Файл: Кіріспе Таырыпты зектілігі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 117

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сондай-ақ дидактиканың «жақыннан алысқа қарай» жүру заңдылығы оқыту үдерісіне оқушының танымдық көкжиегін бірте-бірте тереңдетуді көздейді. А.Дистервег бір қарағанда оқушыға жақын ұғымды не затты шәкіртке жақынырақ деп түсінбеу керектігін: «Часто по духу очень близко то, что сдругой точки зрения кажется находящимся весьма далека»,- деп ескертеді. Я.А.Коменский: «Переход от близкого к далекому происходит постепенно, чтобы сперва усваивалось то, что является наиболее близким, затем-нескоь отдаленным, потом – более отдаленным и наконец, самым отдаленным», - деп жазады. Н.А.Сорокин: «Обучение начинается с близкого ребенку окружающего его мира. Но а дальнейшем понятие близкого надо представлять себе не в буквальном, житейском, а в познавательном смысле», - деп көрсетеді.[12.44].

А.Байтұрсынұлы әліппелеріне танымдық материалдарды енгізуге түсініктілік қағидатының «жақыннан алысқа қарай» заңдылығын мұқият сақтаған. Сонымен бірге бастауыш сыныптарға оқушылардың сөздік қорын дамыту мақсатында сөздердің семантикалық- мағыналық жағы ескерілген, яғни сөздердің өзара мағыналық қатынасына байланысты топтастырылған. Мәселен, «Туысқан- туған іліктес» тақырыбына сәйкес сөздерді балаларға бір табан жақын ата, баба, әке, ана, әже, шеше, аға, іні, апа, қарындас, жеңге,келіннен бастап, қайын ата, қайын ене, қайын аға, қайын іні, қайынбике, балдыз, жезде, күйеу, бажамен аяқтаған. Сол сияқты «Ойын-ойыншықтар», «Үй саймандары», «Малдан басқа төрт аяқтылар» төмендегіше ұсынылған:

Ойын-ойыншықтар: Жалақ, соқыр теке, жасырынбақ, балтам-тап, мәлике-тотай, татбақыл, қақбақыл, доп, асық, топай, лек, жақ, ағызбақ, жылман, ақсүйек, зырылдауық, шатыраш, ортеке, қуыршақ.

Үй саймандары: Шаңырақ, уық, кереге, есік, босаға, таяныш, маңдайша, сықырлауық, табалдырық, түндік, үзік, дөдеге, туырлық, ірге, бақан, басқұр, таңғыш, жел бау, түндік-бау, белбеу.

Малдан басқа төрт аяқтылар: Ит,мысық, тышқан, күзен, қарсақ, борсық, суыр, түлкі, сусар, құндыз, қоян, қасқыр, қосаяқ, аю, жолбарыс, арыстан, киік, марал, бұғы, құлан, құлжа, бөкен. Түсініктілік қағидатының тап осы қағидаларының А.Байтұрсынұлының «Тіл құралдарында» да бұлжымай сақталып отырғанына көз жеткізу аса қиындық туғызбайды.

Жүйелік, бірізділік қағидаты. Әдіскер А.Байтұрсынұлы әліппе оқулықтарында жүйелілік, бірізділік қағидаты да мұқият ескерген. Бұл қағидат бойынша оқушыларға үйретілетін, ұғындырылатын білім бір арнаға қосылып, бірте-бірте кеңейіп, ұлғайып әрі тереңдеп қорлана түседі. Бұл реттегі жұмыс шәкірттің ұстаз алдын көрген күннен басталуы тиіс.


Оқытудағы жүйелілік, бірізділік қағидатының аса қажеттілігін Я.А.Каменский «Ұлы дидактика» деген еңбегінде тұңғыш рет сөз етіп, негіздей келіп: «...Как в природе все сцепляется одно с другим, так в обучении нужно связывать все одно с другим», - деп жазды.[13,45].

Жүйелілік, бірізділік оқытуда ауадай керектігін И.Г.Песталоций, К.Д.Ушинский және басқа классикалық педагогиканың прогрессивті өкілдері көрсете білді.

Жүйелілік қағидатына үлкен мән бере келіп, К.Д.Ушинский: «Тек жүйе ғана бізге өзіміздің білімімізді бақылауымызға толық билік береді. Үздік-үздік өзара байланыссыз білімге толы бас, ішіндегі барлық заттары да шашалып жатқан, оның қожасынның өзі де ештеңені таба алмайтын қоймаға ұқсайды; ішінде білімсіз жүйесі ғана бар бас, барлық жәшіктерінде жазуы бар, ал жәшіктері қаңырап бос жатқан дүкенге ұқсас», -деп жазды.

Дидак ғалымдар М.А.Данилов пен Б.П.Есиповтар: «Принцип систематичности обучения выражает необходимость преподать основы наук в строго логическим порядке, последовательно руководить учебным трудом школьников... Систематичность выражает логическое расположение содержания предмета. Законченные части, разделы предмета есть элементы этой системы», - дейді. [13,45].

Осыған орай пікірді М.Н.Скаткин: Беспорядочное перекакивание с одного вопроса на другой не может обеспечить сознательного усвоения основ науки. Систематичность обучения предполагает усвоение учеником понятий и разделов в их логической связи и премственности»,- дей келіп: «Систематичность – характерный признак научного знания. Требование систематичности обучения вытекает из принципов научности и сознательности и в системе принципов занимает подчиненное к ним положение», - деп толықтырады.

Сонымен, жүйелілік, бірізділік қағидатын сақтай білу арқылы аз уақыт ішінде үлкен нәтижеге қол жеткізге болады. Логикалық байланысқа құрылған өміртанымдылық оқу материалдары мол көлемде нақты меңгеріледі. Алуан саладағы ғылым негіздерін оқушы белгілі жүйелілікпен меңгеруі тиіс.

А.Байтұрсынұлы әліппелерінде материалдар да осы мақсатқа сай. Оқушылардың әрбір сабақта дыбыс жөнінде алған мағлұматы, білім өзара логикалық байланысты түрде олардың санасында беки түсуін еске алған. Әдіскер дыбыс туралы өтілетін тақырыптардың бір-біріне мағыналық жуықтығын, бірін-бірі үстемелеп толықтырылып отырудың, олардың сабақтастығын әркез қатаң ескерген. Сөйтіп, оқушының ілгеріде меңгерген дыбыс таңбасының жаңа дыбысты ұғыну үшін келтірілген мысалдарда келуін, бөтен, өтілмеген әріптердің болмауын орайластырады. Осы мақсатта жаңа дыбысты таныстыру кезінде оны бұрынғы өткен дыбыстармен шебер ұштастырып отырудың тиімділігін анық аңғартқан. Бұл жерде жаңа дыбыс таңбасымен танысуымен бірге оқушының бұрын үйренген дыбыстарын қайталапотыру тәсілі де көрініс береді. Мәселен, «ш» дыбысымен танысу сәтінде аш, аша, ашар, шал, шала, ашлаш, алаш, алаша, қаш, қашан, шаш, шаша, шашақ, ашу, ұшу, шашу, шортан, шолақ, ошақ, арша, қанша, шақ, шоқ т.б. сөздер шоғырын қодана отырып, бұрынғы өтілген а,р,л,н,т,о,ж,ң секілді дыбыстарды қайталануы үшін өте тиімді тәсіл.



А.Байтұрсынұлы алғашқы бір буынды, екі буынды сөздерден аспаған, сонымен шектелген. Сөз құрастырып оқыту кезінде бұрын өтілген, айтып дағдыланған, көз жанарлары қаныққан дыбыс таңбалары алынады. Сондай-ақ алғашқыға қарағанда, кейінгісінде ұсынылған сөздер мөлшері шартты нәрсе. Балалар жас ерекшелігіне сәйкес сөздер көп болуы да, аз болуы да мүмкін екенін ескерген жөн. Ал әрі қарай дамыту, мысалдармен толықтыру мұғалім шеберлігіне, білім дәрежесіне байланысты. Автор алғашында бір буынды сөздермен шектеле отырып, сөздерден сөз тіркесі, сөз тіркесінен сөйлем құрауға асықпаған, ерте деп есептеген. Әліппеден жаңа сабақ өтілген сабақтармен ұжымдастарыла өрілген. Өткен сабақты білмей, яғни, өткен дыбыс таңбаларын танымай, жаңа сабақты білу мүмкін еместігін әдіскер анық аңғартқан. Мәселен, А.Байтұрсынұлы әліппеде «с» дыбысына орай берілген сөздер шоғырында алдыңғы сабақтағы «а», «р», «з», «л» әріптері қатыстырылған (ас, асар, сал, сала, салалар, ал, ала, алас, сас, саса, сасар, саз, сазар, рас, аралас, лас, аралар, алар, алса, салар, салса, азар, азса). Бір ғажабы ұсынылған сөздер де, сөз тіркестерінде де өтілмеген шәкіртке бейтаныс бірде-бір өзге дыбыс таңбасы жоқ. Тек «а», «р», «з», «л», «с» әріптері ғана. Әдіскер бұл жерде барлық сөздердің өтілген әріптерден тұруын өтілмеген әріп қоспауды қатаң сақтаған. Нәтижесінде, сөздер бір-бірінен туындап, өрбіп отырады. Кедір-бұдырсыз, қиналыссыз, жеп-жеңіл, оп-оңай оқылады.

Оқытудағы білім, білік беріктігі қағидат. Оқытудағы білім, білік беріктігі қағидатына әліппе, оқулықтарында А.Байтұрсынұлы өте мән берген. Аталмыш қағидат турасында дидакт ғалымдардың бір-бірін толықтырар пікір- тұжырымдары да баршылық.

Білім, білік беріктігі қағидаты жөнінде ғалым Н.А.Сорокин: «Дидактический принцип прочности требует, что знания, умения и навыки, усваимые учащимся в процессе обучения, были прочными, обладали свойствами воспроизведения и применения в различных ситуациях», - дейді.

М.А.Данилов осы түйінді сабақтай отырып: Усвоение знанаий есть процесс их постоянного углубления, уточения и закрепления. Сознательно и прочно усвоивается и содействует развитию познавательных сил учащихся материал, взятый в стройном логическом плане, обусловленном природой самого учебного предета. Следовательно, прежде всего требуется обеспечить в обучении ясную и последовательную логику учебного предмета, место в ней и последовательность раскрытия очередной темы, подтемы и каждого вопроса в плане учебных занятий», - дей келе, білім, білік беріктігі қағидаты негізінде жаттығуларды іріктеуді былайша көрсетеді: « Упражнения подбираются с таким расчетом, чтобы они имели для учащихся ясный смысл и в процессеих выполнения непрервно происходило углубление, закрепление знаний, развитие мышления, выроботка умений навыков». [15,47].


М.С.Скаткин білім,білік беріктігінің нәтижелі болуын төмендегіше сипаттайды: «Прочность знаний и навыков может быть достигнута, если обучения основывается на учете психологических закономерностей развития и работы памяти».

Дидактиканың осы білім, білік, дағды беріктігі қағидатның жүзеге асуына да А.Байтұрсынұлы әліппелеріндегі материалдар көп септігін тигізді. Мәселен, әліппе кезеңінде дыбыс туралы ұғым беріледі. Бұл кезеңде дыбысты белгілі заттың атауы не белгілі ұғымды танытуда сөздің басындағы аяғында және ішінде келтіріліп, оның айтылуы, естілуі түсіндіріледі. « Тіл- құралында» бұл ұғым дамытылады, тереңдетіледі. Не болмаса, әліппе кезеңінде сөздің құрамындағы дыбыс өзгерсе, саны көбейсе не азайса, сөз мағынасы түрленетіні үйретіледі. Мысалы: А.Байтұрсынұлының әліппесіндегі «Ермек-еңбек» тапсырмасының шартына сәйкес алғашында екі сөзден қосып сөйлем және жаңылтпаш жасау айтылған. Мәселен:

а) Сөйлемдер: ә) Жаңылтпаштар:

Ор,Ораз! Ораз озар,

Ораз,ор! Ораз орар,

Оз,Ораз! Аз озар,

Ораз,оз! Аз орар.

Ора Ораз!

Ораз, ора!
Бұл мысалдан байқалатындай әдіскер дыбысты үйретуде қайталау әдісін қолданған. Дыбыс алмастыру арқылы сөз мағынасын өзгертіп отырған.

Әдіскер А.Байтұрсынұлы сөздердің дыбысталуы мен мағыналары арасындағы байланысты аңғартуды дыбыстарды оқытудың ұтымды әдісі деп есептеген. Мәселен, «ө» дыбысын өтерде алғашқыда шәкірттерге таныс, мәлім сөз мағыналарын көмегімен «ө», «о» дыбыстарының ерекшеліктерін аңғартар төмендегідей жаттығу ұсынылған:

тос тол бол боз тоз тор тон жон соз ор он оң

төс төл бөл бөз төз төр төн жөн сөз өр өн өң

Әдіскер одан әрі ор-өр, он-өн, оң-өң, жон-жөң, соз-сөз, тоз-төз сөздерінің әр түрлі мағынада қолданылатынын аңғартуға жұмсаған.Мәселен:

Қамыс ор (етістік). Қамшы өр (етістік). Тайыз ор (зат есім). Өр суат (зат есім). Он асық (сан есім). Өс-өн (етістік). Оң аяқ (сын есім). Жақсы өң (зат есім). Қолың соз (етістік). Рас сөз (зат есім).

Ендеше, осы жұмыстарда дыбыстық мағына бар деген ереже айтылмаса да, ол практикалық тәсілмен шәкіртке сездіріледі, аңғартылады. Олай болса, автор шәкірт бойындағы білім, білік, дағды беріктігін біртіндеп, мысалдап қалыптастыруды көздейді. Осы қағидаттың жүзеге асуына әліппелердегі материалдар сай берілген. Үйретілетін сөздің дыбыстары мен әріптері оқуда өзгеріске түспей ұқсас, ұйқас болуы есте тез сақтау үшін алғы шарт. Дыбыстық үндестікке, қайталауларға аса мән беруі оқуға (сөзді) жеңілдік туғызған, ойнақы да жинақы шығуы назарға алынған. Бұл жерде ғалым сөз ұқсастығына үлкен мән берген. Ұқсас сөйлемдер мен сөздерді есте сақтау оңайлығын оқулықта ескеріпотырған. Айналып келгенде, бұл арада әдіскердің қайталау әдісіне мән беруі анық байқалады. Автор балалардың сөзді ұмытпай есте сақтауын жеке қолданыста, сөйлем ішінде, жаттығу кезінде, мәтін құрастыруда да қайталау әдісі арқылы жүзеге асыруға ұмтылғаны сөзсіз.


А.Байтұрсынұлы әліппе, оқулықтардың кей тұсында берілген мақалды сәл өзгертіп қайталап та отырған. Бұндай жағдай «Тіл-құралдарында» жетерлік. Былайша қайталау мақал таба алмағандықтан емес, жас бүлдіршін санасына мақал мағынасын сіңдіру, қайткенде оңайлату, өрге бастыру идеясынан туған деп білеміз. Алғашында сыдыртып оқып кеткен оқушы аталмыш мақал екінші рет қайталануын, құрамындағы сөздердің өзгерісін аңғарта кетсе артық емес. Мәселен, «Мектептегі мереке» мәтінінен кейін (қазан мейрамын қалай қарсы алғаны,өнерлі оқушылар жөнінде) «Бәрің бірдей қойшы болма: құл боларсың. Бәрің бірдей тойшы болма: қу боларсың»,- дегенді шегелеп айтады. Бақсақ, А.Байтұрсынұлы әліппе арқылы тек сауат ашқызып, оқытып қана қоймай, өз ой-пікірін де қоса білдіргендігіне көз жеткізу аса қиындық туғызбайды. Бұдан шығар түйін, әліппе оқыту құралы ғана емес, бүлдіршіннің сана-сезімін оятушы, өмірге көзқарасын, көркем талғамын қалыптастырушы құрал да. Бұл ретте М.А.Даниловтың білімі, білік беріктігі қағидаты жөнінде: «Прочность знаний обеспечивается также тем, что в обучении постоянно возвращаются к ранее усвоенным знаниям; рассматривая по мере по-новому оперировали ими»,- деген дәл келеді.

Сондай-ақ әдіскер А.Байтұрсынұлы білімнің беріктігін қалыптастыруға сәйкес оқушының өз бетімен жұмыс жасауына назар аударады. Дидактикалық талаптарға сәйкес осы орайда тапсырмалар орындатудың өзі алға қойған мақсатқа еркін әрі тез жетудің кепілі болады деген сөз.

Білім мен тәрбие берудің бірлігі қағидаты. А.Байтұрсынұлы әліппе, «Тіл құралында» білім мен тәрбие берудің бірлігі қағидатын негізге алған. Оқытудың зор тәрбиелік мәнін кезінде Я.А.Коменский де жоғары қойған. Педагог өзінің көптеген еңбектерінде оқыту мен тәрбиені бөле-жара қарамайды. Белгілі педагогтар Ж.Ж.Руссо, Гербарттар да осы бағытта пікір қосады.

Атақты ағартушы К.Д.Ушинсикй: «Всякое не мертвое, не бесцелное имеет в виду готовить дитя в жизни»... Немесе енді бірде: «Воспитание не только должно развить разум человека и дать ему известный объемсведений, но должно зажечь в нем жажду серьезного труда без который жизнь его не может быть ни достойной, ни счастливой», -деп жазады.

Ендеше, тәрбие дегеніміз – баланың жан-жақты дамуын қамтитын күрделі үдеріс. Ал оқыту үдерісінде оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасып, олардың адамгершілік қасиеті толысып, ақыл-ой, дене және эстетикалық тәрбие беріледі.

А.Байтұрсынұлы тіл құрал, әліппелерінде оқытудағы білім мен тәрбие берудің бірлігі қағидатын тіл туралы мағлұматтар мен оның жаттығулары арқылы жүзеге асырылған. Мысалы, әдіскер әрбір дыбыс таңбасы туралы тілдік білім берсе, оған ұсынған материалдарды, мәтіндерді шәкірттерді тәрбиелеу мақсатына негізделген. Демек, әрбір сабақта белгілі бір дыбыс таңбасын меңгертуге орай білім беріле тұрып, шәкірттерді жан-жақты тәрбиелеу міндеті де қосарлана жүріп отырады. Мысалы, өтілген дыбыстарды бекітуге арналған мәтіндер арқылы адамгершілікке, ұжымшылдыққа тәрбиеленеді. Ал «Тіл құралындарындағы» грамматикалық жаттығу жұмыстары үшін берілген сөз не сөйлем сияқты материалдардың және әліппе, оқу құралдарының соңындағы әр алуан мәтіндердің идеялық, көркемдік әрі ғылыми мазмұн мәтіндері арқылы балалар адалдық, имандылық, қайырымдылық, сенімділік, жолдастық, достық, патриоттық, қырағылық, шыдамдылық, ержүректілік т.б. қасиеттерді бойына сіңіреді.