Файл: 1. Оу пніні бадарламасы syllabus оытушы туралы млімет.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 80

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жеке адамның қайнар көзiнiң белсендiлiк көзi - қажеттiлiк. Қажеттiлiк кең мағынада - бұл мұқтаждық, ал тар мағынада - қалып, яғни адамның жағдай тәуелдiлiгiнiң көрiнiсi. Қажеттiлiк биологиялық және әлеуметтiк болып бөлiнедi. Биологиялық қажеттiлiкке – су, жылу, ауа, тамақ, сексуалды қатынас т.б., ал әлеуметтiк қажеттiлiктiң негiзi - еңбек ету, тануда, қарым-қатынас, жетiстiкке жету т.б. Өзiн-өзi тану процесi ретiнде көрiнiс бередi және оның түп негiзiнде қажеттiлiк жатыр, ол өзiн-өзi танудағы қажеттiлiк деп атауға болады. Өзiн-өзi танудағы қажеттiлiк - бұл тану қажеттiлiгi. Ол «Мен» қажеттiлiгiмен тығыз байланысты. Оларға жататындар: өзiн-өзi сыйлаудағы қажеттiлiк, өзiн теңестiрудегi қажеттiлiк, өзгелердiң көзқарасы бойынша өзiн мойындау т.б.

Өзiн-өзi сыйлауға деген қажеттiлiгi адамның өз талаптарына және қоршаған ортадағы адамдардың талаптарына жауап беруiмен жоғары дәрежеге жетуiмен көрiнiс бередi. «Мен»-iң тұтастығына деген қажеттiлiгi «Мен» образының соңына жету.

Барлық қажеттiлiктер бiр-бiрiмен тығыз байланысты және бiр-бiрiн толықтырып отырады. Өзiн-өзi сыйлау және «Мен» тұтастығы, олар өзiн-өзi тану қажеттiлiгiн күшейтедi. Өзiн-өзi тану қажеттiлiгi басқа да қажеттiлiктердiң қанағаттануымен жеңiлдетiледi. Мысалы, өзiңе талапты қоя бiлу үшiн, ең алдымен өзiңдi бiлу қажет, ал өзiңдi жақсы бiлсең тұтастығыңды құрай аласың және «Мен» образына ешқандай қарама-қарсылық тумайды.

Мұндай қажеттiлiктiң қанағаттандырылуы өзiндiк дамуымен байланысты. Өзiңдi бiлу үшiн және өзiн-өзi тану қажеттiлiктi күшейту үшiн, көбiрек қарым-қатынас жасау керек, ал қарым-қатынасқа түсу үшiн өзiңдi жақсы бiлу қажет, ал бұл жетiстiктегi қажеттiлiктердiң қанағаттануымен жүзеге асады. Жетiстiкке жету үшiн де өзiңдi бiлген жөн.

С.М. Жақыпов жек мағыналық құрылымдарды емес, тұлғаның танымдық іс-әрекетінеде көрінетін ішкі психикалық құрылымдардың тұтас жүйесін қарастырды. Ол мотивацияның іс-әрекетке байланыстығын, мағына және мақсаттың пайда болуымен түсіндірді. Адамдардың бірлесіп әрекет етуіндегі ортақ мотив түрін бөлді. Ортақ мотив – іс-әрекеттің ортақ обьектісінен және іс-әрекетке қатысты тұлғалардың мағыналық жүйесінің өзара сәйкестілігінен байқалады, ол әрекет тиімділігіне едәуір әсер етеді.

А.А. Бодалев өзін-өзі танудың оптимальді мүмкіндігі адамдармен қарым-қатынас негізінде көрінеді, ал субьективті маңыздылығы субьект жағынан құндылықтар қатынасымен қарастырды. Мұндай қатынас негізінің сапасында субьектінің тану эталоны тұлғаның құнды қасиеттері жайлы, басқа адамдар және өзі жайлы білудің жиынтығы.


Өзін-өзі тану процесі - өзін тану, білу мақсатына жету әрекеттердің ауысуы, ал өзін-өзі тану құралы - өзін-өзі бақылау, өзіндік талдау, өзін басқалармен салыстыру. Өзін-өзі бақылау өз іс-әрекетін, қылығын, ішкі жағдайларына бақылау жасау және ол мақсат-бағдарлы болып келеді. Өзін-өзі бақылау – мінездік сипатын, қарым-қатынас ерекшелігін, тұлға қасиеттерін анықтауға мүмкіндігін тудырады.

Өзін-өзі талдау, өзін-өзі бақылау арқылы және бақылаудың соңында талдау жасалынады. Алайда, адам өзін үнемі өзгелермен салыстырады, ал салыстыру әдісі өзін-өзі тану компоненті ретінде өзін-өзі бағалауы қалыптасады.

Моделдеу – бұл өзін-өзі танудың арнайы тәсілі. Мысалы, психологтың көмегіне сүйену, алайда, психологпен әңгіме жүргізуде, қарым-қатынас жасауға кез келген адам жете бермейді. Сондықтан өзіндік нәтижесін өңдеу жұмысын дербес жүргізуге болады. Моделдеу - жеке дара қасиеттердің бейнеленуі. Мұның қарапайым әдістері - өзін суреттеу, «Мен қазіргі шақта», «Мен болашақта», «Мен дос ретінде», «Мен студент» т.с.с. сурет өзіндік талдауды жеңілдетеді (мен қандаймын?, менде қандай қасиеттер басым?, мен нені қажет етемін?, мен не істей аламын?). Егер суретте белгілер айқын көрсетілген кезде, бұл тәсіл тиімді болады. Сондай-ақ, практика өзін-өзі тану процесін жеңілдетеді және өзіне басқа жағынан қарауға көмектеседі. Мысалы, рөлдік ойындар, психодрама.

В.Г. Маралов бойынша өзін-өзі тану нәтижесінің негізі - өзі жайлы білімнен келіп туады. Бұл білімдер жақындық принципі бойынша топтастырылады. Сондықтан да өзін-өзі тану процесі аяқталмайды. «Мен» концепциясын жете білу көбінесе адамның өзіне байланысты, яғни, өзін-өзі қабілеттілігі, талпынысы және өзін-өзі тану жүйесімен айналысуы.

Өзін-өзі тану нәтижесі ретінде өзіне деген эмоционалды құндылық қатынасы бойынша төмендегідей тұлғаның компоненттерін айтуға болады. Олар ұқсастық, өзіндік қабылдау және өзін сыйлау.

А.А. Крылов бойынша тұлға өзін жоғары бағалауы, өзіне қатынасы, өз жетістіктеріне, өзін мақтау. Егер өзін-өзі сыйлауы төмен болғанда, адам өзін жақсы көруі төмендеп, ішкі қақтығыстардың бар болуы, ал өзін-өзі сыйлауы жоғары болса, өзгелерге кемсіту көзқараспен қарауы өзіне сенімділік, эгоцентризм және өзіне жағымды жақтарды ұстануы мен талаптану, шынайы жетістікті салыстырмен қалыптасады.

Американ психологы У. Джеймс жеке адамның талаптануы мен жетістікке жету табыстарымен байланыстырып

, төмендегі формула жобасын көрсетті.

Өзін-өзі сыйлау = табыс /талаптану

Табыс неғұрлым жоғары болса, талаптану соғұрлым төмен болады және керісінше талаптану жоғары болса, табыс төмен болады. Адам толығымен талаптанудан бас тарта алмайды, сәттілік пен сәтсіздік шынайы категория, ол жағдайға және жеке адамның өзінен байланысты болады.

Өзін-өзі сыйлау қоршаған ортадағы адамның дәлме-дәлдігімен анықталады. Егер өзін-өзі сыйлауы төмен болса, адам өз-өзін алдауы, шындықтан қорқуы, көптеген психологиялық қорғаныс түрлерінің дамуы, сондай-ақ, өзін-өзі сыйлау өзге адамдармен өзара қатынас сипатын анықтайды. Өзін-өзі сыйлаудың дәлме-дәлдігі тәрбиеге байланысты.

Н.В. Крогус бойынша өзін өзге адамдармен салыстырса, субьект өзін-өзі бағалау ретінде қабылдайды. Егер субьект өзіндік «мен»–ің қалыптастыра тұлға реттеу мүмкіндігін, өзін дамыу ретінде өзіне белсенді әрекет жасайды.

С.В. Кондратьева субьект өзге адамдармен қарым-қатынаста өзін-өзі тануымен бірге басқаның қасиетін танып, өз бойына игере алуы және осындай процестен кейін өзгені тануда өзіндік феномені пайда болады.

Австриялық ғалым К. Лоренц адамның өзін тануға қалауының болмауы, өзін табиғаттың бір бөлігі ретінде қарастырғысы келмегендіктен деп есептейді. Кедергі келтіретін топтарды төмендегідей көрсетті.

1. Талдау, бағалау, қабылдау әрекеттерінің қалыптасуынан, ұқсастыру мен рефлексия құралдарының дұрыс қолдана алмауы, өзін тұлға ретінде қабылдауға, дәлме-дәл қабілетінң төмен болуы.

2. Өзін тануда қорқыныш сезімнің болуы, қоршаған ортаның талабына сай өзін бағалауға тырысу.

Аталған кедергілерді жеңуде адамның бойындағы үрейді, қорғаныс және сақтануды қалыптастыру, өзін-өзі сыйлау деңгейі мен өзін-өзі тану әдісі арқылы адамды оқыту, өзін-өзі тәрбиелеуде ең тиімдісі болып табылатын – бұл адам алдына өз бетінше мақсат қоя білу, сол мақсатқа жетуге өз еңбегімен жетуге тырысу.

Қорыта айтқанда, өзін-өзі тану – бұл өзін тану мен тұлғалық, интеллектуалдылық ерекшеліктері және қасиеттері, басқа адамдармен қарым-қатынас , өз бойынан белгілі бір қасиеттерді қабылдау процесі.

Өзін-өзі тану өзіндік сана құрылым компонент ретінде әрекет етеді. Өзін-өзі тану аймағына және саласына сана, бейсана, адамның сыртқы және ішкі дүниесіндегі әрекет, тұлғаның позитивті сәйкестілігінің қалыптасуы, оның өзін-өзі тануына қолайлы жағдайлар тудырып, өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал етеді.


Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық кестесі ретінде «Мен - концепциясының» психологиялық теориялық - концептуалды жоспарда толығымен феноменологиялык тұрғы немесе гуманистік психологияға, интеракционизмге, аз дәрежеде психоанализмге сүйенеді.

«Мен — Концепциясына» сүйенетін К. Роджерс оны былай деп мінезделейді: «Мен - Концепциясы» ұйымдасқан, бір ізді концептуалды гештальт, ол «Мен» қасиеттерін қабылдаудан, «Менің» өзара қатынасын қабылдаудан тұрады, сонымен қоса, осы қабылдауларға байланысты кұндылықтар, өмірдің әр түрлі жақтарын қабылдау». К.Роджерс, З.Фрейд, А.Адлер, Э,Эриксон т.б. ғалымдар сияқты «Мен - Концепциясының» құрылу үрдісіне байланысты белгілі бір арнайы кезеңдер кестесін көрсетпеген. К.Рождерс бойынша адам өміріндегі басқарушы мотив - актуализация тенденциясы, яғни өзін сақтап дамыту, өзінің жақсы жақтарын ашу, осы фундаменталды тенденция негізгі мотивациялық тенденция болып табылады. Мәнді сыртқы шектеулер немесе антагонистік әсерлер жоқ болса, онда актуализация тенденциясы әр - түрлі мінез-құлық формалары арқылы көрінісін береді. Сонда тұлғаның дамуы, оның мінез-құлқы қоршаған орта әсері арқылы белгіленеді.

Тұлға үшін актуализация тенденциясының негізгі қажетті аспектісі болып, адамның өзіндік актуализациялануға ұмтылысы болып табылады. К.Роджерс теориясының контекстінде өзіндік актуализация тенденциясы - адамның толыққанды функцияланатын тұлға болу мақсатындағы өмір бойы өз потенционалын іске қосу үрдісі. Осыған жету мақсатында адам өмірі мәнге, ізденіске, толқуға толы болады. Өзіндік актуализацияланатын адам еркін, тағдырдың әр мезетіне қанағаттанып өмір сүреді. Адамзат табиғат күшіне байланысты негізінен активті және өзіндік актуализацияланады.

Негізгі әдебиеттер: 2, 8, 9, 12,13, 15,16.

Қосымша әдебиеттер: 20, 23, 33,36,37,39.
Дәріс тақырыбы № 4: Менің жақын шеңберім. Теңестіру және рефлексия өзін-өзі тану механизмдері ретінде

1. Теңестіру (лат.) — психологияда көп мәнде қарастырылады (теңдестіру, маңызы бiрдейлiк, ұқсату, біркелкілік, ұқсастық):

- өзін басқа адамммен, басқа адамдармен олармен эмоциональдық байланыс орнату негізінде теңдестіру;

-өзімен немесе «меннің» әртүрлі аспектілерімен өзін-өзі теңестіру.Мысалы, атымен жынысымен, ролімен, өзінің кейбір қасиеттерімен;

-бір заттарды (біреуді) тану, бұл мғынада стимулды тану, қылмыскерлерді теңестіру,адамды кәсібімен және басқалармен теңестіру.


Өзін-өзі тану мәселелері позициясынан алдыңғы екі аспект маңызды болып табылады. Ерте балалық шақтан бастап адам өзін және арнайы бір рольмен теңестіре бастайдй: алғашқыда— ұл бала не қыз бала ролімен, кейін — ата-ана, әже немесе ата; әлеуметтік рольде — оқушы, оқытушы, жұмысшы, қызметкер, ғалым және т.б.Бір ролді ұзақ орындау, адамның өзін сол рольмен теңдестіруіне әкеледі. Әлеуметтік рольдерді алмастыруды кейбір адамдар қиындықпен өтеді.

Индивидтілік индивидуалдылықта болады. Индивидуалдылық – бұл өздігінен дамитын және өздігінен реттелетін автономдық ерекше және қайталанбайтын биоәлеуметтік жүйе.

Бұл жеке адамның болмысының өзіндік бүтіндігін сақтау шеңберінде үздіксіз сыртқы және ішкі өзгерістерін өз - өзіне ұқсастыру формасы.

2. Рефлексия.Рефлексия (латын сөзі.) - (өзінің ішкі қалпы жайлы ойлау, өзін-өзі талдау) – өткенге мән беру, адамның бірнеше рет өз әрекеттерінің, ойларының басына қайта қайту қабілеті, сырттан бақылаушы позициясында тұру ептілігі, өзінің істеген істерін қайта ойлау, өзін-өзі тануды қоса алғанда. Әдетте психологияда рефлексияның келесі түрлерін келтіреді::

  • қарым-қатынастық — оның обьектісі басқа адам және оның қаракеттерiнiң себептерi мен ішкі әлемін түсіну болып табылады. Бұл жерде рефлесия басқа адамды тану механизмі болады;

  • тұлғалық— таным обьектісі, сол танымды іске асрушы тұлғаның өзі, оның қасиеттері мен сапалары, мінез-құлықтық мінездемесі, басқалармен қатынас жүйесі болады;

  • интеллектуалдық, әртүрлі тапсырмаларды шешу барысында, шешімдердің әртүрліі амалдарын талдау, тиімділерін табу, бірнеше рет тапсырманың шартына қайту қабілетіндекөрініс береді.

Егер рефлексиялық механизмдердің бірізділігін қарастыратын болсақ (А. А. Тюков бойынша) онда олар алты кезеңнен тұрады.Рефлексиялық шығу - басқа адамды және өзiн-өзi басқа құралдар және әдiстермен тануға мүмкiн емес жағдайда iске асады

Бағытталғандық (интенция - бағытталғандық) - рефлексия объектісіне бағытталғандық, оны басқа объекттердiң арасында ерекшелеу.

Алғашқы категориялау - рефлексия iске асыратын алғашқы құралдарды таңда.

Рефлексиялық құралдар жүйесiн құрастыру- таңдалған алғашқы құралдардың, рефлексиялық талдауды мақсатты және дәлелдi тексеруге мүмкiндiк беретiн кейбiр жүйеге бiрiгуi.