Файл: Тосанды жиынты баалауды спецификациясы аза тілі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 93

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

МАЗМҰНЫ

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жиынтық бағалауды өткізу ережесі

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Тапсырмалар түрлері

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

«Қазақ тілі» Т1 пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Талас өңіріндегі көне жазбалар – ежелгі түркі жазу мәдениетінің бастауы

Тыңдалым мен айтылым Тапсырма

Оқылым Тапсырма

Жазылым

Балл қою кестесі

ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Тапсырмалар түрлері

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

«Қазақ тілі Т1» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Тыңдалым мен айтылым

Қандай мамандықты оқыған дұрыс – қаржыгер ме, әлде заңгер ме?

Жазылым

Балл қою кестесі

ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Тапсырмалар түрлері

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

«Қазақ тілі Т1» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Тыңдалым мен айтылым

Жануарларға қайырымды болыңыз

Тыңдалым мен айтылым Тапсырма

Табиғи ресурстарды қорғау және альтернативті энергия

Ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаның ластануы

Оқылым Тапсырма

Жасөспірімдер және қылмыс

Жазылым Тапсырма

Балл қою кестесі

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Тапсырмалар түрлері

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

«Қазақ тілі Т1» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Тазарғың келсе, театрға бар!

Көрерменің қандай, қазақ театры?

Оқылым Тапсырма

Жазылым

Балл қою кестесі

«Қазақ тілі Т1» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Тыңдалым мен айтылым



Тапсырма

  1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін (тұрмыстық, әлеуметтік) мәселені талдап, негізгі ойды анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.

  2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысыңыз, ғылыми және халықаралық терминдерді, деректерді орынды қолданып, пікіріңізді білдіріңіз. Сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін орынды қолданыңыз. [10]


А мәтіні

Қандай мамандықты оқыған дұрыс қаржыгер ме, әлде заңгер ме?


Менің жауабым: программист!

Әрине, басқа мамандықтарға менің ешқандай қарсылығым жоқ. Барлық мамандықтың өз орны бар. Барлық мамандар қажет.

Мен 2009 жылы мектепті «Алтын белгімен» бітіріп, ЕҰУ-ға «Халықаралық қатынастар» мамандығына грантқа түстім. Бұл мамандық гуманитарлық болып саналады. Ешқандай математика, физика пәндері бағдарламада болмады. Бірақ өзім мектеп кезінен бастап математикаға бір табан жақын болатынмын. Студент болып жүргенімде оқушыларға репетитор болудан бастап, құрылыста күзетші сияқты әртүрлі жұмыстар жасауға тура келді. Студенттік өмір оңай емес, ақша табуға тура келеді.

Бір күні достарым маған: «сайт жасауға арналған Joomla деп аталатын оңай бағдарлама бар, соны үйреніп бастасаң болады», – деп кеңес берді. Сол күннен бастап осы бағдарламаны үйренуге кірістім.

Бірде достарымның бірі маған ұсыныс жасады. Өзі екі жерде жұмыс жасайды. Бір сайтын жасап үлгермей жатыр екен. Жасап берсем, 10 000 тг беремін деп уәде етті. Сол күні таңға дейін ұйықтамай, сайтын бітіріп бердім. Бұл программист ретінде менің
тапқан алғашқы табысым болды. Қуанышымда шек жоқ!

Әрі қарай одан да айлығы жоғары жұмыстарда істедім. Қазірде кішігірім өзімнің сайт жасайтын студиям бар. Today.kz ақпараттық порталының IT-менеджері болып жұмыс жасаймын.
Ә мәтіні

Еңбек нарығының мамандарға деген сұраныстың өсуіне сәйкес жұмыссыздардың кәсіби деңгейін арттыру – негізгі бағыттардың бірі. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау үшін оқу орындарын іріктеу конкурстық негізде мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы жүргізіліп, 10 оқу орны жеңімпаз деп танылды.

1147 жұмыссыз азаматтар кәсіби біліктілігін 15 мамандық бойынша оқып шықты. Осы бағдарлама бойынша жұмыспен қамтылмаған 1247 жұмыссыз жастар «Шынайы өмір» жобасы бойынша еңбек нарығында жұмыс іздеу, оның ішінде интернет арқылы және өзін жұмыспен қамту мақсатында бизнес-жоспарлау негізінде оқытылды. Мониторинг көрсеткендей, курсты бітіргендердің 54 пайызы өздеріне жұмыс тапқан. Қалай десек те, облысымызда әлі де болса жалпы жұмыссыздар саны ойландырады: жалпы саны 75000-ға жуық адам. Жұмыссыздық деңгейі – 7,6 пайыз.

Кәсіби оқуды бітірушілердің тұрақты жұмысқа орналасуы қиынға соғуда. Жыл қорытындысы бойынша оқуға жіберілгендердің 2 пайызы ғана тұрақты жұмысқа орналасты. Оралмандарды тұрақты жұмысқа орналастыру шешімін күттірмейтін мәселе. Жұмыс іздеген 242 оралманның 93-і ғана жұмысқа орналастырылды. Бұған олардың сауатының және кәсіби біліктілігінің төмендігі де әсер етуде.

Оқылым Тапсырма


Мәтінді оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

«Серпін 2050» мемлекеттік бағдарламасы



[10]

2014 жылдан бастап Қазақстанда «Серпін 2050», «Мәңгілік ел жастары индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істейді.

2015 жылдан бастап Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті осы жобаны жүзеге асыруға қатысатын жоғары оқу орнының бірі ретінде бекітілді. Университетке 2015 жылы «Серпін 2050» бағдарламасы бойынша оқытуға 450 грант бөлінді.

Бағдарлама мақсаты – халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру. Бұл бағдарлама бірінші жылы педагогикалық мамандықтар бойынша іске асқан, кейіннен оның аясы кеңейіп, техникалық және ауылшаруашылық мамандықтарын қамтып отыр.



Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ сапалы білім алу үшін өз студенттеріне барлық жағдайды жасаған. Жоғары оқу орнында әскери кафедра, қоры 5 миллионға жуық кітаптар мен электрондық оқулықтардан тұратын заманауи кітапхана, бірнеше спорт залдары, ғылыми зертханалар, тұрмысқа қолайлы студенттер үйі, Бұқтырма су қоймасының жағасында орналасқан «Простор» спорт-демалыс лагері бар.

Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін таңдасаң, қателеспейсің. Ол

жарқын болашағыңа сенімді жолдама!

  1. ЖОО-на түсушілер мен колледждерге түсушілерге қандай жағдайлар жасалған? Кемінде 4 айырмашылығын анықтаңыз. [4]




  1. Мәтін қай стильде жазылған? [1]





  1. Стильдік ерекшеліктері қандай? [1]




  1. Мәтінде тақырыпқа қатысты қандай терминдер кездеседі? [1]




  1. Мәтіннің құрылымы (абзацтар, бөлімдер, т.б.) қандай? [1]




  1. Мәтін қалай рәсімделген? [1]




  1. Мәтіннің жанры қандай? [1]


Жазылым


Берілген екі тақырыптың бірін таңдап, сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін қолданып, жазба жұмысын орындаңыз.

[10]

  1. Ел арасында «Жар таңдауда, мамандық таңдауда қателеспе» деп жиі айтылатын жаттанды сөз бар. Сіздіңше, мамандық таңдаудың маңызы қандай? Ойыңызға аргументтер келтіре отырып, эссе жазыңыз.

  2. Сіз ғажайып ғарыш туралы қызықты фантастикалық шығарма оқыдыңыз. Осыдан кейін сіз бұл шығармамен басқа балалардың да танысқанын қаладыңыз. Мектеп сайтына шығарма бойынша аннотация жазыңыз.



Балл қою кестесі


Тыңдалым және айтылым



Балл

Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы

Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті

1

9-10

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді.

Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді.

Тақырыпты өте жақсы түсінеді.

Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады.

2

7-8

Грамматикалық және лексикалық

Тақырыпты жақсы түсінеді.







құрылымдардың қолдану аясын

Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып әрі







жақсы түсінеді.

орынды жеткізеді.







Сөз саптауы дұрыс, анда-санда

Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе







қателер жібереді.

алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет










етеді.




5-6

Грамматикалық және лексикалық

Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді,







құрылымдарды қолдану аясын

бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір







орташа түсінеді.

қиналады.







Сөз саптауы дұрыс, қателері

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады.







байқалғанмен, түсінуге кедергі

Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді,







тудырмайды.

жауаптарын алдын ала дайындап келгендей










көрінеді.




3-4

Грамматикалық және лексикалық

Тақырыпты түсінуде қиналады.







құрылымдардың қолдану аясын

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады,







аздап түсінеді.

тақырыпты ашуды дамыта алмайды.







Сөз саптауы нақты емес,

Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін







түсініспеушілікті тудырады.

көрсете алмайды.




1-2

Грамматикалық және лексикалық

Тақырыпты түсінуде қатты қиналады.







құрылымдардың қолдану аясын өте

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады,







аз түсінеді.

тіпті жауап бере алмайды.







Түсініспеушілікті тудыратын,

Талқылауға өте аз қатысады.







қайталанып келетін қателер жиі










кездеседі.