Файл: 1 азастан аумаындаы тас асырына атысты археологиялы ескерткіштерді ашылуы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.10.2024

Просмотров: 79

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Қаңлылардың шығу тегі жəне этностық тарихы.

Жауабы:

Жауабы:

Түркеш мемлекетінің құрылуы мен нығаюы.

Сырдария бойындағы жабғу мемлекеті.

Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы Қараханидтер

Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы?

Моғолстан(14 ғ.ортасы-16 ғ басы) Мемлекетің құрылуы.

Көшпелі өзбектер мемлекеті немесе Əбілхайыр хандығы.Аумағы,этникалық құрамы?

«Қазақ» терминінің əлеуметтік, этникалық мəні мен мазмұны Жауабы:

XV-XVI ғғ.Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы жəне негізгі оқиғалары.

Жауабы :

65. 1868-1869 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы жəне 1870 ж. Маңғыстау қазақтары көтерілістерінің себептері, сипаты мен барысы.

66) Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ даласы.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы жəне негізгі кезеңдері.

Қырғыз(Қазақ)Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы.

Ф.И. Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы: мəні мен салдары.

Саяси сенімсіздік пен халықтарды Қазақстанға күштеп депортациялау


11.Сақтар. Сақтардың Александр Македонскийдің жаулап алуына қарсы күресі.

Жауабы:

Сақтар (сақалар) — б.з.б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағын мекен еткен ежелгі тайпа. Олар қуатты тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийлер, сарматтардан тұрған.

Б.з.д. 330 жылы көктемде Македон әскерлері Әкбатанға қарай жылжып, 15 күннің ішінде мың шақырым жерді басып кетті де, Дарийдің соңғы байлығын басып алды. Македон атты әскері мен жеңіл қаруланған жаяу әскерлері парсы әскерлерін одан әрі қарай қуды. Көп ұзамай Дарийдің өлтірілгені белгілі болды. Содан соң македондықтар Соғдианаға – сақтарға басып кіріп, бостанғыш сүйгіш тайпалармен екі жылға созылған соғыс жүргізді.
Соғыстың бірінші кезеңде – б.з.д. 329 ж. Македон жауынгерлері Окс өзенінен өтті де, Мараканд ( Самарқанд) қаласын басып алды. Бұдан кейін македондықтар Яқсарт өзеніне жетіп, аса мықты қамал- қала соңғы Александрия ( Ход-жент) қаласын салды. Алайда Соғдианадан орнығу үшін тағы да екі жыл соғуға тура келді.
Македон басқыншылармен күресті Соғдиананың әскер басы Спитамен басқарды. Ол сақ тайпалармен одақ құрды. Жергілікті халық көтеріліске шығып, Яқсарт өзені аңғарындағы жеті қаладағы Македон гарнизондарын жойып жіберді. Спитамен басқарған жасақ мараканд қаласындағы Македон гарнизондарын қоршауға алды. Македон әскері қиын жағдайда қалды. Олар, дегенмен, жанталаса отырып, көтеріліске шыққан жеті қаланы да қайтарып алды, бірақ спита мен әскеріне қарсы тұруға мүмкіндік болмады. Себебі Яқсарт өзінің оң жағында тұрған сақтардың үлкен кіші өзендер арқылы македон армиясын атқылады. САқтар Александрға сөз салды: « сен, Александр, сақтармен соғысамын деп өрескелдікке барма, егер сенің оларға шабуыл жасауға батылың барған болса, олардың азаттық тағылардан ( варвалардан) өзгеше екенін байқаған болар едің.
Македондықтар өзен арқылы тас ататын машиналарын құрып, сақтарды атқылай бастады. Атқылау кезінде садақшылар мен мергендер ( сақпаншылар) өзеннен өтіп, сақтардың алдыңғы отрядттарын кейін шегіндірді және фаланг ( ұзын найзалы әскерлер) мен атты әскерінің өзеннен өтуінен жағдай жасады. Сөйтіп, шайқса Яқсарт өзенінің оң жағына ауысты. Шайқастың Бірінші кезеңін македондықтардың алдыңғы кезеңі бастады. Сақтар қарсы одақтас атты әскер отряды жіберілді. Сақтар бұл шабуылды тойтарып, оларды қоршап алып, жебемен атқылады. Атты әскерге көмекке жеңіл қаруланған жаяу әскері жіберілді. Енді сақтар шегінді алайда жауды көзден таса қылған жоқ.

Екінші кезең негізгі күштің ұрысы сақтардың шегінуі. Алдыңғы жасаққа көмекке ұш шағын топпен атты мергендер жіберілді. Алайда сақтар македондықтар шабуын тойтарып тастады. Сонда өзінің атты әскерінің бәрін де соғысқа кірістірді де, сақтарды шегіндіріп соңынан түсті. Аррияның айтуынша, сақтарды аптап ыстық, шөл және Александрды ауыртқан лай су құтқарды. Ұлы қолбасшылардың жеңілістерінің табиғи қиыншылықтарға аудару – ежелгі және тарихшылардың әдеті. Шындығына Кирдің түбіне жеткен қайғылы оқиғаны еске алған Александр сақтардың жеріне тереңдеп енуге бата алмады. Македон армиясына қарсы сақтардың әскери қимылы өз әскерінің жеке-жеке талқандалуынан сақтай отырып, дұшпанға қарсы күшті бірте-бірт екүшейтумен сипатталады. Шайқасып жатқан отряд бір-бірімен тығыз байланыста болды және өзара практикалық қимыл бірлестігін сақтады. Сақтардың артынан түсуді тоқтату ариян айтқандай сақтарды талқандаудан сақтаған жоқ,керісінше .сақтардың македондықтардың өз жеріне тереңдете енгізіп алып .талқындауынан сақтап қалды,
Осыдан кейін Македон басқыншылары негізгі кұштерін Мараканда тұріан Спитамен басқарған жауынгерлеге қарсы жұмсады.Бірақ Спитамен жағдайды дұрыс сарапқа салды да,шайқасқа түспей. Мараканды тастап тез шегініп. сақ әскеріне барып қосылды.
12.Сақтар мен сарматтардың саяси құрылымдары.

Жауабы:

Алғашқы кездегі сақ қоғамын әскеридемократиялық жүйе деп түсіну керек. Ал әскеридемократиялық қоғамда ел басқару тізгіні тайпа көсемдерімен қатар қолбасшылардың, батырлардың қолында болады. Әскери демократия заманында байлық тек шаруашылықты ұйымдастыру жолымен ғана емес, басқа жұрттардың мал-мүлкін тартып алу арқылы да жасалады. Түскен олжа жауынгерлер арасында тең бөлінбейтін. Тайпа көсемдері, қолбасылар, батырларға үлес бастапқыда көбірек, кейіннен тіпті толығымен тиетін болды. Бұл кейін мүлік теңсіздігіне әкеліп соғып, қоғамда байкедей топтар қалыптаса бастады. Бұл әлеуметтік теңсіздікке, таптық жіктеліске алып келді. Соңында таптың қоғамдағы меншікті қорғайтын, әлеуметтік қайшылықтарды шешетін, өндіріс пен соғысты, қорғанысты ұйымдастыратын аппарат — мемлекет пайда болды.Скифтер мен сақтарда ел басқарудың ұлыстың қағидасы болғанға ұқсайды. Олардың патшалығы үш бөлікке бөлініп басқарылған. Ел басқару жүйесінде, қоғамның келесі әлеуметтік биік тұғырында тайпа, ру көсемдері, ақсүйектер тұрды. Антикалық жазба деректеріне сүйенер болсақ, скифтердің осындай ақсүйектерінің сыртқы ерекшелігі — олардың ерекше цалпац киюі.Сармат тайпаларының қалыптасуы сақтар сияқты өте ерте заманнан басталады. Қазақстанның батысын мекендеген олардың ежелгі тұрағы — Арал мен Каспий теңізі арасындағы аймақ. Кейіннен сарматтар б.з.д. III ғ. — б.з. IV ғасырларында Тобылдан Дунайға дейінгі аралыққа таралып қоныстанған тайпалардың жалпы атауына айналды.


13)Ғұн тайпаларының шығу тегі мен этникалық тарихы мәселесі.

Жауабы:

Ғұндар — көшпелі халық. Ғұндар тәңіршілдік дінді ұстанып, түркі жазуын пайдаланған.Ғұндар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзеніне дейінгі жерде мемлекет құрды. Оның әскері 300-400 мың болды. Олар Еуразияда б.з.б I ғасырда болған «халықтардың ұлы қоныс аударуымен» тығыз байланысты болған. Қытай деректерінде “Ғұн” атауы б.з.б. 3 ғасырдың аяғында пайда болған. “Ғұн” сөзі “гун руң, хун ю” атауларымен берілген.Ғұн мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылып, 3 қанатқа (сол, орталық, оң) бөлінген. Ғұндардың басшысын “шаньюй” деп атаған.Шаньюйден кейінгі басты тұлғалар – түменбасылар болды. Шаньюй түменбасыларын өзінің ұлдары мен інілерінен, жақын туысқандарынан тағайындаған. 24 руды 24 түменбасы басқарған, әрқайсысында 10000-нан атты әскер болған. Түменбасы мыңбасын, жүзбасын, онбасын тағайындап отырды.Ғұндар 24 рудан құралды.Әр руды Ақсақалдар басқарды.Ақсақалдар мемлекетісін талқылау үшін бір жылда 3 рет құрылтай өткізіп отырған. Бұлардың әрбіріне көшпелі тұрғындарымен қоса, белгілі бір аумақ белгіленген.

Ғұндардың шаруашылық-мәдени типінің негізі – көшпелі мал шаруашылығы. Мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты рөл атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң аулау, егіншілік дамыды.

Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды). Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді.Олар малдың барлық түрлерін өсірген. Ғұндардың негізгі баспанасы киіз үйлер болған. Ғұндарда бұйымының бетіне түрлі түсті заттарды жапсыру стилі пайда болды, тарихта ол полихромдық стиль деп аталған.

Ғұн тайпасы Мөде шаньюйдың тұсында саяси күшейіп, халық санын 300 мың адамға жеткізіп, Дунху, Саян, Алтай, Жоғарғы Енисей сияқты тайпаларды жаулап алған. Ғұн мемлекетінің Көшпелі-патриархалды деп сипаттаған.

Ғұндар соғыс кезінде қорған бұзғыш машина, тас атқыш техникаларды қолданған. Олардың негізгі әскери құрамы Атты әскерлер болған.

Мөде қайтыс болғаннан кейін өзара қырқыс басталды. Хулагу кезінде, біздің заманымызға дейін 47 жылы ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын қабылдады, ал солтүстігіндегілер орталық азиялық тайпалармен одақтасып батысқа кетіп, өз тәуелсіздіктерін сақтады. Алайда, үнемі Қытайдың қысымына түскендіктен Тянь-Шаньды асып өтіп, қаңлыларға келді. Бұл ғұндардың Орта Азия мен Қазақстанға алғашқы қоныс аударуы болды.


Екінші қоныс аудару біздің заманымыздың 1 ғасырында болды. 93 жылы Қытайлар ығыстырған солтүстік ғұндар тағы да батысқа қарай жылжыды. Олар Қазақстан территориясы арқылы батысқа бет алды. Бұл көшпенділердің Қазақстанға енуіне байланысты шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуі басталады.Ғұндар жергілікті тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне, орталық және батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Ғұндардың біздің заманымыздың 4 ғасырда Шығыс және Орталық Еуропа жеріне келуіне үш ғасыр уақыт керек болды.Ғұндар Рим империясына қауіп төндірді. 5 ғасырдың 30-жылдары ғұндардың басшысы Аттила Еуропа халқының үрейін ұшырды. 375-376 жылдары вестготтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен күресі ежелгі Рим империясының құлауына әкелді.

Аттила ( Еділ) билеген тұста Ғұн империясы өз дамуының жоғарғы сатысына жетті. Ол Паниония мен Мезияны басып алып Франция жеріне дейін жеткен. Аттиланың (Еділ) тұсында Днестрден Римге дейін, Балтық теңізінен Қара теңізіне дейін жерлерді бағындырған. Еуропаны Римдіктерден азат етті. Ол 453 жылы қайтыс болды, сол уақытта Ғұн мемлекеті ыдырады.
14)Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси құрылымдары.

Жауабы:

Ерте темір дәуірі заманында сақтардан соң Жетісу жерін үйсін тайпалары мекендеген. Қытай деректерінде олар «Усун-го» (Үйсін мемлекеті) деп аталады. Үйсіндер Жетісу мен Тянь-Шаньда, Қытайдың солтүстік-батыс өлкесінде, Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай таулы бөктеріндегі далалы өңірлерде өз іздерін қалдырған. Үйсін атауы қытай жазбаларында б.з.б. 2-ғасырдан бастап кездеседі. Олар «ат жақты, аққұбаша, сары шашты» болып бейнеленеді. Үйсіндердің шығыс шегі бір кездерде Қытайдың солтүстік-батысындағы Бесбалық ауданы арқылы батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өтіп, Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатқан. Ал солтүстікте Балқаш көліне дейін жетті. Олардың ордасы Қызыл Аңғар (Чигучен не Чигу) қаласы Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты.

Үйсіндердің Шығыс Жетісу жерінде – Сүмбе, Лепсі, Батыс далалық аймақтарында – Суяб, Құлан, Ақтөбе және т.б. қалалары болған Қытай елшісі Чжан Цянь «Қазір үйсіндер күшті елге айналыпты, халқы 630 мың адам, әскері 188 800 жауынгерден құралған» деп жазады. Үйсін мемлекеті шығыс, батыс және орталық болып үшке бөлінген.Қытай деректерінде «Шығысында ғұндармен, батыс жағында қаңлы елімен шектеседі. Жері ұлан-байтақ, кең әрі жазық, жауын-шашыны көп. Ауа-райы суық. Тауларында қалың қарағай өседі» деп суреттеледі.


Үйсіндердің малдарының құрамында жылқыдан басқа қой және сиыр, қос өркеш түйе, есек, ешкі де болған. Үйсіндер жануарлардың терісін илеп, аяқ киім, тері шалбар мен атәбзелдерін дайындаған.

Таптық қоғамда байлық жылжымалы және жылжымайтын мүлік деп бөлінген. Жылжымалы мүлікке – мал, қол өнер өнімдері, тұрғын үй т.б., жылжымайтын мүлікке – жер жатқызылды.

Жылжымалы мүлік ертерек жекеменшік түрлеріне айналды.Үйсіндерде мүліктік теңсіздік орын алды.

Үйсіндерде бөлінбейтін байлық болып есептелетін жерді мұрагерлік жолымен пайдалану көрініс тапты. Көшпелі қоғамның бәріне тән жазылмаған заң – кімнің малы көп болса, іс жүзінде жердің де қожасы сол болуы керек деген қағида бекіді.

Үйсін байларының төрт-бес мыңнан жылқысы болды.Чжан Цян үйсіндер туралы алғашқы мәліметтерді жеткізді. Б.з.б. 170-160 жылдары үйсіндер мемлекеті құрылды. Алғашқыда үйсіндер ғұндарға тәуелділікті мойындады.Үйсіннің гуньмосы 106-105 жылдары Қытай ханшасына үйленді.Б.з.б. 53 жылы Үйсін мемлекеті екі бөлікке бөлінді: ұлы гуньмо және кіші гуньмо.Әскер оң және сол қанатқа бөлінді, оларды екі қолбасшы басқарды.Әскери қолбасшылардың көмекшілері «Дарту» атағын алып отырды.Елдің жоғарғы сотының қызметін оңқа билер, діни басшылықты абыздар жүргізді.

Үйсіндердің кейбір әскербасылары мен шенеуіктерінде, сарай жанындағы басқа да лауазымды адамдардың алтын және мыс мөрлері болған.Б.з. V ғасырға дейін Жетісуда өмір сүрген Үйсін мемлекетін аварлар (жужандар) құлатты
  1.   1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17