Файл: Баылаусратары азадебиетіноытудістемесіпнібойынша I. Дегей.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 57

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Принципі, 7) білім берумен тәрбиенің байланыстылық принципі.

  Әдебиетті оқытудың дидактикалық негізі — мектептегі әдебиет  пәнінен

Тұтас бір тарихи кезеңді ашу, суреткердің қалыптасуына әсер еткен орта,

Жазушының ішкі, сыртқы, өмірбаяны, дүние танымы, ең ақырында оның

Қоғам өміріндегі және әдеби күресте алатын орнын ашу (барлық жаганан

Зерттеу), мектептегі әдебиет пәні үшін әр түрлі ағымдар мен әдістердің,

Әдеби топтар мен адамдардың идеялар күресін нақты тарихи дәуірдегі

Күрделі мәселелерді қоғамдық жөне әдеби тартыста әр түрлі көзқарастағы

Адамдар тобының қалай шешкеиін көрсету болып табылады. Бұл айту,

Баяндаумен бірге көрсету, көзін жеткізу керек деген ұғымды білдіреді.

Мәселен, Абайдың саяси-өлеуметтік лирикасын өткенде ақын өмір сүрген

Заман шындығы кесслді пысық, қулар мен екі жүзді болыстардыңСатиралық бейнелері мен береке-бірлігі кеткен замана бейнесін сынағанӨлеңдерінен үзінділер келтіріп, дәлелдеп отыру керек болады. Бұл сабақтың

Ғылыми негізділігін сақтайды.

Лириканы оқытуда оқытудың өмірмен байланыстылығы принципі маңызды

Орын алады. Өтілетін сабақтың толық ұғылуы, есте сақталуы үшін сабақтыңМазмұны, теориялық және практикалық маңызы туралы алдын-ала мәлімет беру

Педагогика ғылымында бұрыннан бар. Мұны, оқушылардың бастағалы отырған

Тақырыптың ғылыми негізі мен оның өмірмен байланысына қажетгілік сезімін

Оятып, назарын еріксіз аударып, қызықтыруды сабақтың кіріспе бөлімі деп те атайды.

   Мұғалімдердің пікіріне сүйенсек, көпшілігі өтілетін тақырыптың

Өмірдегі, практикадағы маңызын алдын-ала баяндау – тақырып мазмүны есте

Қалуының шарты деп біледі. Өйткені теория мен практиканың бірлігі —

Оқудың өмірмен байланыстылығы принципінің негізі болып табылады..

   Оқушылардың оқығалы отырған жаңа материалдарды меңгеруге бұлай

Дайындау — тақырыптың мазмұны мен дидактикалық мақсатына қарай түрліше

Болады. Бірінде – сабақ оқушылардың тақырып туралы бұрыннан білген

Тәжірибелерін хабарлаудан басталса, екіншісінде — мұғалімнің жаңа

Тақырыптың ғылымдық және практикалық маңызын алдын-ала ашуынан,

Үшіншісінде — оқушылардың бақылау және практикалық жұмыстарын

Ұйымдастырудан басталады.

   Лириканы оқьпуда дидактиканың жүйелік пен бір ізділік принциптері

Сабақ құндылығының екінші бір қырын – әдеби материадцардың берілуі мен

Орналасу ретін – жананы түсіндіру барысында бұрын оқығаңдары мен


Игергендеріне сүйенуді қамтамасыз етудің тәртібін аньгқтайды. Оны

А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Өтемісов, СДөнентаев, С.Көбеев,

С.Торайғыров, С.Сейфуллиннің, Б.Майлиннін, Ж.Жабаевтың т.б. оқушылар

Мектептің орта сыныптарында танысқан шыгармаларының жоғарғы сыныптарда

Шолу, монографиялық тақырыптарды оқуда негіз болатыны сияқты, құрылым

Үдемедігінен байқауға, түсінуге де болады. Сондықтан да (дидактикалық

Жағынан) фактілердің орны мен реті, оны жинақтау мен білгенін тәжірибеде

Қолдана білу дағдысын жетілдіру кезеңдері сабақта ғана жүзеге асады.

Сонымен сабақта білуге тиісті факті мен элементтсрдің жинақталып, ретімен

Дұрыс берілуі тақырып игерудегі негізгі үрдіс екенін ұстаз әр уақытта

Есте сақтауға міндетті.

   Қазіргі уақытта мектептегі оқыту жұмысы алдына балаларға белгілі

Дәрежеде білім беру, қажетті дағдылар мен іскерліктерді меңгерту, сонымең

Қатар оқушылардың ақыл-ойын, қабілетін дамыту міндеті қойылған. Сол

Себепті мектептегі оқыту үрдісі дамыта тәрбиелейтін оқыту делінеді.

Осыған байланысты оқыту мен ақыл-ойды дамытудың біртүтас үрдіс (процесс)

  1. Лирикалық шығармаларды оқыту әдіс-тәсілдері.

Ретіндегі ішкі байланысын, бір-біріне жасайтын әсер-ықпалын айқындап

Алудың маңызы зор. Бұл жерде барлық адамның қабілеті бірдей еместігін

Ескерту қажет. Оқыту мен тәрбиелеу арқылы адамның қабілетін белгілі бір

Бағытта дамытуға болады, бірақ оның шегі жоқ емес. Сондықтан әрбір

Адамның өз табиғатындағы қабілет мүмкіндігін өз биігіне дайін дамытып

Тәрбиелеу-оқыту процесінің басты міндеті.

   Бұл бағытта лирикалық шығармалардың алатын орны ерекше.

   Адамның сезім дүниесін оятып, өмірге құлшындыратын, сенімді

Тұрақтандыратын, қиялды қанаттаңцыратын лирика-адамгершілік биік

Мүраттарға тәрбиелеуші ретінде оқушылардың білуге құштарлығын арттырып,

Ойлау жүйесін дамытады. Лирика сабағы – оқушыны өнерді

Эмоциялық-эстетикалық тұрғыдан түйсіне білуге үйретеді. Лирика — оқушының

Өмір, болмысқа эстетикалық қарым-қатынасын қалыптастырушы құрал. Ол

Психологиямен,     дидактикамен     астасып,     оқыту-тәрбиелеу

Мәселелерінің міндетгерін орындауға белсенді ат салысады.

  Лириканы оқытудағы көрнекілік принципіне тоқталсақ, әдебиетгі оқытуда

Қолданылатын көрнекіліктердің барлығы бірдей қолданылады деп айта

Алмаймыз. Өйткені лирика өзіндегі ой нақтылығымен, ақындық тіл, табиғи


Бояу, суреткерлік қуатымен сабақ көрнекілігін қамтамасыз ете алады. Бұған

Қарап лирикалық шығармаларды өткенде көрнекілік атаулыны мүлдем қолданбау

Керек деген ой тумау керек. Жалпы оқу-тәрбие үрдісін жүзсге асыруда

Көрнекіліктердің өзіндік маңызы, орны бар. Оның үстіне таным үрдісінің

(процесінің) есту, көру, сезу арқылы жүзеге асатынын физиолог ғалымдар

Өте ертеден-ақ айтқан. Сондай-ақ сабақта көрнекілік пайдаланудың

Тиімділігін педагог ғалымдар, әдіскерлер дс, педагог – практиктер де өз

Тәжірибелерінде дәлелдеп келеді. Осы бағытга көрнекіліктің маңызы,

Тиімділігі неде? -дсген сұраққа белгілі ұстаз-әдіскер Қ. Бітібаева:

Біріншіден; көрнекілік білім мазмұнын байыта түседі, екіншіден: есту

Арқылы алған білімін көру арқылы бекіте түседі, үшіншіден; көрнекіліктер

Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырады, ойлау, таным

Белсенділіктсрін дамытады, төртіншіден; эмоциясына әсер етеді,

Бесіншіден; алған білімдеріи практикада жүзеге асыруға жетелейді – дейді.  

   Лириканы, оқытудағы басты көрнекілік-сыныпта бастапқы күйінде

Қайталанатын ақынның үні – дыбыстық корнекілік. Лирикадағы мұңдай

Табиғи көрнекілік – оқулықта шығарманың белгілі бір ерекшеліктерін

Көрсететін мәтін (үзінділер, эпизодтар, баяндаулар, жеке сөздер) берумен

Шектелмеуі керек. Ақынның сезімге толы сөзі мәнермен оқу кезінде

Эмоциямен қайта жаңғырады, тыңдаушыны көркем шығарманың сыры өзіңе тартып

Еліктірсді. Осыған байланысты оқулықта оқушылардың төменгі сыныптарда

Мәнерлеп оқудан алған білімдерін, дағдыларын жинақтайтын арнайы материал

Беріліп, жүйелі түрде мәнерлеп окуға, мәтіннен жаттауға тапсырмалар

Ұсынылып отырады.

  Лирикалық шығармалардағы әр дыбыс, үн ырғақ, әуез, бейнелі сөздер –бәрі де сол көрнекілік қызметін атқаратындықтан, лирика көрнекілікті көп қажет ете бермейді. Техникалық құралдарды, альбом, көркем суреттер қосалқы мәнде пайдалануы мүмкін, жәие шолу, кіріспе, қорытыңды сабақтарды ғана қолданылуы тиіс. Мысалы, мәнерлеп оқу техникасын үйрету үстінде ақыниың өленін өз басы оқуына, Абай, Мағжан, Мұқағали өлеңдерін өнер

Адамдарының (К.Қожабеков, Р.Сейітметов, Ф.Шәріпова т.б.) оқуына көніл бөлінген жөн.   Лириканы оқыту әдебиет пәнін оқытудың талабынан туыңдайды. Әдебиетті оқыту дегеніміз – коркем шығарманың өзін оқу. Алайда күні бүгінге дейін оқушылар арасында оқулықты бас құрал етумен шектелушілер аз емес. Әдебибілім беру ең алдымен шығарманың өзі арқылы іске асады. Ал, оқулықмәтінді оқудан түйгендерін баянды етуге, алған әсерді тереңдетуге,шығарманың қыры мен сырын оң көзімен қабылдауға қажет.
Ақмарал

19.Модоқытужолдары. ульдік

Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі: 1) қысқаша сызбалар арқылы түсіндірілуі; 2) оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, 3) барлық тақырыптар бойынша тест, сынақ жүргізу.
Оқушыларға: 1) өз ойларын толқы жеткізе алмауы; 2) материалды мұғалімнің жеңілдетіп түсіндіруін қалауы; 3) нақты фактілерге мән бермеуі; 4) білімді жинақтауға мән бермеуі.
С.И.Ожеговтың пайымдауынша «Модуль дегеніміз – белгілі бір тақырып ішіндегі бөліктердің өзара топтастырылған жүйесі». Ал «технология» гректің «шеберлік» деген сөзі.
Яғни, модуль — тұтас жүйенің бір бөлшегі, пәннің негізгі заңдылықтарын ашатын ұғымдардың бір-біріне байланысты элементтердің жиынтығы.



  1. Сабақжобасындаярлау.Айс

Сынып жетекші жұмысының маңызды бір бағыты – оқушылардың отбасымен жұмыс жасау. Және де балалар дамуының қай жағын қарастырсақ та, оның әрбір жастта тиімді болуында отбасының атқарар рөлі үлкен. Сондықтан да негізгі тәрбиелеуші отбасы, ал сынып жетекшінің міндеті оларға көмектесу.

Сыныптағы ата-аналар жиналысы  - сыныптағы барлық ата-аналар ұжымымен бір мезгілде қарым-қатынас жасаудың тиімді формасы. Алайда көбіне мынадай жағдай,а тап боламыз, сыныпта көзқарастарынан абаржу байқалатын 5-6 ата-ана маған не айтылар екен дегендей үрейлене қарап, ішінен тынып отырғанын, ал мұғалім балалар ұжымының өмірінен жағымсыз оқиғаларды ғана тізбектеп тұрғанының куәсі боламыз. Мұндай жағдайда ата-аналар мектеп жиналысына барарда іштей жағымсыз әсер сезінеді.

  1. Проблемалықоқыту.Проблемалықсұрақтарарқылыоқушыныңойлаубелсенділігіне ықпалетужолдары.

Проблемалық оқыту - мәні проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі. Проблема деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі әрекеттерді талап егетін есептердің, тапсырмаларын, теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің әртүрлілігін түсінуге болады.

Проблемалық оқыту технологиясы – бұл дамыта оқыту технологиясы. Оның қызметі – белсенді таным әрекетін ынталандыру, ойлаудың зерттеушілік стилін қалыптастыру.

Проблемалық оқытуды ойдағыдай іске асыру үшін шәкірттерге ұсынатын проблемалық сұрақтар жүйесін жасап шығу қажет. Ескеретін жайт: кез келген сұрақ проблемалы бола бермейді. Проблемалы сұрақтың жауабы дайын болмайды
, оны оқушы міндетті түрде өзі іздеуі шарт. Ол сұрақ баланың сана-сезімінде қиындық туғызуы қажет. Оқушы іштей түйсінген ойлау қиыншылығы проблемалық жағдаят деп аталады. Проблемалық сұрақ, бір жағынан, қиын болуы, екінші жағынан, оқушының шамасына лайық болуы керек. Осындай проблемалық жағдаят туғызу, проблемалық сұрақ қою – проблемалық оқытудың алғашқы кезеңі.Келесі кезеңінде бала іштей өз білімін талдап, таңдап, олардың жауап алуға жеткіліксіз екенін анықтайды да ізденіс жолына белсенділікпен түседі. Үшінші кезеңде ол сұрақтың жауабын дұрыс шеше білу амалдарын, жаңа білімді меңгереді. "Мен білдім!” деген қуанышты жағдайға жетеді. Кейінгі кезеңдерде дұрыс жауапты тексереді, алғашқы гипотезамен салыстырады, алынған білім мен білікті қорытындылайды, жинақтайды.

Проблемалық сұрақ- міндеттердің мақсаты оқушының өзіндік ойын, тәжірибесін дамыту. Мәні қиын деген сұрақты оқушы барлық жерде өзі тауып, өзі шеше алар ма екен? Асылы проблемалық оқу дегеннің өзі мұғалімнің басшылығынсыз іске аспаса керек. Сұрақ қою дегеннің өзі соны аңғартады. Егер бұл тәсіл оқушыларды сабаққа белсенді қатыстыру мақсатын көздейтін болса, оны мазмұндық оқу, талдап оқу, жинақтап оқу деген үш сатыға бөлу керек. Проблема қойып, оны шеше білу тек сол үш сатыға қойылса ғана жемістіболады.

  1. Қазақ әдебиеті әдістемесінің қалыптасу тарихы.Сарай

30-жылдарға дейінгі мектептерде әдеби материалдар болғанымен, әдеби ұғым, әдебиеттің пәндік сипатта оқы- тылуына деген көзқарас болған жоқ-ты. Әдебиет 1932 жылға дейін қоғамтану пәндерінің құрамында жанама, қосымша ұғыммен, пәндерге көмекші түрінде оқытылып келді. М.Әуезов 1930 жылы «Қазақ шаруа жастары мектебіне арналған бағдарлама және түсінік хат» деген бағдарлама жазды (Қызылорда). Мектептерде әдебиет жеке пән ретінде қоғамдық-тарихи жүйемен оқытылу қажеттігі, және әдебиеттің тарихи даму кезеңдерін, қоғамдық мәнін түсініп оқу қажеттігін осы бағдарламада тұңғыш рет қарастырған.БК(б)П Орталық Комитетінің 1931 жылдың 6 қыркүйегіндегі «Бастауыш және орта мектептер туралы», 1932 жылдың 25 тамызындағы «Бастауыш және орта мектептің программалары мен режимі жайындағы» қаулыларына орай барлық басқа пәндер сияқты әдебиет бағдарламалары қайта қаралды. Қазақстанда да қазақ әдебиеті жеке пән ретінде оқу жоспа- рына кіргізіліп, 1932 жылы ең бірінші бағдарламасының нұсқасы жасалды.Бағдарлама жасау ісі көптеген ғылым салаларына қатысты жүзеге асады. Сондай-ақ, әдебиет пәнінің бағдарламасын жасау әдебиеттану ғылы- мының өсу деңгейіне, даму дәрежесіне сай келіп отыратыны мәлім. Қазақ әдебиеті әлі қалыптасу кезеңін басынан өткізіп отырғандықтан алғашқы әдебиет пәнінің бағдарламаларын құру оңай міндет болмады. Оның тағы бір себебі қазақ әдебиеті осы тұстағы «тұрпайы социолизм» дәуірін бастан кешіріп отырған болатын.1932-1933 жылы Қазақ Оқу комиссариаты бекіткен орта мектептің бағдарламасы фабрика, завод және колхоз жастары жеті жылдық мектебіне арналып жазылды.а) 4-6-сыныптарда ең алдымен кеңес әдебиетінің шығармалары енді.ә) Қазан төңкерісіне дейінгі әдебиет үлгілері берілді. Бағдарламада көптеген кемшіліктер орын алды. Материалдар көлемі нақты белгіленбеді. Жүйелі білім мен тәрбие беру мәселелері ескерілмеді. Шығармалардың идеялық-көркемдік сапасы төмен болды. Бағдарламаға енген шығармалардың тақырыбы, идеясы, мазмұны, образдар жүйесі көркемдік ерекшеліктері жағынан ашылмай, құрғақ тізім ғана берілді.б) Саяси мәселелердің ықпалы бағдарламаларда да басым болды.в) Әдебиет майданы мектепке де зор әсерін тигізді.г) Ақын-жазушылардың өмірбаянына мүлде көңіл бөлінбеді.д) әдебиет теориясынан берілуге тиісті білім мен мәліметтер көрсетілмеді.1934 жылғы бағдарлама алғашқысына қарағанда біраз өңделіп басылды,дегенмен бағдарламаның түзілуінде кемшіліктер баршылық еді. Бұл туралы 1934 жылы «Ауыл мұғалімі» журналында «Орталау және орта мектептеріміз үшін қазақ әдебиеті программасын беретін уақыт жетті» деген тақырыпта мақала жарияланды.Бұл бағдарламада әдеби шығармалардың қоғамтану негізіне сүйене отырып, қоғамдық саяси тақырыптардың төңірегіне шоғырландырып берді. Аталған бағдарламаның жаңалығы: әдебиетті тарихи-әдебиеттік курс ретімен оқытуға бейімдеп беруінде болды.5-сынып бағдарламасына енген шығармалар үш тарауға бөлініп берілген. Олар: қазақ кеңес әдебиеті, ескі әдеби мұралар және фольклор.