Файл: Этнопедагогика жне этнопсихология пні бойынша syllabus 6В01301 Бастауышта оыту педагогикасы жне дістемесі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.05.2024
Просмотров: 157
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақтардың халықтық білімі іс-әрекетінен, өмірінен туындағандықтан ерекшеліктері бар. Халықтық білімдерді жас ұрпаққа әлеуметтік, саяси, идеологиялық, экономикалық өзгерістерді есепке ала отырып беру керек. Халықтық тәрбиенің объективті сипаты бар, себебі ол отбасында, руда беріледі. Ал тәрбие субъектілері-ата-аналар, әжелер, аталар, апалар, тума-туыстар, көршілер, ақсақалдар, билар болды.
Сонымен этнопедагогкалық білімдер де педагогикалық білімдерге ұқсас. Себебі оны да жеке адамдар жасаған. К.Ж.Қожахметова халықтық білімдерден балаға тәрбие беретін, танымын тереңдететін білімдерді іріктеген.
Олар:
Болмыс және дүние туралы талқыланбайтын ұлттық түсініктер. Олар ұлттардың мінез-құлқын, жүріс-тұрысын қарастырып, оған бағыт беріп отырады.
Қазақ халқының түсінігіндегі өмір мұратына жетуге көмектесетін бірінші кезектегі, ең басты сапа-ақылдылық. Бұл-жан-жақты жетілген, біліміді, салмақты да байсалды, қарапайым да кішіпейіл, аса ізетті адам. Мұндай адам әр кез ойлап сөйлейді, мәселені жан-жақтан қарайды, оны ақыл таразысына салып, яғни “Жеті рет өлшеп, бір рет пішеді”. Ақылды адам-қиялы бай, жүйрік, ақыл-парасатты, тәртіпті. Ақылды кісіні халқымыз ежелден ерекше қастерлеген. Қазақ мақал-мәтелдерінде де кісіліктің осы жағына ерекше мән берген (“Ақылдының айналасы-гүлстан”, “Ақылды кісі азбайды”, “Ақылдының сөзі қысқа”, “Ақылды айттырмай біледі”, т.б.)
Қазақтар менталитетінде білімге зор ықылас бар. VII ғасырда өмір сүрген мұсылман әлемі халифтерінің бірі Әзірет Әліні (Әли ибн Әбу Талиб) жерлестері “білім қақпасы” деп атаған. Оған 10 ғалым: “Бұл дүниеде байлық артық па, білім артық па?” деген сұрақ берген. Бұл сұраққа 10 түрлі жауап бергенде ғана хазіретті халиф деп тану жөніндегі шешім қабылдаған. Хазірет шартты орындаған. Оның кейбір жауапттары:
-
Білім сенің амандағынды сақтайды; -
Білім досты көбейтеді, байлық жауды көбейтеді; -
Білімді көбірек іздегенде көбейеді; -
Білімді қолданғаннан оның саны азаймайды; байлықты орынсыз шашу кедейлік пен мұқтаждыққа әкеледі. Олай болса білім байлықтан артық. -
Көп ізденсең, білім көп жиналады.
Мұны көзсіздікке ұрынбай-ақ, сөз мәйегі мақалмен “Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар”, “Күш-білімде”, “Білімдінің қағазда аты қалар, ұстаның істеген заты қалар”, “Көргеннен көрмегенің көп, білгеннен білмегенің көп”, “Оқы да біл, ойна да күл, ойна, бірақ жұмысыңды да ойла”, “Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ” деп қысқа тұжырымдайды.
Ұзақ ғасырлар бойы дамып, тарихи қалыптасқан халықтық тәрбие жүйесінде баланы ақыл-ой жағынан дамыту ерекше орын алады. Халқымыз: “Бай болып, барша мұратына жетудегі-адам үшін қажет ең басты сапа-ақыл” деп түсінген.
Баланың ақыл-ойын жетілдіруді мақсат ете отырып, халқымыз көртеген тәрбиелік дүниелер қолданды. Оларды екіге бөлуге болады. Оның бірінші тобына жататындар-өмір мұратына жетудегі ең басты адамдық сапа-адалдық екенін көрсетудегі ақылдылықтың мәні ашылады. Ондай шығармаларға “Аяз би”, “Қырық өтірік” сияқты ертегілер жатады.
Тылсым дүниенің адам жанының небір құпия сырларын түсіне отырып, өмірдің ең биік шыңына көтерілетін, бес хандықтың басын қосып біріктірер күш (“Аяз би”, “Кедей қызы мен хан баласы”, “Ақылды етікші”), өмірдегі ең қиын түйіндерді шешетін (“Қара үйрек”), алабөтен сұм ажалдарға қарсы тұратын («Жарты төстік”), ең алдымен саған көмекке келетін, тікелей көмектесетін-ақыл. Ел қорғаған азаматтар мен әйелдердің (Құртқа, Кенжекей, Ақжүніс) бақытты осы ақылмен байланысты.
Қазақ халқы айтыс өнерін құрметтеген. Өнерлі азаматтарға жиын-тойларда төрден орын берген. Ақыл-ой тәрбиесін беруде айтыс ерекше рөл атқарды. Өлең-жырмен айтысу, өнер сайысына түсу, жиналған жұртты күлдіру-жастарды тапқырлыққа тәрбиелеу дәстүріне айналды. Айтыс түрлері-жұмбақ айтыс, сұрақ-жауап, қайым айтыс. Балалар мен жастардың адамгершілік эстетикалық тәрбиесін дамытып, жетілдіруде қазақ халқында айтыс өнерінің орны айрықша. Оның қай түрін алып қарасақ та, сезімтал тапқырлықпен, қиыннан қиыстырған шеберлікпен қатар, халықтың ой-арманы мен ар-намысын қастерлеген аталық ақыл-өсиет сезіледі, халқына, оның өнеріне деген сүйіспеншілік сезімі аңғарылады, әншілік, күйшілік дарындылығы байқалады, ел арасындағы саяси-әлеуметтік жағдайлар, халықтың күнделікті тұрмысы, әйел теңдігі, табиғат көріністері, заманның ащы шындығы, балалардың қаһармандық ерліктері, кейбір бай сұлтандардың жауыздық-зұлымдықтары, т.б. әлеуметтік мәселелер сөз болады. Әсемділік нақышына келтіріп бейнелейтін теңеулер, ұшқыр ойлар, шешендік нақыл сөздер жиі кездеседі.
Айтыс өлеңдері мазмұнына, тақырыбына қарай бірнеше түрге бөлінеді (қайымдасу айтысы (қыз бен жігіт), түре айтыс, сүре айтыс, хат айтыс, жұмбақ айтыс, мысал айтыс, т.б.). Олардың ақындар алдында қоятын талабы да әр түрлі. Мысалы, жұмбақ айтыс ақындардан ақындықпен қатар білімді, тапқырлықты талап етеді, айтыстың бұл түріне айтысып отырған ақындар бірін-бірі сөзден жеңе алмағанда көшеді. Сөйтіп ақылдылық, тапқырлық деңгейлерін сынасады. Жұмбақ-адам баласы санасының даму үдерісінде әр алуан өмір құбылыстарын түсініп білуге, ойды жетектеу, талпындыру, әсіресе жастардың ой-өрісі, қиялын кеңейтуді көздеген мақсаттан туған.
Ал жұмбақ айтыстан мысал айтыстың өзгешлігі-ақындар айтар ойын жұмбақ түрінде емес, тұспал, мысал сипатында білдіруінде. Айтыстың мұндай түрлерінде жануарларға “тіл” бітеді, қой мени қасқыр өзара айтысады, яғни ақындар төрт түлік мал мен аңдар атынан сөйлейді. Кейде тіпті өздерінің домбырасымен, әйелімен, шапанымен, т.б. айтысса, кейде төрт түлік мал мен жануарлардың өзді-өзін айтыстырады.
Айтыстың бәрі дерлік жұрт бас қосқан ойын-сауық, үлкен жиын, ас-тойларда айтылады. Айтыстың бір ерекшелігі, ол жалаң өлең ретінде айтылып қоймайды, белгілі бір әуен сарынымен, домбыраның сүйемелдеуімен орындалады. Оны екі ақынның арасында болатын жарыс сөз деп қана түсінуге болмайды. Айтыс деп көпшілік жиналған мерекелерде, отбасы қуаныштарында екі топтың арасында орындалатын әуендерді де айтады. Мұндай айтыстың мазмұнында бірін-бірі мақтау, өзара таныстық, көпшіліктің көңіл күйіне әсер ететіндей әзіл-қалжыңдар, ұшқыр ойлар мен тапқыр сөздер басым келеді.
Әдетте, бұл айтыс екі топтың бірінің әнді орындауымен басталады. Екінші топ олардың қойған сауалына жауап береді (ән ырғағы бірдей немесе әр түрлі болуы мүмкін). Айтыс екі топтың біреуі сөз таппай тосылғанша жалғаса береді. Ерекшелігі, ол сұрақ-жауаппен де немесе кезектесіп белгілі бір ән әуендерін орындаумен де шектелуі мүмкін.
Айтыс өнерінің орындаушылық (ән айту, домбыра тарту) ерекшелігіне, тәрбиелік мәніне кезінде жоғары баға бермеген зерттеуші этнографтар, фольклористер, тарихшылар кемде-кем. Егер А.И.Левшин айтыс жөнінде: “...қырғыз (қазақ) әндері әрдайым дерлік табан астында шығарылады. Бұл жағдай оларды ерекше қызықтырумен бірге, ән айтушылардың сауығын түрлендіре түседі. Олар әйелдер, еркектер болып екі топқа бөлінеді немесе екеу болып айту үшін жұп құрайды. Екі жақтағылар кейде бір-біріне қаратпа әзілдер айтып, өте тапқыр жауаптар қайтарады, оны тыңдаушылар сол мезетте-ақ қолпаштап отырады”,- деп сипаттаса, В.И.Даль: “Ақындар домбыраны шерте отырып, топты жарған шабандоздар мен жауырыны жерге тимеген балуанның даңқын асырып, думанды дәріптейді, домбыра үні қоңыр, жанға жайлы естіледі. Екі ішек саусақтардың астында, әсіресе шаттана күліп, біресе құйқылжытып бұлбұлдай сайрап, біресе күңірене күрсінеді. Әсем үнді самал жел далаға үнін әкетіп. Ауаға алау түтіндей сіңіп жоғалып жатады”,-деп ақындар дауысының әсерлілігіне, диапазонының кеңдігіне, әннің мазмұнын жан-дүниесімен, ерекше сезімталдықпен жеткізе білетініне, дауыстарын еркін меңгере алатынына тоқталады.
Екінші топқа баланың ойын дамытатын, баланың ақыл-ой жағынан дамуына көмектесетін, осы сапаны дамытуда ерекше рөл атқарған аңыздар, ертегілер, жұмбақтар, өтірік-өлеңдер, жаңылтпаштар, ертегілер, жырлар енеді.
Баланы ақыл-ой жағынан жетілуіне итермелейтін қазақ жағдайындағы тәрбиелік негіз-жырау, би, шешен, дана адамдардың ең құрметті, ең жоғары идеал дәрежесінде болуы.
Жұмбақ тақырыптары қазақ әдебиетінде былай топталады: жаратылыс-табиғат, адамның анатомиясы және іс-әрекеттері; жан-жануарлар тіршілігі. Бұлардың бәрі дерлік үлкен-кішінің ой-өрісін, білім қорын кеңейтуге, дүниетанымдық, адамгершілік, эстетикалық көзқарасын, ойын ұшқырлайды, тапқырлыққа, өз бетімен ізденушілікке баулиды, жұмбақтағы ұйқас ырғақтарды дұрыс қабылдап, түсіне білуге дағдыландырады.
Қазақ жұмбақтарындағы суреттерулер бейнелеу тәсілінің молдығын көрсетеді. Жұмбақтардың дүниетанымдық мақсаты көзге бірден шалынады. Олардың сыртқы құрылысы ойнақы, ішке жеңіл, оңтайлы рухани қабілеттерін, бәрінен бұрын ақыл-ойын дамытады.
Қазақ халқында жеті, тоғыз, он екі, қырық сандары қасиетті, киелі деп есептелген. Байырғы қазақ күнтізбесі бойынша он екі санын да қасиетті санаған. Он екі айға жәндік пен хайуанатта атын беріп, оларды 12 қазына деп санаған. Он екі жылды адамның бір мүшелі-”қатерлі жыл” деп арнайы атап өткен. Ал “Он екі мүшең сау болсын”, “Он екіде бір гүлі ашылмаған” деген сөз тіркестері-он екі санын ерекше қасиет тұтудың белгісі.
Қасиетті де киелі санның бірі-жеті. Жеті металдың, атап айтсақ, алтын, күміс, темір, қалайы, сынап, мыс, қорғасын пайда болған күн деп, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі күндеріне ат берген.
Жеті қазына:
-
Ер жігіт -
Сұлу қыз -
Ақыл-білім -
Жүйрік ат -
Қыран бүркіт -
Берен мылтық -
Жүйрік тазы
Жеті ата: 1. Әке. 2. Бала. 3. Немере. 4. Шөбере. 5. Шөпшек. 6. Немене. 7. Туажат.
Жеті күн: 1. Бүгін. 2. Ертең. 3. Бүрсігүні. 4. Арғы күні. 5. Ауыр күн. 6. Соңғы күн. 7. Азына.
Алты алаш
-
Қазақ -
Қарақалпақ -
Өзбек -
Түркімен -
Қырғыз -
Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз, қарақалпақ, қазақтың құрама рулары
6. Халық педагогикасындағы адамгершілік, имандылық тәрбиесі
Әдет (дәстүр, тәрбие). Ұлтымыздың үлкеннің кіші алдындағы, кішінің үлкен алдындағы, еркектің әйел алдындағы, әйелдің еркек алдындағы әдеп сақтау үлгілерінің тамаша үлгілері өте көп. Мысалы, үлкеннің жолын кеспеу, бұрын сөйлемеу, келінге сыпайы сөйлеу, ата алдындағы иба, халық ортасындағы инабат, мешіт ішіндегі әдептілік, сәлем беру, сәлем алу жолы, тағы сол сияқты адамгершілік, сыйлау, сыйласу халқымыздың ертеден келе жатқан әдеті әрі ғұрпы.
Ақкөңілділік-өзгенің жетістігіне, қуаныш, бақытына өз жетістігі мен игілік бақытындай көріп қуану. Ақкөңіл адамдар-жекенің бақытынан қоғамның бақытын көретін адамдар. Олар баршаның ісі ілгері бассын, көптің көңілі өссін, төңірек түгел болсын, жұрттың жүзіне жайдарлық нұры жайылсын деп тілейтін, соған өздерінің көңілі көншитіндер. Ондай адам басқаға сұратпай көмектесуге әзір тұрады. Басқаны көңілдендіруге, шаттандыруға, қиындықтан құтқаруға құмар. Халық ондай адамды ақжүрек кісі деп марапаттайды, құрметтейді. Ең қарапайымды, халық намысын ойлайтын азаматын ел “ақжүрек ердің өзі” екен деп бағалайды.
Кісі күту, қонақжайлық-ұлттық салтқа айналған дәстүр. Бұл-халықтың кең мекендік, тұрмыстық жағдайына байланысты қалыптасқан қастерлі дәстүр. «Қонақ десе, қоң етін кесіп беретін қазақпыз» деп халық бекер айтпаған. Қонақты қарсы алу, қонақты күту, қонақты шығарып салу рәсімдерін халық ұрпағына ұлағатпен үйретіп, үлгі-өнеге ретінде оны тәрбиенің ең негізгі бір саласы деп қараған.
Қонақасы.
Қазақ үйіне келген қонақты құрметпен қарсы алып, мал сойып, табақ тартады. Бұл – қонақасы. Ол – жомарттықтың, елдіктің үлкен белгісі. Үйіне қонақ түскенін мәртебе, бақытқа балаған қазақтар семіз қойын, басқа да малдарының қадірлі мүшелерін, тәтті тағамдарын «қонаққа» деп әдейі сақтап қоятын-ды. Яғни, қонақасы – қонаққа арналған дәм, мәзір. Дәстүрлі қазақ қоғамында үйге тосын келген құдайы қонаққа, қалап шақырылған арнайы қонаққа жас мөлшеріне, туыстық жақындығына, абырой-мәртебесіне қарай сойылған мүшелерінен сыбағалы табақ тартады.