Файл: Кне тркі ескерткіштеріні жанрлы жне кркемдік ерекшеліктерін, дамуын, зерттелу тарихына сараптама жасаыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.05.2024

Просмотров: 55

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сауд АрабиясыИранТұран, Моңғолияны билеген патшалардың өмірі мен мемлекеттік маңызды істерін, оларда болған ірілі-уақты оқиғаларды жатқа білетінін” айтады. Шығарма 9 тарау мен алғыс сөзден тұрады. Әбілғазы аталмыш еңбекті жазарда өзінен бұрынғы түркі, парсы тілдеріндегі тарихи деректерді кеңінен пайдаланған. Әсіресе, Рашид әд-ДинШараф Ад-Дин Әли Йедзи сияқты Шығыс ғұламаларының еңбектерін кеңінен пайдаланып, керек жерінде тиісті сілтемелер жасап отырған. “Шежіре-и Түркте” қазақ халқын құраған рулар мен тайпалардың көне тарихы, тұрмыс тіршілігі мен оларды билеуші хандардың Шыңғыс ханмен арадағы қарым-қатынасы кеңінен сөз болады. Шығарманың кей тұстарында белгілі халықтардың өмір-тіршілігі мен тарихи тұлғалардың мінез-құлқы, істеген жақсы-жаманды істері туралы айтқанда аңыз әнгімелер, небір бейнелі сөз тіркестері мен мақал-мәтелдер бой көрсетіп отырады. “Шежіре-и Түрк” тілдік жағынан да өте маңызды. Өйткені Әбілғазы өз шығармасын “бес жасар ұлан түсінерліктей таза түркі тілінде” жазғанын ескертеді. Шығарманың грамматикалық құрылысы түркі тілі заңдылығын қатаң сақтаған. Автортүркіпарсы, араб және моңғол тілдерін жақсы білген. Ру, жер-су, адаматтарына этимологиялық талдау да беріп отырған. Мұндай түсінік берген сөздерінің өзін үшке бөліп қа-рауға болады: 1) моңғол сөздерін түркіше түсіндіруі; 2) арабпарсы сөздерінің мағынасын ашуы; 3) көне түркі сөздеріне берген түсініктемелері. “Шежіре-и Түрктің бірінші тарауы — құдай тағаланың адамды жаратқаны туралы; екіншісі — моңғол хандарының Шыңғыс ханға дейінгі ұрпақтары жайында баяндайды. Мұнда сондай-ақ Оғыз ханның әскери жорықтары мен ұрпақтарының тарихы да берілген. Үшінші тарау —Шыңғыс ханға; төртіншісі — Үгедей ханмен басқалардың билігіне; бесіншісі — Шағатай әулетінің Мауераннахр мен Қашқардағы билік жүргізуіне; алтыншысы — Шыңғыс ханның кенже баласы Төле хан тұқымынан Иран жұртын билегендерге; жетіншісі — Дешті Қыпшақты билеген Жошы хан әулетіне, сегізінші — Шайбани әулетінен Қазақ, Қырым хандықтары және Мауераннахрда билік құрғандарға; тоғызыншысы — Хорезмді билеген патшалардың тарихына арналған. “Шежіре-и Түрк” ғылым дүниесіне 18 ғ-дың бас кезінде мәлім болды. Бұл шығарманың бір көшірмесін Ресейде тұтқында жүрген швед офицерлері Тобыл қаласынан тауып, оны Бұхара ахунына орыс тіліне аудартқан. Ол нұсқаны швед Шенстрем неміс тіліне аударды. Сол аударма 1780 жылы басылып шықты. Одан бұрынырақ 1726 жылы. “Шежіре-и Түрк” Лейденде француз тілінде жарық көрді. Осы басылымды 1770 жылы Тредьяковский орыс тіліне аударды. Алайда бұл аударма түпнұсқадан тікелей аударылмағандықтан ғылым үшін аса құнды болмады. Осыны ескерген граф Румянцев 1825 жылы шежіренің түпнұсқасын араб әліпбиі негізінде Қазан қаласында басып шығарды. Ол басылымнан Г.С. Саблуков орыс тіліне аударып, оны И.Н. Березин өзінің 1854 ж. Қазанда жарияланған “Шығыс тарихшылары кітапханасының” 3-томына енгізді. “Шежіре-и Түрктің” 
Азия музейіне В.И. Даль тапсырған бір көшірмесін 1871 — 1874 ж. П.И. Демезон екі кітап етіп бастырып шығарған. Әбілғазының “Шежіре-и Түркі” — тарихи-деректік, әдеби және тілдік жағынан өзге шежіре еңбектерден шоқтығы биік тұратын шығарма. Шығарма бірқатар қазіргі түркі тілдеріне аударылды. 1992 ж. қазақ тіліне де аударылып, жарық көрді.

 

46. Әбілғазы Баһадүрдің «Түрік шежіресі» атты тарихи шығармасындағы Шыңғыс хан әулетінің тарихы жөніндегі бөліміне талдау жасаңыз.

       «Түрік шежіресінде» Адам атадан бастап, Шыңғыс ханға дейінгі және одан кейінгі дәуірлерде Орта Азия мен қыпшақ даласыңда, Таяу Шығыста болған сан қилы тарихи оқиғалар жүйелі түрде баяндалады. Шыңғыс хан мен оның ұрпақтары шежіресін сөз ете отырып. Әбілғазы негізінен түркі тектес халықтардың тарихына көбірек назараударған. Кезінде академик Х. Френ «Түрік шежіресін» аса жоғары ғылыми еңбек ретінде бағалай келіп, бұл шежіре «Ресей мұсылмандарына өз ата-бабаларының тарихын білуге көмектесіп қана қоймайды, олардың жалпы тарих ғылымына деген көзқарасын оятуға тиіс»деп жазған болатын.

        «Түрік шежіресі» XIX ғасырда-ақ неміс тіліне (Шенстрем), одан француз тіліне, бертін келе орыс тіліне (Тредиаковский) аударылып, бірнеше рет Еуропада жеке кітап болып басылып шықты. Бұл шежіренің орыс тіліне тәржіма жасалып, кітап болып шығуына кезіңде Ресейдің атақты графы Н. И. Румянцев тікелей өзі қамқорлық жасағаны мәлім.

          Қазақ халқының көне тарихына әдебиеті мен мәдениетіне тікелей қатысты түрлі жазба жәдігерліктер ішінен «Түрік шежіресі» ерекше орыналады. Бұл шежіре тоғыз баптан (тараудан) тұрады. Шежіренің 1,2-баптары Адам атадан бастап Шыңғысханға дейінгі оқиғалар. 3,6-баптарында әлем әміршісінің Үкідай, Шағатай,Толы деген

ұрпақтарының Мауераннахр, Иран, Қашқар жерінде билік жүргізуі, ал 7,9-баптарында Жошы хан және оның ұрпақтарының Дешті Қыпшақта,Тұранда, Қырымда,Мауренахрда, Хорезм деп патшалық етуінің тарихы баяндалады. Әбілғазы шежіресіңде қазақ халқының этникалық құрамына енген рулар мен тайпалардың ежелгі тарихы, олардың байырғы әдет-ғүрпы, салт-санасы, мәдениеті. өнері. т.б туралы көптеген құнды деректер бар.«Түрік шежіресі» күні бүгінге дейін тек тарихи мұра ретінде ғана қаралып келді. Ал кезінде ол тек шежіре ғана емес, сонымен бірге өз дәуірінің көркем туындысы  саналған.


 

47. Әбілғазы Баһадүрдің «Түрік шежіресі» атты тарихи шығармасындағы қазақ хандары туралы мәліметтеріне сараптама жасаңыз.

Әбілғазы ханымыздың жалпы «Түрік шежіресі» сынды тарихи шығармасында қазақ хандары туралы да біраз жәйттар қарастырылған болатын.Мәселен,айтып өтетін болсақ,шежіреде түркі-моңғол тайпалары және де Шыңғыс хан мен әулеті жайында да біраз нәрселер айтылып отырған.Сонымен қатар Әбілғазының өзінің өмір сүрген кезеңі тарихта қарастырып кеткен екен.Жылнамада көбінесе Орта Азия,Қазақстан,Таяу Шығыс елдеріндегі оқиғалар мен сол кезеңді басқарған хандар жайында да біршама жүргізілген саясаттар сөз болып отырған деседі.Сондай-ақ шежіреде қазақ халқының құрамына енген ру-тайпалардың тұрмысы мен тіршілігі жайында,мәдениеті мен тарихы жайында да баяндалған екен.Мысал ретінде,айтып өтетін болсам...

Елде біршама келеңсіз жайттар орын алған.Соның ішінде Әбілғазы ханымыздың басына мынадай күн туыпты.Ханның өз басына өлім қатері төнген кезде қазақ әмірші-хандары яки Есім хан мен Тұрсын ханға барып паналауды жөн көріпті.Әрине қазақ халқы қонақжай халық емес пе? Әбілғазы ханды біраз уақытта таса жерде қылған-екен деп шежіреде айтылады.

48. Көне «Шырақ» дастанының зерттелуі, оқиға желісін талдаңыз.

Парсы елінің патшасы 1Дарий 700мың нөкері бар батыр калың қолмен сақтар еліне тұтқиылдан шабуыл жасайды.Ол кезде мұншалық көп әскерді көз көріп құлақ естімеген екен.Міне “Шарық”дастаны сақтардың Дарий әскеріне қарсы қаһармандық күресі аңызға айналған тарихи деректер негізіде жырланған.Алайда дастан өзі сақталмаған.Тек дастаннның негізгі сюжеті ғана проза күйінде бізге жеткен.”Шырақ”Дастаның қағазға түсіріп бүгінгі күнге жеткізген гр. Тарихшысы Полиэнболатын.Ол өзінің “соғыс тактикасы” кітабында Шырақ ерлігін осы жыр негізінде жазылғаның айтады.

49. Көне «Шу» дастаны - қазіргі түркі тектес халықтардың арғы тегі саналатын сақтардың шежіресі, талдаңыз.

 Қазіргі түркі тектес халықтардың арғы тегі саналатын сақтардың шежіресін аңызға айналған тарихи деректерді жыр еткен ерлік эпосы.

Щу дастаны ғылыми негізде дұрыс пайымдау үшін біздің заманымыздан бұрынғы төрт мыңыншы жылдың орта кезінде сақтар даласында болған кейбір тарихи оқиғаларға назар аударғанымыз жөн.Ол үшін сақтар тарихынан мол дерек беретін Берел қорымын алайық.

Саштар мен ғұндар дәуірінің ат әбзелдерін,онда бейнеленген мифологиялық құстар мен аңдардың бедерлі бейнелерін көрген соң ғана Алып Ер Тоңа,Аттила,Шу дастандарының бізге жетпей қалған немесе бізге түсініксіз болып келген кейбір оқиғаларды айқындап алуға мүмкіндік берді.Сақтардың сенімі қытай жазбалары арқылы жеткен мәліметтер бойынша,сақтар өз мемлекетінің ұлан ғайыр бір аймағын Шу өлкесі деп атаған. Аса даңқты түрік билеушісі,есімі әлемге мәшһүр болған дарынды қолбасшысы Шу батыр сақтар мемлекеттік бірлестігі қарасты шу аймағында өмір сүрген.


50. Алтынорда дәуіріндегі қазақ әдебиетінің дамуы, көркемдік ерекшелігін анықтаңыз.

13 ғасырдың 2-ші жартысынан 15 ғасырдың соңына дейін өмір сүрген Алтын Орда мемлекетінің әдебиеті.

Алтын Орда 13-14 ғасырларды күшті мемлекет болып тұрды. Бұл тұста оның мемлекеттік беделі көтеріліп, көрші елдермен қарым-қатысы нығайды, шаруашылығы, мәдениеті өркен жайды. Осы кезде Алтын Орда қол астындағы жерлерде, әсіресе Батый сарайы, Берке сарайы, Керчь, Үргеніш, Хорезм, Сығанақ сияқты кенттерде қолөнер, ғылым, әдебиет, көркемөнер өсті. Ол бір жағынан түрік текті ру-тайпалар мен халықтардың мәдениетіннен: әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, әл-Бируни, ас-Сығанақи, би Исқақ, Фирдауси, Низами, Ахмед Яссауи, Сулейман Бақырғани тәрізді ғалымдар мен ақындардың мұраларын пайдалану, ілгері дамыту, екінші жағынан көрші елдер мәдениетінен үйрену арқылы өсіп, өркендеді. Алтын Орда халқының басым көпшіліг түрік текті ру-тайпалар, халықтар, солардың ішінде қыпшақтар, оғыздар болды. Сондықтан Алтын Орда дәуірінің әдебиеті түркі тайпалары мен халықтарының бәріне бірдей түсінікті, солардың әдеби тілі - шағатай тілінде, әсіресе оның қыпшақ-оғыз яки солтүстік диалектісінде жасалды. Алтын Орда дәуірінде өмір сүрген ақын-жазушылардың, жасалған жазба нұсқалардың, әдеби шығармалардың көбі ұмытылып, жоғалып кеткен.

Аттары (кейде тек лақап есімдері) бірді-екілі шығармалары сақталған ақын-жазушылар:

Рабғұзи

Әли

Сайф Сарайи

Хорезми

Сайдахмет

Хусам Қатиб

Құтб

Дүрбек

Сақақи т.б.

Рабғұзи (13-14 ғ.) - Насреддинұлы Бұрһанеддин есімді ақын-жазушының лақап аты. Рабат шаһарының оғызы деген сөзінен қысқартылып құрастырылған. Тарихта ол көбінесе осы лақап атымен аталады. Рабғұзиден қалған әдеби мұра - "Қиссасу-л-анбия( атты үлкен жинақ. Онда 79 қисса-хикая, ертек-аңыз, әңгіме, өлең, тарих, шежіре, мақала бар. Оларда жер, көк, адамзат, хайуанат, адам-ата жайлы, әулие-әнбиелер, пайғамбарлар, сахабалар туралы баяндалады. Ізгілік, адамгершілік, зұлымдық, қайырымдылық, махаббат, ғадауат, қастық, достық т.б. сөз етіледі.

Әли (13-14 ғ.) - Хорезмнен шыққан ақын. "Қисса Жүсіп деген дастан жазған, онда Фирдауси жырлаған Жүсіп пен Зылиха жайындағы аңыз баяндалады. Өзі мен шығармалары жөнінде осыдан баысқа мәлімет жоқ.

Сайф Сарайи (13-14 ғ.) "Гүлстан" атты шығармасымен әйгілі болған. Ол Шираздық Саһдид ақынның "Бустан" атты шығармасы негізінде жазған. Соның кей жерін қысқартып, кей жерін ұзартып, өзінше жырлаған.


Хорезми (14 ғ.) - үлкен ақын. "Мұхаббатнама" атты поэма жазған. Поэмасында "Сырдария жағасында жасадым. Мұхаббатнама сөзін сонда бірінші айттым" дейді. Сыр бойындағы Жезді қаласында тұрған сияқты.Шын аты-жөні, басқа шығармалары сақталмаған. "Мұхаббатнама" мақсатына жете алмаған жігіттің ғашығына айтқан арнау сөзі түрінде жазылған. Он бөлімнен немесе үлкенді-кішілі он өлеңнен тұрады. Өлең тармақтары көбінесе он бір буынды болып, маснауи, қасида, ғазал түрінде қиыстырылған. Сюжеті қисынды, қызықты, тілі көркем поэма. "Мұхаббатнама" - Алтын Орда дәуірінің әдебиетінің ең көрнекті нұсқасы.

Хұсам Қатиб (14 ғ.) - "Жұм-жұма" атты поэманың авторы. Бұл поэма Низами поэмаларына еліктеу түрінде жазылған.

Құтб (14 ғ.) "Хисрау Шырын", "Фархад- Шырын" дастандарын жазған. Бұларды автор өзінен бұрынғы ақындар баяндаған тақырыпты өзінше жырлайды. Бұл екі дастанды аттас Низами шығармаларының түрікше нұсқасы десе де болады.

Сайдахмед (14-15 ғ.) "Таһшшуқнама", "Саонама" дастандарын жазған ақын.

Дүрбек (14-15 ғ.) мұсылман елдерінің бұрын-соңды өткен ақындары жырлаған "Жүсіп-Зылиқа" аңызын түркі тіліне дастан еткен. "Осы тамаша аңызды өз тілімізде дастан етіп жазуды мақұл көремін"- де"ді ақын. Оны 1409 ж. аяқтағанын аңғартады.Дүрбек жайында басқа мәлімет жоқ.

Сақақи (15 ғ.) Сырдария мен амудария аралығынан мекендеген ру-тайпаларынан шыққан. Алтын Орда дәуірінің үлкен ақындарының бірі. Өлеңдердің көбіне дүние жайында лирикалық болып келеді.

Сонымен Алтын Орда дәуірінде оның қол астына қараған ру-тайпалар мен халықтардың үлкенді-кішілі бірсыпыра ақын-жазушылары, тума әдебиеті болды. Онда ацдарма шығармалар да едәуір орын алады.

 

51. "Оғызнама" эпосының нұсқалары.  «Оғызнама» эпосының қазақ әдебиетiндегі орны, әдеби сараптама жасаңыз.

*Оғызнама – түркі халықтарының ежелгі шежіресін генеалогиялық аңыздар негізінде баяндайтын эпостық дастан. Шығарма алғаш ауызша туындап, бертін келе қағазға түсірілген. «Оғызнаманың» екі нұсқасы бар: бірі – көне ұйғыр әрпімен 13 – 14 ғасырларда көшірілген, Париждің Ұлттық кітапханасында сақтаулы. Оның көлемі небәрі 42 бет, әр беті 9 жолдан ғана тұрады. Бұл нұсқаны алғаш В.В. Радлов орыс тіліне аударған. Кейін А.М. Щербак тілдік тұрғыдан зерттеп, ғылыми түсініктерін жаза отырып, қайта аударған, ол қолжазбаны түпнұсқа деп танымай, оның көшірмесі деген пікірге келген. Екіншісі – араб әрпімен жазылған, тарихшы, Хиуа ханы Әбілғазы нұсқасы. Әбілғазыдан мұраға қалған екі еңбек бар, бірі – «Шежіре-и тарахима», («Түрікмен шежіресі, 1661), екіншісі – «Шежіре-и түрк» («Түркі шежіресі»). Екі шығарма да Оғыз батырдың ерлік жорықтары, ұрпақтарының игілікті істері, оғыз тайпаларының шығу тегі, тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, т.б. жайлы жазылған. «Оғызнамада» батыр ұйықтап жатқанда шатырына көктен нұр сәулесінің түсуі, сәуле ішінен көкжал қасқыр шығып, оның қалың қолды бастап жүруі, аспаннан түскен сәуледен сұлу қыздың шығуы секілді діни-мифологиялық көріністер орын тепкен. «Оғызнаманы» ақиқат пен аңызға бірдей негізделген шығарма деп қарастыруға болады. Мұнда алғашқы қауымдық құрылыс кезінде, сақтар мен ғұндар дәуірінде, орта ғасырларда орын алған сан қилы тарихи оқиғалар өзара жалғаса мазмұндалған. Оғыз қағанды белгілі бір адам бейнесіне телу, яғни тарихтағы нақты тұлғасын тану мүмкін емес. Бірақ Оғыздың әдеби бейнесі белгілі тарихи тұлғалар іс-әрекетінің жиынтығы деуге негіз бар, себебі дастан тарихи оқиғалар желісі бойынша жазылған. Оғыз қағанның анасы Айқаған бейнесін ғалымдар отбасы қамқоршысы Ұмай-ана бейнесімен байланыста қарайды. Дастандағы мәліметтерді: