Файл: Долорес Кэннон. Мы лшемді алам. Том Мскеу. Стигмарион баспасы, 2014 352 бет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 147

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Долорес: Наска сызықтары туралы білгім келеді. Сол суреттер туралы маған не айтып бере аласың?

Клара: (Ол ұзақ үзіліс жасады. Бірақ оның түріне қарап, бірдеңе боп жатқанын түсіндім). Оларды көру үшін биікке көтерілдім. О баста салынған суреттер күшпен салынғаны көрініп тұр. Ол жерді үлкен қауым мекендеген. Бұл сызықтарды бөгде ғаламшарлықтар бағдарлау нүктесі ретінде қолданған. Кеменің қонуына көмектескен сызықтар. Әр жерді әр түрлі қауым мекендейтін. Олар әрбіріне ұшып келетін.


Д.: Яғни, бұл үстіртті адамдар мекендеді ғой?

К.: Иә. Жан-жағында, үстірттен аулақтау. Бұл олардың кемесі қонатын космодром сияқты жер еді. Бұл сызықтар адамдардың ауылы қай жерде тұрғанын көрсетіп тұратын. Кейбір ауылдар сол күйі табылмай қалды, Мачу-Пикчу сияқты емес. Кейбірін кейін тауып алады. Ал, кейбірін сол күйі таппайды. Мыңдаған жыл бұрын сіздер тіпті естімеген өркениеттер өмір сүрген.


Д.: Егер суреттер біздің заманға жетсе, неге ауылдың қирандылары жетпеген?

К.: Ауылдар біршама аулақтау жерде еді. Ал бұл жер кеме қонатын космодром еді. Үлкен кемелер осында қонатын, сосын кішігірім кемелермен ауылдарға баратын.


Д.: Мен маймыл туралы ойлап тұрмын. Ауылдар сол жерге қоныстанған ба?

К.: Жоқ. Кемелер маймылдың үстіндегі бір нүктеге қонуы тиіс болды. Содан ауылға жете алатын. Маймылдың басқа жағынан келесі ауылға жететін, басқа өркениетке баратын.

Д.: Түсінікті. Бұл бір жағынан навигациялық құрылғы сияқты болған екен ғой.

К.: Иә. Солай. Рақмет.

Д.: Адамдар бұл суреттерді ежелгі тайпалар салды деп ойлайды. Не үшін салғанына бас қатырады. Себебі, оларды жердің бетінен көру мүмкін емес.

К.: Оларды тек биіктен көруге болады. Сонда ғана... (үзіліс) бұл туралы ары қарай айтуға тыйым салынды. Мен тек табылмай кеткен ауылдар болғанын айта аламын.

Д.: Бірақ, бұл суреттерді жабайы, надан адамдар салмаған секілді.

К.: Жоқ. Бұл өте дамыған өркениет еді.

Д.: Меніңше, бұл өте ертеректе болған сияқты.

К.: Иә. Инктерден көп бұрын. Мұны ауыл тұрғындарымен сөйлесу үшін жасаған, олар кемедегі тіршілік иелері сияқты саналы емес еді. Бірақ ауылдар өзара араласып тұрды. Ғарыш кемесінің қонуы соншалықты ерекше жағдай емес еді. Бұл үстірт Жердің ғаламшараралық байланыс орталығы болды. Бөгде ғаламшарлықтар Жерге келгенде осы үлкен космодромды көретін. Олар осында елеусіз қона алатын. Ұшып келіп, ұшып кетіп. Әлі де солай істейді.


Д.: Олар әлі де сонда ұшып келе ме?


К.: Иә.


Д.: Не үшін? Ол жерде ауылдар қалмаған ғой?

К.: Олардың әрекет кестесі солай. Олар баяғыдай елеусіз қала алады. Перудегі таулардың орналасуы өте ыңғайлы. Жердің басқа тұсында елеусіз қалу мүмкін болмас еді.

Д.: Яғни, бұл суреттерді бөгде ғаламшарлықтар салды деп есептейміз ғой. (Иә). Жергілікті халық бұлай істей алмас еді.

К.: Солай.

Наска сызықтарының пайда болуы туралы осындай әркелкі пікірлер айтылды. Олар бір біріне кереғар көрінуі мүмкін. Меніңше, бұл пайымдаулар әр заманда айтылып тұр. Арасын мыңжылдықтар бөліп тұр. Кезінде мұнда адамзат өркениетімен қатар бөгде ғаламшарлықтар да мекендеген екен. Бәлкім, әрбірінің белгілі бір суретке қатысы болған шығар.
ДҮНИЕНІ БАСҚАН ТОПАН СУ ТУРАЛЫ АҢЫЗДАР

Долорес: Дүниені басқан топан су туралы әр елде әр түрлі аңыздар бар дейді.

Фил: Ақпараттың дені өзгеріссіз, сол күйі сақталып, таралған. Бірақ бәрі емес. Дүниежүзілік топан су хикаясы — бұл жай ғана аңыз емес. Олар болған оқиғаны тілге тиек етеді. Жердің тектоникалық қыртысының қозғалуы салдарынан орын алған жайт. Атлантиданың судың астына кетуі құрлықтағылар үшін топан су сияқты боп көрінген шығар.

Д.: Бұның Атлантидаға қандай қатысы болды? Тура сол мезетте болды ма? Ф.: Топан суды тек солай түсіндіреді. Аңыздағы топан су құрлықтың су астына кетуі ғой. Бірақ шынымен жаһандық себептер де болған. Мұздықтардың еруі секілді. Полюстар өзгеріп тұрған. Сондықтан топан су бірнеше рет қайталанған.


Д.: Бұл Атлантиданың су астына кеткен кезінде ме?

Ф.: Иә. Тура сол кезеңде болды. Бұл процесті тудырған көптеген себептің бірі еді.

Д.: Бұл нәрсе аяқ астынан, күтпеген жерден орын алған дейді, себебі, динозаврлар аузындағы шайнап тұрған шөбімен табылған.

Ф.: Солай. Бір сәтте бола салған жоқ, бірақ өте жылдам болды. Атмосферадағы ауа массасы сол күйі қалды. Ал, астындағы Жер қақ айырылды. Содан полюстағы суық арктикалық масса қоңыржай климаты бар жерге ауып кетті. Ауа массасының күрт құбылуы өте қатты желді тудырды.


Д.: Жер сілкінісі мен жанартаудың атқылауы ше?

Ф.: Мұндай да болды. Бұрын судың бетінде тұрған көп құрлық енді судың астына кетті де, астындағысы жердің үстіне шықты.


Д.: Яғни, Жер біршама уақыт бойы судың астында қалған ғой? Әлде бұл аңыздың бір бөлігі ғана ма?

Ф.: Көп жер судың астында қап кетті. Бірақ Жер тұтастай судың астында қалды дей алмаймыз. Топан су жетпеген жерлер болды. Бірақ оларды ел танымайтын.
ПАСХА АРАЛЫ

Долорес: Оңтүстік Америка жағалауы маңында кішігірім арал бар. Оны Пасха аралы деп атайды. Аралда алып мүсіндер көп. Адамдар әрдайым олардың шығу тегін білгісі келген.



Фил: Сіз соған түсініктеме алғыңыз келе ме? Бұл монолиттерді адамдар жасаған. Олар Атлантида мәдениетіне жатады. Олар Атлантида күйреген соң осы маңға үдере көшкендер. Алып мүсіндер шығысқа қарап, сол жақтан келетін нәсілді күтіп тұр. Бар символикасы осы.


Д.: Сол үшін осындай алып қып мүсіндеген бе?

Ф.: Өлшемінің үлкен болуы сол жаратылыстарға деген құрметінен. Адамдарға құрметін өлшеммен бейнелеу ұнайды. Мәселен, үлкен экрандағы киножұлдызды қалай құрметтейтінін айтсақ болды. Құрметтейтін адамына үлкен пропорция береді. Үлкен пропорциясы бар адамдарға құрметпен қарайды.

Д.: Түсінікті. Сонда оларды үлкейтілген өлшеммен жасаған ғой.

Ф.: Иә. Бұны фанатизм деген феноменмен түсіндірсек болады. Бұл адам нәсіліне тән ерекшелік.


Д.: Неге мүсін әлпеті де үлкейтілген?

Ф.: Бұл суреткердің тәсілі. Мысалы, кей дүниені үлкейтіп салып, белгілі бір қырын анық көрсетуге тырысқандай.

Д.: Бірақ бұлар тым үлкен. Адамдар оларды қалай жасағанын білгісі келеді.

Ф.: Бұларды тұрғызу үшін пирамиданы салған технологияны қолданды. Материалды аздап басқаша өңдеген. Қазір қолда бар өңдеу құралдарын қолданған. Бірақ тасымалдау үшін телепатиялық тәсіл қолданылды. Мүсіндердің жоғарғы жағында арнаулы кесектер болған, олар қалпақты еске түсіретін. Кейін жерге түсіп қалған. Ол қалпақтар мүсінге қарағанда басқа түрлі тастан жасалған еді.

Д.: Сол кесектердің рөлін білгім келеді.

Ф.: Сол қалпақтарға адамдар мініп, мүсіннің бағытына қарауға мүмкіндік тудыру үшін жасалған. Абыздар адам тас мүсіндер қараған жаққа қарап отырса, дүниенің мәнін түсінеді деп топшылаған.


Д.: Олар теңізге қарап, сол жақтан келетіндерге үміт артқан ғой. Осыны айтқың келіп тұр ма?

Ф.: Олардың ойынша, келетіндердің күнін жақындатамыз деп есептеген. Сол үшін бүкіл қуатын теңіз жаққа жұмсауға тырысқан. Мүсіндер қажет бағытқа қарап тұрған. Абыздар соларға шығып алып, күш-қуатын сол бағытқа жұмсайтын, көбіне олардың ниетіне орай сол жаратылыстар келетін. Оларға теңіз жақтан бөгде ғаламшарлықтар келетін. Адамдар солармен тілдескісі келетін белгі бергендей, сосын олар келетін.


Д.: Теңіз жақтан қандай кеме келуші еді?

Ф.: Бөгде ғаламшарлықтар отыратын ұшатын кеме келетін.

Д.: Мен кеме не қайық деп ойлап ем.

Ф.: Жоқ, ол зат жүзбеді, судың бетімен ұшып келетін.


Д.: Бұл атланттарға не болып еді? Олар осы аралда қап кетті ме?

Ф.: Уақыт өте келе олар түрлі тауқыметтің себебінен, климаттың өзгеруінен, жер осі қозғалды, соның кесірінен жоқ боп кетті. Бұл жерді мекендеген адамдар дүниежүзіне тарыдай шашылып кетті. Қазіргі аралдың тұрғындары үндіс тайпаларының ұрпақтары. Олар климат қайта өзгерген кезде осында көшіп келген. Келе сала осы мүсіндерді тауып алды.



Д.: Олар мүсіндердің мақсатын білді ме?

Ф.: Жоқ. Олар бұл тастарды – Құдай деп есептеді.

Д.: Сол жерден қолжазбалар табылды деп естіп ем. Оларды ешкім түсінбепті, аудара алмапты. Қандай тайпаның қолжазбасы екен? Алдымен келгендердің бе, әлде соңынан келгендердің бе?

Ф.: Бұл қолжазба мүсінді салғандардың жазбасы. Онда левитация бойынша нұсқаулар да бар. Бұл идеялар өте абстрактілі. Қазіргі заманның адамдары оқыған күннің өзінде түк түсінбес еді. Оларды түсіну үшін бүтін кешенді идеялар мен абстракция қажет. Қазіргі Жердің тұрғындарында ол жоқ.


Д.: Жер бетінде атланттардың тікелей ұрпақтары қалды ма екен?

Ф. Мысырлықтар — терісі көк зәйтүннің түсіндей нәсіл — атланттардың шығу тегіне ең жақыны солар. Олар Атлантида тұрғындарынан тараған. Аралдың жергілікті тұрғындары климат өзгерген кезде кетіп қалған. Себебі, Жер үнемі көңіл күйі құбылып тұратын әйел сияқты, сондықтан адамдар бір жерден екінші жерге көшіп-қонып жүреді.


Д.: Оларға бөгде ғаламшарлықтар көмектесті ме?

Ф.: Олардың көмегіне мұқтаж болмады. Себебі, өздері де сумен жақсы саяхаттай алатын.

Транстан шыққан Фил абыздарды көргенін айтты. Мүсіннің төбесіне шығып, аяқтарын айқастырып отырған. Олар теңіз жақтан ұшып келе жатқан құрылғыларға қарап отыр екен.
Джон тағы бір рет астралды Кітапханаға барды. Шырақшы одан не білгіміз келетінін сұрады. Кітапханаға келетін адамдарға шектеу бар ма деп сұрадым. Ол жалпы шектеу жоқ деді. Бірақ жаны төмен деңгейлі қуатпен өмір сүретіндер мұнда келе алмайды деді. Олар білім іздеуге құштар болмайды. Оның үстіне қуаттың айырмашылығы мұндай жерден кері ысырып отырады екен.

Д.: Жер бетінде адамзат түсінбей келе жатқан құпиялар көп.

Дж.: Солай. Аспанда да құпия көп. Шырақшы саналы зерде бәрін түгел түсіне алмайды дейді. Бұл да бір шектеудің түрі десек болады. Ал жоғары саналы адамдар саналы зерде түсінбейтінді түсінеді. Сондықтан шектеу туралы айтсақ, осылай түсіндірген абзал.


Д.: Сеніңше, саналы зердеге бұл тым күрделі деп тұрсың ба?

Дж.: Иә. Оның айтуынша, сіздер қажетті қуат деңгейіне шыққан жоқсыздар. Балабақшаға жаңа барған үш жасар балаға алгебра кітабын ұстатпайсыңдар ғой дейді. Кітапхана да солай қызмет етеді. Үш жасар бала алгебраны түсінбейді.

Д.: Кейде маған мен түсінбейтін заттарды айтатын.

Дж.: Солай. Бұл білім сізді дамытуға үлес қосады. Анағұрлым көп дүниені түсінуге итермелейді.

Д.: Зердемізді ашуға септеседі.

Дж.: Иә.


Д.: Ал, Жер бетіндегі құпияларды түсінуге тырысып көрелік. Көру залына өткеніміз дұрыс па?



Дж.: Бәрі не жайында білгіңіз келетініне байланысты?


Д.: Пасха аралындағы алып мүсіндер туралы ақпарат ала аламыз ба?

Дж.: Шырақшы иә деді. Ол үшін көру залына өту керек. Бұл арал кезінде Лемурия құрлығының бір бөлігі болған екен. Лемурия су астына кеткенде бұл киелі таудың ұшар басы болыпты. Шырақшының айтуынша, лемурлықтардың тайпалық реттілігі болған, олар физика заңдарын жақсы білген. Олар осы мүсіндерді жасауы мүмкін. Олар тасқа қажетті пішінді бере алған. Зерденің күшімен тасымалдай білген. Мұның бәрін олардың бақсылары, абыздары мен түрлі тайпалардың көшбасшылары жасаған. Жер осі қозғалып кеткенде бұл жер суға батпай қалған санаулы жердің бірі еді. Қазіргі заман ғалымдары тастың жасын біле алмай жатыр. Себебі, олар өте көне заманнан. Бұл тастар өзгеше тастар. Дұрыс сөз таба алмай жатырмын. Геологтардың ойынша, тастың жасын білеміз дейді, бірақ олай емес.

Сол себепті олар жұмбақ болып тұр. Бірақ бұл көне Лемурия өркениетінің қалдықтары. Ол тастардың жасы шамамен жиырма мың жыл дейді.

Д.: Қазіргі заман ғалымдары бұл тастарды жақын жердегі таудан алған дейді.

Дж.: Тастарды шынымен жақын маңайдағы таулардан әкелген. Солайы солай. Оларды қуатқа зейін қою арқылы өңдеген – сонда тас жұмсақ болды, қарапайым құралдармен қажет пішінді берді. Өте қарапайым тәсіл. Пышақпен майды кескендей.


Д.: Ғалымдардың ойынша, тастарды үлкен арақашықтыққа тасымалдаған. Рас па? Оларды қалай тасымалдаған?

Дж.: Ол үшін телепатиялық тәсілді қолданған. Сондықтан ешбір із қалмаған.

Д.: Кейбірі төңкеріліп қалған. (Иә). Қазір көріп тұрған мүсіндер бір бағытқа қарап тұр. Шамасы, бәрі теңіз жаққа қарап тұрғандай, егер, әрине, оларды біреу қозғап қоймаса.

Дж.: Жоқ, оларды ешкім қозғамады. Шырақшының айтуынша, олар сол кездегі Күн шығысқа қарап тұр. Ол кезде Күн қазіргіге қарағанда басқа жақтан шыққан. Олар сол бағытқа қарап тұрған.


Д.: Неге олар Күн шығысқа қарап тұрды?

Дж.: Мұның рухани және діни мағынасы болды.

Д.: Бұл мүсіндер ненің символы болды екен? Олар бір-бірінен аумайтындай.

Дж.: Олар адам жанының символы. Қарауыл мұнарасының күзетшілері. Бейнелеп айтқанда. Олар ежелгі Лемурияның түрлі тайпаларының күзетші-рухтарының символы. Ежелгі Лемурияда 136 түрлі тайпа өмір сүрген. Сіз оларды жабайы деуіңіз мүмкін, бірақ олардың рухани әлемі өте қатты дамыған.

Д.: Шамасы, олардың экстрасенсорлы қабілеті болған секілді.

Дж.: Иә, олардың көшбасшыларының экстрасенсорлы қабілеті болды.