табақ, дәке, 1-2 қасық сірке суы қосылған 0,5 литр жалы су

В.дәке 3 % сутегі асқын тотығы, орамал, мақта тампоны

С. 2 % гидрокарбонат натрий, мақта тампоны, шпатель

Д. 0,1% фурациллин ерітіндісі, дәке, лоток, пинцет

Е. 5 % гидрокарбонат натрий, мақта тампоны, шпатель

5. Мацерация дегеніміз

А. терінің баздануы

В.терінің өлі еттенуі

С.терінің іріңдеуі

Д.терінің былжырауы

Е.терінің баздануы, терінің өлі еттенуі

6.Төсекті ауыстыруға керекті заттар

А. көпшік тыс, клеенка қап

В. дәрет ыдысы, таза ақ жайма, көпшік

С. клеенка қап, көпшік тыс, таза ақ жайма

Д. көрпе, ақ жайма, клеенка қап

Е. ақ жайма, дәрет ыдысы

7.Ойылудың бірінші белгісіне тән өзгерістерді көрсетіңіз

А Іріңдеуі.

В. шіру

С. күлбір пайда болу

Д. еш өзгеріс болмауы

Е. тері қызарып, ісіп, қабыршақтану

8.Ойылу дегеніміз

А. терінің қағынуы

В. терінің өлі еттенуі

С. терінің астына қан құйылу

Д. терінің іріндеуі

Е. терінің баздануы

9. Ойылуды болдырмау үшін, науқастың төсектегі қалпын қанша сағат сайын өзгертеді:

А. 2 сағат

В. жарты сағат

С. 1 сағат

Д. 6 сағат

Е. 3 сағат

10. Төсекті ауыстыруға керекті заттар

А. клеенка қап, көпшік тыс, таза ақ жайма

В. дәрет ыдысы, таза ақ жайма, көпшік

С. көпшік тыс,көрпе, клеенка қап

Д. көрпе, ақ жайма, клеенка қап

Е. ақ жайма, дәрет ыдысы

ІІ -нұсқа