Файл: 1. 1Таырып Медбике ісіні даму тарихы жне философиясы. Масаты мейіргер ісі тсінігіні анытамасы медбикелік ісіні негізгі міндеттері мен масаттары дамуы, философиясы этика, деонтология.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.05.2024

Просмотров: 79

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

4.Иллюстративті материал. Презентация

5. Әдебиеттер.

1.С.Қ.Мұратбекова«Мейірбике ісінің негіздері» Астана,2007 ж

200-208 беттер.

2.С.А.Мухина, И.И.Тарновская«Мейірбикелік іс негіздері» пәніне практикалық басшылық Мәскеу,2014ж, 49-58 беттер.

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

1.Тапсырма

Тест сұрақтары

І - нұсқа

1.Тоңазытқыштағы тамақтың жағдайына кім бақылау жасайды:

А. постадағы мейірбике

В. санитарка

С. буфетші

Д. аға мейірбике

Е. шаруашылық мейірбике

2. Жасанды тамақтандырулардың түрлері:

А. барлық жауап дұрыс

В. асқазан зонды арқылы

С. операциялық қарын тесігі немесе аш ішек жыланкөзі арқылы

Д. клизманың көмегімен

Е. Парентерпльды

4. Парентеральды тамақтандыру үшін қолданылатын белокты заттар:

А. гидролизат казеин

В. 10% глюкоза ерітіндісі

С. липофундин

Д. физиологиялық ерітенді

Е. регидрон

4. Дәрігердің науқасқа тағайындаған диеталық столдың нөмірі көрсетілген медициналық құжат:

А. үлестік

В. науқастың ауру тарихы

С. үлестік сұранысы

Д. науқасты қабылдау және қабылдамау есебі журналы

Е. ауруханадан шығатындарға статистикалық талон

5. Диета –

А. науқасты емдеу тәсілі ретінде немесе оны асқындырмау мақсатында жасалатын рацион әрі тамақтану тәртібі

В. науқасты майлы және тұзды тамақтармен тамақтандыру

С. науқасты қуырылған, тұзды тамақтармен тамақтандыру

Д. науқасты сүт тағамдарымен тамақтандыру

Е. науқасты сусындармен, көкөніспен тамақтандыру

6. Құнарлы калориялық тамақ тағайындалады:

А. туберкулезде

В. вирусты гепотитте

С. қант диабетінде

Д. асқазан жара ауруында

Е. гипертония ауруында

7. Халі ауыр науқасты зонд арқылы тамақтандыру қарсы көрсеткіші:

А. асқазан жара ауруының өршу сатысында

В. науқас ес-түссіз жағдайда

С. ауыз қуысында жарақатта

Д. жұту және сөйлеу бұзылғанда

Е. барлық жауап дұрыс

8. Науқасты гастростома арқылы тамақтандыру көрсеткіші:

А. өңештен тамақ жүрмеген кезде (жарақат, күйік, қатерлі ісік), асқазанға, өңешке операция болғанда

В. асқазан жара ауруының өршу сатысында

С. жұту және сөйлеу бұзылғанда

Д. тамақтан бас тартқанда

Е. науқасес-түссіз жағдайда болғанда

9. Халі ауыр науқасты зонд арқылы тамақтандыру үшін керек құрал-жабдықтарды таңдап ал:


А. залалсыздандырылған зонд және шприці немесе 200 мл-лік сүзгіш, глицерин, дәке, фурациллин ерітіндісі, 38-39С жылы сұйық тамақ 3-4 стакан, шпатель, қолғап, зарарсыздандыру ерітіндісі, ауыз кергіш

В. глицирин, шпатель, қоғап зарарсыздандыру ерітіндісі, ауыз кергіш

С. зарарсыздандыру ерітіндісі, ауыз кергіш, залалсыздандырылған зонд және шприці немесе 200 мл-лік сүзгіш, 38-39 үшін керек құрал-жабдықтарды таңдап жылы сұйық тамақ 3-4 стакан, шпатель, қолғап

Д. 38-39С жылы сұйық тамақ, глицирин, дәке, залалсыздандырылған зонд және шприці немесе 200 мл-лік сүзгіш

Е. залалсыздандырылған зонд және шприці немесе 200 мл-лік сүзгіш, глицерин, дәке, фурациллин ерітіндісі, 38-39С жылы сұйық тамақ 3-4 стакан, шпатель, қолғап

9. Науқасты гастростома арқылы тамақтандыру үшін керек құрал-жабдықтарды таңдап ал:

А. жуан қарын зонды, залалсыздандырылған домалақ (түйме) зонды, оймыш, вазелин майы, лассар пастасы, 50-250-500 мл 30-35С дейін қыздырылған сұйық тамақтар

В. жуан қарын зонды, вазелин майы, лассар пастасы, 50-250-500 мл 30-35С дейін қыздырылған сұйық тамақтар

С. залалсыздандырылған домалақ (түйме) зонды, лассар пастасы, 50-250-500 мл 30-35С дейін қыздырылған сұйық тамақтар

Д. жуан қарын зонды, залалсыздандырылған домалақ (түйме) зонды

Е. жуан қарын зонды, залалсыздандырылған домалақ (түйме) зонды, оймыш, вазелин майы, лассар пастасы, 50-250-500 мл 30-35С дейін қыздырылған сұйық тамақтар

10. №7 диетаны тағайындаудың мақсаты:

А. ас тұзын шектеу арқылы жоғары қан қысым мен дене ісінуіне әсер ету

В. бауырдың бұзылған қызметін қалпына келтіруге және өттің бөлінуін жылдамдатады

С. асқазан мен ішектің секрециялық және қозғалыс қызметін қалпына келтіруге

Д. химиялық, механикалық тітіркендіргіштерді шектей отырып асқазан, ұлтабарды сақтау

Е. көмірсутегімен дұрыстап ұстауға жағдай жасау, май алмасу бұзылуының алдын алу

ІІ – нұсқа

1. Науқасқа тамақ дайындауды ұйымдастыру кезіндегі мейірбекесінің қызметі:

А. тамақтардың сапасына бақылау жүргізіп, және оны бөлу

В. үлестік сұранысын құрастыру

С. үлестікті құрастыру

Д. науқасты тамақтандыру

Е. диеталық стол дайындау

2. Бауыр және өт жолдары ауруларына тағайындалатын диета нөмірі:

А. 5

В. 1

С. 7

Д. 9

Е. 10

3. Құ нарлы калориялық тамақ тағайындалады:

А. туберкулез

В. вирусты гепотитте

С. қант диабетінде

Д. асқазан жара ауруында

Е. гипертония ауруы

4. №5 диетаны тағайындаудың мақсаты:

А. бауырдың бұзылған қызметін қалпына келтіру, өттің бөлінуін жылдамдатады


В. ас тұзын шектеу арқылы жоғары қан қысым мен дене ісінуіне әсер ету

С. асқазан мен ішектің секрециялық және қозғалыс қызметін қалпына келтіруге

Д. химиялық, механикалық тітіркендіргіштерді шектей отырып асқазан, ұлтабарды сақтау

Е. көмірсутегін дұрыстап ұстауға жағдай жасау, май алмасу бұзылуының алдын алу

5. Тоңазытқыштағы тамақтың жағдайына кім бақылау жасайды:

А. постадағы мейірбике

В. санитарка

С. буфетші

Д. аға мейірбике

Е. шаруашылық мейірбике

6. Жасанды тамақтандырулардың түрлері:

А. барлық жауап дұрыс

В. асқазан зонды арқылы

С. операциялық қарын тесігі немесе аш ішек жыланкөзі арқылы

Д. клизманың көмегімен

Е. Парентерпльды

7. Диета –

А. науқасты емдеу тәсілі ретінде немесе оны асқындырмау мақсатында жасалатын рацион әрі тамақтану тәртібі

В. науқасты майлы және тұзды тамақтармен тамақтандыру

С. науқасты қуырылған, тұзды тамақтармен тамақтандыру

Д. науқасты сүт тағамдарымен тамақтандыру

Е. науқасты сусындармен, көкөніспен тамақтандыру

8. Дәрігердің науқасқа тағайындаған диеталық столдың нөмірі көрсетілген медициналық құжат:

А. үлестік

В. науқастың ауру тарихы

С. үлестік сұранысы

Д. науқасты қабылдау және қабылдамау есебі журналы

Е. ауруханадан шығатындарға статистикалық талон

9. Науқасты гастростома арқылы тамақтандыру көрсеткіші:

А. өңештен тамақ жүрмеген кезде (жарақат, күйік, қатерлі ісік), асқазанға, өңешке операция болғанда

В. асқазан жара ауруының өршу сатысында

С. жұту және сөйлеу бұзылғанда

Д. тамақтан бас тартқанда

Е. науқасес-түссіз жағдайда болғанда

10. №7 диетаны тағайындаудың мақсаты:

А. ас тұзын шектеу арқылы жоғары қан қысым мен дене ісінуіне әсер ету

В. бауырдың бұзылған қызметін қалпына келтіруге және өттің бөлінуін жылдамдатады

С. асқазан мен ішектің секрециялық және қозғалыс қызметін қалпына келтіруге

Д. химиялық, механикалық тітіркендіргіштерді шектей отырып асқазан, ұлтабарды сақтау

Е. көмірсутегімен дұрыстап ұстауға жағдай жасау, май алмасу бұзылуының алдын алу

1.6 Дәрістік кешен келесі бөлімдерді қамтиды:

1. Тақырып : Өзіне-өзі қызмет ету тапшылығы бар науқастарға күтім көрсету.

2. Мақсаты: Науқасқа төсек жаймасын ауыстыруды, қалі ауыр науқастың ішкі киімдерін ауыстыруды, ойылу және пысынау болғанда теріні тазартуды үйрету.


3. Дәріс тезистері. Ойылу (decubitus) – дистрофикалық, жаралы некротикалық процесс. Тері асты шел қабатының және жұмсақ тіндердің ұзақ қысылуынан, жергілікті қан айналымының бұзылуынан пайда болатын терідегі дистрофикалық, жаралы некротикалық өзгерістер.

Ойылған жер дегеніміз - үстіңгі, ал кейде тереңдеп жайыла түсетін беткі тінннің (терінің, тері астындағы шел қабатының, кілегей қабағының) жансыздануы.

Ойылу - терінің және жұмсақ тіндердің ұзақ уақыт қысылуынан шіруге дейін баратын зақымдануы.

Ойылудың кезеңдері

О йылудың І - кезеңі - терісі аздап қызарып, ісіп, қабыршақтанады. Эпидермис пен тері қабаттары зақымданады. Тұрақты гиперемия қызыл-көкшіл дақтармен сипатталады. Гиперемия қысым тоқтағаннан соң кетеді. Терінің сыртқы қабаты зақымданбайды.
Ойылудың ІІ-кезеңі – бұл кезеңде күлбір пайда болады терінің сыртқы қабатының және тері асты май қабатының тұтастығы бұзылады. Тұрақты гиперемия және көкшіл - қызғылт дақтар сақталады. Эпидермистің алынуы байқалады.

О йылудың ІІІ-кезеңі - күлбір жарылып, жара пайда болады. Бұлшық ет қабатына дейін барлық қабаттарының тереңірек зақымдануы байқалады.

Ойылудың ІҮ-кезеңі - барлық жұмсақ тіндердің зақымдалуымен сипатталады. Сіңір және сүйектердің зақымдануы байқалады.

Теріні сүрту

  1. Әзірлеңіз: ерітіндінің біреуін: жылы суды, 10  камфора спиртін, 1-2 ас қасық сірке суы қосылған 0,5 литр жылы суды, 0,1 перманганат калий ерітіндісін, орамалды, табақты, дәкені.

  2. Орамалдың бір ұшын әзірленген ерітіндіге сулап алып, аздап сығыңыз.

  3. Науқастың: бетін, мойынын, құлағының артын, арқасын, кеуде клеткасының алдыңғы жағын, қолтығының, сүт бездерінің астын шап қыртыстарын сүртіңіз.

  4. Дәкені ауыстырыңыз.

  5. Жоғарыдағы жүйемен бір мезгілде теріні түкті орамалмен сүрт.



Терінің ойылуынан алдын-ала сақтану шаралары


Әзірлеңіз: дөңгелек үрілген резңке, көпшік тыс немесе жаялық, орамал, асептикалық ерітінділер, мақта тампоны, дәке, тальк (опа).

Алгоритм іс әрекеттері:

  1. Әрбір 2 сағат сайын науқасты бірнеше минут қырындатып жатқызу керек.

  2. Күн сайын тамақтанып болған соң, тамақтың қалдықтарын аурудың алдынан қағып алып тастаңыз.

  3. Науқастың төсегінде, киімдерінде денесіне бататын қыртысты болдырмау керек.

  4. Күніне науқастың терісін 2-3 рет сабынды салқын сумен немесе асептикалық ерітіндімен сүртіп тұру керек.

  5. Құрғақ орамалмен күніне 1 рет науқастың терісін ысқылып тұру керек.

  6. Егер тері қызарса, онда сол жерді перманганат калий ерітіндісімен тазартып жуу қажет.

  7. Қызарған жерге талькті (опаны) сеп.

  8. Науқастың астына үрілген резинканы көпшіктің тысына салып қой.

Науқасқа төсек әзірлеу

Әзірлеңіз: Кереуетті, матрасты, матрастың тысын, ақжайманы, көпшікті, сыртында тысы бар көрпе, клеенканы, зарарсыздандыру ерітіндісі, шүберекті, орамалды.

Алгоритм іс әрекеттері:

1.Қолыңызды жуыңыз, кептіріңіз

2.Зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған шүберекті алып керуетті арасына 15 минут үзіліс салып, екі рет сүртіңіз

3.Матрастың тысын кигізіңіз;

4.Оны кереуеттің торының үстіне салыңыз да, ұзын бойына клеенка төсеңіз;

5.Оның үстіне ақжайма жайып, жиырылып жиналмасы үшін оны матрастың астына салып бекітіңіз;

6.Көпшікке ақ тыс кигізіңіз;

7.Көрпеге (одеялоға) тысын кигізініз.

8.Керуеттін бас жағына орамалды іліңіз.

Іш киімді ауыстыру

Ә зірлеңіз: таза іш киімді, лас киімге арналған клеенка қапшықты.

  1. Қолыңызды жуып кептіріңіз.

  2. Науқастың басын ақырын көтеріп, кір киімді желкесіне дейін орап алыңыз.

  3. Науқастың қолын иыққа дейін көтеріп, басынан көйлекті шешіп, сосын жеңін шешіп алыңыз.

  4. Таза көйлекті керісінше кигізіңіз: бірінші қолды, сосын басты, кеудесіне кигізіңіз.

  5. Іш киім ауыстыру кезінде өте ұқыпты абай болыңыз.

Төсек ауыстыру

Егер науқас төсек тәртібінде болып, оған төсекте аударылуына рұқсат болса:

Әзірлеңіз: таза ақ жайманы, клеенка қапшықты, көпшік тысты.

Алгоритм іс әрекеттері:

  1. Таза ақжайманы ұзынынан ортасына дейін ораңыз;

  2. Науқастың басын ақырын жоғары көтеріп, көпшікті алып, көпшіктің тысын кигізіңіз.

  3. Науқасты керуеттің шетіне бір қырына қарай ығыстырыңыз;

  4. Кір ақжайманы ұзынынан науқасқа қарай ораңыз;

  5. Оның орнына таза ақжайманы төсеп, үстіне науқасты аунатыңыз;

  6. Керуеттің екінші жағынан кір ақжайманы алып, таза ақжайманы тегістеп жайыңыз.

  7. Ақжайманың шетін матрацтың астына бекітіңіз.

  8. Лас ақжайманы, көпшік тысын клеенка қапшыққа салып, кір жуатын орынға апарыңыз.