Файл: 1 азастан аумаындаы тас асырына атысты археологиялы ескерткіштерді ашылуы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.10.2024
Просмотров: 91
Скачиваний: 0
СОДЕРЖАНИЕ
Қаңлылардың шығу тегі жəне этностық тарихы.
Түркеш мемлекетінің құрылуы мен нығаюы.
Сырдария бойындағы жабғу мемлекеті.
Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы Қараханидтер
Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы?
Моғолстан(14 ғ.ортасы-16 ғ басы) Мемлекетің құрылуы.
Көшпелі өзбектер мемлекеті немесе Əбілхайыр хандығы.Аумағы,этникалық құрамы?
«Қазақ» терминінің əлеуметтік, этникалық мəні мен мазмұны Жауабы:
XV-XVI ғғ.Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы жəне негізгі оқиғалары.
66) Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ даласы.
Қырғыз(Қазақ)Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы.
Ф.И. Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы: мəні мен салдары.
Саяси сенімсіздік пен халықтарды Қазақстанға күштеп депортациялау
Жәңгір бөкейлік қазақтардың өз дінін жоғалтпай, сақтап қалуы үшін 1835 ж. өз үйінің ауласына ерекше архитектуралық үлгімен мешіт салдырады. Ел ішінде оны «Хан мешіті» деп атаған.
Жәңгір ханның ағартушылық саясаты.
1845ж Бөкей хан өлгеннен кейін ханының тағын өз баласы Жәңгірге өсиет еіп қалдырды, ал ол кәмелетке толғанға дейін уақытша басқаруда өз туған інісі Шығай сұлтанға тапсырды. 1823 жылғы 22 маусымда патша Жәңгірді ішкі Орданың ханы деп тану туралы грамотаға қол қойды.1823 жылы Жәңгір ішкі Бөкей ордасында хан сайланғаннан бастап қазақтың ұлттық мәдинетінде, оның ішінде ұлттық білім жүйесіне ерекше мән берді. Оның басты себептерінің бір:Жәңгірдің өзі орысша білім алған және осындай білімнің Қазақстанға, оның ішінде Ішкі Бөкей Ордасында өте қажет екенін түсінді. Ол Ресей империясының Еуропалық білім жүиесі арқылы көптеген салаларды жетістіктерге жеткенін жақсы білді.
Ең басты айта кеткім келетіні:ұлттық мәдениет пен имандылықтан ұлттық рух,патриоттық сезім, солар арқылы ұлттық идеология жас ұрпақ бойына қалыптасуы, жан тәні мен психологиялық сана-сезімінде ұлттық оқу-тәрбие арнауы бала қаншалықты орыстық рухта білім алса да, бастапқыда қалыптасқан ұлттық тәрбиені жеңе алмайды, қазақ балаларының бұзылуына жол бермейді. Осыны Жәңгір хан жақсы түсінген еді.
61)XIX ғ.60-90 жылдарындағы көші-қон мәселесі.
Қазақ халқының ғасырлар бойы өзіне тиесілі жайлау, қыстау, күздеуін, жайылымдық, егістік жерін әр маусымға сәйкес ауыстырып, көшіп-қонып жүруі көшпенді өркениеттік тұрмысқа сүйенген табиғи құбылыс еді. Міне, осы салт кеңестендіру дәуірін қамтыған 1920 жылдарының екінші жартысы мен 1950 жылдар аралығында ауылдан қалаға, бір өңірден екінші өңірге және бір аймақтан екінші аймаққа, республикамыздың өз ішіндегі көші-қонға айналса, ал бір қиырдан екінші қиырға еріксіз жер аууға, немесе республкадан тыс жерлерге, көршілес республикалар мен Одақтас мемлекеттерге, ал арғысы шетелдерге бас сауғалап, босқыншылыққа негізделген сыртқы көші-қонға айналғаны белгілі. Оның ішінде, ұжымдастырудан келген қуғындау салдары, әсіресе, кәмпескелеу науқаны мен 1931-1933 жылдардағы ашаршылық кезеңі қазақ халқына айрықша жайсыздық әкелді. Бұның негізінде қазақты әуелден жайлап келген қонысынан айыру және тиесілі аймақтан көшіріп, сапырылыстыру арқылы иелігіндегі жерін пайдалану құқынан айыру, сөйтіп бүкіл даланы мемлекеттік меншікке аудару нәтижесінде қалың бұқараны өкіметке тәуелді ету саясаты жатқан еді. Коммунистердің қулығына құрық бойламас бұл мақсаттың жүзеге асқаны соншалық, қазақтар туған атамекенін тастап, алды көршілес Түрікмен, Өзбек, Қырғыз, Монғол, Қытай, Ресей елдеріне барып жан сауғаласа, біразы Иран, Ауғаныстан және Туркияны асып кетті. XX ғасырдың 20 -жылдарында қазақ халқының негізгі кәсібі және республикадағы халық шаруашылығының басты саласы мал шаруашылығы болып, көшіп-қонып жүрген еді. Сондықтан, осы ғасырдың 20-30 -жылдары больщевиктердің күшпен жүргізген аграрлық саясаты ғасырлар бойы қазақ даласында қалыптасқан дәстүрлі мал шаруашылығының табиғи дамуына кедергі жасады. Ф.И.Голощекиннің қазақ халқының көшпелі және жартылай көшпелі дәстүрлі мал шаруашылығын артта қалған, ортағасырлық, мәдениетсіз социалистік құрылыспен үйлеспейтін сала ретінде сипаттап, оны түбірімен өзгертіп, «социалистік» қайта құру бағытын ұстанды. Бұл қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығына кері әсерін тигізіп, халықтың әлеуметтік жағдайына зиянын тигізетіні ескерілмеді.
62) Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттарының қазақтың жайылымдық жерлерінің талан-таражға салынуы туралы пікірлер.
І және ІІ Думаның (1906, 1907 жж.) қазақ депутаттарының алдында тұрған ең маңызды міндет – жер-аграрлық мәселе болды. Атап айтқанда, біріншіден, Ресейдің ішкі еуропалық гүбернелерінен миллиондаған жерсіз орыс және украин шаруасын қазақ даласынан жер үлесін беріп қоныстандыру саясатын Думаның қадағалауына алдырып, оны заң жүзінде тоқтату, екіншіден, «Қарқаралы құзырхатының» 4-тармағында жазылғандай, қазақ халқына ата-бабадан мұраға қалған төл жерін Дума қабылдайтын заң жүзінде меншігіне рәсімдеп беру.
«Қазақтар өзі отырған жерін ежелден басып алып пайдаланғаны негізінде өзінің меншігі санайды, – деп жазды Ә. Бөкейхан өзі редакторы болып шығарған «Иртыш» газетінің 1906 жылғы кезекті санында. – Қазақтар көші-қон ісін өз орнына қоя алатын күш табылатын Мемлекеттік Думаға ғана үміт арта алады.Қазақ депутаттары І және ІІ Думада алдарына екі міндет қойды. Біріншісі – Ресейді түбегейлі реформалап, толыққанды халық билігін, яғни шынайы демократиялық мемлекет құру, екіншісі – жеке меншіктегі жердің бәрін мемлекет меншігі пен патша әулетінің қолындағы жермен бірге жалпыұлттық мемлекеттік қорға күштеп алу.Ә.Н. Бөкейхан ол туралы: «Қазақтар өзінің жер мүддесін қорғауды талап етеді. Ол мүдде «Ақмола мен Семей облыстарына көшіріп қоныстандыруды уақытша тоқтат» деген қағази нұсқаумен қорғалмайды... Ол тек қана... конституция мен халық билігі болған да ғана мүмкін», – деп мәлімдеді
Бір сөзбен айтқанда, І-ІІ Думаға сайланған «Алаш» депутаттарының стратегиялық мақсаты – 1847 жылы біржола ыдырап, тарих қойнауына кеткен Қазақ хандығының жер аумағында жергілікті инфрақұрылымы дамыған заманауи Қазақ елін құру болды.
63) Бөкей хандығының Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақтардың көтерілісі (1836-1838ж):көтерілістің қозғаушы күштері,сипаты, кезеңдері,маңызы.
Қазақстандағы 1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтеріліс - Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі.1836—1838 жылдары Бөкей хандығында аса ірі халық-азаттық көтерілістерінің бірі болып өтті.
Көтерілістің басты мақсаты:
Хан озбырлығына шек қою;
Шаруалар жағдайын жақсарту;
Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту;
Әскери бекіністердің салынуын тоқтату.
Көтерілістің негізгі себептері:
- Ақшалай салықтың өсуі;
- Әр күз сайын әр шаңырақтың хан сарайының мұқтажына құны 70 сомдық жылқы беруге міндеттелуі;
- Шаруалардың көшіп-қонғаны, шөп жинағаны, орыс помещиктерінің шабындығын басып өткені үшін салық төлеуі;
- Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы.1836 жылы халық көтерілісі басталды.
Оның қозғаушы күші қатардағы бақташы қазақтар болды. Көтеріліс туының астына бірқатар старшындар да жиналды. Сұлтандар мұның ақыры не болар екен деп, әліптің артын бағып, бейтарап қалды немесе көтерілісшілерге қарсы шықты.
Халық көтерілісін елге белгілі беделді батырлар Исатай Тайманұлы (1791-1838) мен Махамбет Өтемісұлы (1803-1845) басқарды. Оның екеуі де беріш руының жайық атасынан болатын.
Маңызы:Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтерілістің орасан зор тарихи маңызы болды.
Бұл патша үкіметі құрған жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қазақтардың отаршылдыққа қарсы ірі баскөтеруі еді. Оның ұлт-азаттық сипаты басым болды. Көтеріліс аяусыздықпен басылғаннан кейін де жалғаса берді. 1842 жылы Жәңгір ханға қарсы Аббас Кошайұлы мен Лаубай Мантайұлы бастаған баскөтерулер болып өтті.
Жәңгір хан көтерілісшілердің кейбір талаптарын орындауға мәжбүр болды. Атап айтқанда, халықтан жиналатын алым-салық көлемін едәуір жеңілдетті. Патша үкіметіне наразылық білдірген старшындардың пікірімен санасу керектігін түсінді.
64)Кенесары Қасым ұлы бастаған көтеріліс(1837-1847):қозғаушы күштері,барысы,негізгі кезеңдері,жеңіліс себептері?
Жауабы:
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847 жылдар аралығы) — қазақтардың патша үкіметіне қарсы барынша бұқаралық жəне ұзаққа созылған көтерілістерінің бірі болды.
Көтерілістің басты мақсаты қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою еді
Қазақстанның Абылай хан кезіндегі аумақтық тұтастығын қалпына келтіру əрі Ресейдің құрамына кірмеген жерлерді сақтап қалу..
Көтерілістің басты себептері
Патша өкіметінің Қазақстандағы отаршылдық саясаты, Орта жүзде хандық билікті жойып, ресейлік əкімшілік басқарудың жүзеге асырыла бастауы, осылардың салдарынан қазақ халқының, əсіресе шаруалардың жағдайының нашарлай түсуі. Көтерілістің қозғаушы күші қатардағы қарапайым көшпелілер, сондай-ақ старшындар мен би, батырлар, тіпті сұлтандар да болды. Көтерісшілердің қалың қолына үш жүздің атақты батырлары жетекшілік етті
Жеңіліс себептері Сол тарихи кезеңде Қазақстанда қалыптасқан қоғамдық-саяси, əлеуметтік-экономиқалық жағдайда бұл ұлт-азаттық қозғалыстың да түпкілікті жеңіске жетуі мүмкін емес еді. Ресей империясының қуатты, тұрақты əскери күші бар екенін былай қойғанда, жеңілудің басқа да себептері болды. Көтеріліске қатысқан үстем тап өкілдері арасында ауызбіршілік болмады. Өзін қолдамаған туыстарымен, қазақтың ауқатты топтарымен, Қоқан хандығымен, ақырында қырғыз ағайындармен күресіп, Кенесары өз күшін əлсіретті. Жікке бөлінген қазақ рулары көтерілісті көбіне өз аймақтарында қолдап, басқа аймақтарға ауысқанда, əсіресе Қоқан жəне Қырғыз жеріне
басып кіргенде, оған қосылмады. Өзін қолдамаған ауылдарды қатаң жазалауы да көтерілісті əлсіретті.
65. 1868-1869 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы жəне 1870 ж. Маңғыстау қазақтары көтерілістерінің себептері, сипаты мен барысы.
Жауабы: Орал мен Торғай облыстарындағы көтеріліс (1869) - 19 ғасырдың
І-жартысында Торғай жəне Орал облыстарында бұқара халықты қанау жылдан-жылға күшейе түсті.
Патша үкіметі қазақ жерін өлшеусіз кесіп ала бастады.Жер үшін күрес шиеленісіп, мал шаруашылығы күйзелді. 1851 ж. жайылымдық жерсіз қалған Кіші жүз шаруалары малының жартысы қырғынға ұшырады. Жерсіз қалған көп рулар қырға қоныс аударуға мəжбүр болды. Патша үкіметі 1867-68 жылдардағы реформаны күшіне енгізе бастады. Реформа отарлық езгі мен патша чиновниктерінің үстемдігін күшейтті. Алым-салық көбейіп, қанаудың одан əрі күшейе түсуі бұқара халықтың жаппай наразылығын тудырды. 19 ғасырдың 60 жылдарында əр түтінге салынатын салықтың жалпы мөлшері 10-12 сомға жетіп, ол кедейлерден байлармен бірдей өндірілді. Заттай төлемдер тұрақты алымға айналды.
Жалшылардың қоныстауына, егіншілікпен айналысуына тыйым салынды. 1868 ж. патша үкіметі Қазақстанды отарға түпкілікті айналдыруды көздеген «Жаңа ереже» қабылдады. Жер үкімет меншігі болып жарияланды. Қазақтар пайдаланған жері үшін түтін басы бұрынғы 1 сом 50 тиынның орнына 3 сом 50 тиын төледі, түрлі алымдар көбейді. Бұл көшпелі халықтың жаппай наразылығын тұғызды. 1868 ж. желтоқсандағы
«Жаңа ережеге» сəйкес Кіші жүз екі облыс, 8 уезге бөлінді. Оның батыс жағы Орал казак-орыс əскерлерінің жерлеріне қосылып, Орал облысы, ал шығысында Торғай облысы құрылды. 1869 жылдың басында елге ұйымдастыру комиссиялары шықты. Комиссия халық санағын жүргізіп, салық жинауға, жергілікті əкімдер «сайлауын» өткізуге, болыстар құруға кірісті. Бұл халық наразылығын күшейтіп, көтерілістің шығуына тікелей түрткі болды.
Нəтижесі Шаруалардың бұл көтерілісі нашар ұйымдастырылды, стихиялық түрде өтті, сондықтан жеңіліске ұшырады. Солай бола тұрса да, Орал мен Торғай облыстарындағы көтеріліс қазақ шаруаларының отарлау саясатына, қанаушыларға қарсы қозғалысының ерекше бір көрінісі болды.
Маңғыстау көтерілісі