Файл: Этнопедагогика жне этнопсихология пні бойынша syllabus 6В01301 Бастауышта оыту педагогикасы жне дістемесі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.05.2024
Просмотров: 154
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Н.К. Крупская отбасындағы бала сөйлеуінің дамуына ерекше көңіл бөлді, әсіресе бала мен ананың қарым-қатынас процесі кезінде ол мынаған көңіл бөлді: яғни, ананың тілі баланың көңіл күйін, ой-пікірін, ақыл-зердесін дамыту мен өзін айқындауының негізгі құралы».
А.С. Макаренко өзінің көпжылдық тәжірибесінде мынаны тұжырымдайды: «педагогика адамдардың шапшаң жұмыстарынан, шынайы ұжымның реакциясы мен еңбек әрекетінен туындайды. Яғни отбасындағы еңбекке баулу адамның болашақта дамуына үлкен әсерін тигізеді».
3. В.А. Сухомлинский, Г.С. Виноградовтың педагогикалық көзқарасына талдау
В.А. Сухомлинский де халық даналығының сарқылмас көздерінен нәр ала білуді уағыздады. Оның ойынша «руханилық тамырын» қалыптастырудың қайнар көздерінсіз, халықтық педагогиканың пәрменді құралдарынсыз жеткіншек ұрпақты толыққанды тәрбиелеу мүмкін емес. Ол халықтық педагогика бай тәжірибесіне қарамастан ол белгілі бір дәрежеде зерттелмеді, бұл мәселе бойынша терең зерттеу жұмысы жүргізілмеді деп топшылайды.
Кеңес заманында халық педагогикасы проблемасына алғашқы болып өз үлесін қосқандардың ішінде Г.С. Виноградовты атап өтуге болады. Ол халық педагогикасын халықтың педагогикалық мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырып, оны «жүйе» дегеннен гөрі, «білім мен дағдылар жиынтығы» деген пікірді құптаған. Виноградовтың пікірі бойынша, халық педагогикасын педагогикалық теория емес, педагогикалық практика, халықтың бала тәрбиелеу тәжірибесі ретінде қарастыру қажет.
4. Ы.Алтынсариннің, М. Жұмабевтың және т.б. этнопедагогикалық ой-пікірлері
Қазақ даласында білімнің дамуы мен қалыптасуына белгілі қоғам қайраткері, педагогог, этнограф, жазушы және ағартушы Ыбырай Алтынсарин өте үлкен еңбек сіңірді. Ы. Алтынсарин патшалы Ресейдің орыстандыру, шоқындыру және балаларға байлардың мақсаттары үшін білім беруді көздеген саясаттарын батыл айыптады. Орыс-қазақ мектептерін ашу туралы мәселелерді насихаттаумен қатар, Алтынсарин тәрбие жұмысы барысында қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалануды қуаттады. Осы принцип негізінде құрастырылған өзінің «Қазақ хрестоматиясын» (1879ж) жазып, ұсынды.
М.Жұмабаевтың «Педагогика» атты шығармасы жас ұрпақтың бойына ұлттық сана-сезім қалыптастырудың бірден-бір көзі болды. Ол тұлғаны тәрбиелеудегі басты мақсаттарға назар аударды. Сондықтан да «әрбір тәрбиеші халықтық тәрбиемен танысуы шарт» деген. Сонымен қатар халықтық принцип идеялары Ж.Аймауытовтың, М.Дулатовтың, А. Байтұрсыновтың, Х. Досмұхамедовтың еңбектерінен де көрініс тапты.
Негізгі әдебиеттер:[ 16,18,25,28]
Қосымша әдебиеттер: [41,45,49]
Дәріс №7.
Тақырыбы: Ресей және Қазақстанда этнопедагогика және этнопсихологиялық ойлардың
дамуы
Жоспар:
1. Ресейде этнопедагогикалық ойлардың дамуы
2. Қазақстанда этнопедагогикалық ойлардың дамуы
Ресейде этнопсихологиялық ойлардың дамуы орыс географиясының дами басталған уақытпен тығыз байланысты. Себебі орыс ғалымдары "психологиялық этнографияны" этнографияның негізгі бөлігі ретінде қарастырған.
Ресейдің қоғамдық ойының әр түрлі бағыттарынан этникалық психология проблемасын ерекше сипаттауда Белинский, Добролюбов, Чернышевскийдің еңбектерін атап өтуге болады.
Орыс халқының тұрмыс – тіршілігі, өзіндік санасы А.С.Хамяков, И.В.Киревский, Ю.Р.Самарин, П.Я.Данилевский (1822-1885) мәдени –тарихи типтердің ерекшеліктері туралы, И.В.Соловьев (1853-1900) орыс халқының имандылық мұраттары туралы, Н.О.Лосскийдің (1870-1965) «Орыс халқының мінезі» орыс халқының менталитетінің сөз болуы, Н.А. Бердяев (1874-1948) «Орыс жанының құпиясы», Д.И.Овсянико-Куликовский (1853-1920) халықтық психологиялық ойлау туралы еңбектерінен көруге болады.
XXғ. 20 – жылдарында Ресейде неміс ғалымдарының жетістіктері мен қателіктерін негізге ала отырып, этникалық психология құруға тағы бір талпыныс жасады.
Г.Г.Шпет (1879-1940) өз көзқарастарын 1927 жылдан бастап шыққан «Этникалық психологияға кіріспе » атты кітабында нақты ұсынды.
В.М.Бехтерев (1857-1927) 1921 жылы шыққан «Коллективтік рефлексология» атты еңбегінде этнопсихологиялық идеялар қозғалды.
П.Я. Чадаев (1794-1856) орыс халықының ұлттық мінезі туралы, психикалық этнографияны зерттеуде орыс географиялық қоғамның рөлі зор. Одан соң Н.И.Надеждин (1804-1856) осы терминді ғылымға енгізген себебі ол этнография адам табиғатының жантанымдық жағын, ақыл - ой, ерік - жігерін, мінезін, адами құндылығын зерттеуі тиіс деп есептеген. Халық психологиясының көрінісі ретінде аңыздар, ертегілер, өлеңдер мен мақал- мәтелдерді жатқызуға болады.
Ресейде этнопсихологияның одан әрі дамуы К.Д.Кавелин (1818-1885) есімімен тікелей байланысты. Ол ХІХ ғ. 70 жылдары этнопсихология ғылымын психология ғылымдарының бөлінбес бір бөлшегі ретінде қарастыруды ұсынған. К.Д.Кавелин ұлттар психологиясын зерттеуде ерекше әдіс ұсынды ол сол халықтың мәдениетіне, әдебиетіне, дәстүріне, діни нанымдарына байланысты зерттеуді ұсынды. Оның пікірінше ұлттар психологиясының басты мақсаты психикалық өмірді салыстырмалы түрде бір ұлттың әр дәуірлерде дамуын заңдастыру деп тапқан.
Ресей психологиясындағы табиғи ғылымдық бағытты енгізген ғалымдар К.Д.Кавелин мен И.М.Сеченовтың (1829 – 1905 ж.ж) арасында үлкен даулы мәселе туындады, бұл дауды тудырған басты мәселе психологиядағы объективтік әдіс жайлы болды.
Ресейде бұл даулы мәселеде жеңіске жеткен И.М.Сеченовтың жағы болды. Ал К.Д.Кавелиннің жеңіліс табуымен бірге оның психология ғылымында этнопсихологияны кіріктіру жөнінде жасаған алғашқы қадамы да сәтсіз болды. Бірақ бұл Ресейде этнопсихологиялық ойлар мүлде дамымады деп айтуға болмайды. Бұл ғылым саласына әлі де болса тек философтардың, тарихшылардың қызығушылығын ғана тудырды.
Ең алдымен халықтың дәлірек айтқанда орыс халқының ұлттық мінезі зерттеулері тоқтатылмады.
А.А.Потебня (1835 – 1891) «Тіл және ой», «Халық және тіл» атты еңбектерінде тілдің психологиялық табиғаты зерттеуде ерекше өз концепциясын ұсынды. Ғалымның пікірінше дәл осы тіл адамның ақыл-есінің, оның жұмысқа қабілеттілігін, осы тіл арқылы дамытады және адамдарды халыққа біріктіретін басты фактор ол-тіл.
Сонымен бірге Мәскеу университетінде тарихи филологиялық факультетінде "этникалық және әлеуметтік психология" кабинетін ашатыны жайлы баяндамасында, дәл осы бағыт адамның тілін, аңыз, діни сенімдері, өнері, т.б жан дүние танымдық қасиеттерін дамытуға басты назар аударады деген. Бұл пікірді бұған дейін М.Лацарус, Г.Штейнталь, В.Вундт, К.Д.Кавелинде ұсынаған болатын.
Ең алғаш этнопсихологиялың ғылыми тұрғыда ХІХ ғасырда бастау алды. Қазақстанда бұл ғылым саласының дамуы тікелей Ш.Уалихановтың есімімен байланысты. Ш.Уалихановтың еңбектері этнография және этнопсихология ғылымының негізін қалап қана қоймай, оның Қазақстанда жетік дамуына үлкен үлес қосты. Ш.Уалиханов өз пікірінде халықтың этникалық тарихын, оның мәдениетін, ойлау қабілетін оның ауыздан ауызға берілген естеліктеріне қарап тану мүмкін емес деген. Сол себепті ол халық фальклорын зерттеген. Ғалымның ойынша қазақ халқының көшіп – қонып жүрген кездерден бергі келе жатқан қиын қыстау күндерін дәл осы халық ауыз әдебиеті ұрпақтан-ұрпаққа тарап, олардың өмірінен нақты сипат берген.
VI-XIVғ.аралығындағы әр түрлі ойлар мен жетістіктер дүние жүзілік мәдениетке үлкен үлес қосты, сонымен бірге Орталық Азия жері халқының этнопсихолгиялық ойларына әсер етті.
VIIIғ. басында Орталық Азия мен Оңтүстік Қазақстанның үлкен аймағының бір бөлігін араб жауынгерлері жаулап алды. Олар өздерімен бірге ислам дінімен бірге араб жазуын әкелді.
Орхон – Енисей жазба ескерткіштерінен этнопсихологиялық ойлардың жеке мәселелерін көруге болады. Осы тастарда өмір мен тұрмыс, мәдениет, түрік көшпенділерінің ерліктері жазылған.
Сонымен бірге шығыстың ұлы ойшылы Әбу-Насыр Әль-Фараби (870-950) түрлі халықтардың мінезі, тілі және әдет-ғұрпындағы ерекшеліктер туралы, түрік және славян халықтарының рухани, экономика және территория жағынан жақындықтары туралыэтнопсихология ғылымының жеке сұрақтарына жауап бере білген. Ол халықтарды бір-бірінен 3 түрлі ерекшеліктері арқылы бөлуге болады деген: салтымен, мінезімен, тілімен.
XI-XII ғасырларды жаңа Қазақстан жерінде этникалық – психологиялық трактаттардың дамуына ат салысқан Жүсіп Баласағұн «Құдатғу білік», Махмұт Қашқари «Диуани мұғат ат түрік», Ахмет Игнүки «Хибат ұлы хакайк», Қожа Ахмет Яссауи «Диван және хикмет» т.б. бұл еңбектерде халықтардың мақал – мәтелдері, салт – дәстүрлері, діні жайлы айтылад ы.
ХV-XIX ғ.ғ. халқымыздың әр тектігі халықтың рухани мұрасына тікелей қатысы бар дүниелердің бірі дала ғұламалары мен ақын-жырауларының (Асан қайғы, Шалкиіз жырау, Махмұт Қайдар Дулати) шығармаларынан көшпелі халықтың мінез-құлық ерекшеліктері туралы ой қозғаған.
XVIII – XIXғ. бірінші жартысында Қазақстанда біршама тарихи және әлеуметтік – экономикалық жағдайлар болды.
XVIII ғ. қазақ билері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және т.б. өзіндік этнопсихологиялық көзқарастары болды.
Осы кезеңдегі қазақ көшпенділерінің этнопсихологиялық ойларын Ақтамберді жырау (1675 - 1768), Бұхар жырау (1693 - 1787), Шал ақын (1748 - 1814), Дулат Бабатайұлы (1802 - 1874), Махамбет Өтемісұлы және т.б. шығармаларынан көруге болады.
Өз халқының ұлттық ерекшеліктері туралы Ы.Алтынсариннің еңбектерінде байқалады. Ол қазақ халқын батыл, ақылды, қабілетті ғана емес, сонымен қатар дарынды әрі ақынжанды деп есептеген.
Қазақ халқында этнопсихология ғылымының дамуы жайында айтқанда қазақтың ұлы ойшылы, ғалымы, ұлы ақыны Абай Құнанбаевты айта кетпеске болмас. Оның барлық өлеңдері, соның ішінде прозалары этнопсихологиялық мәселелерге өзіндік бағытта тоқталған. Оның шығармалары қазақ халқының сол кездегі бейнесін сипаттауға мүмкіндік береді.
Ал ХХ ғасырда Қазақстандағы этнопсихологиялық ойлардың дамуы М.Көбеев, Г.Карашевтың, С.Торайғыровтың, С.Дөнентаевтың есімдерімен байланысты. Қазақ этнопсихологияның дамуына ең елеулі үлес қосқан башқұрт халқының атақты ғалымы А.Диваевтікі болды. Ол балалардың этнопсихологиясын зерттей келе, балалық шақтан бастап халықтың ұлттық ерекшеліктері қалыптасады деп есептеген.
ХХ ғасырдың 20 – 30 жылдары Қазақстанда этнопсихология Ресей халқының ғылымдары негізінде зерттеле бастады. Сонымен бірге психологиялық еңбектердің ішінен Ж.Аймауытовтың жазған «Психология» кітабы болды.
ХХ ғасырдың 50 жылдары Қазақстанда ұлттық психологияны зерттеуге тыйым салынған болатын. Соған қарамастан «Развитие просвещения и педагогической мысли в Казахстане во второй половине ХІХ века» еңбегін жазған Т.Тажібаев мынадай пікір қалдырды: «ұлттық психология мәселесі өте қызықты, әрі өзекті мәселердің бірі, алайда ол әлі зерттелмеген және өз зерттеушілерін философтарды, тарихшыларды, психологтарды, әдебиетшілерді, этнографтарды күтуде» деп айтты.
Бұдан арғы этнопсихологияның дамуы 70 – 90 жылдары шыққан жұмыстарға байланысты болды. Қазақстанда Қазақ ССР Ғылым Академиясын тарих институты негізінде этнопсихологиялық мектебінің негізі қалана бастады.
Қаз МУ –дің акад. Т.Т.Тәжібаев атындағы Этнопсихология және этнопедагогикалық оқу-зерттеу Орталығы мен (1998) Алматы облыстық «Ұлттық тәлім-тәрбие» қауымдастығының (1992) этнопсихология саласында жүргізген ғылыми зерттеулері яғни осы салада қорғалған диссертациялар.
Елімізде 1990, 1994, 1996, 1998, 2000, 2001 жылдары этнопсихология мәселелері туралы ғылыми конференциялар өткізілген.
Қазақстандағы этнопсихология ғылымының алда тұрған міндеттері мен зерттеу проблемалары, қазақ фальклорындағы (айтыс, терме, бата беру, естірту, көңіл айту, т.б.) этнопсихологиялық идеяларды халықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүр, жөн-жоралғы, имандылық, адамгершілік тәрбиесіндегі этнопсихологиялық мәселелерді зерттеудің аса қажет екенін көреміз.
Қазақстанды мекендейтін әр түрлі этностардың (татар, орыс, неміс, ұйғыр, корей, т.б.) ұлттық-психологиялық ерекшеліктері, ұлтаралық қатынастардан туындайтын этнопсихологиялық мәселелер т.б. айтуға болады.