Файл: Сабаты таырыбы Кіріспе орыт Байбрі баласы БамсыБайра туралы жырды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 71

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сабақ тақырыбы

М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.Б/С4 - шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу.

Сабақтың

мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады:

Шығарма бойынша өзіндік сыни пікір жазады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазады.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:

шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге талдау жасай отырып, өзіндік сыни пікірін нақты мысалдармен жазады.

Тілдік

мақсат

Оқушылар орындай алады: тақырып бойынша берілген үзінділердің мағынасын әр оқушы жан-жақты талдап, түсіндіре алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

эпилог – автордың шығарма соңында жазған қорытынды сөзі

тәуіп – ел арасында әр алуан ем-дом жасайтын емші, бақсы-балгер

аракідік –ара-арасында, анда-санда

адуынды –азулы, өжет, өткір

сарқыт – бұл жерде жалғыз деген мағынада

кәззап – оңбаған, сұрқия, жексұрын, алаяқ

байыз – сабыр, дегбір

сүле-сопа – селқос бей-жай, еш нәрсеге көңілі жоқ

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: егер мен автор болсам..., ойымды қорыта келе..., т.б.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Ақын шығармасынаарқауболғантақырып? Неліктен?

  • Аққудыатуға бола ма? Себебін мысалдармен түсіндір?



Құндылықтарды

игерту

Мәңгілік Ел стратегиясындағы жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын білім берудің еңбек және шығармашылық,ынтымақтастық, өмір бойы білім алу құндылықтарымен ұштастыру.

Пәнаралық байланыс


Бейнелеу өнері, қоғам, география

Бағалау критерийі

  • шығарма бойынша жазылған әдеби сын –пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазады.

  • Пікірін дәйектеме арқылы білдіреді.

Ойлау дағдыларының деңгейі


Жоғары деңгей дағдылары

Алдыңғы білім

Поэманың мазмұнын толық меңгерген. Кейіпкерлерге мінездеме берілген.





Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Уақыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу


Ресурс

Сабақтың басы



1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу

2. Психологиялық ахуал

Оқушыларды ішкі және сыртқы шеңберге тұрғызып, «Дыбыстау» ойынын ойнату. Сыртқы шеңбердегі оқушыларға тақырыптан алынған үзінділер салынған конверт ұсынылады. Олар үзіндіні дыбыссыз, қимылмен бейнелейді. Ішкі шеңбердегілер дыбыстау арқылы өз ойын жеткізеді. Оны айтпай шатасып қалған жағдайда сыртқы шеңбердегі оқушы жабық сұрақ арқылы көмек көрсетеді.

Оқушылар пазл әдісі бойынша топқа бөлінеді (пазлдағы суреттер: ана, Жетімкөл, аққу)



https://bilimland

kz/kk#lesson=7955

Сабақтың ортасы




Жеке жұмыс

М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы «БББ»кестесін толтыру.


Білемін

Білгім келеді

Білдім











Жұппен жұмыс. «Ойлан–жұптас–бөліс» тәсілі

1. Бала өліміне не себеп болды деп ойлайсыңдар? Баланы емдеуге болар ма еді?

2. Ананың орнында қандай шешім қабылдар едіңдер?

3. Ақын орнында поэманы қалай аяқтар едіңдер?

4. Өмірдегі қасиет пен қасірет туралы не білесіңдер?

5. Қазіргі заманда жылқышы қарт сияқты табиғат жанашырлары бар ма? Поэмада көтерілген экологиялық мәселе туралы не айтасыңдар?



Берілген сұрақтар бойынша әрбір оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен бөліседі; бүкіл топтық талқылауға ұласады.



Жеке жұмыс. Графикалық органайзер

«Сөздіктің көмегімен сөздік қорды байыту.


Сөз

Сіздің ойыңызше оның мағынасы қандай?

Сөздіктегі анықтамасы

Сөздікті пайдалана отырып құрылған сөйлем

эпилог










тәуіп










аракідік










адуынды










байыз










кәззап










сүле-сопа











Жұптық жұмыс

«Ашық хат» тәсілі арқылы жазылған әдеби сын –пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу.

1-топ. «Мұқағали поэзиясы – таңғы шықтай мөлдір, сырлы,мұңлы поэзия» – дейдіФ.Оңғарсынова.

2-топ. «Ойын сиқырлы сөзбен айта білу, тапқыр ойды өрнекті тілмен жеткізе білу – Мұқағали өлеңдерінің негізгі құдіреті» (Бексұлтан Нұжекеұлы).

3-топ. «...Тіршіліктің тәттілігі мен ақиқаттың ащылығынан мейірі қанғанша дәм татқан қауымның өскелеңдігі мен өміршеңдігі де осында. Мұқағали халқымен бірге мәңгі өмір сүреді» (Әбіш Кекілбаев).

Дескриптор:

-Туындыға жалпы сипаттама жазады.

- Ұсынылған пікірді өз сөзімен өрбітеді

- Пікірді мысалмен дәлелдейді.

- Қорытынды жасайды.
Жұптық жұмысқа. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы кері байланыс жүргізу.

Топтық жұмыс. «Дәйексөз іздеу» ойыны

Оқушылар шағын топтарға бөлінеді де, өздеріне түрлі рөл алады: бірі жүйрік, бірі хатшы және топтың қалған бөлігі – оқырмандар. Әр топқа мәтін беріледі. Тақтада әр топқа арналған ұяшықтар тұрады, әрқайсысында бір сұрақ жазылған. Жүйрік барып, сұрақтардың біреуін алады да, жауап беру үшін оны өз тобына апарады. Олар келесі сұраққа көшпес бұрын, жүйрік сұрақ пен жауапты тексерту үшін мұғалімге беруі тиіс. Өз сұрақтарына бірінші болып жауап беріп болған топ «жеңімпаз» болып табылады.




Сабақтың соңы



Кері байланыс

«БББ» кестесіне қайта оралу, толықтыру






Сабақ тақырыбы

Жүніс Сахиевтің «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/Ж1. Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау.

Сабақтың

мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады:

Әңгіменің сюжеттік желілерін түсінеді, эпилог, прологтарды анықтайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Әңгіменің сюжеттік желілерін құрастырады, эпилог, прологтарды анықтайды.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:

Әңгіменің сюжеттік желілерін құрастырады, талдау жасайды.

Тілдік

мақсат

Оқушылар орындай алады: Сюжеттік-композициялық жоспар құра алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: ғарыш кемесі, ғарыш айлағы, бейтаныс ғаламшар, геосинхронды, геостационарлы, Дауыл мұхиты, Жаңбырлар теңізі, Дағдарыс теңізі, т.б.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: қоршаған орнаны қорғау, «Табиғаттың болашақ тазалығы сендердің қолдарында.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Мерген мен Сартайдың айға сапар шегу себебі қандай?

  2. Сыныптастары неліктен олардың жауабына күлді?

  3. Мерген неліктен шұңқырға түсті?

  4. Неліктен Сартай шұңқырға түскен Мергенді таппай қалды?

  5. Балалардың бір-бірін көре алмау құбылысының сыры неде екенін әкесі қалай түсіндірді?

Құндылықтарды

игерту

Мәңгілік Ел стратегиясындағы жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын білім берудің еңбек және шығармашылық,ынтымақтастық, өмір бойы білім алу құндылықтарымен ұштастыру

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі, астрономия.

Бағалау критерийі

  • Әдеби туындының сюжеттік желілерін құрастыра алады.

  • Эпилог, прологтарды анықтайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану.

Алдыңғы білім

Фантастикалық шығармалар, аспан әлемі туралы біледі.

1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   64




Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Уақыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу


Ресурс

Сабақтың басы

2 минут


1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу

2.Психологиялық ахуал. Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызу. Аспан әлеміне қатысты сөздермен бір-біріне тілек айтқызу: Аспандай ашық бол, Күндей шуақты бол, т.б.

Ай, жұлдыз, күн, комета сөздерін айтқызу арқылы топқа бөлу.

«Тақырыпты болжау»

Оқушыларға мәтін мазмұнынан хабар беретін суреттер беріледі.





  • Ай суретінің бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар?

  • Айда қандай тіршілік бар деп ойлайсыңдар?

  • Бүгінгі сабақ тақырыбы қандай болуы мүмкін?

  • Қиялдан қандай шығармалар пайда болады?

  • Қандай фантастикалық шығармалар білесіңдер?

  • Қандай фантаст-жазушыларды білесіңдер?




Сабақтың ортасы



Топтық жұмыс

Автор туралы мәліметпен жұмыс.

«Пікір алмасу» тәсілі

Әрбір топ тақырыпқа қатысты бес сұрақ дайындайды. Әрбір сұрақты стикердің бірінші жағына жауабын екінші жағына жазып, келесі топпен алмасады. Топ басшысы стикердегі сұрақты оқиды, топ мүшелері жазып дайындайды. Көшбасшы белгі бергенде, барлығы өз жауабын ашады және талқылып, дұрыс жауаппен салыстырады.

Кері байланыс

Автор туралы не білдік? Автор өмірбаянынан не білдік? Не үйрендік?

Топтарды бағалау. «Шапалақ» тәсілі

Ең ұтымды жауап пен сұраққа-төрт шапалақ, Ең қызықты жауап мен сұраққа – үш шапалақ, Ең дәлелді жауап пен сұраққа – екі шапалақ.

Топтық жұмыс. Бірлескен оқылым

«ДЖИГСО» тәсілі

1-қадам. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтап, тақырып бойынша білімді өзектендіреді;

2-қадам. Мәтін бөліктеріне сай топ мүшелерінің әрқайсысы тапсырмаларды бөліп алады:

  1. Оқу жылының басталуы. Мұғалім сауалы. Кейіпкер әңгімесі. Айға сапар.

  2. Айға орналасу. Айдағы құбылыстар. Тіршіліксіздік.

  3. Айдағы жасырынбақ

  4. Әке әңгімесі. Қоршаған ортаны қорғау.

3-қадам. Сараптау топтарына қайта бөлінеді (1-бөлікпен жұмыс жасағандар бір топқа, 2-бөлікпен жұмыс жасағандар екінші топқа, т.с.с.).

4-қадам. Сараптау тобында өздері оқып шыққан үзіндіге талқылау жасайды, топ мүшелеріне түсінікті етіп жеткізудің жолдарын белгілейді.

5-қадам. Өз топтарына барып, сараптау тобында талқылап келген тапсырмасын түсіндіреді, өзара сұрақтар қояды.

Қалыптастырушы бағалау

Топ ішінде бірін-бірі фишкамен бағалайды. Ең жақсы түсіндірген оқушыға көк, орташаға сары фишкалар беріледі.
Жұптық жұмыс. Кесте толтырады

Әңгіме композициясы

Жұптардың жауабы

Өзіндік пікір

Қиялдан туған қисындар

Эпилог










Басталуы










Дамуы










Шиеленісуі










Шарықтау шегі










Шешімі










Пролог











Дескриптор:

- әңгіменің композициялық желісін, эпилог, прологтарды анықтайды;

- өзіндік пікір айтады;

- қиялдан туған қисындарға мысал келтіреді.

Жұптар бірін-бірі «коментарий жазу» тәсілі арқылы бағалайды.




Сабақтың соңы



«ҚҚҚ кестесі»


Маған қызық болған 2 нәрсе

Маған қиын болған 2 нәрсе

Маған құнды болған

2 нәрсе

















Сабақ тақырыбы

Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесінің идеясы мен пафосы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/Ж2. Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу

Сабақтың

мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады:

Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:

Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады, өзіндік көзқарас білдіреді.

Тілдік

мақсат

Оқушылар орындай алады: Сюжеттік-композициялық жоспар құра алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: ғарыш кемесі, ғарыш айлағы, бейтаныс ғаламшар, геосинхронды, геостационарлы, Дауыл мұхиты, Жаңбырлар теңізі, Дағдарыс теңізі, т.б.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: қоршаған ортаны қорғау, «Табиғаттың болашақ тазалығы сендердің қолдарында», т.б.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Жазушы көтерген мәселе қандай?

  2. Дәл сондай мәселе Жер ғаламшарында да бар ма?

  3. Бар болса ол қандай? Оған кім кінәлі?

Құндылықтарды

игерту

Мәңгілік Ел стратегиясындағы жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын білім берудің еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алу құндылықтарымен ұштастыру

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі, астрономия.

Бағалау критерийі

  • әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

  • өзіндік көзқарас білдіреді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану, жоғары ойлау дағдылары

Алдыңғы білім

Жүніс Сахиев туралы және «Айдағы жасырынбақ» әңгімесінің мазмұнын біледі.


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Уақыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу


Ресурс

Сабақтың басы




1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

2. Психологиялық ахуал. Оқушыларға сағат макеті таратылады. Оған олар өздері жазғысы келген 5 сыныптасының атын жазады. Орындарынан тұрып мұғалімнің төмендегі нұсқауымен жазған 5 сыныптасына қолдау көрсетеді.

1. Қолын қысыңыз.

2. Арқасынан қағыңыз.

3. Күлімсіреңіз.

4. Қол бұлғаңыз.

5. Көзіңізді қысыңыз.




Сабақтың ортасы



Т. «Доп лақтыру»
« Доп лақтыру» сұрақ-жауап жүргізу әдісібойынша оқушылар үлкен шеңберге тұрады. Ойынды мұғалім бастайды. «Мен ескерткіштің не екенін білемін, ескерткішке кітап береді» деп допты қарсы жақтағы оқушыға лақтырады. Доп лақтыру арқылы сабақтың кез келген бөлімінде тақырыпқа сәйкес сұрақ алмасуға болады. Оқушылар доп лақтыру арқылы бір-бірлеріне сұрақ қойып, кезекпен айналым жасап шығады. Сыныптың барлық мүшелерін қамтиды, барлық оқушылар сұрақтарға жауап беруге ұмтылады.

Сұрақтар:

  1. Жазушы көтерген мәселе қандай?

  2. Дәл сондай мәселе Жер ғаламшарында да бар ма?

  3. Бар болса ол қандай?

  4. Оан кім кіналы?

  5. Нліктен әңгімені «Айдағы жасырынбақ» деп атады?

  6. Әңгімедегі басты идея қандай? Қандай сөйлемдер, сөздер арқылы дәлелдейсіңдер?




  1. Егер де сен фантаст-жазушы болсаң қалай жазар едің?

Қалыптастырушы бағалау. «Құнды пікірлер себеті» Оқушылар өздері тыңдаған жауаптар бойынша құнды пікірлерді стикерге жазып, сынып алдында оқып, себетке салады.

Жеке жұмыс

«Қиял» сөзіне бес жолды өлең құрастырыңдар.

Бірінші жол – тақырыптың атауы (әдетте зат есім алынады).

Екінші жол – тақырыпты сипаттайтын екі сөз (әдетте сын есім алынады).

Үшінші жол – тақырып туралы қимылды білдіретін үш сөз (әдетте етістік).

Төртінші жол – тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы.

Бесінші жол – бір сөз – тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз.

Жұптар бірін-бірі «жазбаша коментарий» тәсілімен бағалайды.

Жетекші сұрақтар

  1. Қазақстанда қандай экологиялық мәселелер бар?

  2. Шығу себептері неде деп ойлайсыңдар?

Ойларыңды жинақтап, жұбыңмен ақылдасып, креативті матрицаға түсіріңдер.
Жұппен жұмыс. «Креативті матрица» тәсілі

Проблема

Қандай мәселе?







Адамдар

Кімдер?







Орын

Қайда, қай жерде көрініс тапты?







Себеп

Не себептен?







Шешу жолдары

Сіз қалай ойлайсыз?







Жұптардың сынып алдында қорғауы.

Жұптарын бірін-бірі «Мадақтау тағамы» тәсілімен бағалайды. Нан – мадақтау. Шұжық – сын айту. Ірімшік – ұсыныс айту.



Сабақтың соңы




«Бағдаршам» тәсілі

Қызыл – тапсырманы орындау кезінде не кедергі болды?

Сары – қай тапсырма көңіліңізден шықты? Неге?

Жасыл – тапсырмаларды орындауға не көмектесті?

1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   64