Файл: Кне тркі ескерткіштеріні жанрлы жне кркемдік ерекшеліктерін, дамуын, зерттелу тарихына сараптама жасаыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.05.2024

Просмотров: 51

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Мұхаббатнаме» –    Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ең көрнекті үлгісі – «Мұхаббат-наме» дастаны. Оны жазған – ақын Хорезми. Хорезми – ақынның лақап аты. Ақынның шын аты-жөні, өмірі, шығармашылығы жайлы мәлімет сақталмаған. Ол жайында білетініміз онша көп емес. Ақын Хорезми – Алтын Орда ханы Жәнібектің тұсында өмір сүрген. Сол Жәнібектің Сыр бойындағы әкімдерінің бірі болған – Мұхаммед Қожабектің тапсыруы бойынша 1353 жылы «Мұхаббат-наме» дастанын жазған.

Бүгінгі күнге «Мұхаббат-наме» дастанының екі қолжазба нұсқасы жеткен. Дастанның екі нұсқасы да қазір Лондонның Британия музейінде сақтаулы тұр. Ресей Ғылым академиясының Азия халықтары институты 1952 жылы осы екі қолжазба нұсқасының фотокөшірмесін алды. Қолжазбаның бірі — 1432 жылы ұйғыр әрпімен көшірілген. Демек, «Мұхаббат-наме» дастанын Хорезми жазғаннан 80 жылдан кейін оны ұйғыр әрпімен қайта көшірген болып шығады. Бұл – дастанның ең көне, алғашқы көшірмелерінің бірі болса керек.

Ал енді «Мұхаббат-наменің» араб әрпімен жазылған нұсқасы – 1509 жылы көшірілген. Басқаша айтсақ, дастан жазылғаннан кейін, араға 166 жыл салып барып араб әрпімен көшірілген екен. Бір қызығы – араб жазуындағы қолжазба ұйғыр жазуындағы нұсқадан 77 жыл кейін көшірілсе де, оған қарағанда әлде қайда кең әрі толық сақталған болып келеді.

1971 жылы Түркияның (Стамбул) Ұлттық кітапханасынан «Мұхаббат-наменің» араб графикасымен жазылған нұсқасының екі көшірмесі табылды. Бұл дастанды орыс ғалымдары В.В.Бартольд (1924), А.Н.Самойлович (1928) және Ә.Нәжіп арнайы зерттегені мәлім.

Бұл әдеби жәдігерліктің ұйғыр әрпімен көшірілген нұсқасын белгілі орыс ғалымы – А.М.Щербак тілдік тұрғыдан зерттеп, орыс тіліне аударды.

Ал «Мұхаббат-наменің» екі нұсқасын да өзара салыстыра отырып, зерттеп, араб әрпімен жазылған нұсқасын қазіргі әріптермен транскрипция жасап, оны орыс тіліне аударып, жан-жақты зерттеген көрнекті түрколог Әмір Нәжіп болды.

Сондай-ақ бұл дастан 1954 жылы өзбек тіліне (Т.Жалалов), 1981 жылы үзінді түрінде татар тіліне, ал 1985 жылы қазақ тіліне (А.Қыраубаева) тәржімә жасалды. Алайда бұл аудармалар ғылыми тұрғыдан да, көркемдік жағанын да сын көтермейтіні кезінде мерзімді баспасөз бетінде жазылғаны мәлім.

Ежелгі дәуір әдебиетін зерттеуші бір топ қазақ ғалымдары (Ә.Дербісәлі, М.Жармұхамедов, Ө.Күмісбаев) «Мұхаббат-наменің» араб жазуымен бізге жеткен ең толық нұсқасын ғылыми негізде жан-жақты талдап, көне мұраның қазақ әдебиетінің көркемдік сабақтастығын дәлелдеп шықты, әрі дастанның түп нұсқаға мейлінше жақын қазақ тіліндегі аудармасын оқырман қауымға ұсынды.


 

 

35. Хорезмидің «Мұхаббат-наме» шығармасындағы 11 намені көркемдік ерекшеліктерін мәтіні арқылы теориялық талдау жасаңыз.

«Мұхаббат-наме» дастанының араб әрпімен жазылған нұсқасы 473 бәйіттен тұрады. Дастанда 11 наме (хат) бар. Жігіттің қызға жазған 11 хаты жырға негіз болған. Солардың ішінде төртінші, сегізінші және он бірінші хаттар парсы тілінде жазылған. Қалғандары Алтын Орда түріктерінің бәріне бірдей түсінікті қыпшақ-оғыз тіліндегі жырлар болып келеді. Сонымен, дастандағы 317 бәйіт қыпшақ-оғыз тілінде, 156 бәйіт парсы-тәжік тілінде жазылған. Әйтсе де «Мұхаббат-наменің» негізгі тілі – Алтын Орда қыпшақтарының тілі екенін ұмытуға болмайды. Дастанның әрбір жолы бұған айқын дәлел. Мұнда грамматикалық жағынан да, лексикалық тұрғыдан да қыпшақ тілі элементтері басым екені даусыз.

«Мұхаббат-наме» дастанының кіріспесінде ақын: «Мен де ұлы тәңірге жалбарынып, «Мұхаббат-намені» жаздым» — дейді. Автор сол кездегі әдеби дәстүрді сақтап, алдымен әлемді жаратқан тәңірге сыйынады, сосын пайғамбарларға мақтау сөз айтады. Содан кейін ғана дастанның жазылу себептеріне тоқталады.

 

36. Сайф Сараи «Гүлістан бит-түрки»  еңбегінің қолжазбалары, зерттелуі, жариялануына мысал келтіріңіз.

 Сайф Сараи — Алтын Орда әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі. Ол лирик және эпика қын, жазушы және аудармашы ретінде түркі тектес халықтар әдебиеті мен тілінің өзінен кейінгі кезеңдерде дами түсуіне мол үлес қосып, едәуір ықпал еткен қаламгер.

       Ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында көп мәлімет сақталмаған. С. Сараидың бізге жеткен жалғыз көлемді еңбегі бар. Ол — «Гүлістан бит-түрки» («Түркі тіліндегі Гүлістан») деп аталады.

          Ақын бұл еңбегін Сырдария бойында бастап, Египеттегі Ніл өзені жағасында жазып бітірген екен. Бұл өзі парсы-тәжік әдебиетінің классигі Сағди Ширазидің «Гүлістан» атты шығармасының еркін аудармасы. Ал Сайф Сараи осы «Гүлістанды» қашан қыпшақ тіліне аударып біткені жайында өз кітабының соңында мынадай мәлімет береді:

Биз насыхат шартын ош қылдук байан

 Ким иетмиш болса биза не зийан.

 …Муддати хежрат йеди йуз тоқсан уч

 Иыл еди ким азалды калмади куч


 Ол шаввал еди ким, ей азиз

 Хатм олди бу «Гулистан» намамиз.

 Жолма-жол аудармасы: Біз баян еттік сіздерге насихат сөзін, Жетпістің жетегіне ерген кезім. Хижра бойынша жеті жүз тоқсан үш Бойдан қуат қашып, азайды күш. О, қадірлім, тамылжыған тамыз еді, «Гүлістан» жырын жазып, бітірдік іс.

        Бұл мәліметтерге қарағанда, Сайф Сараи хижра жыл санауы бойынша, 793 жылдың тамыз (шаввал) айында «Гүлістанды» аударма жасап бітірген. Бұл – жаңаша жылсанау есебі бойынша, 1391 жылдың тамыз айы. Ақын «Гүлістанды» жетпіс жасымда аударып біттім деп отыр. Демек, Сайф Сараи 1321 жылы туған екен. Бұл кезде Алтын Орданы Өзбек хан билеп тұр еді.

        Сонымен, Сайф Сараи Алтын Орда мемлекетінің күш-қуаты нығайып, ел іші бейбіт, тыныш кезінде Сараи қаласында тұрады. Ал кейінірек хан ұрпақтары арасында тақ үшін таластар басталып, Дешті Қыпшақта аласапыран заман туған кезде ақын туған жерден алысқа кетуге мәжбүр болады. Ол қалған өмірін Мысыр (Египет) елінде өткізіп, 1396 жылы сонда дүние салады.

        Қолжазбалары, зерттелуі, жариялануы. 1915 жылы Анкарада шығатын журнадцардың бірінде түркі тіліне аударылған Сағдидің «Гүліс-тан» Дастаны Голландиядан табылғаны туралы шағын ғана хабар жарияланды. Бірақ оған ешкім назар аудармайды. 1950 жылы профессор Феридун Нафиз Узлук Голландияның Лейден университеті кітапханасы қорынан «Гүлістанның» фото көшірмесін алып, оған шағын алғы сөз жазды да, 1954 жылы Анкарада жеке кітап етіп басып шығарды.

       «Түркі тіліндегі Гүлістанның» аудармасы жайында тұңғыш рет ғылыми пікір айтып, С. Сараи аудармасын әдеби, тілдік, тарихи тұрғыдан талдаған ғалым А. Баттал-Таймас болды. Ол аудармаға ғылыми шолу жасай келіп, оның стильдік құрылысына, әсіресе, тілінің фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік, лексикалық ерекшеліктеріне сараптама жасады.

 Алайда қыпшақ тілінде жазылған орта ғасырдың аса құнды әдеби жәдігерлігі — «Гүлістан бит-түрки» шығармасын егжей-тегжейлі зерттеген түркі танушы ғалым Ә. Н. Нәжіпболды. Ғалым С. Сараи шығармасының жазылу тарихын, оның әдеби мәнін, тілін, сол дәуірдің әдеби және тілдік ерекшеліктерін кең көлемде зерттеп, «Гүлістан бит-түркиді» қазіргі орыс графикасы бойынша транскрипция жасады
, әрі орыс тіліне жолма-жол аударма жасап шықты. Сондай-ақ С. Сараи аудармасының өзіндік ерекшеліктерін ашты, шығарманың қыпшақ тілінде жазылғанын толық дәлелдеп берді. Бұл әдеби жәдігерлік көне түркі әдеби тілдерінің ішінде қазіргі қаза қтіліне өте-мөте жақын тұрғанын ашып көрсетті.

            Дастанның идеялық мазмұны. «Гүлістан бит-түркте» әдептілік, тілге сақ болу, өсек айтпау, сыпайылық сияқты көптеген этикалық мәселелерді қозғайтын хикаяттар көп. Мысалы : «Мың батпан келетін тасты қаңбақ құрлы көрмейтін бір алып палуан бұрқан-тарқан болып ашуланып тұр екен.

Бұған не болған? — деп сұрапты біреу.

Сонда әлгі палуанның көршісі тұрып:Мың батпан тасты ұршықтай иіретін көршім еді. Бүгін ол менің  бір ауыз сөзімді көтере алмай,бүлініп жатыр, — деп жауап беріпті».

37. Сайф Сараи «Гүлістан бит-түрки»  еңбегінің этикалық, дидактикалық, философиялық, тәрбиелік мәнін түсіндіріңіз

. Алтын Орда дәуіріндегі тек ғашықтық дастандар ғана емес, сонымен бірге дидактикалық сарындағы көркем ту- ындылар да жазылғаны мәлім. Солардың бірі ақын Сайф Сараидың „Гулистан бит-турки» яғни „Түркі тіліндегі Гүлстан» дастаны  болды.Сайф Сараи — Алтын Орда әдебиетінің XIV ғасырдағы аса көрнекті өкілдерінің бірі еді. Ол лирик және эпик ақын, жазушы және аудармашы ретінде түркі тектес ха- лықтар әдебиеті мен тілінің өзінен кейінгі кезеңдерде да- ми түсуіне мол үлес қосып, едәуір ықпал еткен қаламгер.Сайф Сараи шығармашылығын үзақ жылдар бойы зерт- теген көрнекті ғалым Ә. Н. Нәжіп ақын өз шығармаларының бәрін қыпшақ тілінде жазғанын айта келіп, әрі оның қыпшақтар ішінде кейінірек қазақ халқының негізін қүраған ру-тайпалардан шыққанын ерекше атап көрсетеді

Ақын өмірі мен шығармашылығы жайында көп мәлімет сақталмаған. С. Сараидың бізге жеткен жалғыз көлемді еңбегі бар. Ол „Гулистан бит-турки» («Түркі тіліндегі Гүлстан») деп аталады. Ақын бүл еңбегін Еділ сағасындағы Сарай қаласында бастап, Египеттегі Ніл өзені бойында жа- зып бітірген екен. Бүл өзі парсы-тәжік әдебиетінің клас- сигі Сағди Ширазидің „Гүлстан» атты шығармасының еркін аудармасы. Бүл мәліметтерге қарағанда Сайф Сараи хижра жыл санауы бойынша, 793 жылдың тамыз (шаввал) айында „Гүлстанды» аударма жасап бітірген. Бүл — жаңаша жыл санау есебі бойынша, 1391 жылдың тамыз айы. Ақын „Гүлстанды» жетпіс жасымда аударып біттім деп отыр. Де- мек, Сайф Сараи 1321 жылы туылған екен. Бүл кезде Ал- тын Орданы Өзбек хан билеп түр еді.


Сонымен, Сайф Сараи Алтын Орда мемлекетінің күш- қуаты нығайып, ел іші бейбіт, тыныш кезінде Сарай қаласында болады. Ал, кейінірек хан үрпақтары арасында тақ үшін таластар басталып, Дешті қыпшақта аласапыран заман туған кезде ақын туған жерден алысқа кетуге мәжбүр болады. Ол қалған өмірін Мысыр (Египет) елінде өткізіп, 1396 жылы сонда дүние салады.

1915 жылы Анкарада шығатын журналдардың бірінде түркі тіліне аударылған Сағдидің „Гүлстан» дастаны Гол- ландиядан табылғаны туралы шағын ғана хабар жариялан- ды. Бірақ оған ешкім назар аудармады. 1950 жылы профессор Феридун Нафиз Узлук Голландияның Лейден университеті кітапханасы қорынан „Гүлстанның» фо- токөшірмесін алып, оған шағын алғы сөз жазды да, 1954 жылы Анкарада жеке кітап етіп басып шығарды.

Алайда қыпшақ тілінде жазылған орта ғасырдың аса қүнды әдеби ескерткіші — «Гүлстан бит-түрки» шығармасын егжей-тегжейлі зерттеген ғалым Ә. Н. Нәжіп болды. Ғалым С. Сараи шығармасының қызықты жазылу тарихын, оның әдеби мәнін, тілін, сол дәуірдің әдеби және тілдік ерекшеліктерін кең көлемде зерттеп, „Гүлстан бит- түркті» қазіргі орыс графикасы бойынша транскрипция жасады, әрі орыс тіліне жолма-жол аударма жасап шықты. Сондай-ақ С. Сараи аудармасының өзіндік ерек- шеліктерін ашты, шығарманың қыпшақ тілінде жа- зылғанын толық дәлелдеп берді. Бүл әдеби ескерткіш түркі тілдерінің ішінде қазіргі қазақ тіліне өте-мөте жақын түрғанын ашып көрсетті.

Гүлстан бит-түрки» қазіргі өзбек тіліне аударылып, ба- сылып шықты.

Сайф Сараи өзі үстаз тұтқан Сағди ақынның „Гүлста- нын» аудару барысында шығарманың композициялық қүрылысын бүзбай, сол күйінде сақтап қалуға әрекет жа- саған. Сондықтан парсы тіліндегі „Гүлстан» секілді қыпшақ тіліндегі С. Сараи аударған „Гүлстан бит-турк» те сегіз тараудан түрады. Олар:

Бірінші тарау — ел билеушілер туралы.

Екінші тарау — халық бүқарасы жайында.

Үшінші тарау — қанағат-ынсаптың пайдасы жөнінде.

Төртінші тарау — тілге сақ болудың пайдасы жөнінде.

Бесінші тарау — жігіттік шақтың көріністері хақында.

Алтыншы тарау — кәріліктің адамды кәріп етіп қоятыны туралы.

Жетінші тарау — тәлім-тәрбиенің әсері жайында.

Сегізінші тарау — әңгімелесудегі әдептілік мәселесі туралы. Бәрі прозалық қисса-хикаят түрінде айтылады

38. Құтбтың «Хұсрау – Шырын» дастаныныңкөркемдік ерекшелігі, дастандағы Хұсрау жәнеШырын бейнесін дәйектеңіз.

Хұсрау мен Шырын”