Файл: Сабаты таырыбы Кіріспе орыт Байбрі баласы БамсыБайра туралы жырды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 70

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Сабақ тақырыбы

Жүніс Сахиевтің «Айдағы жасырынбақ» әңгімесінің кейіпкерлер әлемі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу.

Сабақтың

мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады:

Көркем шығармадағы кейіпкерлерге мінездеме береді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Әңгіме кейіпкерлеріне жазушының тура және жанама мінездеулерін пайдалана отырып, мінездеме бере алады.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:

Әңгіме кейіпкерлеріне жазушының тура және жанама мінездеулерін пайдалана отырып мінездеме береді, өзіндік пікір білдіреді.

Тілдік

мақсат

Оқушылар орындай алады: кейіпкерлерге мінездеме береді.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: дерек, ой-пікір, сұрақ т.б.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Әңгіме кейіпкерлері кімдер?

  • Жазушының суреттеуінде қалай?

  • Кейіпкерлер қарым-қатынасынан оларды қалай тани алдыңдар?

Құндылықтарды

игерту

Мәңгілік Ел стратегиясындағы жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын білім берудің еңбек және шығармашылық,ынтымақтастық, өмір бойы білім алу құндылықтарымен ұштастыру

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі, астрономия

Бағалау критерийі

  • Жазушының тура және жанама мінездеулерін ажырата отырып, кейіпкерлерге мінездеме береді.

  • Өзіндік көзқарас білдіреді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану, жоғары ойлау дағдылары

Алдыңғы білім

Жүніс Сахиев туралы және «Айдағы жасырынбақ» әңгімесінің мазмұнын, тақырыбы мен идеясын біледі.


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Уақыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу


Ресурс

Сабақтың басы




1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

2. Психологиялық ахуал. «Жүректі тазарту» Оқушыларға таза парақшалар таратылады. Оған дәл қазіргі кездегі бойындағы кірбіңді, ренішті, қолайсыз көңіл күйді жазу ұсынылады. Жазып болған соң қоқыс жәшігіне тастайды. Осылайша барлық жағымсыз көңіл күйден арылып, тазарған жүрекпен, көтеріңкі көңіл күймен сабақ басталады.

3. «Динамика», «Статистика» ойыны. Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы отырады. «Динамикалар» қозғала жүріп, «Статистикаларға» «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі бойынша сұрақтар қояды.

- Жаттығу қалай өтті? Не білдік? Не үйрендік?




Сабақтың ортасы




  • Айға қанша адам барды? Олар кімдер?

  • Мерген қандай бала? Оның әкесі ше? Сартай, сендердің ойларыңша, қандай бала? Олай болса, дәлелдейік.

Оқушыларды санау арқылы 3 топқа бөлу:

1-топ: Сартай.

2-топ: Мерген.

3-топ: Мергеннің әкесі

«Қабырғадағы рөл» тәсілі

1-қадам. Әр топ флипчартқа адамның сұлбасын салады. Адамның ішіне, яғни жүрек тұсына кейіпкердің әрекеттерін, жазушының суреттеулерін жазады, екі аяғы мен екі қолына «қандай адам?» сұрағына жауап, адам сұлбасының сыртына кейіпкерге қойғысы келген сұрақтарды қояды.

2-қадам: Қабырғаға іліп қойып, топтар қорғайды.

Қалыптастырушы бағалау: «Галереяны шарлау» тәсілі

Топтара өзара бағалауды стикерге жазу арқылы жүзеге асырады.

«FILA толтыру» әдісі көркем шығармадағы кейіпкердің образдық тұлғасын ашуға бағытталады. Топ құрамында төрт адам болады. Әрқайсысы «FILA толтыру» әдісі бойынша тапсырма түрлерін бөліп алады, қорытындысында жұмыстарын біріктіріп, кестені толтырады.

F /Дерек/ – шығармаданкейіпкер бейнесін ашатын деректер жинау;

I /Пікір/ – кейіпкер туралы өзінің ой- пікірі;

L /Сұрақ/ – кейіпкердің образдық тұлғасын ашатын сұрақтар;

A /Іс-әрекет/ – автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тура және жанама мінездеуін табады.


Деректер

Ойлар

Сұрақтар

Іс-әрекет













Дескриптор:

- кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинайды; - кейіпкер туралы өзінің ой-пікірін білдіреді;

- кейіпкердің образдық тұлғасын ашатын сұрақтар құрастырады;

- тура және жанама мінездеулерді табады.

Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз бір тілек»

Сонымен әңгіме кейіпкерлерін жазушының суреттеуінен, кейіпкерлер қарым-қатынасынан қалай тани алдыңдар?




Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс

«3-2-1»

Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;

Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.

Үлестірме кесте




Сабақ тақырыбы

Жүніс Сахиевтің «Айдағы жасырынбақ» әңгімесінің тілі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

А/И3. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау.

Сабақтың

мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады:

Шығармадағы көркемдегіш құралдарды (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) табады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай алады.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:

Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтайды.

Тілдік

мақсат

Оқушылар орындай алады: Әңгіме тіліне талдау жасайды.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: кейіптеу, перифраз, эллипсис, психологиялық параллелизм, т.б.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Автор әңгімеде қандай көремдегіш құралдар пайдаланған?

  • Автор стилі қандай? Тағы қандай ой айтылмай қалды деп ойлайсыңдар?

  • Автор орнында болсаңдар, тағы не қосар едіңдер?

Құндылықтарды

игерту

Мәңгілік Ел стратегиясындағы жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын білім берудің еңбек және шығармашылық,ынтымақтастық, өмір бойы білім алу құндылықтарымен ұштастыру

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі, әдебиет теориясы

Бағалау критерийі

  • Шығармадағы көркемдегіш құралдарды табады.

  • Автор стилін анықтайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану, жоғары деңгей дағдылары

Алдыңғы білім

Жүніс Сахиев туралы және «Айдағы жасырынбақ» әңгімесінің мазмұнын, тақырыбы мен идеясын біледі.

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Уақыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу


Ресурс

Сабақтың басы




1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

2. Психологиялық ахуал

3. Ширату. «Соңғы сөз сөйлемнің басы»

Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Олардың бірі қозғалып жүре бастайды да, кездейсоқ бір оқушының алдына тұрып, оған бір пікірді айтады, мысалы, «Атмосфера, биосфера, гидросфераны таза ұстау керек» Біріншінің артында тұрған оқушы шеңберді айнала жүріп, басқа баланың алдына барып тұрып, жаңа пікірді айтады, ол осының алдындағы пікірдің соңғы сөзінен басталуы тиіс.

«Көкейімізге осы мәселелер сіңсе екен», «Намысты қолдан бермей, экологияны таза сақтайық!», «Қай-қайсысымызға осы сөз қамшы болсын!» т.с.с.

Оқушыларды «атмосфера», «биосфера», «гидросфера» қимақағаздарымен топқа бөлуге болады.



Сабақтың ортасы



Жеке жұмыс

«Бейне тіл құралы» семантикалық кестесін толтыру.


Ереже

Перифраз

Кейіптеу

Эллипсис

Психоло-гиялық паралел-лизм

Сөйлем ішінде немесе өлең шумағында атап айтпаса да түсінікті кейбір сөздерді әдейі жазбай тастап кету













Екі ұдай нәрсені, құбылысты, ұғымды, сезім

ді қатар қойып, жұптап сурет

теу













Жансызға жан бітіре суреттеу













Құбылыстар мен заттардың атын атап, түсін түстемей, айрықша белгі-қасиеттеріне негіздей отырып ауыстыру тәсілі














Жұптар бірін-бірі тексереді.


Топтық жұмыс

1-топ:

  1. Әңгімеден перифраздарға мысалдар табу.

  2. Перифраз пайдалана отырып, шағын әңгіме жазыңдар.

1-топ:

  1. Әңгімеден эллипсиске мысал табу.

  2. Эллипсис пайдалана отырып, шағын әңгіме жазыңдар.

1-топ:

  1. Әңгімеден пейзаждық суреттемелерге мысалдар табу.

  2. Психологиялық параллелизм пайдалана отырып, табиғатқа шағын суреттеме жазыңдар.

1-топ:

  1. Әңгімеден кейіптеуге мысалдар табу.

  2. Кейіптеу пайдалана отырып, табиғатқа шағын суреттеме жазыңдар.


Дескриптор:

- әңгімеден аталған көркемдегіш құралдарды таба алады.

- көркемдегіш құралдарды шығармашылық жұмыста қолдана алады.

Топтардың қорғауы. Өзара бағалау. «Екі жұлдыз бір тілек»

Топтық жұмыс. «Шашылған ойлар мен сөйлемдер» тәсілі

Әр топқа төмендегі әңгімеден алынған үзінділер таратылады. Топта қарап талқылап ой қорытады.

1-топ: екі сөйлем, 2-топ: үш сөйлем, 3-топ: төрт сөйлем, 4-топ: бес сөйлеммен қорытады.

Ұсынылатын сұрақтар:

  • Автор әңгімеде қандай көремдегіш құралдар пайдаланған?

  • Автор стилі қандай? Суреттеу басым ба, баяндау басым ба? Олардың рөлі қалай?

  • Тағы қандай ой айтылмай қалды деп ойлайсыңдар?

  • Автор орнында болсаңдар, тағы не қосар едіңдер?

«Айналаның бәрі бейне бір күл шаңының астында қалғандай көңіл құлазытады. Жер бізге қара аспанға іліп қойған шыны шар тәізденіп көрініп тұрды Қиыр ғарыштан қаңғып келген аспан тастары ғаламшардың бетін әжімге толтыра берді.

  • Табиғаттың болашақ тазалығы сендердің қолдарында, – деді сол кезде көкем Сартай екеуміздің сөзімізді тыңдап болып, – достарыңа да түсіндіріңдер мұны...

Көңілімізді сергітіп жіберді, сәл жымиып алды, ғарыш кемесі, ғарыш айлағы, қараңғы дүние т.б.

Не көгілдір көкжиек жоқ, не аспанды шарпыған әсем бұлт жоқ. Күннің сәулесі де шашырамай бажырая қалған. Көз қарықтырады.

Біз Жерден өліара қарсаңында аттанғанбыз. Біз оны Жаңа Ай туды дейміз Ал сол кезде Айда шың мәнінде таң атып, Күн шығады екен. Сартай екеуміз қазақ халқының оны ежелден-ақ дәл білгеніне қайран қалдық. Қала шамдары жымыңдамады».

Топтардың қорғауы.



Сабақтың соңы




«Бес саусақ» тәсілі

  1. Бас бармақ: Не білдім?

  2. Балаң үйрек: Не үйрендім?

  3. Ортан терек: Кімге көмектестім?

  4. Шылдыр шүмек: Не қиын болды?

  5. Кішкентай бөбек: Не қызық болды?



1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   64





Сабақ тақырыбы

Жүніс Сахиевтің «Айдағы жасырынбақ» әңгімесінің өміріміздегі маңызы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Б/С1. Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру.

Сабақтың

мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады:

Шығармаға материалдық және рухани құндылықтар тұрғысынан баға бере алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, баға бере алады.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:

Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға бере алады.

Тілдік

мақсат

Оқушылар орындай алады: әңгіменің жаңашылдығы мен заманауилығын салыстырып, баға береді.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: рухани, материалдық құндылық т.б.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: таза болса табиғат, аман болар адамзат т.б.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Әңгіме осы заманға сай ма? Қалай түсіндірер едіңдер?

  • Жаңашылдығы неде?

  • Материалдық, рухани құндылыққа не жатады?

  • Бұл екеуінің бір-бірімен байланысы бар ма?

  • Осы ұғымдарды әңгімемен қалай байланыстырар едіңдер?



Құндылықтарды

игерту

Мәңгілік Ел стратегиясындағы жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын білім берудің еңбек және шығармашылық,ынтымақтастық, өмір бойы білім алу құндылықтарымен ұштастыру

Пәнаралық байланыс


Тарих, қазақ тілі, астрономия

Бағалау критерийі

  • Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға береді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану, жоғары ойлау дағдылары

Алдыңғы білім

Жүніс Сахиев туралы және «Айдағы жасырынбақ» әңгімесінің мазмұнын, тақырыбы мен идеясын біледі.



Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Уақыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу


Ресурс

Сабақтың басы




1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

2. Психологиялық ахуал

Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызу. Жағдаят туғызу: ғарышқа жолың түсіп барып келдің. Сонда сен сыныптасыңа қандай сыйлық әкелер едің? «Құпия сыйлық» ойыны. Оқушылар бір-біріне ым-ишарамен сыйлық сыйлайды. Екінші айналымда не сыйлағанын табады.

Кіріпе сұрақтар:

  • «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі ұнады ма?

  • Несімен?

  • Әңгіменің заманауилығын қалай түсіндірер едіңдер?

  • Жаңашылдығы неде?

  • Материалдық, рухани құндылыққа не жатады?

  • Бұл екеуінің бір-бірімен байланысы бар ма?

  • Осы ұғымдарды әңгімемен қалай байланыстырар едіңдер?

Оқушыларды 4 топқа бөлу.





Сабақтың ортасы

8 минут

10 минут

Топтық жұмыс

«Көшпелі бекет» тәсілі

4 топқа 4 түрлі маркер беру, флипчарт тарту. Топтар 4 сұраққа қатысты ойларын 2 дәлелмен, өз түстерімен жазып шығады.

1-флипчарт: Әңгімедегі материалдық құндылықтар

2-флипчарт: Әңгімедегі рухани құндылықтар

3-флипчарт: Әңгіменің заманауилығы

4-флипчарт: Әңгіменің жаңашылдығы
Дескриптор:

- дәлелдері толық;

- дәлелдері тақырыпты ашады.

Топтардың қорғауы. Өзара бағалау «Екі жұлдыз бір тілек»

Жұппен жұмыс. Жұбымен ақылдаса отырып, әңгіме мазмұны бойынша кесте толтырады.

Кесте № 1

Қиялдағы материалдық құндылық

Шынайы өмірдегі материалдық құндылық

Заманауилығы






Жаңашылдығы








Кесте №2

Қиялдағы рухани құндылық

Шынайы өмірдегі рухани құндылық

Заманауилығы






Жаңашылдығы







Әңгіме идеясын ашатын мақал-мәтел жазу





Дескриптор:

  • Шынайы өмір мен қиялдағы материалдық, рухани құндылықтарды табады, салыстырады;

  • Заманауи мен жаңашылдығын ажыратып, баға береді.

Сынып алдында жұптар қорғайды.

Қалыптастырушы бағалау

«Шапалақ» тәсілімен топтар өзара бағалауды іске асырады. 4 шапалақ алған топ «Керемет», 3 шапалақ жинаған топ «Жарайсың», 2 шапалақпен бағаланған топ «Өте жақсы», т.с.с.




Сабақтың соңы




«Ауа райы» әдісі арқылы ауыл бейнеленген суретке күн, бұлт, жаңбыр суретін жапсырады.

Күн – өте жақсы түсіндім, сабақ қызықты болды .

Бұлт – жақсы түсіндім, ұнады .

Жаңбыр – маған қиындау тиді .






Сабақ тақырыбы

Жүніс Сахиевтің «Айдағы жасырынбақ» әңгімесін оқығаннан кейін туған ойлар...

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Б/С3. Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу

Сабақтың

мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады:

Шығарманы талдап, әдеби эссе жазады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Шығарманың гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:

Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады.

Тілдік

мақсат

Оқушылар орындай алады: шығарма бойынша әдеби эссе жазады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: күшті, әлсіз жақтары, мүмкіндіктер, қауіптер, т.б.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдер, дәлелдер, тақырыптық сөйлем, т.б.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Әңгіменің көтерген жүгі ауыр ма, жеңіл ме?

  • Әңгімеге байланысты қандай тақырыпқа эссе жазар едіңдер?

Құндылықтарды

игерту

Мәңгілік Ел стратегиясындағы жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын білім берудің еңбек және шығармашылық,ынтымақтастық, өмір бойы білім алу құндылықтарымен ұштастыру

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі, астрономия

Бағалау критерийі

  • Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану, жоғары ойлау дағдылары

Алдыңғы білім

Жүніс Сахиев туралы және «Айдағы жасырынбақ» әңгімесінің мазмұнын, тақырыбы мен идеясын біледі.


Сабақ барысы



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Уақы

ты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу


Ресурс

Сабақтың басы



1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

2. Психологиялық ахуал. Оқушыларды ішкі және сыртқы шеңберге тұрғызып, «Дыбыстау» ойынын ойнату.Сыртқы шеңбердегі оқушыларға тақырыптан алынған үзінділер салынған конверт ұсынылады. Олар үзіндіні дыбыссыз, қимылмен бейнелейді.Ішкі шеңбердегілер дыбыстау арқылы өз ойын жеткізеді. Оны айтпай шатасып қалған жағдайда сыртқы шеңбердегі оқушы жабық сұрақ арқылы көмек көрсетеді.

Оқушылар пазл әдісі бойынша топқа бөлінеді (пазлдағы суреттер: ағаш, су, күн, тау).




Сабақтың ортасы



Топтық жұмыс

Оқушылар топта ақылдаса отырып, жұмыс жасайды.

Оқушыларды 4-тен 4 топқа бөлінеді. Әр топтағы 1-бала шығарма туралы өзіндік пікір білдіреді, 2-бала автордың экологиялық мәселені көтеру себебін анықтайды, 3-бала мәселеге қатысты шығармадан дәлел келтіреді 4-бала шығармадан өзіне үлгі алатын қасиеттерін айтып, ойын тұжырымдайды.

Топтардың қорғауы. Өзара бағалау «Екі жұлдыз бір тілек» тәсілімен жүргізіледі.










Жұппен жұмыс

Берілген кестені экология ұғымымен байланысты жұбымен бірге толтырады.

SWOT талдауы


Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Мүмкіндіктер

Қауіптер


Жұптардың қорғауы. Өзара бағалау. Бармақ тәсілі.
Жеке жұмыс

Шығарманың бүгінгі заманның өзекті бір мәселесін қозғағанын түсіндіңіз. Сондықтан «Қиялдан туған шығармадағы бүгінгі заман бейнесі» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Ойыңызға нақты дәлелдер келтіріңіз. Эссенің сөз саны – 150-200 сөз.

Дескриптор:

  • шығарманы заманауи құндылық тұрғысынан

талдайды.

  • кіріспе бөлімде шығарма туралы өзіндік пікір

білдіреді. (20-25 сөз)

  • негізгі бөлімде автордың экологиялық

мәселені көтеру себебін анықтайды (50 сөз)

  • мәселеге қатысты шығармадан дәлел келтіреді

(50сөз)

  • қорытынды бөлімде шығармадан өзіне үлгі

алатын қасиеттерін айтып, ойын тұжырымдайды (20-25 сөз).

Өзін-өзі бағалау жүзеге асады.




Сабақтың соңы




Рефлексия «Аяқталмаған сөйлем»

Мен.......түсіндім.

Мен......үйрендім.

Мені....... таң қалдырды.

Сабақтағы.....маған өмірде қажет.



1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   64



Сабақ тақырыбы

Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі – заман қасіретінен туған шығарма

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.Т/Ж1 - әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог,прологтарды анықтау

Сабақтың

мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады:

Әңгіменің сюжеттік желілерін түсінеді, эпилог, прологтарды анықтайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Әңгіменің сюжеттік желілерін құрастырады, эпилог, прологтарды анықтайды.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:

Әңгіменің сюжеттік желілерін құрастырады, талдау жасайды.

Тілдік

мақсат

Оқушылар орындай алады: Семей полигоны туралы біледі.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Қарауыл, бала бейне, Ләйлә, Қатира, Құмар т.б.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: «Қасиетті жер еді, қадірден әбден жұрдай болды»

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Неліктен әңгіме «Мәңгілік бала бейне» деп аталған?

  2. Ләйлә неге Аймен сырласады?

  3. Мүгедек қыз монологін қалай түсінесіңдер?

  4. Қаралы жиынның мақсаты не?

Құндылықтарды

игерту

Мәңгілік Ел стратегиясындағы жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын білім берудің еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алу құндылықтарымен ұштастыру

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі, экология

Бағалау критерийі

  • Әдеби туындының сюжеттік желілерін құрастыра алады.

  • Эпилог, прологтарды анықтайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Алдыңғы білім

Семей полигоны туралы біледі


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Уақыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу


Ресурс

Сабақтың басы




1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

2. Психологиялық ахуал

Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызу.

«Сөзді тап» тәсілі

Қобдишаға тақырыпқа қатысты түйінді сөздер жазылған қағаз қиындылары салынады. Бір оқушы қобдишадан қиынды қағазды алып, бір минутта ондағы сөздің атын атамай сипаттап түсіндіруі керек. Сөзді тапқан оқушы келесі сөзді түсіндіруді жалғастырады (Семей, полигон, бомба, қасірет).

«Тақырыпты болжау»

Оқушыларға мәтін мазмұнынан хабар беретін суреттер беріледі.








  • Бұл суреттердің бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар?

  • Екінші суреттегі бала ше?

  • Ал мына тұлға сіздерге таныс па?

  • Тұлғаның қазақ халқы үшін орны қандай?

  • Қоғамға қандай еңбегімен танымал?




Сабақтың ортасы



«Семей-Невада» немесе полигон туралы бейнежазба көрсету.

1-топ: Бейнежазбадағы оқиғаларды еске сақтайды;

2-топ: Бейнежазба кейіпкерлерін еске сақтайды?

3-топ: Оқиға орнын еске сақтайды;

4-топ: Әр көріністе пайда болған сезімдерін қағазға түсіріп отырады.

Топтардың қорғауы.

Енді осы қасірет туралы жазылған көркем шығармалар білеміз бе? Қандай?

Топтық жұмыс

Автор туралы мәліметпен жұмыс.

«Пікір алмасу» тәсілі

Әрбір топ тақырыпқа қатысты бес сұрақ дайындайды. Әрбір сұрақты стикердің бірінші жағына жауабын екінші жағына жазып, келесі топпен алмасады. Топ басшысы стикердегі сұрақты оқиды, топ мүшелері жазып дайындайды. Көшбасшы белгі бергенде, барлығы өз жауабын ашады және талқылып, дұрыс жауаппен салыстырады.

Кері байланыс

Автор туралы не білдік? Автор өмірбаянынан не білдік? Не үйрендік?

Топтарды бағалау. «Шапалақ» тәсілі

Ең ұтымды жауап пен сұраққа-төрт шапалақ, Ең қызықты жауап мен сұраққа- үш шапалақ, Ең дәлелді жауап пен сұраққа – екі шапалақ.

Ж/ЖЖ

«Болжам кестесі» әдісі

1-қадам. Мұғалім әңгімені бөліп оқиды.

2-қадам. Үзінді оқылып болған соң, мұғалім оқушылардан әрі қарай не болатынын сұрайды және жорамалын кестенің 1-бағанына жаздырады:


Мәтіннен 1-үзінді

Не болады?

Өз жауабыңызды 1-үзіндіге сүйеніп дәлелдеңіз

Шын мәнінде не болды?

Мәтіннен 2-үзінді

Не болады?

Өз жауабыңызды 2-үзіндіге сүйеніп дәлелдеңіз

Шын мәнінде не болды?


3-қадам. Оқушылар өз болжамдарын 1-үзіндінің мазмұнына сүйене отырып, кестенің 2-бағанын толтырады.

Жұмыс осы сызба бойынша жалғасады.

«DEAL» әдісі

1-топ: Мұндағы D – describe – баяндау, суреттеу (оқығандарыңды, көргендеріңді сипаттаңдар, сынаңдар);

2-топ: E – explain – түсіндіру (оқиға бойынша не білетіндеріңді, не білгендеріңді, не түсінгендеріңді суреттеңдер);

3-топ: A – annalise – талдау (ақпаратты талдаңдар, себептерін анықтаңдар, қорытынды жасаңдар);

4-топ: L – links – байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау үшін өздеріңде бар біліммен байланыстырыңдар).




Сабақтың соңы




Кері байланыс

«3-2-1»

Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;

Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.





Сабақ тақырыбы

Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесінің идеясы мен пафосы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/Ж2. Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу

Сабақтың

мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады:

Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:

Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады, өзіндік көзқарас білдіреді.

Тілдік

мақсат

Оқушылар орындай алады: Сюжеттік-композициялық жоспар құра алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Қазақстан – Семей – Полигон – Қасірет» осы сөздердің бір-бірімен қандай байланысы бар?

  2. Бұл қазақ халқы үшін қолдан жасалған нәубет пе?

  3. Оған кім кінәлі? Адам ба, заман ба, жоқ әлде қоғам ба? Олай ойлауға не себеп болды?

Құндылықтарды

игерту

Мәңгілік Ел стратегиясындағы жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын білім берудің еңбек және шығармашылық,ынтымақтастық, өмір бойы білім алу құндылықтарымен ұштастыру

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі, экология

Бағалау критерийі

  • әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

  • өзіндік көзқарас білдіреді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану, жоғары ойлау дағдылары

Алдыңғы білім

Семей полигоны туралы біледі. «Мәңгілік бала бейне» әңгімесінің мазмұнын біледі.


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Уақыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу


Ресурс

Сабақтың басы




1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

2. Психологиялық ахуал. «Қасиет» ойыны

Оқушылар ортаға шығып, дөңгелене тұрады. Әр оқушы өз бойындағы жағымсыз қасиетті айтады. Ал балалар оны жағымдыға айналдырады. Мысалы Жанар: «Мен тым әсершілмін», – дейді.Ал балалар «әсершілдіктің» де пайдасы бар, алған әсерің өмір бойы ойыңда қалады,алға жетелейді, т.с.с ойларын айтады. Бір-біріне ілтипат, қолдау көрсетеді.

Оқушыларды топқа бөлу

Қазақстан, Семей, полигон, қасірет осы сөздерді айту немесе қимқағаздар тарату арқылы бөлуге болады.

«4444» тәсілі

Қазақстан – Семей – Полигон – Қасірет» осы сөздердің бір-бірімен қандай байланысы бар?




Сабақтың ортасы



Топтық жұмыс. «Креативті матрица» тәсілі

Оқулықтағы мәліметтерді және әңгіме идеясын пайдалана отырып, креативті матрицаны толтыру.

  1. «Қазақстан – Семей – Полигон – Қасірет» осы сөздердің бір-бірімен қандай байланысы бар?

  2. Бұл қазақ халқы үшін қолдан жасалған нәубет пе?

  3. Оған кім кінәлі? Адам ба, заман ба, жоқ әлде қоғам ба? Олай ойлауға не себеп болды?




Қоғам ба?

Заман ба?

Адам ба?









Себеп

Не себептен?










Топтардың қорғауы. «Жемістер» тәсілі

Бейнежазба көрсету

Мұғалім бейнежазбаны көрсетеді. «Мәңгілік бала бейнені» жазуға қаламгерге түрткі болған деталь туралы ой қозғайды. Тақырыптың өнер туындысының іргетасы болатындығына мән береді. Тақырып пен идея бір-бірімен тығыз байланысты. Шығарманың өн бойында автордың сезімі, жан тебіренісі жатады. Ол – пафос. Ләйлә үнемі аймен сырласады. Автор да үнемі бала күнінде аймен сырласып, тілдеседі екен.

Ж/ЖЖ/Т.

«Үш түрлі күнделікпен» жұмыс

1-қадам. Шығармадағы кейіпкерлерді анықтап, мәтінмен танысады.

2-қадам. Мәтінді оқу барысында жеке күнделік толтырады.


Әңгімеден ерекше әсер еткен жолдар

Шығарма идеясын ашудағы рөлі

Қандай ой туды?

Қандай сұрақ туды?













3-қадам. Жұмыс нәтижесін жұпта, топта талқылау.

Дескриптор:

- ерекше әсер еткен жолдарды жазады;

- идеяны ашудағы рөліне талдау жасайды;

- туындаған ой мен сұрағын жазады, жұпта, топта талқылайды.



(https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/teatr/1340/)

Сабақтың соңы




Рефлексия «Тазалық»

  • Тақырып бойынша алған керекті ақпаратты чемоданға салыңыздар.

  • Сабақтағы керек емес болған артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар.

  • Бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар.



1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   64