Файл: Лекция. Таырыбы оамны дамуындаы ылымны ролі жне ылыми зерттеулер Лекция масаты мен.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 217

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

№ 2 Лекция. Тақырыбы: Зерттеу үдерісі және негізгі кезеңдері

Лекция мазмұны

2.1 Ғылыми зерттеу үдерісі және негізігі кезеңдері

2.1 Ғылыми зерттеу үдерісі

Кесте 2.1 Ғылыми зерттеу жұмысының негізгі кезеңдері және сипаттамалары

2.1.7 Жазбаша есеп

№ 3 Лекция Тақырыбы: Зерттеу теориялары және стратегиялары

3.1 Теория және зерттеу байланысы

3.2 Қарама-қайшылық жаңа зерттеуге бастама ретінде

3.3 Дедуктивті және индуктивті әдіспен теориялар құрастыру

3.4 Зерттеудің эпистемологиялық құраушысы

Оқытудың техникалық құралдары: интербелсенді тақта

Жеңіл деңгейлі сұрақтар (20 ұпай)

Орта деңгейлі сұрақтар (30 ұпай)

№ 14 Лекция тақырыбы: Зерттеу жұмысын рәсімдеу және жариялау

Лекция мазмұны

14. 3 Магистрлік диссертациялар әзірлеу және рәсімдеу

14.1 Ғылыми мақала жазу әдіснамасы және шетелдік рейтингтік журналдарда жариялау

Мақала атауы

Мақаланың құрамдас бөліктері

Аннотация

Негізгі бөлігі

Қорытындылар

Әдебиет

Шетелдік ғылыми журналға мақаланы жариялау

Мақалаларды рәсімдеу ережесі

14.2 Ғылыми-зерттеу жобасын әзірлеу және рәсімдеу

14.3 Магистрлік диссертациялар әзірлеу және рәсімдеу

Магистрлік диссертацияның тақырыбын таңдау

Магистрлік диссертацияны безендіру ережелері

Оқытудың техникалық құралдары: интербелсенді тақта

1 деңгейлі сұрақтар (20 ұпай)

2 деңгейлі сұрақтар (30 ұпай)

3 деңгейлі сұрақтар (50 ұпай)

индуктивті және дедуктивті теорияның маңызын байқаймыз.

Дедуктивті теория (жалпыдан жекеге), теория мен зерттеулер арасындағы байланыстың ең қарапайым түрі. Зерттеуші, жеке бір сала жайлы айқын мәліметтер мен осы салаға байланысты теориялық ұғымдар негізінде гипотезаны (ғылыми болжам) немесе гипотезаларды анықтайды, өз кезегінде гипотезалар эмпириялық зерттеуден өтілуі талап етіледі. Гипотезаны зерттеу барысында, зерттеу шарттарына бейімделген жаңа ұғымдар пайда болады. Зерттеуші гипотезаны асқан шебелікпен дәлелдеп, оны қолданысқа енгізе білуі тиіс. Демек, гипотезаны анықтау үшін зерттеуші осы ұғымдарға байланысты деректерді жинақтау тәсілін алдын ала анықтауы тиіс.

Осыдан келіп шығатын теория мен гипотеза деректерді жинақтауға бірінші болып қолайлы жағдай туғызады ( дедукция үдерісі 3.1-сызбасында жалпылама көрсетілген қадамдарға ұқсас сипаттап көрсетуге болады).



Сурет 3.1 Дедукция үдерісі [1, 58б]

Дедуктивті зерттеуге мысал ретінде Келли және Де Грааф (1997) жүргізген бірталай зерттеу жұмыстары адамның діни сенімдеріне оның қасында жүрген ата-анасы, мектептегі немесе айналасындағы басқа достарының да әсер ететінін көрсеткенін айта келе, адамның туылған мемлекетінің де мәдени фактор ретінде алар орны маңызды екеніне дәлел келтіріп отыр. Олар осы көзқарастар негізінде туындаған «теорияны» құрастырды және сол теорияға сүйене отырып зерттеулер жүргізіп, осылайша гипотеза тұжырымдап шығарды: діни сенімді қатты ұстанатын мемлекет азаматтары, олардың ортодокс (жалғастырушы) дініндегі отандастарымен салыстырғанда, зайырлы мемлекеттің адамдарынан да көбірек ортодокстық көзқарасты қабылдайды (Келли және Де Грааф, 1997:

641).

Индукция (жекеде жалпыға) бұл дедукцияға карсы бағытта жүргізілетін зерттеу, зерттеуші осы зерттеуді жүргізуге себеп болған деректер жинағын енгізіп, ары қарай теорияға айналдыруға ұсынады. Бұл нәтижелер теорияға айналып және зерттеу нәтижелері бірталай салалардың талаптарына сай қолданыс халіне келтіріліп, кері қайтарылады.

Алайда белгіленген тәсілде міндетті түрде индукциялық бөлшек болса да, әдетте, дедуктивті бағыт басым болып келеді. Сонымен қатар, әдетте сандық зерттеумен байланыста болатын дедуктивті тәсіл қолданылғанда, үдерістердің шынайы реттілігі жоғарыда көрсетілген түрінде


сақталмайтынын ескерген жөн (Сурет 3.2. )



3.2 Сурет Дедуктивті және индуктивті тәсіл ерекшеліктері

Индуктивті зерттеуге мысал ретінде келесі зерттеуді көрсетсе болады: Чармэз (1991, 1997) созылмалы ауруға шалдыққан адамдардың тәжірибе аспектілеріне қатысты зерттеу жүргізді. Зерттеу кезеңінің бір бөлімі осы ауруға шалдыққан тек қана ер адамдарды зерттеумен байланысты болды және ол өзінің бір баяндамасында (Чармэз 1997) созылмалы ауруға шалдыққан жиырма ер адам арасында жүргізген зерттеу жұмысының нәтижесі жайлы айтып өтті. Зерттеу барысында ол деректерді көбіне жартылай стандартталған сұхбат жүргізу арқылы жинаған. Ер адамдардың жауаптарының айқындығын растау үшін, ол сонымен қатар осы ауруға шалдыққан әйел адамдар арасында да сұхбат жүргізіп, алынған жауаптарды салыстырды. Ол ер адамдардың жауаптарында олар үшін өзін-өзі қорғау стратегиясы маңызды орын алатынын байқағанына дәлел келтірді. Алайда созылмалы ауруға шалдыққан адамның өмірі үнемі өзгерістер енгізіп отыруды талап етеді, бұл өз кезегінде адамның жеке қасиеттерін, дағдыларын өзгертуге себеп болары сөзсіз. Дегенмен, ер адамдар «өз өткендеріндегі елеулі қасиеттеріне, ерекшеліктеріне сүйене отырып, өз санасезімдерін сақтап қалуға барын салған» (Чармэз 1997: 49). Керісінше, әйел адамдар жеке қасиеттерін сақтап қалуды ойламайтын және өзін-өзі қорғау стратегиясына тәуелсіз болып шықты. Ол өз нәтижелерінің теориялық тұжырымдамасын сауалдарға жауап берген ер адамдардың пікірімен байланыстырды. Оның өзін-өзі қорғау пікіріне екпін жасауы, созылмалы ауруға шалдыққан ер адамның «позитивті жеке өміріне оралу немесе жабығып, сарыуайымға түсу» факторларын анықтауға мүмкіндік туғызады (Чар-мэз 1997: 57). Егер өткенін сезінуге мүмкіндік беретін істерін болашақта жалғастыра алмайтын болса (мысалы, жұмысын жалғастыру), олардың сарыуайымға салыну қаупі басымдырақ болған.

Осы зерттеуде теория мен зерттеу арасындағы индуктивтік сипат, Чармэздің теориялық пікірлері (мысалы, «өзін-өзі қорғау» ұғымы) оның жинаған деректерінен туындағанын көреміз, ал деректер жинақталмай тұрып, мұндай пікірлері болмаған. Яғни индукция жаңа табылған деректерге байланысты бір тұжырым немесе теория құрастыруды меңзейді.



3.4 Зерттеудің эпистемологиялық құраушысы




Байқасаңыздар кез-келген зерттеуде міндетті түрде сол зерттеуге байланысты ұғымдар немесе терминдер болады. Яғни эпистемологиялық мәселелер пән немесе зерттеу тақырыбы бойынша қандай білім қамтылады (камтылуы тиіс) деген сұрақтарды қарастырады. Эпистемология -грек. episteme - білім, logos – оқу, ұғым, таным дегенді білдіреді. Әрине зерттеуге байланысты ұғымдар өте көп, сондықтан біз олардың ішінде көп танымалыларын қарастырамыз.

Зерттеуде маңызды ұғымдардың бірі - позитивизм.

Позитивизм - әлеуметтік болмысты зерттеуде және одан тыс зерттеулерде жаратылыстану ғылымдарының қағидаларын қолдануды мақұлдайтын, эпистемологиялық көзқарас. Термин бұл қағидадан тыс та кең қолданылады, дегенмен құрамдас элементтері әр авторда әртүрлі. Позитивизм мына төмендегі қағидаларды қамтиды:

  1. Тек қана жете түсіну арқылы қабылданған құбылыстар мен олардан шыққан мәліметтер ғана нақты білім ретінде расталып, қабылданады (феноменализм қағидасы).

  2. Теорияның мақсаты - теориядан гипотеза шығару, бұл өз кезегінде тексеруден өтіп, дәлелденіп және қағидаларға берілген түсініктемелердің қабылдануына жол ашады (дедуктивизм қағидасы).

  3. Деректер жинақтау негізінде қағидалардың пайда болуы арқылы нақты білімге қол жеткізіледі (индуктивизм қағидасы).

  4. Ғылым пайымды пікірлерден тыс болуы тиіс (шамасы, бола алатын да тәрізді) (бұл мақсатқа жатады).

  5. Ғылыми мәлімдемелер, нормативті мәлімдемелер және сенім арасында айырмашылық бар және алғашқылары ғылымның шынайы салалары болып табылады. Бұл соңғы қағида бірінші қағидаға байланысты туындап отыр, себебі шындық немесе нормативті мәлімдемелер сезіну арқылы дәлелдеуге бағынбайды.

Интерпретивизм - эпистемологияның позитивизмге қарсылығын көрсетуге арналған термин. Интерпретивизм - онжылдықтар бойы үстемдік етіп келген позитивисттік ортодокстыққа балама ретінде қолданылатын термин. Бұл адамдар мен жаратылыстану ғылымдарының объективтері арасындағы ерекшеліктерді ескеретін стратегияны талап етуге негізделген және осыған байланысты әлеуметтанушылардан әлеуметтік әрекеттің субъективтік мәнін түсінуді талап етеді. Бұл термин жаратылыстану ғылымдарының үлгілерін әлеуметтік өмірді талқылауда қолдануды сынға алады және төменде келтірілетін әртүрлі интеллектуалды жоралардың әсеріндегі авторлардың пікірлерін жинақтап көрсетеді. Олардың пікірінше, әлеуметтану ғылымдарының тақырыптары - адамдар және олардың тармақтары жататын жаратылыстану ғылымдарынан мүлдем басқа. Сондықтан әлеуметтік өмірді зерттеу - зерттеу рәсімдерінің әртүрлі қисынынан қаралуын талап етеді және адами ерекшеліктерді табиғи тәртіпке қарсы сипаттайды.


Реализм (шынайылық). Реализм позитивизммен екі ерекшелікті бөліседі: жаратылыстану және әлеуметтану ғылымдары деректерді жинақтау және түсіндіруге бірдей тәсілдер қолдана алады және қолдануы тиіс екеніне сену; және ғалымдар назардан тыс қалдырмайтын сыртқы болмыс ұғымы бар дегенге сенім (басқаша айтқанда, біздің анықтамамыз берген болмыстан тыс сыртқы болмыс бар). Реализмнің екі маңызды түрі бар:

  • Эмпириялық реализм - тиісті тәсілдердің көмегімен болмысқа түсінік беруге болады дегенді ұйғарады. Реализмнің бұл түрі кейде аңғырт реализм деп те аталады, реалисттер болмыс пен оны түсіндіретін термин арасында тамаша үйлесімдік бар (немесе өте жақын) деп анықтама береді.

  • Сыншыл реализм - реализмнің ерекше бір түрі, бұл жердегі манифест - әлеуметтік өмірдегі табиғи тәртіптің, оқиғалардың және пікірлердің болмысын қабылдау және «біз осы оқиғалар мен пікірлерді туындататын жұмыстардың құрылымын анықтасақ қана қоғамдық өмірді түсінетін едік» деп санау.

Онтология (гр. ontos – болмыс, logos – ілім) – философия ғылымының саласы. Әлеуметтік салада онтология әлеуметтік ұйымдардың болмысымен байланысты мәселелерді қарастырады. Әлеуметтік ұйымдар әлеуметтік серіктестіктерге қатысты объективті ұйымдармен санасады ма және санасуы керек пе немесе олар әлеуметтік серіктестіктердің түсініктері мен әрекеттеріне негізделген әлеуметтік құрылымдарды құрайды.

Объективизм - сыртқы физикалық және әлеуметтік әлемнің ешбір өзгеріссіз «объективті» және өзіндік пайымдаудың әсерінсіз шынайы суретінің, бейнесінің мүмкіндігі жайлы түсінік. Бұл онтологияның бір бағыты, әлеуметтік құбылыстар және олардың түсініктері әлеуметтік серіктестерден тыс өз алдына орын алады дегенді білдіреді. Демек біз күнделікті өмірдегі әңгімелерімізде қолданып жүрген әлеуметтік құбылыстар мен әртүрлі категориялар бізден тыс, өз алдына да бар бола алады.

Конструктивизм - әлеуметтік құбылыстар мен олардың мәні үнемі әлеуметтік серіктестер тарапынан жүзеге асырылады деген тұжырымға сәйкес - онтологияның бір бағыты. Әлеуметтік құбылыстар мен оның категориялары әлеуметтік өзара әрекеттестік арқылы ғана іске асып қоймай, олар ұдайы қайтадан қарастыру түрінде де жүргізіледі деп тұспалдайды. Соңғы жылдары, зерттеушілердің әлеуметтік өмір жайлы жеке ойлары да құрылымға жатады деген түсінік те осы термин аясына еніп кетті.
Басқаша айтқанда, зерттеуші әлеуметтік болмыс жайлы кесімді тұжырым айтқаннан гөрі, белгілі бір нұсқа ұсынады. Яғни білім постмодернизмнің аяқталмаған тәсілдерін еске түсіретін ұстаным ретінде танылады.

3.5 Сандық және сапалық зерттеу стратегиялары

Стратегия - грек тілінде στρατηγία — генерал өнері деген ұғымды береді. Ал зерттеуде стратегия нәтижеге қол жеткізу үшін дұрыс зерттеу жоспарын құруды білдіреді. Бұл жоғары деңгейлі нәтижеге жету үшін тиімді жоспарыңыз қандай әдістерді қамтуы тиіс жайында сұрақтарды қамтиды.

Көптеген әдіснамалық жұмыстарға қатысты сандық зерттеу мен сапалық зерттеуді өзара бөліп қарастыру өте пайдалы екенін айтады. Осылай айырмашылыққа бөлу біржақты емес, себебі бірқатар зерттеушілер тарапынан кереғарлық деп қарастырылса, тағы бір топ зерттеушілер тарапынан қазіргі күні қолданылмайтын немесе жай ғана «қате» деп қарастырылады (Лэйдер, 1993: 110). Алайда бұл айырмашылықты қолдану азайып кеткені жайлы дәлелдер өте аз, керісінше, жалғасын тауып жатқаны, тіптен ағымдағы қолданысы артып келе жатқаны жайлы сансыз деректер бар. Сандық/сапалық айырмашылық келесі суреттен көруге болады (Сурет 3.3).

Сандық зерттеу - деректерді жинақтау және талдауда сандық өлшемін көрсететін зерттеу стратегиясы деген түсініктеме беруге болады және:

  • теорияларды тексеруге аса мән бөлінетін, теория мен зерттеу арасындағы қатынастың дедуктивті тәсілін алға шығарады;

  • позитивизм мен жаратылыстану ғылымдарының ғылыми үлгісінің тәжірибелері мен нормаларын қамтиды;

  • әлеуметтік болмысты - сыртқы, объективті болмыс деген көзқарасты енгізеді.

Бұған қарағанда, сапалық зерттеу деректерді жинақтау және сараптауда сандық өлшемнен гөрі белгілі бір жеке құрауыштарға немесе әрбір бөлшекке айрықша мағына беретін зерттеу стратегиясы ретінде қарастырыла алады.



Сурет 3.3 Сандық зерттеу мен сапалық зерттеудің айырмашылықтары