Файл: 1. 1Таырып Медбике ісіні даму тарихы жне философиясы. Масаты мейіргер ісі тсінігіні анытамасы медбикелік ісіні негізгі міндеттері мен масаттары дамуы, философиясы этика, деонтология.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.05.2024

Просмотров: 76

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


- арнайы киімді киіңіз: халат, маска, қолғап;

- 2 ыдысқа зарарсыздандыру ерітіндісін даярлаңыз;

- ыдыстар мен қақпақ белгіленеді: заттын аты, оның қоюлығы, күні, даярлау сағаты, мейірбикенің қолы;

1-ші ыдыста

- пайдаланғаннан кейін медицинада тағайындалған құралдардын ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз;

- медицинада тағайындалған құралдардың каналынан 3 рет насос әдісімен зарарсыздандыру ерітіндісін өткізіңіз;

2-ші ыдыста

- медицинада тағайындалған құралдардың ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз;

- оларды бөлшектеген түрінде толығымен зарарсыздандыру ерітіндісіне 60 минутқа салыңыз;

- ыдысты қакпақпен жабыңыз;

- зарарсыздандыру уақыты туралы биркіге (таңбаға) белгі жасаңыз;

- зарарсыздандыру уақыты өткен соң зарарсыздандыру ерітіндісінен медицинада тағайындалған құралдарды шығарыңыз;

- № 2-ыдыстағы медицинада тағайындалған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісінде 0,5 минут бойы жуыңыз;

- медицинада тағайындалған құралдарды лотокқа (ыдысқа) салыңыз;

- медицинада тағайындалған құралдарды жылы ағынды су астында 0,5 минут бойы жуыңыз;

- қолғапты шешіңіз, оны қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз;

- медицинада тағайындалған құралдарды әрі қарай өңдеу үшін орталық залалсыздандыру бөліміне жіберіңіз;


4.Иллюстративті материал. Презентация

5. Әдебиеттер.

1.С.Қ.Мұратбекова«Мейірбике ісінің негіздері» Астана,2007 ж

200-208 беттер.

2.С.А.Мухина, И.И.Тарновская«Мейірбикелік іс негіздері» пәніне практикалық басшылық Мәскеу,2014ж, 49-58 беттер.

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

1 тапсырма

Тест-бақылау

І –нұсқа

1Зарарсыздандыру дегеніміз:

А.адамды қоршаған ортадағы жұқпалы аурулар қоздырғыштарын жою.

В.қоршаған ортадағы құрт-құмырсқаларды жою.

Стаңғыштар мен инструменттердегі микроорганизмдер мен олардың ұрықтарын жою.

Д.жуу ерітінділерін ағыздырып,жою.

Е.кемірушілерді жою.

2.0,5% 10 литр хлорлі әк ерітіндісін даярлау үшін қажет:

А.1л 10% хлорлі әк және 10л су.

В.500мл 10% хлорлі әк және 9,5л су.

С.1л 10% хлорлі әк және 9л су.

Д.2л 10% хлорлі әк және 8л су.

Е.3л 10% хлорлі әк және 7л су.

3.Бөлмелерді дымқыл жиыстыру үшін қолданылатын хлорлі әк ерітіндісі:

А.10%.

В.3%.

С.0,5%.

Д.2%.

Е.1%.

4.1% 1л хлорамин ерітіндісін даярлау үшін алу қажет:

А.2гр хлорамин 1л су.

В.20гр хлорамин 980мл су.

С.10гр хлорамин 990мл су.

Д.30гр хлорамин 1л су.

Е.100гр хлорамин 900мл су.

5.Бу тәсілімен 132*С- 2атм залалсыздандыруда, залалсыздандыру сапасын анықтауға қолданылатын индикаторлар:

А.бензой қышқылы.

В.жәй күкірт.

С.мочевина, никотинамид.

Д.янтарь қышқылы.

Е.левомицетин.

6.1литр жуу ерітіндісін даярлау үшін, қанша жуу ұнтағы қажет?

А.5 грамм

В.50грамм

С.15 грамм

Д.100 грамм

Е.75 грамм

7.Залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізу үшін қандай хлорамин қолданылады?

А.5%

В.10%

С.3%

Д.1%

Е.10%

8.Залалсыздандыру алдындағы тазалықтың сапасын анықтау үшін қолданылатын азопирам сынамасы оңды болған кезде пайда болады:

А.көк-жасыл түс.

В.көк-ала түс.

С.қызғыш түс.

Д.қызыл түс.

Е.сұрғұлт түс.

9.Ине мен шприцтерді залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізгеннен кейін қан қалдықтарын анықтау үшін қандай сынама қолданылады?

А.бензедин,амидопирин.

В.фенолфталеин.

С.азопирам.

Д.ортолуидин.

Е.янтарлы.

10.Инструменттерді жуу ерітіндісінің температура деңгейі:

А.15* С

В.30*С

С.50* С

Д.100*С

Е.75*С

II нұсқа

1.Бумен залалсыздандырылған құрал-заттарды сақтау мерзімі:

А.7 тәулік

В.3 тәулік

С.24 сағат

Д.10 тәулік

Е.12 сағат

2.Жұмсақ бязде залалсыздандырылған заттар сақталады:


А.1 тәулік.

В.2 тәулік.

С.3 тәулік.

Д.5 тәулік.

Е.10 тәулік.

3.Мед.термометрлер зарарсыздандырылады:

А.2%хлорамин ерітіндісінде 5 минут.

В.0,5%хлорамин ерітіндісінде 30 минут.

С.сумен шаю.

Д.3%сутегі тотығы ерітіндісінде 15 минут.

Е.2%соды ерітіндісінде 15 минут.

4.Кушеткідегі кленкіні сүртеді:

А.1% хлорамин ерітіндісімен.

В.0,5%хлорлі әк ерітіндісімен.

С.жуу ерітіндісімен.

Д:3%сутегі тотығымен.

Е.1%хлорамин ерітіндісімен 15 минут аралығында 2 рет

5.Залалсыздандыру дегеніміз:

А.зиянды құрт-құмырсқаларды жою.

В.патогенді флораларды жою.

С.микрофлораларды және олардың ұрықтарын жою

Д.ауру тудыратын жәндіктерді жою

Е.адамды қоршаған ортадағы жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жою.

6.Көп қолданылатын құралдарды бумен залалсыздандыру тәсіліндегі залалсыздандыру режимі:

А.132*С-2атм-20минут.

В.120*С-4атм-20минут.

С.180*С-3атм-20минут.

Д.120*С-1,1атм-20минут.

Е.120*С-1,5атм-20минут.

7.Даярланған, жарықталған хлорлі әк ерітіндісі сақталады:

А.1тәулік

В.3тәулік.

С.5тәулік.

Д.7тәулік.

Е.10тәулік.

8.Ваннаны зарарсыздандыру үшін:

А.6% сутегі тотығымен сүрту қажет.

В.3% хлорамин ерітіндісімен жуу қажет.

С.сабын ұнтағы қосылған ыстық сумен жуу қажет.

Д.1% хлорамин ерітіндісімен 15 минут аралығында екі рет сүрту қажет.

Е.5% хлорлі әк ерітіндісімен сүрту қажет.

9.Залалсыздандыру алдындағы тазалықтың сапасын анықтау үшін алу қажет:

А.тазартылған заттың10% -ін

В.тазартылған заттың 5% -ін.

С.тазартылған заттың 1% -ін

Д.тазартылған заттың 15%-ын

Е.тазартылған заттың100%-ын.

10.Құрғақ ауа шкафының залалсыздандыру температура деңгейі:

А.100*С-60 минут

В.180*С-60 минут

С.120*С-40 минут

Д.100*С-40 минут

Е.180*С-40 минут

III нұсқа

1.Залалсыздандырылған крафт-пакет сақталады:

А.2 тәулік.

В.3 тәулік

С.4 тәулік

Д.5 тәулік

Е.6 тәулік

2.Қандай вирустік гепатит ауруы медицина қызметкерлеріне қауіпті:

А.вирустік гепатит А

В.вирустік гепатит В

С.вирустік гепатит С

Д.вирустік гепатит Е

Е.вирустік гепатит не А емес,не В емес.

3. «Аурухана ішіндегі инфекция» ішінде бірінші орынды алады:

А.ішек инфекциясы

В.тері қабының инфекциясы


С.іріңді-септикалық инфекциясы

Д.тыныс мүшелерінің инфекциясы

Е.туберкулез қоздырғышы

4.Ашық ыдыста залалсыздандырылған мед.инструменттер сақталады:

А.2 тәулік

В.3 тәулік

С.5 тәулік

Д.7 тәулік

Е. сол бойда қолданады.

5.3% хлорамин ерітіндісін даярлау үшін қажет:

А.5гр хлорамин,995мл су

В.10гр хлорамин,990мл су

С.20гр хлорамин 980мл су

Д.30гр хлорамин 970мл су

Е.50гр хлорамин 950мл су.

6.Залалсыздандыру алдындағы тазартуды өткізу үшін қолданады:

А.0,5%хлорамин

В.1%хлорамин

С.3%хлорамин

Д.4%хлорамин

Е.5%хлорамин.

7.Медицина қызметкерлерінің терісіне қан тиген кезде сүрту қажет:

А.1%хлорамин ерітіндісімен

В.2%хлорамин ерітіндісімен

С.3%хлорамин ерітіндісімен

Д.5%хлорамин ерітіндісімен

Е.0,5%хлорамин ерітіндісімен.

8.Процедуралық бөлмеде жұмыс аяқталған соң жұмыс столын сүрту қажет:

А.3%хлорамин ерітіндісімен

В.3%хлорлі әк ерітіндісімен

С.1%хлорамин ерітіндісімен

Д.0,5%гипохлорид кальций ерітіндісімен

Е.5%хлорлі әк ерітіндісімен.

9.Медициналық термометрді зарарсыздандыру үшін қолданылады:

А.15 минут дистелдік суда қайнату

В.2%хлорамин ерітіндісінде 5 минут ұстайды.

С.үштік ерітіндісінде 1 сағат ұстайды.

Д.1%хлорлі әк ерітіндісінде 1 сағат ұстайды.

Е.70%этил спиртінде 30 минут ұстайды.

10.Жарықталған 10% хлорлі әк ерітіндісін қолдануға болады:

А.24 сағат.

В.3 тәулік.

С.10 тәулік.

Д.7 тәулік.

Е.30 тәулік.

1.5 Дәрістік кешен келесі бөлімдерді қамтиды:

1. Тақырып: Жасанды тамақтандыру.

2. Мақсаты. Медициналық мекемелерде емдік тамақтануды ұйымдастыру. науқастың тамақтануы және тамақтандыруды үйрету

3. Дәріс тезистері. Емдік тамақтану принциптері

Әртүрлі ауруларда қолданылатын 15 диета жетілдірілген, және зақымданған мүшелер мен жүйелерге жеңілдік болу үшін жартылай ашығу қаралып, арнайы жеңілдету (разгрузочные) диетасы беріледі. Бір науқаста бірнеше ауру жиынтығы болса, ол кезде жекеленген диета беріледі.

Диеталық столдар :

№ 1 диеталық стол – Асқазан, ұлтабар жарасы, қышқылдығы жоғары созылмалы гастрит

№ 2 диеталық стол – Қышқылдығы төмен созылмалы гастрит

№ 3 диеталық стол – Іш қатумен сипатталатын тоқ ішек дискинезиясы

№ 4 диеталық стол – Іш өтумен сипатталатын энтериттер

№ 5 диеталық стол – Бауырдың және өт жолдарының аурулары

№ 6 диеталық стол - Подагра ауруы


№ 7 диеталық стол - Бүйрек аурулары

№ 8 диеталық стол – Семіздік.

№ 9 диеталық стол – Қант диабеті ауруы

№ 10 диеталық стол – Жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары.

№ 11 диеталық стол – Туберкулез ауруы

№ 12 диеталық стол- Жүйке-психикалық аурулар

№ 13 диеталық стол – Жедел жұқпалы аурулар, қызба кезеңдері

№ 14 диеталық стол – Несептің сілтілі реакциясы мен фосфор-кальций

тұздарының дамуымен сипатталатын фосфатурия

№ 15 диеталық стол – Жалпы стол, арнайы диеталық стол тағайындауға

көрсетпелердің болмауы және асқорыту жүйесі

қызметінің қалыпты болуы

Емдік диеталар

№ 1а диета.

Көрсеткіштері: асқазан, ұлтабар жара ауруының қозу кезеңі, созылмалы гастрит секрециясы қалыпты түрі қозу кезеңі

Жалпы сипаттама: белоктар, көмірсутегі, май физиологиялық мөлшерде, тұзды шектеу, кілегейлі қабықты химиялық, механикалық қоздыратын заттарды, асқазан секрециясын қоздыратын тағамдарды қабылдамау

Кулинариялық даярлау: тек бумен, қайнатылған, каша тәрізді немесе сұйық болуы керек

Қабылдау тәртібі: тәулігіне тамақты 5-6 рет бөліп қабылдау керек.

№ 1 диета.

Көрсеткіштері: асқазан, ұлтабар жара ауруының қозу кезеңі, созылмалы гастрит секрециясы қалыпты түрі қозу кезеңі

Жалпы сипаттама: белоктар, көмірсутегі, май физиологиялық мөлшерде, тұзды шектеу, кілегейлі қабықты химиялық, механикалық қоздыратын заттарды, асқазан секрециясын қоздыратын тағамдарды қабылдамау. Жара жазылуына, қабыну процесін жақсартатын тағамдар, асқазанда көп уақыт тұратын тағамдарды қабылдамау, асқазанда көп уақыт тұратын тағамдарды қабылдамау

Кулинариялық даярлау: тек бумен, қайнатылған, каша тәрізді немесе сұйық болуы керек. Кейбір тағамдар пісірілген тағамдар рұқсат етіледі

Қабылдау тәртібі: тәулігіне тамақты 5-6 рет бөліп қабылдау керек.

№ 2 диета.

Көрсеткіштері:жедел гастриттер, энтериттер, колиттер жазылу кезеңінде, созылмалы гастрит гипосекреция түрі, энтериттер мен колиттер ремиссия кезеңінде, қосымша бауыр, өт жолдарының ауруы жоқ

Жалпы сипаттама: физиологиялық толық тамақтану, рационалды кулинариялық даярлықтан өткен, тек асқазан кілегейлі қабықтарын химиялық, механикалық қоздыратын тағамдарды, асқазан секрециясын қоздыратын тағамдарды қабылдамау. Қабыну процесін жақсартатын тағамдарды қабылдау, асқазанда көп уақыт тұратын тағамдарды қабылдамау

Кулинариялық даярлау: тек бумен, қайнатылған, каша тәрізді немесе сұйық болуы керек. Кейбір тағамдар пісірілген тағамдар ұсақ күйінде рұқсат етілед. Тұз 15 гр, сұйықтық 1,5 л тәулігіне