Файл: Этнопедагогика жне этнопсихология пні бойынша syllabus 6В01301 Бастауышта оыту педагогикасы жне дістемесі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.05.2024
Просмотров: 138
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, ұйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі.
Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз - демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану.
Мектепте дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады.
Дене тәрбиесінің міндеттері:
- денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;
- қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;
Қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен байланстыру;
- негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту;
- еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен қоғамды меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;
-гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру гигиенасы жөніндегі білімді хабарлау.
Ал, дене тәрбиесінің құралдарына келсек, халықтық рәсім, наным – сенімдер, ырымдардағы жан-тән тазалығы, дене тәрбиесінен көрініс береді. Мысалы, бесікке салу, сүндетке отырғызу т. б.
Дене тәрбиесінің тағы бір құралы – ұлттық ойындар (балалар, жастар, спорттық ойындар). «Асық ойнау», «Аударыспақ», «Көкпар», «Қазақша күрес» және т.б. тәрбиелік мәні зор.
3. Халық педагогикасындағы ерлік тəрбиесі.
-
Халық педагогикасында ерлік тəрбиесі басты назарда болды. 15-18 жаста ер балалар соғыс өнерінің дағдыларын меңгеру керек еді. Қазақ халқы балаларды аттың қасиетін ерекше бағалауға баулумен бірге олардың бойына жастайынан батырлардың ерлік қасиеттерін ұсыныс етуді армандаған.
…Алты жасқа келгенде
Арыстан туған Қобылан
Қазынадан қамқа киеді.
Өзімнің еншім болсын деп,
Тобылғы меңді торы атты
Енші қылып мінеді.
Қобыландының тілегін
Бүкіл қыпшақ тіледі.
Қайыры көп халқына
Енді түсіп салтына,
Таулар күйіп, тас жанған
Алты жасар баланың
Елбеңдеген зарпына.
Өзі алты жасында
Қаршығасы қолында
Тазысы ерген соңында… -
Деп Қобыланды батырдың алыптықты бала жастан танытқанын, ақыл-ойы ерте толысқанын жеткіншекке үлгі еткен.
Елін жаудан қорғамаған, ұрыс даласында қорқақтық кқрсеткен адамдарды қатаң жазалаған. Қазақ жігіттері өз елін жаудан қорғады.
Ерлік- кісінің қайрат-жігерінің, ақыл-ойының, ар- намысының, ынта-жігерінің еңбектегі жəне ел қорғаудағы жеңісті де, жемісті көрінісі. Жеке адамды ерлік əрекетке дейін батылдыққа, батырлыққа баулиды.
Қазақ- баласын қаршайынан қаһармандыққа тəрбиелеген, ежелден ерлігі ерен қаһарман халық. Ат құлағында ойнаған, найзаласуға сайланған, балуандыққа бапталған, мергендігі мақталған ел ерлерінің тəрбиесі бесіктен басталған шынықтыру, үйрету, əсер ету, баулу өнеге-үлгі көрсету тəсілдерімен ұштасып жатады.
Ерлік тəрбиесінің тиімді жолдары:
-Шынықтыру;
-Жігерлендіру;
-Бейімдеу;
-Үйрету;
-Дағдыландыру.
Б. Бұлқышев: «Адал адам Отанын сүйеді. Адал ақ жүрекке Отан- анасындай. Отанның дегенін істеу- қуаныш, мақтаныш. Отанға деген махаббаты өлшеуге болмайды» деген болатын. Осы айтылғандар халықтың асыл ойының түйіні- мақал- мəтелдерден өзекті опын алған. Мəселен, жас ұрпаққа ел қадірін «Өз елің- алтын бесігің», «Отан- оттан да ыстық», «Отан үшін отқа түс- күймейсің, суға түс- батпайсың», «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі» деген асыл сөздермен білдірген.
Ерліктің жалыны ұлттық сезім мен ұлттық мақтаныштан, адамгершіліктен ар намыстан ұшқындайды. «Ер ел үшін туады, ел үшін өледі», «Отызында орда қорғай алмасаң, қырқында қамал ала алмайсың» дейді халық. Сөйтіп ерлік қасиеттерді, əсіресе, батырлық жырларда қастерлей наихаттайды.
Жастарды кіндік кесіп, кір жуған жері үшін, əлпештеп өсірген елі үшін қасық қаны қалғанша жаумен жағаласа білугк тəрбиелеген. Халық тəрбиесін құндақта жатқан күнінен бастап, ат жалын тартып азамат болғанға дейін естіп өскен ұрпақ бабалар өсиетін ғасырлар бойы мүлтіксіз іске асырып келді. Оған елінің брстандығы, ар- намысы үшін құрбан болған А. Иманов, Т. Бокин, Ж. Майкөтов, т.б. азамат соғысының ардагер батырлары, Ұлы Отан Соғысының Б. Момышұлы, Т. Тоқтаров, М. Ғабдуллин, М. Мəметова, Ə. Молдағұлова сияқты мыңдаған қазақтың батыр ұл-қыздарының ерлік істері айғақ бола алды. Қиын-қыстау кезеңде оларды алға ұмтылдырған күштің қайнар көзі – алтын бесігінен жастайынан алған тəрбиесінде, бойына ана тілі, туған елінің асыл қазынасы ауыз əдебиеті арқылы сіңген батырлық, өжеттік, отансүйгіштік қасиеттер.
-
Шалкиіз (1465-1560) – аталған батырлардың ерліктерін, өзіндік ерекшеліктерін, кескін-келбетін балаларға үлгі-өнеге еткен жырау. Ол:
Атқан оғын оздырған,
Дұшпанның тобын тоздырған,
Бір ойында алпыс ала балта сындырған
Айсаның ару ұлы Қопай бар, -
деп жырлайды.
Бұқар жырау (1688-1781) жырлаған батырлардың қасиеттері, айбарлы кейпі балаларды ерлікке шақырады:
Батырмын деп кім айтпас,
Барарға жүрек шыдамас.
Жалтара шапсаң жау қашпас,
Жауды аяған бет таппас.
Уа, жігіттер, жандарың
Жаудан аяй көрмеңіз,
Əзірейіл тура келмей, жан алмас! –
деп батырлықты дəріптейді.
Бұқар жырау « Өлетін тай үшін, қалатын сай үшін» бекерге жанжалдаспауды насихаттады.
Ерлік тақырыбы Махамбет (1804-1846) шығармаларында да сөз болады. Ол жастарды Отанын, туған жерін, елін сүюге, қадірін түсіне білуге, қиыншылық бола қалса, қорғай білуге үндеген:
Толғай-толғай оқ атқан,
Қабырғасын қақыртқан,
Тебінгісін кесе атқан,
Біздің қайсар батырдың
Жүрегін сөйтіп оятқан.
-
Қазақ елінің батырларының, атап айтсақ, Алтайдан Пиренейге дейін билік еткен Еділ батыр, Мысыр еліне билік жүргізген Бейбарыс, халық қамын ойлап, ел бағын қорғап қалған алыптар Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыс, 1723 жылы жоңғарларға соққы беріп, батырларды батылдыққа, елді бірлікке шақырған Төле би, Кіші жүздің кісілігін танытқан Әйтеке би, Орта жүздің ортадасын тіккен Қазыбек би, қазақ халқын бір тудың астына жинаған Абылай хан, жауды қазақ жерінен біржола қуған Қабанбай батыр, Қоқан хандығының жөнсіздігіне қарсы күрескен Сыпатай батыр, орыс отаршылдарына қарсы шаруалар көтерілісін бастаған Исатай мен Махамбет, Мəскеуді қорғауға қатысқан қазақ батыры Б. Момышұлы, тұңғыш үарышкер Т. Əубекіров ерлігі де ұрпаққа үлгі.
Төле бидің өмірі мег қызметі де жас ұрпақты ержүректікке тəрбиелеуге көмектеседі. Ол он бес жасында әділ шешімімен, шешендігімен жəне парасаттылығымнн көзге түскен би. Ескішк оқыған, Шығыстың классикалық əдебиетін білетін, сауаты мол би болған.
Төле Əлібекұлы- Жамбыл облысы, Жайсан ауылында дүниеге келген. Үйсін мен арғын тайпаларының белді бектері Шу өзенінің Балқашқа жақын жайылым алқабына таласқан. Сонда Төле тұрып: «Сары табақтан сарқыт қайтады» деген. Маған берсеңіз билікті, Шу өзенінің оң жағын үйсін жайласын, сол жағын арғын жайласын. Бұған қалай қарайсыздар?» - депті.
Қазыбек би (1665-1765) – қазақтың атақты биі. Руы – Арғын ішіндегі Қаракесек. Тəуке хан қазақтың Үш жүзін билеу үшін ұлы жүзге Төле биді, Кіші жүзге Əйтеке биді, Орта жүзге Қазыбек биді тағайындаған. Қазыбек би «Жеті жарғыны» жасауға қатысқан. Қазыбек би Тəуке, Сəмеке, Əбілмəмбет, Абылай хандардың тұсында мемлекет басқару ісіне белсене араласып, қазақ хандықтарының ішкі жəне сыртқы саясатына едəуір ықпал жасап отырады. Қазыбек би – Жоңғар басқыншылығына қарсы халық күресін ұйымдастырушылардың бірі. Абылайды Цин империясымен тығыз қарым-қатынас жасауға шақырды.
Тəуке- ең қуатты хандықты 1680-1718 жылдары бас-қарып, қазақ руларын біріктіру шараларын жасады. Хандықты нығайту талабын қойды. Хандықтың шығыс шекарасы əлсіреген кезде Тəуке жоңғарларға мейлінше қарсыласып бақты.
Сəмеке- Орта жүз ханы. Ресей үкіметімен жақсы байланыста болған.
Абылай хан - 1711-1781 жылдар аралығында өз елінің тəуелсіздігін Ресей мен Қытай арасында екі жақты саясат жүргізу арқылы сақтамақ болған қазақ тарихындағы ірі тұлғалардың бірі.
5. Халық педагогикасындағы ақыл-ой тәрбиесі
Қазақ халқы өз ұрпағын бесікке салғаннан бастап, оның ақыл-ойын ойдағыдай қалыптастырып, ойлау-сөйлеу жүйесін дамыту жолында өзіндік әдіс-әсілдерді шебер пайдаланып отырған.
Қазақ этнопедагогикасындағы негізгі құрал-халық білімі-табиғат, әлеуметтік үдерістерді, құбылыстарды бақылау арқылы алынған ғылыми емес мәліметтер. Бақылау негізінде жасалған қорытындылар халықтың күнделікті іс-әрекетінде қолданылып, ұрпаққа механикалық түрде беріліп, салт-дәстүрлер арқылы бекіп отырды.
Халық білімдерінің 3 бөлігі:
- әлем туралы түсініктер;
- дағдылар;
- практикалық іс-әрекет.
Халықтық білімдердің дамуына географиялық жағдайлар үлкен ықпал етті. Халық білімдері жүйесіз, құбылыстардың себеп-салдарын көрсетпейді. Оларды зерттеу төмендегідей мәдениет салаларын анықтауға мүмкіндік берді:
-халық емшілігі;
-халық күнтізбесі;
-халықтың ауа райы туралы болжамдары;
- тәрбие туралы түсініктері.
Этнопедагогикадағы білім-нақты бір этностың педагогикалық мәдениетіндегі халықтың танымына және тәрбиесіне әсер ететін, жеке тұлғаның сапасынан көрінетін білімдер. Қазақ халқының дүние жөніндегі ой-толғаныстарынан, тәжірибесінен туындаған білімдерді жас ұрпақ еңбек үдерісінде алып, қиындықты жеңу тәрбиесін жинақтады.
Бұл білімдер халықтың материалдық-рухани мәдениетінің қалыптасуына ықпал етті.
Рационалдық білімдер-табиғат, шаруашылық, технология жөніндегі білімдер, дағдылар.
Иррационалдық білімдер-діни түсініктер, сенімдер, қарғыс және баталар, халықтың астрономиясы және ауа райын болжау, уақытты есептеу және санау жүйесі, арбау, мифтер. Этнопедагогикалық білімдерді атқаратын қызметіне қарай топтастыруға болады. Алғашқыда бала наным-сенімдер, ережелер, талаптар арқылы тәрбиеленеді. Содан соң салт-дәстүрлер, аңыздар, әдет-ғұрыптар, халық фольклоры тәрбиелей бастайды. Олардың мазмұнында жастарға берілетін тәжірибе, оны беру жолдары, қоғамның тәрбиеге қоятын талаптары бар. Мазмұны өзгеріп, оған жаңа білімдер қосылып отырды. Соңғы кезде “ұлттық білім” ұғымы қолданылуда. Ол ұлттық құбылыстардан туындайды. Олай болса, ұлттық білімдерді этнографиялық, этнопедагогикалық, лингвистикалық деп бөлуге болады. Мысалы: бесік-этнографиялық ұғым. Бесіктің бала тәрбиесіне ықпалын этнопедагогика зерттейді.