Файл: 1. Оу пніні бадарламасы syllabus оытушы туралы млімет.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 81

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Рефлексиялық мазмұнның схематизациясы - әртүрлi таңбалы құралдар қолдану есебiнен жүргiзiледi: түр, нышандар, схемалар, тiл конструкциялары (мысалы, үш даналар туралы есеп шығару, мүмкiн олардың суретiн салып немесе схемалы бейнелеу-бұл рефлексиялық таныстыруды ұйымдастырады).

Рефлексиялық сипаттаманы объектілеу - алған нәтиженi бағалау және талқылау; нәтижесi қанағаттанарлықсыз жағдайда, рефлексия процессi қайта iске қосылады.

Сонымен, теңестiру танушыға басқаларға және өзін ұқсастырылуға болатын болып мүмкiншiлiк бередi рефлексия - сияқты қорғанып қалып талдасын себептi-тергеулi байланыстардың анықтауымен әртүрлi позициялармен тануға болатын

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6, 7, 8-16.

Қосымша әдебиеттер: 20,32,33,37,41,43.

Дәріс тақырыбы № 5: Мен және қоғам. «МЕН» және жеке тұлғаның өмірлік сценарилары, өмірлік мағыналары

Бүгінгі күнге дейін тұлғаның дамуы жөнінде толық қамтылған көрініс бере алатын бірегей теория жоқ. Тұлғаның жетілуінің, мінез-құлқының және тәрбиесінің артық немесе кем толық суретін алу үшін кезеңдену типінде білінетін бірнеше теориялармен танысу керек.

Психоаналитикалық (жүйкелік талдау) теориясы. Оның заты – адам эмоциялары мен тұлғааралық қарым-қатынас. Психоаналитикалық теория өкілдерінің екі кезеңденуі кеңінен мәлім: Зигмунд Фрейдтің және Эрик Эриксонның. З.Фрейд (1856-1939) тұлғаның дамуын биологиялық факторлардың және ерте отбасылық араласу тәжірибесінің ықпалымен түсіндірді. Э.Эриксон (1902-1979) тұлғаның психосоциалдық дамуының 8 сатысын бөліп көрсетті. Оның әрбірінде адам мағынасы сананың, психиканың қарама-қарсы жағдайларының арасындағы кикілжіңнің (конфликт) болып табылатын спецификалық тоқырауды (кризис) бастан кешіреді

  1. қоршаған әлемге сенім сенімсіздік (0-1 жас);

  2. тәуелсіздік сезімі – ұят пен күмәнді сезіну (1-3 жас);

  3. ынталық – күнә сезімі (4-5 жас);

  4. еңбек сүйгіштік – жарты кештік сезім (6-11 жас);

  5. белгілі бір жынысқа сәйкестігін түсіну – бұл жынысқа сәйкес келетін мінез-құлық түрлерін түсінбеу (12-18 жас);

  6. интимдік қатынасқа ұмтылу – айналадағылардан оқшаулану (ерте есею);

  7. өмірлік белсенділік - өзіне ғана бағытталу, жас шама проблемалары (қалыпты есею);

  8. өмірді толыққанды сезіну (кеш есею).

Когнитивтік теория

Ең бастысы ойлаудың, білімді сіңіру процесінің қалыптасуы мен даму проблемаларына қатыстылығы бар. Ақыл-ой жетілуінің ең толық процесін Швецариялық ғалым Жан Пиаже (1896-1980) құрастырған. Пиаже бойынша адам өзінің ақыл-ой дамуында 4 үлкен кезеңнен өтеді:


1) сезімдік-қимылдық (сенсомоторлық) – туғанынан 2 жасқа дейін;

2) оперативтікке дейінгі (2-7 жас);

3) нақты ойлау кезеңі (7-11 жас);

формальдық-логикалық, абстракттық ойлау кезеңі (11-12 – 18 жас және одан әрі).

Мінез-құлық теориясы

Балалар мен ересектердің өздерін неге, қашан және қалайша, бірақ басқаша емес ұстауға үйренетінін түсіндіруге тырысады. Бұл теорияны сондай-ақ бихевиористік (ағыл. Behavior – мінез-құлық) деп те атайды. Бихевиористіктің негізін қалаушы Джон Уотсон (1878-1958) болып табылады. Теорияны практикалық жүзеге асыруға Б. Скиннер (1904-1992) зор үлес қосты. Бихевиористер ортаның бала мінез-құлқы мен жетілуіне әсерін ерекше атап көрсетеді және социалдық оқудың 3 түрін бөліп қарастырады: классикалық және операнттық себептілік пен еліктеу.


Негізгі әдебиеттер: 1-9, 11,12,13,14,15,16

Қосымша әдебиеттер:17,19,21,22,24,25,26,27,29,30, 38.
Дәріс тақырыбы № 6: Мен және әлем. Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту негізінде тұлғаның өзін-өзі тануы мен өзін-өзі жетілдіруі

Алғаш психологияда өмірлік стиль түснігін алғаш қолданған А. Адлер. Ол оған мынандай анықтама берген: адам өмірінің қайталанбас картинасын анықтайтын әдеттер мен мінез – құлық тәсілдері, ерекше қырлардың бірігуі.

Өмірлік стиль әрқашан болады, бірақ адамның өмілік қиындықтарымен кездескенде ғана көрінеді. Бұл оның балалық шақта бастан кешірілген қиындықтарының әсерінен қалыптасуымен шартталған, және 4 – 5 жаста қалыптасып, мақсатқа ұмтылудан қалыптасады. Адлердің ойынша, адамның ересек өмірі тек өмірлік стильін сақтап, шегендеп отырады, сондықтан адамның мінез – құлқын болжауға мүмкіндік береді. Даралық психологияда жанұяда баланың туу қатары өте маңызды болады. Адамның бауырлары мен апайларының арасындағы орнын біле отыры, оның стильін анықтауға болады: мысалы Адлердің көзқарасы бойынша, үлкен балалар үнемі келесі балаларына қатысты күйзелісті бастан кешіреді, сондықтан, біріншіден жанұяда амалсыздан өздерін нақтылауы керек, одан кейін - үлкен социумда.

Өмірлік стиль қалай қалыптасады? Адам толымсыздығын алғашқы бастан кешіруі жайлы ойын дамыта келіп, Адлер бұл күйзелістер адам төзімсіздікке айналады да, адамды жағдайды түзейтін әрекетке итереді деп талқылайды. Нәтижесінде онда мақсат пайда болады, ол сол мақсатқа өз қолы жете алатын әдістермен жетіп, алғашқы дефектінің, жетіспеушіліктің немесе қбабілеттің төмен деңгейінің орнын толтырады. Сонымен стиль түснігі күрделі жүйелерді бір нәтижеге әкелетін түрлі жолдарға сәйкес келетін эквифиналық принцип жүйесіне жауап береді. Осылайша, стиль даралықтың үш деңгейіне орналасқан психологиялық сападан тұрады: бұл индивидтік сипаттама (дефект), рухани – дүниетанымдық (мақсат) және маңыздылыққа жету құралы, (заттық – мазмұндық сипаттама). Стиль тұрақты және адамдардың ерекше өмірлік тапсырмаларды орындауынан көрінеді. Оларға Адлер бір – біріне өзара әсер ететін іске асатын жұмысты, достықты, және махаббатты жатқызады. Тек стильдің тұрақтылығы тұлғаның тұрақтылығын білдіреді.Әр адамның өмірлік стильі қайталанбайды, дегенмен Адлер стильді тарату негізінде ұстаным классификациясын ұсынады, ол екі сапамен - әлеуметтік қызығушылық және белсенділік деңгейімен сипатталады. Адлер қалыпты өмір әдісі деп - жақсы бейімделген адамдарды оның келсе де, келмесе де одан қоғам оның іс - әрекеттерінен керектісін алатын жағдайды айтады.


Сонымен қатар психологиялық көзқарас бойынша, онда оның өмірінде кездесетін қиындықтар мен проблемаларды ашық жеңуге батылы және күш – қуаты жеткілікті: бұл психологиялық портрет өзінің мазмұны жағынан тұлғаның өзін өзектендіруге жақын, дегенмен психологиялық ықпал шеңберінде берілгенін атап өтейік.

Өмірлік стильдің қалыптасуы үшін адамдарға қатысты дұрыс дистанцияны орнату қабілеті, адамға тән қолдау тәсілі, батылдық пен қорқақтық, боашаққа сену сияқты сапалар маңызды болып табылады. Адлердің ойынша, соңғысы үнемі адамға өзінің өмірлік тапсырмаларын қабылдауға кедергі келтіреді, сондықтан пайдасыз.

Өмірлік стиль негізінен басқа адамдармен жалпылық сезімнің оянуын және бір уақытта – жеке тәуелсіздіктен тұратын корректілеуге мүмкіндігі бар. Стиль түснігін мақсатқа жету құралы ретінде қолданатын базалық тұлғаның қырлары мен инструменталды қырларды ажыратуға тырысқан Г. Олпорт қолданған. Қазіргі психологияда стильдік сипаттамалар ғылымның әр саласына бөлініп адамдардың затпен, субьектімен өзара әрекеттесуде ерекше жоғары өзіндік эвритикасын дәлелдеді, және адамдардың өмірлік ойландыратын тапсырмаларын шешудің әдістерін көрсетті. Сондықтан, стильдік сипаттамалар толығында әлеммен өзара әрекеттесудің индивидуалды әдісі ретінде қарастырыла бастады

Негізгі әдебиеттер: 2,3,4,5,9,12,13.

Қосымша әдебиеттер: 31,32,34, 36,39.
Дәріс тақырыбы № 7: Оқытушы үлгісі өзін-өзі дамытуы мен кәсіби өзін-өзі танудың бағыты ретінде

Әр түрлі оқу технологияларын оқыту мазмұны мен оқушылардың жас пен психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қарауда мұғалім өз әрикетінің маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және т.б. көптеген адамдық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәжірибе процессін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі,-деп көрсетеді Г.К.Селевко.

Адам индивидуалдылығының көпжақтылығы тек қана кәсіби іс-әрекетте емес, басқа адамдармен қарым-қатынаста көрінеді - реалды, гипотетикалық, күнделікті және конфликтілі. К.Хорнидің ойынша, адам бала кезінен бастап басқа адамдарға деген тұлғалық бағдарлар, 3 негізгі стратегия өндіріп, кейін оларды ұстанады: бұл адамдарға бағытталған қозғалыс, онда басты болып басқалар жағынан махаббат болып табылады
, ал қалған мақсаттар оны ақтауға деген қалауға бағыңқы болады; адамдарға қарсы бағытталған қозғалыс, онда “джунгли философиясы” басымдық көрсетеді: өмір бұл тіршілік ету үшін тоқтамайтын күрес, соның ішінде басқа адамдармен; соңғысы, адамдардан қашу,тәуелсіздік пен қол сұғылмаушылық қажеттіліктерімен сипатталады, күрестің әр түрлі көріністерінен бас тартады, бірақ бір сәтте адамның бейімделуіне кедергі келтіреді

Конфликт жағдайында оның қатысушыларының мотивтері әр түрлі нәтижелерге әкеп соқтыратын мінез-құлықтың спецификалық стратегияларын анықтайды. Бұл білім аумағында өзіндік және басқалардың (ұжымдық) қызығушылықтарының ара қатынас шамасымен ерекшеленетін, жарысу, ынтымақтастық,ымыра, қашу және бейімделу сияқты конфликтідегі мінез-құлықтың 5 түрін бөліп көрсеткен К. Томастың классификациясы неғұрлым танымал болып табылады

Негізгі әдебиеттер: 1,2,6,7,8,9,11,12,13.

Қосымша әдебиеттер: 18, 21,22,24, 28, 30, 34,38,39.
Дәріс тақырыбы № 8: Оқытушының өзін-өзі дамытуы мен кәсіби өзін-өзі тану ерекшелігі

1.Когнитивті психология және тұлғаның дамуының когнитивті теориялары.

Адамның қажеттіліктерінің жарқын мысалын танып, білу қажеттілігі. Олар тұлғаның когнитивті қажеттіліктерінен табылады. Адамзат әлемді барлық жақтарынан тануға тырысады. Адам құбылыс пен айқын заттарды, зерттеуге микро және макрокосмосқа және өзінің ішкі әлеміне енуге тырысады. Адам жасының дамуымен танып білу қажеттіліктері бағыт ашу, әуестік, құмарлық, бағытталған қызығушылық,шығармашылық ізденіс деңгейлерінен өтеді.

Когнитивті қабілеттер. Когнитивті психология. Когнитивті көзқарас адамның әлемге және өзіне деген көзқарасын өзгертеді ойлаудың қателерін анықтап, адам өзіне өзіндік қалыптасудың жоғарырақ деңгейімен басқа өмір қалыптастыруы мүмкін.

А. Бектің когнитивті теориясы ағзаның дамуының негізгі факторы информацияны арттырып жасау (переработка). Адам ақпаратты қоршаған ортадан, оны талдау арқылы, сол талдау барысынан іс-әрекетті жоспарлау арқылы,өзі тәртіп пен даму программасын жасау арқылы алады. Программа адекватты және адекватты емес бола алады. Когнитивті қозғалыста информацияны арттыра жасау кезінде аномальды (мысалы, дабылды) программа шыға бастайды. Оң қабылданған дұрыс программа «дабылды программамен», «депрессивті программамен», «ұрейліпрограммамен» алмастырады.

Адамның конитивті үлгерімі. А. Бектің пайымдауында тұлға базалды сендіру болып табылатын схемалармен және құрылыстармен пайда болады. Когнитивті үлгерім жеке тәжірибе барысында қалыптасады. Әр адам өзінің, өзгенің, әлемнің концепциясын қалыптастырады.бұл концепциялар тәжірибе арқылы анықталып, сендіру, бағалау және өмірлік ұстанымдардың қалыптасуына ықпал етеді. Депрессияның когнитивті триадасы: өзі туралы теріс көзқарас; қоршаған әлем туралы теріс көзқарас; келешекке теріс көзқарас.