Файл: Лекция. Таырыбы оамны дамуындаы ылымны ролі жне ылыми зерттеулер Лекция масаты мен.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 221

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

№ 2 Лекция. Тақырыбы: Зерттеу үдерісі және негізгі кезеңдері

Лекция мазмұны

2.1 Ғылыми зерттеу үдерісі және негізігі кезеңдері

2.1 Ғылыми зерттеу үдерісі

Кесте 2.1 Ғылыми зерттеу жұмысының негізгі кезеңдері және сипаттамалары

2.1.7 Жазбаша есеп

№ 3 Лекция Тақырыбы: Зерттеу теориялары және стратегиялары

3.1 Теория және зерттеу байланысы

3.2 Қарама-қайшылық жаңа зерттеуге бастама ретінде

3.3 Дедуктивті және индуктивті әдіспен теориялар құрастыру

3.4 Зерттеудің эпистемологиялық құраушысы

Оқытудың техникалық құралдары: интербелсенді тақта

Жеңіл деңгейлі сұрақтар (20 ұпай)

Орта деңгейлі сұрақтар (30 ұпай)

№ 14 Лекция тақырыбы: Зерттеу жұмысын рәсімдеу және жариялау

Лекция мазмұны

14. 3 Магистрлік диссертациялар әзірлеу және рәсімдеу

14.1 Ғылыми мақала жазу әдіснамасы және шетелдік рейтингтік журналдарда жариялау

Мақала атауы

Мақаланың құрамдас бөліктері

Аннотация

Негізгі бөлігі

Қорытындылар

Әдебиет

Шетелдік ғылыми журналға мақаланы жариялау

Мақалаларды рәсімдеу ережесі

14.2 Ғылыми-зерттеу жобасын әзірлеу және рәсімдеу

14.3 Магистрлік диссертациялар әзірлеу және рәсімдеу

Магистрлік диссертацияның тақырыбын таңдау

Магистрлік диссертацияны безендіру ережелері

Оқытудың техникалық құралдары: интербелсенді тақта

1 деңгейлі сұрақтар (20 ұпай)

2 деңгейлі сұрақтар (30 ұпай)

3 деңгейлі сұрақтар (50 ұпай)


Егер ақпарат басқаларға таратылмаса, онда ғылыми-зерттеу жұмысының ең жақсы бөлігі мәнсіз, пайдасыз болып қалар еді. Зерттеу жұмысын жазбаша есеп арқылы өзіміздің істеген ісімізбен бөлісіп, жеткен нәтижемізбен басқалардың оқып танысуына мүмкіндік береміз.

Зерттеуші үшін ақпарат тарату маңызды болғандықтан, жазбаша есептің дұрыс жасалуы да маңызды.

Әлеуметтік ғылыми-зерттеулерде жазбаша есепті жүзеге асырудың бірнеше тәсілдері бар және олар зерттеудің түрлі стильдеріне байланысты ерекшеленуі мүмкін. Бірақ барлық дерлік ғылыми жұмыстар мен ғылыми мақалаларға кіретін негізгі бөлімдері бар. Оларға:

Кіріспе. Мұнда зерттеу саласы мен оның өзектілігі мазмұндалады. Ғылыми-зерттеу мәселесі де осы бөлімде баяндалмақ.

Әдебиетке шолу. Аталмыш ғылым саласында қазіргі күнге дейін не белгілі екенінің негіздері анықталып, сыни тұрғыдан тексеріледі.

Ғылыми-зерттеу әдістері. Мұнда зерттеу әдістері (сынамаларды іріктеу, мәліметтер жинау әдістері) ұсынылады және дәлелденеді.

Нәтижелер. Зерттеу қорытындылары ұсынылады.

Талқылау. Бұған дейін кірістірілген зерттеу мәселелері мен әдебиет мәніне байланысты нәтижелер талқыланады.

Қорытынды. Қорытынды арқылы жаңа тұжырымдамалар мен ұсыныстар оқырман үшін ғылыми-зерттеу өзектілігі күшейе түседі.


№ 3 Лекция Тақырыбы: Зерттеу теориялары және стратегиялары




Лекция мақсаты мен міндеттері: Ғылыми теория дегеніміз не, оның зерттеу процесінде алатын орны және онымен байланысы, жаңа зерттеудің бастамалары, дедуктивті және индуктивті әдістерді зерттеуде қолдану мүмкіндіктері, зерттеу стратегиялары, мақсаттары мен ерекшеліктері, маңызы мен мазмұны жайлы ақпарат беру.

Лекция мазмұны

3.1 Теория және зерттеу байланысы

3.2 Қарама қайшылық жаңа зерттеуге бастама ретінде

3.3 Дедуктивті және индуктивті әдіспен теориялар құрастыру

3.4 Зерттеудің эпистемологиялық құраушысы

3.5 Сандық және сапалық зерттеу стратегиялары


3.1 Теория және зерттеу байланысы


Теория (гр.theorіa – пайымдау, анықтау)– белгілі бір құбылыстың, шындықтың заңдылықтары мен байланыстары жайлы жан-жақты, толық мағлұмат беретінтұжырым.

Теория және зерттеу арасындағы байланыс сипаттамасы ешқашан тікелей қарастырылмайды. Бұл тақырыпта талқылануы тиіс бірнеше маңызды мәселелер бар, дегенмен осы арада екі түрін ерекше ашып қарастырамыз. Біріншіден, теорияның қандай түрі талқыланып жатқанын анықтау керек. Екіншіден, деректердің теорияны тестілеу мақсатында немесе теория құрастыру мақсатында жинақталғаны анықталуы тиіс. Яғни сіздің зерттеуіңіздің мақсаты бар теорияны тексеру ме, әлде жинақтаған мәліметтер мен дәлелдемелер негізінде жаңа теория құрастыру ма?

Зерттеуші жүргізіп отырған зерттеуіне жүйелі түсініктеме беріп, оның аясын анықтап беретіндіктен теорияның маңызы ерекше. Сонымен қатар, теория - құбылыстарды түсінудің және зерттеу нәтижелерін жете түсіндірудің негізі болып табылады.

«Теория» термині әртүрлі жолдарда қолданылады, бірақ зерттеуге алынған заңдылығына түсініктеме беруде қолданылуы ерекше орын алған.

Теориялар күрделігіне қарай

: абстракциялы жоғары деңгейлі теориялар, қалыптасқан орта деңгейлі теориялар және бастапқы жалпылама теорияларға бөлінеді.

Абстракциялы жоғары деңгейлі теорияға мысал ретінде социолог Толкот Парсонстың «құрылымдық-функционализм теориясын» келтірсе болады. Бұл теория қоғамдық дамуды жүйе ретінде, ал оның дамуына ықпал ететін факторларды элементтер ретінде қарастырған. Сонымен қатар Эйнштейннің «салыстырмалылық теориясы» да жоғары деңгейлі теорияға мысал бола алады.

Социолог Роберт Мертонның пікірінше, жоғары деңгейлі теориялар - зерттеушілерге эмпириялық мәліметтер жинауды қалай жүргізуге немесе қалай ықпал етуге болатыны жайлы біраз бағыт-бағдар береді.

Біріақ өте жоғары деңгейлі абстрактылы пікірлердің өзі объективті болмыспен қандай да бір байланыста болуы тиіс, яғни зерттеу туралы пікірлері оның зерттеу жайлы оқығандары немесе оның оқығандарынан туындаған ойлары немесе басқалардың жазған пікірлерімен байланысты тұжырымдалған болуы керек. Дегенмен, теория тұрғысынан тексерудің абстрактылық деңгейі өте жоғары болуы, оларға зерттеу жұмыстарын кең көлемде жүргізуге кедергі болып отыр. Сол себепті Мертонның айтуынша, әлеуметтік зерттеулерге қатысты кейбір маңызды теорияларды қолдану біршама шектелген.

Орта деңгейлі теориялар – жайында «қоғамдық тәртіп пен ұйымның арнайы топтарынан өте алшақ әлеуметтік жүйенің жалпы теорияларының аралық буыны және зерделеніп отырған тақырыпқа қарай, жалпылама ұсынылмаған мәліметтерге толық, жинақы сипаттама берілуіне байланысты өзгеріп отырады» (Мертон, 1967: 39).

Осылайша, орта деңгейлі теориялар жоғары деңгейлі теориялар мен эмпириялық нәтижелер арасында орын алып отыр. Олар зерттеудің шектелген аспектілерін түсіну мен түсініктеме беруде, басқа сөзбен айтқанда бүтіннің бөлшектерін түсіндіруде қолданылады.

Орта деңгейлі теориялар бірігіп жоғары деңгейлі теорияларды қалыптастырады.

Мысалы: Еңбек үдерісі теориясы: орта деңгейлі теория болып табылады. Алғашқыда Еңбек және Монополия капиталы басылымы (Брейвермен, 1974) еңбек үдерісі жайлы ойлар мен зерттеулер ағынына жол салды, әсіресе, қол еңбегі жұмысшыларын басқаруда және қол еңбегі мамандығын жоюда үздіксіз беталыстың алға басуы жайлы толассыз пікірлер айтылып, зерттеу жұмыстары жүргізілді. Осы жұмыстың басым бөлігі Еңбек үдерісі теориясы ретінде басылып шықты (Найтс жэне Виллмот, 1990). П. Томпсонның түсіндіруінше (1989), бұл теория төрт элементтен тұрады: еңбек үдерісі үстеме құн тудыратыны туралы қағида; өндіріс үдерістерін жүргізу үшін ұдайы капиталистік кәсіпкерлікті қажетсіну; еңбекті бақылауға алуға ынталану; капитал мен еңбек арасындағы елеулі шиеленіс. Еңбек үдерісі теориясы маңызды эмпириялық зерттеуге жол ашты деуге болады (мысалы, Найтс және басқалары, 1985).


Сол сияқты бастапқы теориялар негізінде орта деңгейлі теориялар қалыптасады. Яғни бастапқы теориялар кішігірім зерттеулерден қалыптасады. Осы кішігірім теорияларды жинақтап орта немесе үлкен теория құрастыруға болады. Мысалы: Д.Менделеев жасаған Химиялық элементтердің периодтық жүйесі бұл шағын элементтерден тұратын бір бүтін жүйе. Яғни әрбір элементтің өз орнын тапқан жүйе. Егер осы мысалдағы сияқты әрбір элементтер немесе бастапқы теориялар орта немесе үлкен теорияларда өз орнын тапса жаңа теория пайда болады.



3.2 Қарама-қайшылық жаңа зерттеуге бастама ретінде


Көп ғалымдардың зерттеулері бұқаралық ақпарат көздерінде немесе журналдарда жарияланған бір мәселеге бірнеше түрлі қарама-қайшы пікірлер ұсынылуына байланысты жүргізген. Мысалы: АҚШ-та осыған ұқсас жасалған талдаулар аясынан және бірнеше елдердің БАҚ көздерінде жарияланған жаратылыстану ғылымдары зерттеулерінің түсінігін зерделеуден алынған. Көптеген жағдайларда тақырыпқа байланысты түпнұсқа әдебиет тиісті мақалаға немесе кітапқа назар аудартып, зерттеуде көрсетілгендей, теорияның баламасы ретінде қолданылады.

Әртүрлі салаларда тақырыпқа байланысты әдебиет өзгешеліктері сұранысқа демеуші ретінде ықпал ете отырып, зерттеушіні бірнеше жолдармен жаңа зерттеуге ынталандыра түседі, оларға:

  • зерттеуші әртүрлі дәйектер арасындағы немесе дәйектердің әртүрлі талдаулары арасындағы сәйкессіздікті байқап, оны зерттеуді қолға алуды ойлауы мүмкін;

  • зерттеуші тақырыптың еленбей қалған қырын анықтауы мүмкін;

  • кейбір пікірлер бұрын жеткілікті зерттелмеген болуы ықтимал;

  • зерттеуші, тақырыпты зерттеуге арналған қолда бар зерттеулер жеткіліксіз екенін сезіп, баламалы түрлерін ұсынуы мүмкін.

Яғни осылайша жаңа зерттеуге бастама дәйектердегі қарама-қайшылық себепкер болады.

Кейде зерттеушілер маңызды немесе орта деңгейлі теорияға нақты байланысы айқындалмаған зерттеулерді елемейді. Мұндай зерттеулер, көбіне, аңғырт эмпиризм немесе әлсіз эмперизм ретінде қала береді.

«Эмпиризм» термині тәжірибемен тікелей байланысты және көптеген жолдармен қолданылуды меңзейді, дегенмен екі мағынасы ерекше атап көрсетіледі. Біріншіден, болмысты зерттеуде ортақ тәсілді анықтауда қолданылады, бұл өз кезегінде тәжірибе мен сезіне білу негізінде алынған білім ғана жарамды екенін білдіреді. Басқаша айтқанда, толыққанды білім ретінде ұсынар алдында, пікірлер қатаң тексеруден немесе тәжірибеден өткізілуі керек дегенді білдіреді. Терминнің екінші мағынасы да осы пікірмен байланысады және «деректерді» жинақтау өз алдына жеке заңды құбылыс екенін білдіреді.


3.3 Дедуктивті және индуктивті әдіспен теориялар құрастыру




Теория негізінен деректерді жинау және сараптауға ықпал ететін бағыттаушы және ықпал етуші ретінде қарастырылады. Басқаша айтқанда, зерттеу теориялық ұғым тұрғысынан құралған сұрақтарға жауап беру мақсатында жұргізіледі. Баламалы нұсқа ретінде, теорияны жобаға катысты жартылай немесе толық жиналған және сарапталған деректер нәтижесінде пайда болуын қарастыруға болады. Осы арада теория мен зерттеу арасындағы байланысқа қатысты екінші фактордың