Файл: Дипломды жоба 5В030100 ытану.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.10.2024

Просмотров: 28

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қорқытып алушылықк құрамындағы мүліктің түсінігіне кез келген қозғалатын немесе козғалмайтын мүліктер жатады. Кінәлі адам қорқыту арқылы осы мүлікті өзіне беруді, яғни өз меншігіне өткізуді талап етеді.

Мүлікке құқықты беруді талап ету дегеніміз өорқыту арқылы жәбірленушіден мүлікті пайдалану, иемдену немесе билеу құзыретінің бірін өзіне беруді, сөйтіп сол арқылы мүліктен белгілі бір дәрежеде пайда көру жатады (тұрғын немесе тұрғын жайға жатпайтын құрылысты тегін немесе өзіне тиімді бағаға беруді талап ету, сондай жағдайда пайдалану үшін көлік немесе басқадай байланыс құралдарын ақысыз пайдалану, беруді тілеу т.б. әрекеттер).

Мүліктік сипаттағы басқа да әрекеттерді істеуге жәбірленушінің қорқытып талап етушінің пайдасына белгілі бір заңдылық мәні бар іс-әрекеттерді істеуі, соның нәтижесінде кінәлінің мүліктік сипаттағы пайда табуы немесе материалдық жауапкершіліктен құтылуы жатады (қорқытып талап етушінің қарызы жөніндегі қолхатты жою; оның қарызын кешіру, өсиет туралы қолхатты жою, оның пайдасына белгілі бір жұмыс атқару және т.б.).

Қорқытып алушылықта жәбірленушінің меншігіне жатпайтын мүлікті де талап етушілік орын алуы мүмкін. Егер кінәлі адам талап етіліп отырылған мүлік жәбірленушіге тиесілі емес екенін біле тұра соған қарамастан оны қорқытып талап етсе, онда оның іс- әрекеті Қылмыстық кодекстің 194- бабымен қоса басқа бөтеннің мүлкін талан-таражға айдап салушы ретінде саралануы мүмкін.

Қылмыстық занда қорқытып алушылықты жүзеге асыратын мынадай қорқыту тәсілдері көрсетілген: 1) күш қолданумен қорқыту; 2) бөтен мүлікті жою мен немесе бүлдірумен қорқыту, 3) жәбірленушінің немесе оның туыстарын масқаралайтын мәліметтерді таратуымен де жәбірленушінің немесе оның жақындарының мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін өзге де мәліметтерді жариялау.

Кез келген қорқыту нақты және жәбірленушінің пайымдарынша толық іске асатындай болуы қажет. Осы қорқытулар аркылы кінәлі адам істейтін қылмысын жеңілдетіп, болашақта бөтеннің мүлкіне иелік етуді немесе мүліктен басқадай пайда көруді басты мақсат тұтады. Күш колданып қорқытуға жәбірленушіге жеңіл, орта ауырлықтағы немесе ауыр дене жарақатын келтіремін деген қорқытулар жатады. Бөтен мүлікті жоюмен немесе бүлдірумен қорқытуға әр түрлі тәсілмен жәбіленушінің немесе оның туыстарының меншігіндегі мүлікті құрту, бүлдіруге байланысты іс- әрекеттер жатады.

Масқаралайтын мәліметтерді таратамын деп қорқытуға үшінші жаққа жәбірленуші немесе оның туыстары туралы қолайсыз, шындыққа жататын немесе жатпайтын, олардың адамгершілігіне, ар-намысына тиетін әр түрлі қауесеттерді, деректерді жариялау аркылы олардың мүдделеріне елеулі зиян келтіру мүмкіндіктері жатады.


Қорқытып алушылық формальдық қылмыстық құқық бұзушылық құрамына жататындықтан, бөтен мүлікті немесе мүлікке құкықты беруді немесе басқадай әрекеттерді істеуді талап еткен уақыттан бастап аяқталған қылмыстық құқық бұзушылық деп танылады.

Субъективтік жағынан қорқытып алушылық тек тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады және пайдакүнемдік мақсатты көздейді. Кінәлі адам бөтеннің мүлкіне ешқандай құқығы болмаса да қорқыту арқылы мүлікті, мүлікке құқықты немесе өзінің пайдасына мүліктік сипаттағы басқа да әрекеттерді істеуді заңсыз талап етуін сезеді және осындай қорқытулар арқылы жәбірленушіні өзінің талаптарын орындауға мәжбүрлеуді тілейді. Осы қылмыстық құкық бұзушылыктың құрамы үшін кінәлі адамның қорқытуды шын мәнінде жүзеге асыратынының немесе асырмайтынының ешқандай маңызы жоқ.

Қорқытып алушылықтың субъектісі - 194-баптың 2, 3,4-бөліктері бойынша 14 жасқа ал осы баптың 1-бөлігі бойынша 16-ға толған адам.

Қорқытып алушылықтың ауырлататын түрлері: 1) күш қолдану; 2) адамдар тобынын алдын ала сөз байласуы бойынша; 3) бірнеше рет жасалған қорқытып алу (194-баптың 2-тармағы) болып табылады. Осы ауырлататын түрлердің соңғы екеуінің мазмүны ұрлықтың (188-бап) ауырлататын осындай түрлерімен ұқсас.

Қорқытып алудың ауырлататын түрі күш колдану болып табылады. Осы қылмыс құрамына тән күш қолдануға жәбірленушіге оның денсаулығына зиян келтірумен байланысты емес (бостандығын шектеу, оларды ұстап тұру, болмашы түрде денесіне қол тигізу), сондай-ақ оларға жеңіл немесе орта дәрежелі жарақат келтірулер жатады.

Қорқытып алушылықтың аса ауырлататын түрлері:

1) жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіре отырып;

2) ірі мөлшерде мүлік алу мақсатында жасаған қарақшылық (194-баптың 3-тармағы). Бұлардың алдыңғысының және соңғысының түсініктері ұрлықтың өте ауырлататын түріндегі осындай белгілердің түсініктерімен мазмұны біртектес.

Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:

1) қылмыстық топ жасаса;

2) аса ірі мөлшерде жасалса, (ҚК-тің 194-бабы, 4-бөлігі) осы қылмыс құрамынын ерекше ауырлататын түрі болып заңда белгіленген.

Жәбірленушінің денсаулығына ауыр зардап келтіру деп қорқытып алушының заңсыз талабын жүзеге асыру үшін Қылмыстық кодекстің 106-бабында көрсетілген ауыр дене жарақатын келтіруі болып табылады. Егер осындай жарақаттан адам өлімі туындаса, онда кінәлінің әрекеті (194-баптың 4-тармағы жэне 106-баптың 3-тармағы) қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады.



Аса ірі мөлшерде мүлік алу мақсатындағы қорқытып алушылыққа кінәлінің кем дегенде айлық орта көрсеткіштен 500 есе асып түсетін мүліктің құнын, немесе залал мөлшерін өз пайдасына істеуін талап ету болып табылады. Қорқытып алушылықты тонаудан және қарақшылықтан ажырата білудің маңызы ерекше. Қорқытып алушылықтың Қылмыстық кодекстің 191, 192-баптарында көрсетілген осы кұрамдардан ажыратылу негіздерін осы құрамдарға талдау жасаған кезде толық көрсеткендіктен оны қайталап жатпаймыз.

И.Ш. Борчашвилидің пікірінше, ҚР ҚК 191 - бабы 2-бөлігінің 1) тармағында көзделген тонауды және зорлық-зомбылықпен байланысты қорқытып алушылықтан қарақшылықты шектеу туралы мәселені шеше отырып, егер тонау немесе қарақшылық кезінде зорлық-зомбылық мүлікті иелену және оны ұстап қалу құралы болып табылса, онда қорқытып алушылық кезінде физикалық зорлық-зомбылық қауіпті күшейтудің тәсілі болып табылады, бірақ дереу емес, белгілі бір уақыттан кейін, көп немесе аз [21].

ҚР ҚК қорқытып алушылықтың арнайы түрлерін көздейді: Радиоактивтi заттарды, радиоактивті қалдықтарды немесе ядролық материалдарды жымқыру не қорқытып алу (ҚР ҚК 284-б.), Қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу (ҚР ҚК 291-Б.), Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді жымқыру не қорқытып алу (ҚР ҚК 298-б.). Қорқытып алушылықтың осы түрлерін жасау кезінде ҚР ҚК 194-бабы бойынша қосымша саралау талап етілмейді.

ҚР ҚК 194-бабының 1-бөлігінде көзделген іс-әрекет ауырлығы орташа қылмыстарға жатады. ҚР ҚК 194-бабының 2, 3-бөліктерінде көзделген әрекеттер ауыр қылмыстарға жатады.

Осылайша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191, 192 және 194-баптарын талдау пайдакүнемдік-зорлық-зомбылық қылмыстарының объективті жағын ұсынуға мүмкіндік береді.

Пайдакүнемдік-зорлық-зомбылықты қарастыратын қол сұғушылықтар үшін заң шығарушы тұжырымдайтын жалғыз жалпы объективті белгі-бұл кінәлінің іс-әрекеттерінің ашықтығы, яғни меншік иесінің немесе басқа меншік иесінің қатысуымен немесе бөтен адамдардың көз алдында жымқыру жасау, немесе қылмыс жасаған адам қатысқан адамдар өздерінің іс-әрекеттерінің заңсыз сипатын түсінетінін түсінген кезде олар осы әрекеттерді болдырмауға шаралар қабылдады ма, жоқ па.

Егер бөтеннің мүлкін заңсыз алып қою кезінде қатысқан адам, оның ішінде кінәлінің жақын туыстары бөтеннің мүлкін жымқырудың жолын кесуге шаралар қолданса (мысалы, осы құқыққа қарсы әрекеттерді тоқтатуды талап етсе), онда кінәлінің жасаған әрекеті үшін жауаптылығы тонау үшін басталады (Қазақстан Республикасы ҚК 191-бабы).


Егер ұрлық жасау барысында кінәлі адамның әрекетін мүліктің меншік иесі немесе өзге де иесі не басқа адамдар анықтаса, алайда кінәлі адам мұны сезіне отырып, мүлікті заңсыз алып қоюды немесе оны ұстап қалуды жалғастыра берсе, жасалған әрекетті тонау деп, ал өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолданған не қарақшылық сияқты күш қолдану қатері төнген жағдайда саралау керек (Қазақстан Республикасы ҚК 192-б.).

Қылмыстық кодекстің 191, 192-баптарының диспозицияларын жобалаудың ерекшелігіне байланысты, тиісінше кінәлілер жүзеге асыруы тиіс "шабуыл" және "талап" туралы айтатындықтан, осы қол сұғушылықтардың шынайы табиғаты туралы, атап айтқанда, зорлық-зомбылықтың "басымдылығын" және өз мүдделерінің "қайталануын" тану мүмкіндігі туралы түрлі пікірлер айтылды.

Шабуылға келетін болсақ, бандитизмге қатысты соттар "жәбірленушіге зорлық-зомбылық жасау немесе оны дереу қолданудың нақты қаупін жасау арқылы қылмыстық нәтижеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттерді"қарастыруды ұсынды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының басқа да ұсынымдарына сәйкес " ... бөтеннің мүлкін жәбірленушінің денесіне оның еркіне қарсы немесе алдау жолымен жымқыру мақсатында жәбірленушіні дәрменсіз күйге келтіру мақсатында өміріне немесе денсаулығына қауіпті күшті, улы немесе есеңгірететін зат енгізілген жағдайларда, жасалған әрекет қарақшылық ретінде саралануға тиіс. Егер дәл осы мақсатта жәбірленушінің денесіне өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндірмейтін зат енгізілсе, жасалған әрекет зардаптарға байланысты зорлық-зомбылықпен біріккен тонау ретінде саралануы тиіс" [25].

Осы жағдайлардың әрқайсысында шабуыл мен зорлық-зомбылық пайдакүнемдік мақсатқа жетудің құралы ретінде, қылмыстық нәтижеге қол жеткізуден кейінгі құбылыс ретінде түсіндірілетінін байқауға болады.

Әлбетте, бұл жағдайда біз заң техникасының жетілмегендігі туралы немесе қылмыстық заңнаманың қарастырылған нормаларына қатысты "шабуыл" түсінігін сәтсіз түсіндіру туралы айтуға болады.

Егер біз шабуылды зорлық-зомбылықпен теңестіретін болсақ, онда В.В. Векленко мен А. Т. Жукеновтың әділ ескертуі бойынша Қылмыстық кодекстің 162-бабы диспозициясының мағынасы жоғалады (Еск. - ҚР ҚК 192-бабы), ол өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдану не осындай күш қолдану қатерін білдіреді. Сондықтан әдебиетте айтылған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабының диспозициясы "шабуыл" терминін болдырмайтын редакцияда баяндалуы тиіс деген пікір орынды болып көрінеді [26].


Бұл мағынада қорқытып алушылық анықтамасы "жымқыру" ұғымы арқылы ашылуға тиіс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының диспозициясы да сындарлы түрде сәтсіз болып көрінеді. Бұл әр түрлі пайдакүнемдік зорлық-зомбылықты саралау мәселесін айтарлықтай жеңілдетеді.

Тонау мен қарақшылық кезінде мүлікті иемдену зорлық-зомбылық әрекеттерімен немесе олар жасалғаннан кейін бірден жүреді, ал қорқытып алу кезінде кінәлінің ниеті болашақта қажетті мүлікті алуға бағытталған. Сонымен бірге, егер қорқытып алушылық жәбірленушінің мүлкін тікелей алумен ұштасатын болса, онда қылмыстардың нақты жиынтығы болған кезде бұл әрекеттер қолданылған зорлық-зомбылықтың сипатына қарай тонау немесе қарақшылық ретінде қосымша саралануы тиіс екенін есте ұстаған жөн.

Қаралып отырған құрамдарға қатысты (Қазақстан Республикасы ҚК 191, 192-баптары) заң шығарушы зорлық-зомбылықты екі түрге бөледі:

1. Өмір мен денсаулыққа қауіпті зорлық-зомбылық. Оған жәбірленушінің денсаулығына ауыр және ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан зорлық-зомбылық, сондай-ақ денсаулықтың қысқа мерзімді бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан денсаулыққа жеңіл зиян келтіру жатады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабының 1-бөлігі бойынша бөтеннің мүлкін ашық жымқыру мақсатында өмірге немесе денсаулыққа қауіпті зорлық-зомбылықпен немесе осындай зорлық-зомбылықты тікелей қолдану қатерімен ұласқан шабуыл жасауды саралау керек.

Егер шабуыл жасау процесінде (ҚК-нің 192-бабы) жәбірленушінің денсаулығына қасақана жеңіл немесе ауырлығы орташа зиян келтірілсе, қарақшылық құрамымен қамтылса және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 104 және 105-баптары бойынша қосымша саралауды талап етпейді. Мұндай жағдайларда, егер осы баптың 2-бөлігінде және 3-бөлігінде көзделген ауырлататын мән-жайлар болмаса, жасалған әрекет Қылмыстық кодекстің 192-бабының 1-бөлігі бойынша сараланады.

Егер бөтеннің мүлкін иемдену мақсатында қарақшылық шабуыл барысында жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірілсе, бұл оның абайсызда өліміне әкеп соқса, жасалған әрекетті қылмыстардың жиынтығы бойынша – Қылмыстық кодекстің 192-бабының 3-бөлігінің "б" тармағы бойынша саралау керек.

Егер кінәлінің ниеті қарақшылық шабуыл жасауға немесе қорқытып алушылыққа бағытталса және осы қылмыстарды жасау процесінде кінәлі адам күш қолдану кезінде оны қасақана өлтірсе, онда жасалған әрекетті Қылмыстық кодекстің 99-бабы және Қылмыстық кодекстің 192-бабының немесе қылмыстық кодекстің 194-бабының тиісті бөлігі бойынша қылмыстардың жиынтығы ретінде саралаған жөн.