Файл: Аымды баылаудаы емтихан сратарыны бадарламасы 1 дегей.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.10.2024
Просмотров: 62
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Адамның мотивациялық шеңберін оның дамуы тұрғысынан келесі параметрлермен бағалауға болады: кеңдік, икемділік және иерархия. Мотивациялық шеңбердің кеңдігі деп әр деңгейдегі ұсынылатын мотивациялық факторлардың сапалық әртүрлілігі түсініледі. Адамда әртүрлі мотивтер, қажеттіліктер мен мақсаттар болған сайын, оның мотивациялық шеңбері дамиды.
Ең маңыздысы, кеңдік пен икемділік адамның мотивациялық сферасын әр түрлі сипаттайды. Кеңдік – бұл әр түрлі потенциалдар, объектілердің жиынтығы, бұл шұғыл қажеттілікті қанағаттандыру құралы ретінде қызмет ете алады, ал икемділік-мотивациялық сфераның иерархиялық ұйымдастырылуының әр түрлі деңгейлері арасындағы байланыстардың қозғалғыштығы: мотивтер мен қажеттіліктер, мотивтер мен мақсаттар, қажеттіліктер мен мақсаттар.
Ақырында, иерархия – бұл мотивациялық шеңберді ұйымдастыру деңгейлерінің әрқайсысының құрылымының сипаттамасы. Қажеттіліктер, мотивтер мен мақсаттар мотивациялық бейімділіктің дәйекті жиынтығы ретінде болмайды. Кейбір бейімділіктер (мотивтер, мақсаттар) басқаларға қарағанда күшті және жиі пайда болады; басқалары әлсіз және жиі жаңартылады. Белгілі бір деңгейдегі мотивациялық формацияларды күшейту мен жиіліктегі айырмашылықтар неғұрлым көп болса, мотивациялық сфераның иерархиясы соғұрлым жоғары болады
-
Тұлға және оның психологиялық құрылымы.
Кез-келген құбылыс сияқты жеке тұлғаның психикалық өмірі белгілі құрылымнан тұрады. Адамның дара психологиялық ерекшеліктеріне байланысты және жеке тұлғаның өзіне тән құрылымға белгілеуге болады. Жеке тұлғаның құрылымының бірінші бөлігі оның бағыттылығын сипаттайды немесе адамның шындық дүниеге тандамалы қатынасы. Бағыттылық әртүрлі қасиеттердің өзара байланысты қажеттіліктер мен қызығулардың, идеялар мен тәжірибелік ұстанымдардың жүйесін қамтиды.
Ондай жағдайда бағыттылық бөліктерінің бірі үстемдік етеді және басты мәнге, ие болады, сол уақытта басқалары тірек қызметін атқарады. Үстемдік ететін бағыттылық жеке тұлғаның бүкіл психикалық қызметін анықтайды. Мәселен, танымдық қажеттіліктің үстемдік етуі соған сәйкес еріктік және эмоциялық көңіл-күйдің көтерілуіне алып келеді, ол өз кезегімен интеллектуалдық іс-әрекеттің белсенділігін арттырады. Бір уақытта табиғи қажеттіліктер біршама тежеліп, күнделікті тіршілік күйді кейінге, екінші кезекке ығыстырады
Жеке тұлға өзінің айналысқан қызығуының мақсаттылығын негіздей бастайды, оған ерекше қоғамдық және жеке мән береді.
Жеке тұлғаның психологиялық құрылымының екінші бөлігі жеке тұлғаның мүмкіншілігін айқындайды және белгілі бір іс-әрекетті нәтижелі қамтамасыз ету үшін қабілеттіктердіқамтиды. Қабілеттіліктер өзара байланысты және бір-бірімен өзара әрекет етеді. Тәртіп бойынша қабілеттіктердің бірі үстемдік етеді, жетекшілік етеді, басқалары оған бағынады. Мәселен, А.С.Пушкинде ақындық өнер үстемдік етті, бірақ олөзін тарихшы және талантты суретші ретінде де таныта білді. Сол сияқты М.Ю. Лермонтов туралы да айтуға болады. Қабілеттіктердің арақатынасының сипатына бағыттылықтың құрылымы әсер етеді. Өз кезегімен қабілеттіктерді даралау жеке тұлғаның шындыққа қатынасының таңдамалығына әсер етеді,
Жеке тұлғаның құрылымының үшінші бөлігі мінезболып табылады немесе әлеуметтік ортадағы адамның мінез-құлық стилі. Мінез күрделі синтетикалық құрылым, адамның рухани өмірінде мазмұн мен түр бірлігінде аңғарылады. Мінез жеке тұлғаны тұтас көрсете алмағанмен, бірақ оның қасиеттерінің, бағыттылығы мен ерік-жігерінің, интеллектуалдық және эмоциялық сапаларының, темпераментте байқалатын типологиялық ерекшеліктерінің күрделі жүйесін білдіреді.
Мінез жүйесінде сонымен қатар басты қасиеттерді бөліп көрсетуге болады. Оларға ең алдымен — моралдік, екіншіден — ерік-жігер сапалары жатады, олар белгілі мінез-құлық стилін және практикалық міндеттерді шешу тәсілін қамтамасыз етеді. Сондықтан да моралдік — ерік-жігер сапаларын мінездің негізін құрайды деп айта аламыз.
Төртінші бөлігі басқару жүйесі болып табылады, көп жағдайда "мен" деген ұғымды білдіреді. "Мен" — жеке тұлғаның өзіндік сапа құрылымы, ол өзін-өзі реттеп отыруды іске асырады: іс-әрекетті күшейту немесе бәсеңсіту, өзін-өзі бақылау және іс-әрекет пен қылықты басқару, іс-әрекетті жоспарлап отыру, сонымен, өзін-өзі басқару жеке тұлғаның мақсаты ұйымдасқан өмірі мен қызметінде ерекше маңызы зор. Жеке тұлғаның құрылымы егер психикалық үрдістер мен қалыпты алып тастағанда толық болмай шығар еді.
Психикалық үрдістер — психикалық кұбылыстардың әртүрлі түрлерінде шындықты динамикалық тұрғыда бейнелеу. Психикалық үрдістер жеке тұлғаның шындықпен байланысын қамтамасыз етеді. Олар арқылы жеке тұлғаның қасиеттері қалыптасады. Ұйымдасқан қасиеттер өз кезегімен үрдістің жүруіне әсер етеді. Мәселен, түйсіктер үрдісінде нақтылы сенсорлық қасиеттер және одан әрі түйсіктердің сандық, сапалық сипатын анықтайтын жеке тұлғаның тұтас сенсорлық құрылымы қалыптасады. Теориялық және практикалық міндеттерді шешу үрдісінде жеке тұлғаның ерік-жігер құрылымы қалыптасады.
Жеке тұлғаның ұйымдасқан бағыттылығы қабылдаудың және оған байланысты эмоциялық реакцияның таңдауына әкеледі.
Психикалық үрдістердің негізінде психикалық қасиеттер ұйымдасады. Жеке тұлғаның психикалық қасиеттері бұл индивидке тән психикалық іс-әрекет пен мінез-құлықтың белгілі сандық-сапалық деңгейін қамтамасыз ететін тұрақты құрылым.
Психикалық үрдістердің жүру сипаты, қасиеттердің көрінуі жеке тұлғаның психикалық белсенділігінің жағдайына байланысты.
Психикалық қалып дегенімізжеке тұлғаның көтеріңкі немесе түсіңкі белсенділігі түрінде көрінетін психологиялық іс-әрекеттің тұрақты деңгейін айтады. Кез-келген оқиғаны бейнелеу - күрделі құбылыс. Ол өз құрамына біршама үрдістерді кіргізеді: түйсіну мен қабылдау, қайта жаңғыру, ойлау, сезім және т.б. қоғамдық және жеке мәні бар ықпал мен ой түйінін түсіну, соған сәйкес сезім туғызады, оның сипатына қарай жеке тұлғаның жалпы белсенділік деңгейін төмендетеді немесе арттырады. Психикалық іс-әрекеттің қалыптасқан деңгейі белгілі бір уақытқа жалғасуы сақталады.
Барлық кейінгі психикалық белсенділігі пайда болған жағдайға сәйкес жүріп отырады.
Психикалық қалып сыртқы және ішкі жағдайлардың себептеріне байланысты, бірақ оның динамикасы мен сипаты жеке тұлғаның қасиетіне байланысты. Мәселен, жүйке қызметі ынжық типтегі адамдарда психикалық қалпы қозғалғыш типтегі адамдармен салыстырғанда тұрақты келеді. Кейбір адамдардың атына жасалған сын-ескертпелер олардың күш-жігерін жұмылдырады, сын-ескертпелерден қорытынды шығаруға ұмтылады, ал осындай сын-ескертпелер кейбіреулердің белсенділігін әлсіретеді, депрессивтік психикалық жағдайдың пайда болуына алып келеді Осындай жағдай мінез-құлқының жағымсыз қасиеттеріне (өркөкірек, өзімшіл, өзін басқадан жоғары ұстайтын) ерік-жігері әлсіз, сезімнің ерекшелігіне байланысты.
Демек, жеке тұлғаның психикалык құрылымы өте күрделі, жан-жақты және сан-қырлы. Оның барлық компоненттері өзара байланысты және өзара тәуелді. Жеке тұлғаның дамуымен оның құрылымы да өзгеріп отырады. Сонымен қатар әрбір жеке тұлғаның құрылымы салыстырмалы түрде тұрақты. Әрбір адам тұрақтылық пен өзгермеліктің бірлігі, тек қана сондай құрылым адамға өзімен өзі болуға, икемділік көрсетуге, өмір салтын сол жағдайларына сай жүргізуге көмектеседі.
-
Ана құрсағындағы баланың жүйке жүйесінің дамуы.
Бала ана құрсағында морфологиялық жағынан алып қарағанда едәуір қалыптасып қалады. Ең алдымен жүйке жүйесінің төменгі алаптары (ми бағанасы, мишық, жұлын) дамып қалыптасады. Бұдан соң бас ми сыңарлары күрделі түрде қалыптаса бастайды.
Мидың төменгі алыптарының ана құрсағында ерте дамуы алдыңғы алаптарының шамалы кешірек дамуы биогенетикалық заңдылықтың әсерінен болып табылады. Бұл заңдылық бойынша, бала (бұл жануарларға да тән) анасының құрсағында биологиялық түрге жататын ата-тегінің тарихи дамуын (филогенетикалық дамуын) қайталайды. Жүйке жүйесінің ата-тегінің биологиялық түрдегі дамуын қайталауымен шектелінбейді. Ана құрсағындағы бала миы биогенеткалық дамуда ата-тегінің алғашқы кездегі жүйке жүйесінің дамуын қайталайды. Мысалы, баланың жүйке жүйесі анасының құсағында алғашқы күндері қарапайым жәндіктердің (инфузорияның т. б.) жүйке жүйесі тәріздес келеді. Осы жәндіктердің, әдетте, жүйке жүйесінің орталығы жоқ, жүйке талшықтары тұс-тұсынан таралған жапырақ тәріздес болып келеді. Бұдан кейін сол жапырақ бүктеліп түтік тәріздес болып келеді. Түтік тәріздес жүйке жүйесі көбінесе құрттарда кездеседі. Осыдан соң түтік үш буынға бөлінеді (шеткі, ортаңғы, алдыңғы буындарға). Әрбір буын өзінің қол атындағы дененің аудандарын басқарады. Бірақ осылардың жоғары сатысында алдыңғы буын үстем алып, кейін бас миының негізіне айналады. Бұдан соң бала жүйке жүйесі буындарының қалғандарынан өсіп, тез дамиды да, бас ми сыңарларын құрады. Ана құрсағында бала миының дамуы орталық жүйке жүйесін қайталайды.
Биогенетикалық заңдылықты тұңғыш рет дәлелдеген зоолог Э. Геккель болды (1884-1919). Бұл заңдылық әсіресе ана құрсағында баланың жүйке жүйесінің қалыптасуына қатысты екенін дәлелдеген орыс морфологы А. Н. Северцов (1866-1986) болатын.
Балаға тән жүйке жүйесінің негізі – бас миы. Баланың бас миы ана құрсағында едәуір дамып қалса да, туғаннан кейін өз қалпына келіп, толық қалыптаса бастайды. Мысалы, бас ми қабығы және оның микроскоппен көрінетін 6 қабаты туғанда даяр болмай, кейін қалыптасады. Физиологиялық жағынан алып қарағанда, баланың бас миы шартсыз рефлекстер тудырып, тиісті тітіркендірулерге жауап беруге даяр. Бала туғанда көптеген шартсыз рефлекстерімен туады. Әсіресе, балада ему шартсыз рефлексі жақсы дамыған болады. Баланың ана құрсағында психикалық ерекшеліктер көрініс береді ме? Әрине баланың ана құрсағындағы кезеңінде психикалық еркешеліктер көрініс береді. Оған шартсыз рефлекстер дәлел. Ана құрсағындағы орта мен табиғи ортаны салыстыруға болмайды, әрине. Метафорамен айтқанда, бұл екі орта әр түрлі планеталардың өзгешелегімен ұқсастыруға болады. Себебі, бала тамақты да, ауаны да шешесінің тиісті органдарынан ассимиляция ретінде алып тіршілік етеді. Ана құрсағындағы ортаның өзіндік ерекшелігі тек шартсыз рефлекстердің (емшек ему, ауырту т. б.) реттелуіне ғана мүмкіндік береді. Әрине, дамудың осы түрі кейінгі кезде өзінің түрлі нәрселерге үйренуге (шартты рефлекстердің жасалынуы т. б.) дайындықтың бір түрі. 90 жылдары неміс ғалымы Хейнз әйелдің ішіндегі баланы массаж арқылы оқытуға болады деген пікір тастады. Онда бала дүниеге келгеннен кейін физикалық және ақыл-ой жағынан бірнеше есе жақсы дамиды деген қорытындыға келді.
-
Нәрестелік кезеңдегі баланың психикалық дамуының жалпы ерекшеліктері?
Жаңа туған кезең. Баланың дүниеге келуі күрт өзгеріс
болып табылады. Біршама тұрақты ортадағы тіршіліктен (ана
организмдегі) ол кенеттен жиі өзгеріп тұратын сан алуан
тітіркендіргіштерге толы, ауалы ортадағы мүлдем өзгеше
жағдайға, яғни бұрынғы дәрменсіз тірі жан дәрежесінен ақыл -
есті адам болып өсетін дүниеге шығады.
Әрине, баланың жаңа жағдайдағы өмірін оның бойына туа
біткен механизмдер қамтамасыз етеді. Оларда әлі де болса
жетекші іс-әрекеттер жок. Шартсыз рефлекстер баланың
дамуындағы алғы шарты. Оның түрлері:
- қорғаныс рефлекстері - олар тітіркендіргіштен кашықтауға
немесе оның әрекетін шектеуте бағытталған (көзін жыпылдату,
түшкіру, жөтелу) рефлекстер.
- бағдарлау рефлексін басқа тітіркендіргіштерге жанасу
реакциясынан көреміз (қатты тітіркендіргішке басын бұру).
- тамақтану рефлексі - бала тітіркендіргіш жаққа басын
бұрып, ауызын ашады (ему, сору, жұту).
- қимыл - қозғалыс рефлексі - баланың алақанына бірдене
тиіп кетсе жармасу реакциясын тудырады (жармасу, жүзу,
еңбектеу).
Шартты рефлекс баланың 10 айлық кезінде пайда
болады, яғни тамақтану үстінде.