Файл: Аымды баылаудаы емтихан сратарыны бадарламасы 1 дегей.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.10.2024

Просмотров: 66

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Танымдық өрісінің дамуы. Туғаннан көру және есту

анализаторлары әлі де болса аяқталмаған, ол белсенді түрде

қалыптасады. 2-3 аптада есту қабілеті көрінсе, ал 3-4 апта да көру

тұрақтылыққа ие болады.

Эмоционалдық өрісінің дамуы. Жандану комплексі. Жаңа

туған нәресте өмірге алғашқы қадамын шыңғырып жылаудан

бастайды, бұл ілкіде шартсыз рефлекторлы сипатта болады.

Нәрестелік кезең (2 айдан - 1 жасқа дейін)

Баланың негізі дене дамуындағы жетістіктері:

- жармасуы және манипуляция. Жармасу - бұл затты ұстау

және ұстап алу, манипуляция - бұл затпен тиімді қатынас

орнатады. Жармасу мен манипуляцияның рөлі - бұл қолдың жаңа

іс-әрекетке бейімделуін қамтамасыз етеді, яғни заттық құралдарға.

Жармасу әрекетінің қалыптасуымен қатар заттармен сілкілеу,

тақылдату, лақтыру т.б. қарапайым қимылдар дамиды. 3-4 айлық

кезде жармасу қимылдары дамиды. 1 жас соңында бала заттармен

түрлі қимылдар жасай алады (жерге қою, жатқызу, өткізу т.б.).

- еңбек ету - бұл баланың бірінші өзіндік қимыл қозғалысы;

онын рөлі - жаңа әсерлермен қамтамасыз ету.

Әлеуметтік жағдайының дамуы. Бала үлкендерге

туғанынан тәуелді. Өйткені органикалық қажетсінуін және де

жаңа әсерлерге деген қажетсінуін үлкендер қанағаттандырады.

Сонымен үлкендер сәбилердің табиғи қажеттіліктерін

қанағаттандырады: тамақтандырады, шомылдырады, бір жағынан

екінші жағына аударады. Үлкендер балалардың әр түрлі

әсерленгіш қажеттілігін де қанағаттандырады: оны қолға алғанда

сәби біраз көңілденіп қалады. Далаға шыққанда үлкендердің

көмегімен бала көптеген заттарды байқайды, олардың қозғалысын

көруге, қолын тигізуге, содан кейін ұстауға мүмкіндігі болады.

Негізі есту және сезіну әсерлерін үлкендерден алады. Нәрестенің

үлкендерге тәуелділігі баланың болмысқа (өзіне) қарым-қатынасы

әрқашан басқа адаммен қарым - қатынас жасау призмасы арқылыөтеді. Басқаша айтқанда, баланың болмысқа карым-қатынасы

әуелден бастап әлеуметтік, қоғамдық қарым-қатынас болып

табылады.

Әдетте бұрынғы боп кеткен дамуымен қазіргі даму жетістігі

сай келмей екі арада қайшылық болады.
Осындай қайшылықты

даму дағдарысы дейді. Оның мазмұны өте қарапайым және тез

өтеді. Мұндай дағдарыстар ауыспалы кезеңде тез игеріледі.

Сонымен бірге, мұндай ерекшеліктер ерекше аталып

көрсетілмейді. Кейбір балалар еңбектемей тез жүріп кетеді.

Бұндай балаларды терен зерттеу жұмысын жүргізгеннен кейін

баланың кешеуілдеп жүруіне әсері болатыны жасырын кезде

басталып, пайда болатынын көреміз. Бала жүре бастаған кезде,

мұндай кезең жойылады. Осының өзі баланың жүруінің толық

кемеліне келмегендігін көрсетеді. Баланың жүре бастауының өзі

жас дағдарысының ең бірінші кезеңі. Екінші кезеңі - баланың

сөйлеуіне байланысты, бұл бір күнде басталып, жүзеге асатын

процесс емес. Бұнда бала сөйлеуінің алғашқы кезеңі болады.

Кезең 3 айға созылады. Үшінші кезең - аффект пен ерікке

байланысты (аффект - күшті, эмоциялық тебіреніс), мұны

психологияда гипобуликалық реакция дейді. Баланың жас

дағдарысына байланысты, бала өзге адамдардың іс-әрекетіне

қанағаттанбайды. Бала біліміне, даму, жетілуіне байланысты

қайшылықтарға ұрынады. Бала өз мүмкіндігіне сеніп, өзін

қызықтырған іс-әрекетке ынтасы ауады. Үлкендермен басқаша

қарым-қатынас жасауға тырысады. Бұдан қайшылықты дағдарыс

болады. Балалар үлкендер талабына сай құлақ аспайды.

Наразылық көрсетеді. Үлкендер осы ерекшеліктеріне қарай

ауысады. Мүмкіндігіне қарай іс-әрекет үйренеді. Бұл дағдарыс

баланың ерік реакциясына байланысты, булығып, ашуланшақ, жер

тепкілеп жылай бастайды, яғни сол талабына наразылық білдіреді.

Бірақ көгеріп ауызынан көбік ағып, қояншық ауру белгісі

білінбейді. Баланың даму бағытындағы дамудың кері шегінген

белгісі.

Баланың 1 жас кезіндегі жас дағдарысының негізгі мазмұнын

сипаттайтын осы 3 кезең болып саналады. Ең негізгісі баланың

тілдік даму дағдарыстары, өйткені баланың тіл дамуы әр түрлі

жағдайда өтеді. Ең біріншісі бала сөзді ойланып, байланыстыру

теориясы негізінде меңгереді. Мысалы: айтылған сөз бен оның

мағынасының айналасында байланыс орнатады. Бала естіген сөзін

заттың өзімен байланыстырып есіне түсіреді. Мысалы. Аф-аф

(итті) мяу-яу(мысықты) т.б.

Тілдік дағдарысының дамудың ең негізгі ерекшелігі, баланың

артикуляциялық дыбыс мүшелерінің қимыл-қозғалыстарының

дұрыс дамуына байланысты. Сонымен бірге фонетикалық естудің

дұрыс жетілуіне байланысты, баланың сөздік дыбыс формасы



өзгереді. Әрине осы кездегі дағдарыстың тууы: баланың

жағымсыз эмоционалды реакциясының болуына әкеледі. 1 жас

өмірінің соңында дағдарыстың болмауы, баланың қарым-

қатынасының формасын өзгертеді. Баланың психикалық

процестері анықталмаған, ол дайын күйінде берілмейді. Бұл

процестердің заттық іс-әрекеттен тыс қалыптасуы мүмкін емес

  1. Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың психикалық дамуының жалпы ерекшеліктер

Мектепке дейінгі кезең. (3-6-7 жас). Анатомиялық

физиологиялық ерекшеліктері. Ағзаның қаркынды жетілуі

жалғаса түседі. Жалпы өсумен катар ткандар мен мүшелердің

анатомиялық қалыптасуы жүріп жатады. Склеттің сүйектеліп,

бұлшык ет, қан айналымы, тыныс алуы дамып, ми салмағы 1100

гр - 1300 гр. дейін өседі. Шартты рефлекстердің пайда болу

жылдамдығы артып, екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды.

Дене дамуы баланың дербестігінің арта түсуі үшін, тәрбие

мен оқыту процесінде қоғамдық тәжірбиенің жаңа формаларын

игеруі үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

Әлеуметтік жагдайының дамуы. Баланың жеке басының

қалыптасуы оның құрбыларымен және үлкендермен қарым-

қатынас орнатуын анықтайды. Баланың үлкендермен байланысы

жаңа формаға ие болады, бірлескен іс-әрекет ересек адамның

нұсқауларын дербес орындаумен алмасады.

Бала өз құрбыларымен қарым-қатынасқа түседі, «Балалар

қоғамының» құрылуы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі

баланың басқа адамдарға қатысты өзіндік ішкі позициясы өз

«менін» және өз қылықтарының маңызын ағаруының арта

түсуімен, үлкендердің ішкі дүниесіне, олардың іс-әрекеттері мен

өзара қарым-қатынасына ерекше қызығуымен сипатталады Танымдық өрісінің дамуы. Мектепке дейінгі шақ - баланың

сезімдік тәжірбиесінің орасан зор молайып, ретке келу, қабылдау

мен ойлаудың адамға тән формаларын игеру, киялдың күшті даму,

ырықты зейін мен мағыналы естің бастамаларының калыптасу

кезеңі болып саналады.

Үш жастан жеті жасқа дейінгі көру, есту, тері-кимыл

сезгіштінің табалдырықтарының едәуір төмендейтіні байқалады.

Көздің көргіштігі, түстер мен олардың реңктерін ажырату нәзіктігі

артып, фонематикалық және жоғары дыбысты естуі дамиды, кол

белсенді сезіну мүшесіне айналады. Бірақ бұл барлық өзгерістер


өздігінен бола салмайды. Олар баланың болмыстағы заттар мен

құбылыстарды олардың сан алуан қасиеттері мен қарым-

қатынастарын тексеруге бағытталған қабылдаудың жаңа іс-

әрекеттерін игеруінің нәтижесі болып есептеледі.
Баланы мектептегі оқуға психологиялық дайындыгы.

Баланы мектепке апарар алдындағы міндет болып оны жалпы

түсініктермен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен бірге саналы

ойлау қабілеттерін қалыптастыру. Ең бастысы, баланың окуға

психикалық дайындығы қамтамасыз етуі, қызығушылық және

жаңаны танып, есте сақтау, логикалық ойлау, жігер, тырысу

қабілеттерін дамыту. Ал, бұл міндет тек арнайы оқыту жолымен

емес, қоршаған өмірмен танысу нәтижесінде жүзеге аспак.

(ойында, еңбекте, үлкендермен және құрбыларымен қарым-

қатынаста). Мектепке дайындық комплексті тәсілді яғни ақыл - ой

белсенділігін арттыру арқылы баланың «епті» болуына ықпалын

тигізетін, түсінуге жеңіл арнайы білім қорын жинауға, сөйтіп оған

психологиялық сапаларды игеруге көмектесуді талап етеді.

Мектеп оқушысына тән мінез-құлық ережелері, мектепке

баратын балаларға қойылатын талаптар:

- бала оқушы болуға қалыптасып, оқуға талпыну үшін мектеп

туралы дұрыс ұғымы болуы керек. - мектеп ережелері мен қойылатын талапты дұрыс түсінуі

керек.

- тапсырманы орындауына байланысты үлкендердің

бағалауына дұрыс мән беруі керек.

- өз жұмысын немесе құрбысының жұмысын дұрыс бағалай

алатын болуы керек.

- оқу әрекеттіңің кейбір дағдыларын меңгеру, қолының

жазуға дағдылануы, сөзді байланыстырып сөйлеуге үйренуі және

жетілдіруге үлкендер тарапынан көмектесу керек.

6 жаста балаларда жауапкершілік сезімі ұлғаяды. Ақыл - ойы

дамып, ерік сапалары қалыптасады. Мектепке келген соң өзара

қырым-қатынас балалар бақшасына қарағанда әлдеқайда

күрделеніп, өзінше бір мәнге ие болады.

Мектептегі окуға дайындығы:

- жеке бастық

- интеллектуальдық

- әлеуметтік

Жеке бастық дайындығы - Белгілі бір құқық және міндеттері

жүйесі бар, мектеп оқушысының жағдайын жаңа әлеуметтік

позицияларға баланың даярылығын қалыптастыру. Бұл жеке

бастық дайындық баланың мектепке, оқуға, мұғалімге, өз-өзіне

деген қатынасын айқындайды. Жеке бастық дайындық дамудың

мотивационды және эмоциональды өрісінің даму деңгейімен

анықталады. Интеллектуалдық дайындығы - баладан нақты білім қорын,


ой-өрісін талап етеді. Бала жоспарлы бөлшектелінген қабылдауды,

аналитикалық ойлауды, логикалық есте сақтауды, сөйлеудің

ырықтылығын, белгілерді қолдану барысында танып білуге

кабілеттілігі болуы тиіс.

Әлеуметтік дайындығы - Баланың қарым-қатынасқа деген

кажетсінуінің дамуын және де балалар тобының ережелеріне және

қызығушылықтарына бағынуды меңгереді. Олардың басқалармен,

мұғалімдермен қарым-қатынас орнатуына ықпалы бар сапалар

жатады.

  1. Ойын әрекетінің бала психикасының дамуына тигізетін әсері.

Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады: онда мектепте жетекші болатын оқу әрекетінің негіздері қаланады. Балалардың ересек адамдармен бірлесіп өмір сүруге ұмтылуы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандырыла алмайды. Бұл қажеттілігін балалар ойын үстінде қанағаттандыра бастайды, ойын арқылы өздеріне ересектер рөлін алып, еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым-қатынасты да нақтылап көрсетеді. Баланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер өміріне араласуының айрықша түрі болып саналатын рөлдік ойынның пайда болуының негізіне айналады. Ойын үстінде сәбиге адамдар арасында болатын объективті қарым-қатынасы ашылып, ол әрбір іс-әрекетке араласу, адамнан белгілі міндеттерді орындауды талап ететін және бірсыпыра құқықтарды беретінін біледі. Егер ойын сюжеті балаға үлкендердің іс-әрекетімен және өзара қарым-қатынасымен таныстыруға мүмкіндік берсе, шынайы өзара карым-қатынас оны балалар ойындарында байқалатын түрлі жағдайларда өзін ұстай білуге үйретеді, Мұның өзінде әр бала өзін ойынның жалпы жағдайына, балалардың осы тобының талаптарына және өзінің жеке - дара қабілеттеріне сай ұстауға үйренеді. Мектепе дейінгі шақта, балалардың құрбыларымен өзара іс-әрекет процесінде дамып отырған өзін таныту қажеттігі кұрдастар тобындағы барлық балалар үшін маңызы орынға талаптануынан көрініп отырады. Талаптану әлеуметік белсенділіктің табиғи түрі жеке адамның дұрыс дамуының шарты болып есептеледі. Алайда,бұл құбылыс сырттай көріне бермейді, өйткені бала маңызды орынға талаптануын көбінесе аса бір ерекше, өзі үшін қолайлы жағдайларда ғана жарыққа шығарады. Құрбыларымен бірлесіп іс-әрекет жасау жағдайында баланың басқаларға өзін таныту қажеттілігі байқалады. Өзін таныту қажеттігі ойындағы статустық рөлге талаптанудан көрінген кезде жеңімпазбен эмоциялық теңесу «идентификация» күрделенеді. Демек, ойын бала мінез-құлқына өз ықпалын тигізеді. Ойынның даму барысында балада, есі, ойлауы, қайта жаңғыртуы, зейін қоюы дами түседі. Сондай-ақ тілдік қорынның молаюына көмектеседі. Ойынмен қатар, мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуында елеулі рөлді сурет салу, мүсіндеу, аппликация, конструкциялау тәрізді жемісті іс-әрекет атқарады. Оның