Файл: 1. Оу пніні бадарламасы syllabus оытушы туралы млімет.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.05.2024
Просмотров: 84
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Алдымен «кәсіби педагогикалық бағдарда оқыту» түсінігі қандай мағына беретіндігіне тоқталалық. Ол үшін психологтардың жеке тұлғаның бағдарын қалай түсіндіретінін қарастыралық.
Жеке тұлғаның бағдары-оның ең бір жетекші қасиетінің бірі. Н.Ы.Кузьмина «бағдар» ұғымына мақсат, мотивтер және іс-әрекетке деген талаптану мен оған қызығушылық қатынастары туралы түсініктерді енгізді.
А.И.Щербаков мұғалімнің жеке тұлғасы құрылымының негізгі элементтеріне терең білімділік пен жоғары мәдени деңгейді, жоғары адамгершілік сапаларды, танымдық белсенділік пен ізденімпаздылықты, бірқалыпты және тұрақты мінезді, педагогикалық қабілеттер мен шеберлікті енгізеді.
М.И.Дьяченко мен Л.А.Кандыбович кәсіби бағдарда оқыту проблемаларының психологиялық аспектілерін зерттеу барысында студенттердің кәсіби бағдарын қалыптастыру дегеніміз - олардың болашақ мамндықтарына деген қызығушылықтары, бейімділіктері мен қабілеттіліктері, жоғары оқу орнын бітіргеннен кейінгі мезгілдерде де өзінің білімін жоғары сатыға көтеруге ұмтылулары, өздерінің негізгі материялдық, рухани мұқтаждықтарын қанағаттандырулары, таңдап алған кәсіби еңбектерімен тұрақты шұғылданулары болашақ маман көзқарасы тұрғысынан өз кәсібінің мәртебесін, мұраты мен сенімін дамытулар деген қорытындығы келді.
Соңғы уақытта болашақ мамандардың кәсіби шеберліктерінің негіздерін қалыптастыру проблемаларын шешуге сөзсіз мүмкіндік беретін жоғары оқу орындарының педагогикасы қарқын алуда. Көпшілік зерттеушілердің пікірлері бойынша, жалпыға белгілі оқу орындарындағы оқу прцесінің педагогикалық ерекшеліктерінің негізінде тұжырымдалған арнайы принциптері болуы тиіс. Мұндай принципте С.И.Зиновьевтің, И.И.Кобыляцкийдің, Р.А.Низамовтың, А.В.Барабаншиковтың, В.И.Загвязинскийдің және т.б. еңбектерінде көрсетілген.
Педагогтың кәсіби – педагогикалық позициасын айтатын болсақ, біз оның табиғатында сай, осының мазмұнына қарай педагогтың формасы мен әдісінің дайындығы, өзінің үздіксіз барлық оқу кезеңдегі, сіздің көзқарасыңыз бойынша өзіндік өсу деңгейіне кәсіби іс - әрекетіне және де субьекттің кәсіби болмысының қалыптасуына болуы тиіс.
Үздіксіз білім берудегі педагогтың субьективтік қалыптасуының модельдік процесінде біз педагогтың үздіксіз білім берудегі негізі үш сатысын бөліп көрсеттік. Олардың әрқайсысынан 2 сапалы этап табылды.
Бірінші саты – мамандықты таңдау. Аталған үздіксіз білім беру сатысын біз, педагогикалық қызметтің баланы сапалы өзгертуге, яғни «адамда адамшылықты қалыптастыруға» бағытталған процесс екенін ұғынуы деп қорытындылауымызға болады.
Екінші сатыға – мамандықта өзін айқындау, педагогикалық қызметтің маңызды механизмдерін меңгеру, әлеуметтік мәдени тәжірибені тасымалдауға даярлау, өзінің педагогикалық қызметінің стилін іздестіру (студенттік зерттеу процесінде) және бекіту (диплом алғаннан кейін) жатады. Бұл сатыны педагог-тәрбиешінің концептуалды позициясын, өзінің кәсіби педагогикалық қызметінің принциптер жүйесін айқындау деп қорытындылауға болады.
Педагог кәсіби педагогикалық қызмет субъектісі қалпына тікелей күнделікті практикалық жұмыспен айналысқанда шынымен енеді. Жас маман педагогтың өзін кәсіби дамытуда педагогикалық технологияларды меңгеруі маңызды болып табылады.
Үшінші саты –егер педагогтың авторлық концепциясы педагогикалық қызмет жүйесінде (авторлық тәжірибе, педагогикалық фактор жүйелерін үйлестіруші білім беру бағдарламасы, жобасы) жүзеге асырылса, онда кәсіби өзін дамыту болып саналады. Кәсіби педагогикалық қызметті ұғу және саналы түрде меңгеру педагог-тәрбиешінің жеке кәсіби позициясымен бірге іске асады.
Педагогикалық позиция процесіндегі авторлық педагогикалық жүйеде педагогтың кәсіби позициясы тәрбиелік сипатқа ие болады, себебі педагогтың позициясы авторлық педагогикалық жүйе ретінде тексеріліп, тәрбиенің озық тәжірибе ретінде қолданылуы немесе шеттетілуі мүмкін. Педагогикалық қызметте «атқарушылық» стильді қолдану педагогтың айналасындағыларға өзін таныту және мойындату тәсілдерінің маңызының жойылуына алып келуі мүмкін.
Педагогтың тәрбиеші ретінде қалыптасуындағы осы аталған дағдарыс сәттері оның кәсіби өзін-өзі бағалауы және ұғынуын сапалы өзгертуіне, яғни кәсіби рефлексияға мән беруіне тура келеді. Бірақ бұл күнделікті тәжірибеде кездейсоқ өтеді, сөйтіп педагогтың біртұтас кәсіби позициясының бұзылуына алып келеді. Педагогтың субъектілігі жойылады, ол өзін бағдарламаны, жоспарды, нұсқауларды атқарушы ретінде ғана сезінеді.
Педагог-тәрбиешінің кәсіби позициясы бірдей принциптерді орындауынан, үздіксіз білім беру сатысынан тәуелсіз қалыптасады. Бірақ педагогты даярлаудың мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру формалары тек оның кәсіби позициясының жеткен деңгейімен ғана емес, сонымен қатар кәсіби педагогикалық позицияның қалыптасу деңгейімен айқындалады.
Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5,10, 11,12,13,15.
Қосымша әдебиеттер: 24,31, 32,35, 38.
2.3 Семинар сабақтарын орындау үшін арналған тақырыптар бойынша сұрақтар
Семинар тақырыбы №1: Өзін-өзі тану сатылары. Өзін-өзі тану мәні.
Сұрақтар:
-
«Өзін-өзі тану және тұлғаның өзін-өзі дамыту негізі» курсы пәні мен міндеттерін ашыңыз -
Курстың негізгі ұғымдарының анықтамасын беріңіздер: таным, өзін-өзі тану, даму, өзін-өзі дамыту,жүзеге асыру, өзін-өзі жүзеге асыру, өзектілеу, өзін-өзі өзектілеу.. -
Қажеттіліктер деген не және олардың тұлғаның өзін-өзі дамытуымен байланысы? -
Тұлғаның өзін өзі дамыту түрлері мен тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру жағдайы. -
Тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру құралдары мен жағдайын ата. Олардың мазмұнын аш. -
Болашақ оқытушының кәсіби өсуіндегі өзін-өзі дамытудың мәнін ауызша сипатта. .
Тапсырмалар
-
Семинар сағатына: психологиялық терминдер сөздігін құр (курстың негізгі ұғымдары). -
А. Маслоу«Қажеттіліктер пирамидасы». сехамасын құру. -
Орлов А.Б. Тұлға және адамның мәні; адамның сыртқы және ішкі // Вопросы психологии. – 1995. - №2 мақаласына конспект жазу.
Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар: Өзін-өзі тану бойынша психологиялық терминдік сөздік құрастырыңыз, онда жаға терминдік ұғымдар мен олардың анықтамасын толықтырасыз. Терминдік сөздікті жаңа терминдермен толықтыр (семинар тақырыбы бойынша).
Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3,4,6,9,13,15.
Қосымша әдебиеттер: 20, 22, 23, 37,38,39.
Семинар тақырыбы №2: Менің ішкі әлемім. Өзін-өзі тану адамның өзіндік санасының құрылымдық компоненті ретінде.
Сұрақтар:
-
Сана дегеніміз не? Ол қалай сипатталады? -
А.Г.Спиркинаның анықтамасын беріңіз. -
Өзіндік сананың анықтамасы. Сана мен сана сезім бір біріне қандай қатынаста болады? Сана сезімнің түрлерін ата. -
Өзіңдегі «МЕН»-нің көптүрлілігін дәлелде. -
Сана сезiмнiң құрылымы қандай? -
МЕН концепциясысы деп аталатын психологиялық құрылым қашан пайда болады? -
«Сана» және «өзіндік сана» ұғымдары қалай ұштасады ? -
В.В.Столин бойынша адамның өзіндік сана деңгейлерін анықтаңдар. -
Адамның «МЕН» тұжырымдамасын ашып көрсететін психологиялық ерекшелктер қандай?
Тапсырмалар
1.Өзіндік сананың психологиялық және философиялық концециялар оқып танысыңдар (Гегель, И.М.Сеченов, Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, Л.И.Божович, А.Г.Спиркин, В.В.Столин, П.Р.Чамата, И.С.Кон, И.И.Чеснокова).
2. Сана мен өзіндік сананың құрылымдық элементі ретіндегі өзін-өзі тануды бейнелейтін схема құрыңдар.
Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар: Сұрақтарға жауап беру кезінде қиындық туған жағдайда негізгі әдебиеттер тізіміндегі әдебиеттерді қолданыңыздар.
Тапсырманы орындау барысында әлеуметтік педагогтың атқаратын негізгі қызметтік міндеттерін толық ашып көрсету керек. Е.А.Бөкетов атындағы әлеуметтік педагогикалық факультетінің оқу абономентінен аласыз 9 корпус (1 этаж).
Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,11, 12,13,15.
Қосымша әдебиеттер: 22,23,31,33,36,37,40,41,42.
Семинар тақырыбы № 3: Мен және өзгелер. Өзін-өзі тану процесс ретінде: мақсаты, себептері, әдістері, нәтижелері.
Сұрақтар:
1. Өзін-өзі танудың процесс ретіндегі мінездемесін бер.
2. Өзін-өзі танудың процесс ретіндегі заңдылықтарын атай аласыз?
3. Қандай қажеттiктер өзін-өзі тануға талпыныстар туындатады?
4. Мақсат пен себеп деген не?
5. Мақсаттардың қандай түрлері бар?
6. Өзін-өзі танумен байланысты себепрердің екі тобын атаңдар?
7. Өзін-өзі тану әдістерін ашып көрсетіңдер.
8. Өзін-өзі тану құралдарына не жатады?
9. Өзін-өзі тану нәтижелері қандай? Олар қалай көрінеді?
Тапсырмалар
-
Өзін-өзі танудың процесс ретінде мінездемесін беру үшін өз өмірлік тәжірибеңізден мысалдар келтір. -
Жалған мақсат бейнесіне мысал келтір. -
Өзіңнің МЕН тұжырымдамаңызды схемасын сызып көрсет.
Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар:
Кәсіби портфолио дайындау қажет, онда практикалық материалдарыңыз жинақталады: анкеталар, тестер, сауалнамалар, рефераттар, баяндамалар жіне т.б. Сіздің оқу барысындағы жетістіктеріңіз 7-8 беттерде көрсетілген баллдық жүйе бойынша бағаланады7
Негізгі әдебиеттер: 2, 8, 9, 12,13, 15,16.
Қосымша әдебиеттер: 20, 23, 33,36,37,39.
Семинар тақырыбы №4: Менің жақын шеңберім. Теңестіру және рефлексия өзін-өзі тану механизмдері ретінде.
Сұрақтар:
1. Бiрнеше мағынадағы «теңестiру» ұғымына анықтама берiңiз.
2. Адам өміріндегі рольдік теңетіру қалай өзгеріп отырады?
3. Рефлексия деген не ?
4.Рефлексияның қандай түрлері бар?
5. Адамның өзін-өзі тану жолындағы кедергілерді атаңдар.
Тапсырмалар
1. Өзін-өзі тану, тұлғаның теңестіру және рефлесия мәселелеріне арналған 5-6 мақаланы таңдап ал, оларға аннотациялар құр.
2. Осы басылымдарға қысқаша шолу жаса.
Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар: 5-6 мақала таңдауы үшiн (1тапсырма) философиялық, психологиялық және педагогикалық мерзімді басылымдарға талдау жасау керек.
Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6, 7, 8-16.
Қосымша әдебиеттер: 20,32,33,37,41,43.
Семинар тақырыбы №5: Мен және қоғам. «МЕН» және жеке тұлғаның өмірлік сценарилары, өмірлік мағыналары.
Сұрақтар:
-
Жеке тұлғаның өмір сүру сценарилары ұғымы деген не? -
Өмір сүру сценариларының түрлері ата. -
Мына жүйедегі өмірлік ұстанымыңыз қандай: «МЕН» және мені қоршаған айнала? -
Мына жүйедегі өмірлік ұстанымыңыз «МЕН» және жағдай. -
Тұлғаның дамуын зертеудің қазіргі теориялар мен әдістерді ашып көрсет (психоаналитикалық, құлықтық, адамгершілік, жүйелік, когнитивтік, іс-әрекеттік және т.б.).
Тапсырмалар
-
Кітаптағы, кинофильмдегі кейіпкерлердің, туысқандарыңыздың, достарыңыздың өмір сүру сценариларын талдап көріңіздер. -
«Менің өмірлік ұстанымым»тақырыбына эссе жазыңыз. -
Балалардың, туысқандарыңыздың, достарыңыздың өмірлік ұстанымы анықтауға арналған тест сұрақтарын құрыңдар. -
Алдыңғы семинарға ұсынылған жаднаманы еске ала отырып әдебиеттер тізіміндегі оқулықтардың біреуіне қысқаша түсініктеме жаса.
Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар: Тапсырманы орындау барысында танымның эмпирикалық әдісін қолдан: бақылау, сауалнама, әңгімелесу.Сауалнама барысында өте ұстамды болыңыз. Еске сақтаңыз түсiнiктеме- бұл кiтап, мақаланың қысқаша мазмұндамасы. Түсiнiктеменiң құрастыруы бойынша келесi жаднаманы қолданыңыз: мақсаттық тағайындауды оқырман тағайындауы, түрлері мен тағы басқа ерекшелiктерi, түсiнiктеме құжаттың қысқаша мiнездемесi болып табылады (кітаптың мақаланың) мазмұндық түрғыдан алғанда.
Негізгі әдебиеттер: 1-9, 11,12,13,14,15,16
Қосымша әдебиеттер:17,19,21,22,24,25,26,27,29,30,38.
Семинар тақырыбы №6: Мен және әлем. Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту негізінде тұлғаның өзін-өзі тануы мен өзін-өзі жетілдіруі.
Сұрақтар:
1. «Өзін-өзі тану» ұғымның анықтамасын берiңiз.
2. Өзін-өзі жетілдіруде қандай екі ұстаным ерекшеленеді?
3. Тұлғаның өзін-өзі жетілдіруі неге тәуелді?
4. А.Адлер теориясының мәні «толыққандылық емес комплексінен тұлғалық өсуге»?
5. Өмірлік мақсаттар мен өмірлік стиль дегенді қалай түсінесіз?
Тапсырмалар
-
Сөздікке бұрынғы және қазіргі заманғы ұлы адамдардың тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне қатысты 10 афоризмдерін жаз. -
Терминдік сөздікті жаңа терминдермен толықтыр. -
Өзіңіздің өмірлік мақсаттарыңыз бен өмірлік стильіңіз жөнінде ойланып және дәптерге жаз, курс соңында жазғандарыңызды қайта шолып байқаңыз. -
Дж.Темплтонның афоризмі «Өзіңді бақылау табысқа әкеледі». Егер осымен келіссеңіз өмірлік мысалдармен дәлелде.