Файл: Этнопедагогика жне этнопсихология пні бойынша syllabus 6В01301 Бастауышта оыту педагогикасы жне дістемесі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.05.2024
Просмотров: 155
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қонақ кәде.
Қонақпен бірге дастарқан басында отырған адамдар көңілді дем алсын деген ниетпен үй иесінің қонағына «қонақ кәде» айтыңыз деп өтініш жасайтыны бар. Бұл қонақтың өнерін сынайтын, ортаға салуды сұрайтын салт. Қонақ «қонақ кәдеге» өлең айтады немесе күй тартады. Егерде ол әнші, жыршы болса, ауыл адамдары оны 2-3 күн қонақ етіп, өнерін тамашалап көңіл көтереді. Барған жерінде қонақ кәдеге өнерін көрсете алмай, ұятты болып қалмасы үшін қазақтар балаларына жастайынан ән, күй, жырды үйретіп, өнерге баулып өсірген.
Қазан шегелеу.
Бірін-бірі жақсы танитын, әзіл-қалжыңы жарасқан, өзара сыйласатын адамдар бас қосып, бірінің үйіне барып: «Осы үйдің қазанын шегелей келдік», - дейді. Үй иесі: «Жақсы болды ғой, қазан шегелейтін шебер таба алмай отыр едік» деп қонақжайлылық танытады, әйелі қазанға ет салады, қонақасы береді.
Қонақ күтіп алу әдебі.
Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл – қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған. Осы күнгідей қонақтарға есікті ашып, іштен жауап алу деген болған. Қазақ халқы қонақтарды «арнайы қонақ» (қонақ) «құдайы қонақ» (жолаушылар келе жатып түстеніп не бір күн түнеп шығатын қонақ) «қыдырма қонақ» (алыстан ағайын, туған туыстарын арнайы іздеп келіп, бір немесе бірнеше күн олардың сый-құрметін көріп қайтатын қонақ), «қылғыма қонақ» (қай үйден түтін шықса, қай үйге қонақ келсе, соны аңдып жүріп кеп қалатын сүйкімсіз қонақ) деп бөлген. Келген қонақтармен жөн сұрасқаннан кейін үй иесі қонағына ең жақсы тамақтарын беріп, риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын, қымыз, шұбат, және т.б. беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайды дәмділеп құю, қонақтарға орнымен сый-сиапат көрсету сол үйдегі әйелдер мен бойжеткен қызға үлкен сын болған. Шайды дәмділеп құйып бере алмаған бойжеткен қыз тәрбиесіз саналып, әңгімеге ұшыраған. Шай ішілген соң асқа дейін қонақтардың көңілді отыруына, яғни олардың бабын табуға үй иесі бар жағдайын жасайды. Ол үшін үй иесі әңгіме – дүкен құрып, қонақпен бірге отырады. Реті келсе ауылдағы әнші, күйшілерді шақыртып, әңгіме арасында қонақтардың көңілін көтереді. Үй – иесінің балалары да аяғынан тік тұрып қонақтарға қызмет көрсетеді. Қонақ күту – халқымыздың ең жауапты ісі. Қонақ шақырудағы ескерту. Қазақ дәстүрінде, әсіресе, қазіргі кезде қонақты көбінесе үй иесі өзі барып шақыруы немесе арнайы шақыру қағазын жіберуі тиіс. Қонақты бір жұма бұрын шақыру бұл күндері әдетке айналған, өйткені әркімнің алдағы уақытқа жоспарлап қойған әр түрлі жұмыстары болады. Егер қонақ шақырылған
жерге бара алмайтын болса, себебін бірден айтқан жөн. «Көрермін, мүмкін барып қалармын» бара алмасам, ренжіме» - деген сөздер шақырушыға жайсыз тиеді. Шама келсе халықтың көнеден келе жатқан дәстүрі бойынша «Шақырған жерден қал ма, шақырмаған жерге бар ма» деген мақал сөзін берік ұстаған жөн. Бұрыннан таныс немесе жақын туыстары болмаса, сыйлы қонақтарды телефонмен шақыру ыңғайсыз.
Дастарқан басындағы әдеп.
Дастарқан басында қалай өзін ұстау керектігін білу керек Ондаған, жүздеген жылдар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан, дастарқан басында әркімнің өзін дұрыс ұстай білу ережесінің қажеттілігі сонда – оның негізінде адамдардың қысылмай, өзара көңілді отыруында, тазалық сыпайылық талаптарын үйлесімді дұрыс сақтауында маңызы зор. Мысалы: үй иесі оның жұбайы дастарқан басына отырмас бұрын қонақтарды бір-бірімен таныстырады, оның тәртібі, жасы кішілерді үлкендерді, ер кісілерді әйелдерге таныстырады. Үй иесі әйел қонақтарды шақырып, алдымен өзі отырады. Ер кісілер алдымен әйелдерге орын босатып, сонан соң ғана өздері отырады. Үй иесі тамақты тез жемеуі керек, ал қонақтардың да тамақты тез жеуіне мәжбүр етеді, берекесін алады. Дастарқан басынан қонақтар үй иесі тұрған соң ғана тұрады. Ер кісілер орындықтарын жылжытып, әйелдерге стол басынан тұруға көмектеседі. Қалыптасқан дәстүр бойынша ер кісілер оң жағында отырған әйелге қызмет етеді. Алайда сол жақта отырған әйелді де ұмытпаған жөн, әсересе оған жанында қызмет көрсететін ер кісі болғаны жөн. Дастарқан басында отырғанда қатты сөйлеудің, қатты күлудің қажеті жоқ, амандасу үшін стол үстінен қол созу да дұрыс емес, көршіге жаныңды беріп отырыңыз. Кейде мерекелік дастарқанда, басқа да жиын-той дастарқанында ыдыс-жабдықтардан көз тұнады, кейбіреулер қайсысын аларын білмей сасып қалады. Саспай, мұхият зерттеп қарасаңыз, бәрінің де қолданатын орны бар. Көпшілікке арналып, ортаға қойылған басытқыны сондағы ортақ қалақ, қасықпен алып, әркім өз тарелкасына салады. Май, уылдырық т.б. тағамдарды осып өз пышағымен нанға жағады. Естеріңізде болсын алдыңыздағы тамақты тауысып жемей, сыпайылықты көрсету, ешқандай сыпайылыққа жатпайды, керек десеңіз, тамақтың ұнамағандығын көрсетіп, үй иесін ренжітесіз. Одан да тамақты өз салып асыңыз, не балмаса кейбір тағамнан мүлдем бас тартыңыз, бірақ дәмсіз екен жарамайды дегенді айтпай-ақ қойсаңыз да болады. Ал үй иесіне де ескертер жай, тағамдарды қонақтардың аузына тықпалай берудің қасиеті жоқ. Дыбыс шығармай, сораптамай ішіп-жеу дастарқан басында әдеп сақтаудың бірден-бір түрі. Тамақты қасықтың, шанышқының, пиаланың ұшынан ұстап сорып ішпеңіз. Сұйық тамақты ыстықтай ішуге де болмайды. Аузыңызды тамаққа толтырып алып сөйлеуге тырыспаңыз, тамақты алдыңғы тістеріңізбен шайнамаңыз, сондай-ақ екі ұртты толтырып шайнамаңыз – адамға тіпті де жараспайды. Өзіңізден алысырақ тұрған бір тағамды затты аламын деп қол созып, алдыңыздағы тарелкаға (көршіңіздің тарелкасына да) төнбеңіз. Одан да жақын отырған біреуге қол созып жіберуді өтініңіз.
8. Халық педагогикасындағы экологиялық тəрбие
Қазақ халқы табиғатты қорғауға ерекше мəн берген. Біздің халықтың алғашқы өмірі көшіп- қонудан басталғаны белгілі. Қазақтың жағрапиясы- кең дала, өзен, көл, бетпақ дала, балғыр тау, адыр мен өзендер, сай-сала, сулы көл, қамысты көл, шөл дала, қарағай өскен кеңістік, т.б. Қазақ халқы өзінің кең даласын кең пейілге, кең дүниеге теңейді. Сыртқа шықса, көз алдында дала тұрды. Табиғат – халқымыздың төл бесігі. Оның суығына тоңса да, ыстығына күйсе де, айсыз түнде адасса да, батпағына батса да, қазақ халқы одан айныған жоқ. Басқаның шұрайлы жеріне қызықпады. Тағдыры көшумен байланысты болды. Табиғаттың сырларын терең білмесе де, қазақ көне заманнан бастап айға, күнге табынды.
Табиғат аясында өмір бойы көшіп-қонып жүріп, біздің ата-бабаларымыз оның сырын игерген, сан сапалы құбылыстарын бағалай білген. Табиғат құбылысына қарай өз шаруашылығын ұйымдастырды. «Дауыл болмай, жауын болмас, сəуір болмай, тəуір болмас» деп қыстың қыспағына қанша қиналса да, орнынан қозғалмады. «Қараша кетпей, қар жаумас» деп қыстың түсуін, қүстардың жылы жаққа қайта бастағанын аңғарады. Мамыр айы басталмай, қозы-лағын қорадан шығармады. «Қауыс - кəрі-құртаңды тауыс» деп, қысқы бағымға көнбейтін жадау малдарынан құтылу керектігін ойлайды.
Жерге табыну мекенге, қонысқа, жайлауға байланысты болды. Ата-бабалар қонысы- ұрпақ үшін тек ардақты ғана болмай, қасиетті де болды. Оның айналасын таза ұстап, малын маңына жаймайды. Мекенге ат қою, елдің, ел ақсақалдарының есімін мəңгі қалдыру ниетінде болды. Жер атаулары сол араға орнатылған ескерткіштермен бірдей. Ата-баба жерленген мекендерді қорым дейді. Ал аса шүйгін шөбі шабындығы бар, жерлерді қорық дейді. Дала кейде шексіз, шетсіз деген ұғым береді. Сол даланы мекендеген қазақтың көптеген қасиеттері де далаға ұқсас. Олар: ақкөңілділік, мырзалық, қонақжайлылық, қайырымдылық.
Шаман дінінде табиғатқа жəне жануарларға табыну үлкен орын алды. Əсіресе, ата-баба рухына табыну күшті көрінді. Қазақтардың ең биік құдайы - Тəңір болып есептелді. Барлық қайғы- қасірет, жұт, бақытсыздық қазақтар санасында Құдайдың бұйрығымен байланыстырылды. Табиғаттың басқа күштеріне күн, ай, жұлдыз енгізілді. Одан қуаты аздауға тау, көл, қырқаларды жатқызды. Ата-баба аруағыа табыну ұзақ уақыт сақталды.
Көшпелі шаруашылық жəне өмір салты халықтын өмірі оларға тілекей тəуелді болған құбылыстарды тіркеп, түсінудің, түсіндіруді талап етті. Табиғи, əлеуметіне ортада өте сақтық керек болды.
Қазақ халқының арғы аталары табиғи келимат, ауа райы жағдайларына назар аударды. Қазақтардың осы қабілеті туралы М. Дулатұлы: «Қырғыз табиғи, əлеуметтік ортада бірден-бір тіршілік көзі мал үшін өмір сүреді. Мал бағу-ең басты, бірден-бір мақсаты.
Осыған байланысты қазақ халқында əр түрлі ауа райының сəл өзгерісін тез байқар қалу қабілеті дамыды.
Қазақтар 12 жылдан есептеп, қоян жылы құрғақшылық, боран, көктайғақ болатынын білген», - деп жазды.
Адамдардың шаруашылық өмірі табиғатпен тығыз байланыста болып, əлеуметтік өмірімен ұштасып, рудың үлкендерін сыйлауды, өз руластарына көмектесуді талар етте. Этнолог, жазушы А. Сейдімбек: « Көшпелі өмірдəулет əкелу үшін, ең алдымен, уақыт жəне кеңістік ұғымын меңгеру керек болды», - дейді. Көшпелі қазақтар уақытты кеңістіктен бөлген жоқ. Мысалы, «ұзақ» уақытқа да, кеңістікке де қатысты айтылады.
Малдың төрт түрін өсіру үшін жақсы жайылым таңдау жеткіліксіз екенін сезген халық, оларды қай уақытта бағу керек екенін белгілеген. Халық түсінігінше: «Əрбір айдың өз мінезі бар. Олай болса, жайылымның қасиеті, сапасы уақытқа тəуелді. Осы байланыс орнап, бақылау өмір тəжірибесіне, өмір тəжірибесі ережеге, содан соң заңдылыққа айналу керек». Заңдылық өмірге еніп, əдеттегі құбылысқа айналды. Қазақтың халық педагогикасындағы асыл мұралардың бірі – табиғатқа деген зор сүйіспеншілігі мен оны аялаушылық қасиеті. Халық ұғымында табиғат деген қасиетті сөз туған жер, өлке, өскен ел, атамекен, өзен, көл, асқар тау сияқты тұла бойыңа нұр беріп, жүрегіңді шымырлататын аса қымбат сөздермен қатар тұрады. Қазақ халқының бар өмір- тіршілігі табиғатпен тікелей байланысты болған. Адам баласы табиғатты «Ана» деп құрметтейді. Ата-бабамыз туған жеріне кіндік қанын ғана тамызып қоймаған, қажет болса, жүрек қанын да төге білген. Ата-бабаларымыз баланы құрғақ өсиет, ақыл айту мен емес, жеке бастың үлгісін көрсету, насихаттау арқылы қоршаған ортаны қорғауға, аялай білуге тəрбиелеген.
Ұрпаққа қалдырған табиғатты қорғау салт-дəстүрлері:
- Аспан əлеміне жəне жануарлардың мінез-қүлщына қарап, табиғат құбылыстарые болжау;
- Астрономиялық жəне жер құбылысы мен белгілеріне қарай болжау;
- табиғатпен тілдескен есепшілердің болдауы;
- жер отының шырайына қарай, жылдың төрт мезгіліндегі маусымдық белгісіне қарай малға, жанға ыңғайлы жер тандау.
Төле би атамызға байланысты аңыз.
Жоңғар шапқыншылығы кезінде ел жерінен босып қаша жөнелді. Төле би үйін жықпай жұртта отырып қалғанын шапқыншылардың əскербасысы көріп, оның себебін сұрағанда, данышпан ата шаңырағына қарлығаш ұя салып балапан шығарғандығын, сол қызыл балапандарды қырып алмау үшін үйін жықпай отырғанын айтады. Мұны естіген əскербасы ақсақалдың жақсы қасиетіне риза болып, оның өзіне де, қарлығаштың балапандарына да тимеген екен деген аңыз бар. Сондықтан Төле биді осы күнге дейін «Қарлығаш əулие», «Қарлығаш баба» деп құрметтейді. Халқымыздан қалған осындай асыл қасиеттер баға жетпес тəрбие құралы болып табылады.
Қазақта «Үш сауап» деп, шөлдесе құдық қазуды, өзенге көпір салуды, жол жикгіне ағаш енуді атаған. «Ағаш ексең аялап, басыңа болар сая бақ», « Сулы жер -нулы жер» деген мақал-мəтелдер өсімдіктер əлемінің ішсе тамақ, кисе киім, саялы баспана, малға өріс, өзіне қоғыс болғандығын айтады.
Қазақ халқы ежелден өз туған жерін, табиғатын сүйе, сыйлай, қадірлей білген. Қазақ халқының табиғатты қорғау дәстүрі, оның жұмыс жағдайымен, салт-санасы мен ырымына байланысты болған. Мысалы, өзін сыйлайтын адам тұрған қонысын, өлке табиғатын былғамайды, ластамайды, бүлдірмейді.
Бұл-қарапайым, әркімге түсінікті өмір заңы. Сондай-ақ, Наурыз мейрамында олар, біріншіден, аула маңын, елді мекендерді тазалауға кіріседі. Сол сияқты əлем кеңістігін, аспаңды, ауаны аялау-қазақ халқының қанша сіңген, өмір бойы өзімен бірге келе жатқан асыл дəстүрі. Сондықтан да халқымыз; «Аспандардың ашық болсын», «Тəңірлерің жарылқасын» деп бата берген. Енді бірде «Ай қораланса аяғыңды сайла, күн қораланса күрегінді сайла» деп ескертіп жатпай ма? Халқымыздың ғасырлар бойғы тəжірибесі, ай мен күнге, жұлдыздарға қарап, олардың тууы мен батуына қарап болжам жасауы, жақын арада ауа райының қандай болатының дəл айтуға мүмкіндік туғызған.
Біздің мақсатымыз- ата-бабаның асыл дәстүрін жалғастырып, туған табиғатымыздың қадір-қастетін жеткінше ұрпаққа таныту, оған деген махаббатын арттыра отырып, айналадағы ортаны қорғауға үйрету.
Негізгі әдебиеттер:[ 20,34,35,]
Қосымша әдебиеттер: [42,43]
Дәріс №13.
Тақырыбы: Халық педагогикасындағы тұрмыс-салт дәстүрлері
Жоспар:
1. Киіз үй-қазақтың баспанасы
2. Киіз үйдің жиһаздары, ыдыс-аяқтары мен ұлттық киімдері.
3. Қазақтың тағамдары, дастарқан мәзірі
4. Қазақтың зергерлік қолөнері
5. Қазақтың музыкалық аспаптары
1. Киіз үй-қазақтың баспанасы.
Мал бағып, көшпелі өмір кешкен қазақ, қырғыз, қарақлпақ, монғол, ойрат халықтарының баспанасы киіз үй болып саналады. Ол тез жиналып, көлікке артылып көше беруге, шапшаң тігілуге лайықты жасалған. Оның ою-өрнектеріне қарап, қай халықтың баспанасы екенін бірден ажыратуға болады. Киіз үйдің сыртқы жабысына қарай: 4 қанат, 6 қанат, 8 қанат, 12 қанат, 18 қанат болып, ал сән-салтанатына қарай: «ақ орда», «ақ отау», «алтын орда», «хан орда», «ақ үй», «боз үй», «қараша үй», «қара лашық», «абылайша», «жолым үй», «ас үй», «қос үй», «күрке» сияқты түрлерге бөлінеді.