Файл: Кіріспе Таырыпты зектілігі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 116

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

2.2 Ахмет Байтұрсынұлы оқулықтарындағы ағартушылық-риторикалық қағидалар жүйесі.

Қашан да әдіскер ғалым жазған оқулықтың сапасы жоғары. Өйткені әліппе оқулықтарындағы мәліметтер оқытуға ыңғайлы, оқушыға түсінікті, мұғалімге қалай оқытуды аңғартатындай болуы керек. Сондықтан да оқулық дидактиканың қағидаттарына негізделіп жазылады. Өз кезегінде А.Байтұрсынұлы: «Бір нәрсені істегенде сол істі білетін адам істесе шапшаң да, жақсы да істейді. Бұл жалғыз қол ісі емес, ми ісі де солай. Мал бағатындар мал бағарын жақсы білерге керек, ел бағатындар ел бағуын жақсы білерге керек. Бала оқытатындар бала оқытуын жақсы білуге керек. Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білерге керек, екінші, баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек. Оны білуге баланы туғаннан бастап, өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын білерге керек. Ол үшін бала турасындағы мәліметтерді білерге керек. Бұл күнгі ғылымды жұрттарда бала оқыту жұмысы бала оқыту ғылымын оқып шыққан адамдардың қолында»,-деп,оқулық тапшы кезеңде аса жауапты әліппе, оқулық жазу ісіне ұлкен әзірлікпен келген.

Сондай-ақ бұл мақсат орындалу үшін әліппе, оқулық авторы әдіскер ғалымт болумен бірге, мол оқыту тәжірбиесі бар, ол тәжірбиеден қорытынды жасай алатын, оны оқулық жасауда қолдана алатын өте іскер болуы керек. Ал А.Байтұрсынұлы әліппелері мектепке жасаған көп жылдық (14 жыл-1895-1909 жылдар) педагогикалық эксперименттік еңбегінің қорытындысы, нәтижесі. А.Байтұрсынұлының «Әліпбиі», «Оқу құралдары» балаларды неге және қалай оқытамыз деген сауал төңірегіндегі қым-қуыт ғылыми-педагогикалық, әдістемелік ізденістердің куәсі. Алға қойған мақсат үдерісінен шығу үшін, әдіскер ғалым әліппелерінде қандай қағидат ұстанса да, әдіс-тәсіл қолданса да, ұғымды да жұғымды, нақты дәл болуын көздеген. Біздің пайымдауымызша, А.Байтұрсынұлы әліппелері арқылы алғашқы кезекте мынадай мақсатты шешуге әрекет ұсынған; 1.Ана тілінде сауат аштыру; 2.Шәкірттің көркем талғамын қалыптастыру; 3.Табиғат құбылысы мен адам тұрмысының әр қырымен таныстыра отырып, практикалық білім беру; 4.Оқыта отырып тәрбиелеу, адамгершілік тәрбиесін беру.

Оқулық атаулының сапасы оның әдістемелік негізіне байланысты. Сөзсіз А.Байтұрсынұлы өз оқулықтарын сол заманның алдыңғы қатарлы әдістемелік жетістіктеріне сүйене отырып жазған. Егер оқу-тәрбие ісінде басшылыққа алынатын педагогикалық қағида дидактикалық қағидаттар десек, ғалым дидактиканың заңдылықтарын терең білген және оны оқулықтарында шебер қолданған. Яғни, А.Байтұрсынұлы әліппе, оқулықтары белгілі дидактикалық қағидаттарға сай жазылған. Ал оқулық оқу-тәрбие саласындағы басты құрал екені белгілі. Ғалым М.Н.Скаткин оқулық турасында былай дейді: «Оқулық – белгілі бір ғылым сапасына арналған жай ғана мәліметтер жиынтығы, не әмбебап анықтамалық емес. Ол – болашақ оқыту процесінің ерекше сценариі. Бұндай сценарий педагогикалық талаптарға жауап беруге тиіс, яғни, жалпы білім беру мазмұнына сәйкес келуі, оқушылардың жас ерекшелігі ескерілуі, оқыту заңдылықтары арасындағы өзара байланысты тиімді бағыттап оқыту процесінде білімділік, тәрбиелік, дамытушылық секілді үш маңызды функцияны сәтті атқара алады. Көрсетілген педагогикалық міндетті шешу үшін тек өзіндік бір ғылым саласынан ғана хабардар болуы жеткіліксіз». Әрине, бұл оқулыққа соңғы кезеңде білдірілген көзқарас. Дегенмен осы шартта көрсетілген талаптарды А.Байтұрсынұлы оқулық жазуға күрделі де жауапты мәселе ретінде қарап, осы істі үлкен жауапкершілікпен қолға алған.


Жалпы қағидат мәселесін педагог ғалымдар жұмыста алға ұстар негізгі тірек ретінде бағалайды. Ал оқытудағы, оқулық құрастырудағы қағидаттардың табиғаты жөнінде Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцин, А.Дистервег, К.Д.Ущинский, Л.В.Занков, Б.П.Есипов, М.А.Данилов, М.Н.Скатин, И.Ф.Харламов, И.Я.Лернер, В.Г.Разумовский секілді педагог ғалымдар өз еңбектерінде егжей-тегжей жазады.

Ғылыми қағидат. Ана тілінде сауат аштыруда, тілдік деңгейде білім мен практикалық дағды беруде жиі іске асырылатын қағидаттың бірі – ғылымилық қағидат. Педагог ғалымдардың тұжырымдауынша, ғылымилық қағидаты және пәндер бойынша белгілі бір ғылым саласынан берілетін дерек, ұғым, заңдылықтар жүйесі арқылы танылады. Ол ең алдымен оқу материалдарын іріктеп алу мен оқыту әдістерін тиімді қолданудан анық байқалады.

Н.А.Сорокин: «Дидактический принцип научности требует6 чтобы в процесс обучения овладевали научно-достоверными знаниями6 отвечающими современному уровню развититя науки а также чтобы в процесс обучения знакомились с научными методами исследования», - деп жазады.

Ю.К.Бабанский, В.А.Сластенин сияқты ғалымдар ғылымилық қағидатты алғашқы ретте оқу-тәрбие, оқулық бағдарламасын жасауда есте ұстауды айтады. И.Ф.Харламов ғылымилық қағидатын жүзеге асыруда төмендегідей міндеттерді шешуді ұсынады: 1.Глубоко и доказательно раскрывать каждое научное положение изучаемого материала, не допуская ощибок, неточностей и механического зазубривания теротертических выводов и обобщений;

2.Обстоятельно раскрывать мировозренческие и нравсивенно-эстетические идеи, содержащиеся в изучаемом материале [10,67].

Ал осы қағидатқа сәйкес оқушыларға ана тілінен берілетін білімнің баршасы негізгі пәнге байланысты қаралуы тиіс.Тілдің өзіндік басты белгілері шәкірттердің жас ерекшелігіне, ойына, білім деңгейіне сай сипатталады. Тек тілдік деректердің әбден анықталған, қорытылған мәселелері ғана оқушыларға жеткізілуі керек. Осылайша оқушыларға берілетін білім мазмұны, көлемі және оқытудың жүйесі сараланып барып ана тілі бойынша ғылыми мәліметтер беріледі. Бұл арада оқушыларға ана тілінен тілдік мәлімет беруде, жалаң теориялық материалдар ғана емес, практикалық жағдайлар да ескеріледі.

Ғалым Ә.Исабаев оқушыларға берілетін тілдік мәліметтердің ғылыми қағидатқа сай өлшемдерін саралап көрсетеді. Меңгерілетін нысанның термині анық болу қажеттігін бірінші қояды. Ғылыми қағидаттың осы өлшемі М.Н.Скаткин бастаған ғалымдар: «Восприятие явлений играет важную роль в обучении. Его познавательно значение заключается в образовании правильных представателении, отржающих изучаемые предметы во всем богатстве их внешних признаков и спасобных быть использованными в дальнейшей познавательной работе учащихся и служить фундаментом для образования научных понятии. Как представления, так и воплащены точные словесные обозначения и определения. Таковыми являются научные термины» - деп көркеткен. [10.69].



Ал А.Байтұрсынұлының әліппе, оқулықтарында дыбыс, әріп, дәйекше, жуан дыбыс, жіңішке дыбыс, қағида, зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстау, шылау, бастауыш, баяндауыш, сөйлем, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз, қыстырма сөз деген сан алуан лингвистикалық ғылыми терминдердің еленіп-екшеліп қолданылуының өзі жоғары қағидаттың сақталуына толық дәлел. Ғалым Р.Сыздықова: «Қазақ тілін таңдап –тануды А. Байтұрсынұлының еңбегін және бір тұрғыдан ерекше бағалау керек: ол – термин жасаудағы іс-әрекеті. Ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша термин ұсынды» - дей келе: «Бұл терминдердің барлығы дерлік не бұрынғы сөздің мағынасын жаңғырту (өзгерту), не жаңа тұрғыдағы сөз жасау арқылы дүниеге келген соны өзі атаулар, жасанды сөздер. Жасандылығына, сонылығына қарамастан, әрқайсысы сол өзі атап тұрған тілдік категорияны дәл атайтын термин «атауыш сөз» (20 жылдардағы терминімен айтса «пән сөздері») болып шыққан. Бұлардың өте сәтті жасалғандығын күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан өміршеңдігі дәлелдейді» - деп жазады.

Бұл арада бастауыш сыныптың алғашқы жылдарында тілдік күрделі теориялық ұғымдардың терминдік берілмейтін де ескеруге тиіспіз. Педагог ғалым Н.А.Сорокинше айтсақ: «В начальных классах приобретанются элементарные знания; основы наук неизбежно подвергаются упрощению, однако научно-популярное изложение материала не должно приводить к искажению научных положении и терминологии» -деуі дұрыс пікір [10,67]

Қазақ ғалымы Ә.Исабаев ана тілінен берілетін тақырыптардың дәлдігі, өзіндік белгілері сараланып алынуы, ережелердің дәл болуы, тілдік тақырыптарға сәйкес берілетін практикалық дағдылардың да көлемі дәл келуін атайды.

Айналып келгенде, жоғарыда айтылған шарттарды ескергенде ғана, ана тілінен ғылыми қағидат негізінде білім беріледі. Ал А.Байтұрсынұлы әліппе, оқулықтары осы іспеттес оқытудың ғылыми қағидаттарын сақтай білумен ерекшеленеді. Бұған А.Байтұрсынұлының қазақ тіліндегі дыбыстарды дұрыс анықтау, оның сипаттамаларының дұрыс та дәл берілуі, жіктелуі, әріптерін дұрыс көрсетуі т.б. жатады.

А.Байтұрсынұлы әріптерді үйрету барысында («Оқу құралы», Семей 1921) дыбыстарды дауысты, дауыссыз деп бөліп отырған. Мәселен, «у» әріпінің жазылу үлгісін көрсетумен бірге, оның дыбыстардың соңында жарты дауысты болатынын түсіндірген (жуан), (бауыр).

Араб графикасында жоқ қазақ тіліндегі ы, е, и , о, ұ дыбыстарының әрқайсысына таңба белгілейді. Егер
«ұ» әрпі сөз басында келсе, алдына таяқша қойылады сөз ортасы мен сөз аяғында таяқша белгісінің керегі жоқ. Не болмаса, «ы» әрпінің таңбалануын үйреткен кезде бұл әріптің сөздің басқы буынында жазылмайтынын ескерткен. Сөздің басында оның тек сүйеніш таяғы ғана жазылады да, ол «ы» болып оқылатынын айтады. «Ө, ү, і, ә» әріптерінің жазылуы үлгілерін көрсеткен кезде бұл әріптердің жіңішкелерін көрсету үшін дәйекші деп аталатын белгі қою керектігін түсіндіреді.

Сөйтіп, осы бағытпен әоріптерді үйретіп болғаннан кейін оқулықтың соңына А.Байтұрсынұлы қазақ тіліндегі әріптерді жұмсалатын әріптер мен белгілер деп екі топқа бөлгенде, әр топқа кіретін әріптердің тізбегін берген. Қазақ тілінде жұмсалатын әріптер мен белгілердің сапына мыналарды қосады: а, б, п, т, ж, ш, х, з, д, р, ф, қ, к, л, м, н, о, ұ, һ, ы, и, е, г, ң және дәйекші.

I - сүйеніш таяқша белгілері. Сондай –ақ, жұмсалатын әріптер мен белгілерді көрсете отырып, олардың араб альфавитінде қолданылғандығымен, қазақ тіліндегі араб графикасында қолданылмайтынын түсіндірген. Ал, мұнымен автор қазақ тілін көп әріптіктен құтқарды, әрі жазуды жеңілдетті. Автор х, ф, һ әріптері қазақтың өз тілінде болмағанмен, өзге тілде қазаққа әбден сіңіскен сөздерде болғандықтан, қазақ тіліндегі әріптер тобына кіреді деп көрсеткен. «Е» әрпінің жазу үлгісін берген кезде, оның сөз басында алдында таяқша қойылатынын айтса, сөз ортасы мен сөз аяғында басқаша таңбаланатынын нұсқаған.

А.Байтұрсынұлы фонетикалық заңдылыққа сүйене отырып, дыбыстарды дауысты, дауыссыз деп екіге бөліп қарайды. Дауысты дыбыстарға мына әріптерді жатқызады: а, о, у, ұ , и, ы, е, һ. Дауыссыз дыбыстарға мына әріптерді жатқызады: б, п, т, ж, ш, д, р, с, ғ, қ, г, н, л, м. Дыбыссыз таңбаларға дәйекшіні және сүйеніш таяқшаны жатқызады.

Ғалым лингвист сингормонизм заңына сүйене отырып, сөз қ, ғ әріптерімен басталса, жуан һ, е, и, к, г әріптерінен басталсағ жіңішке айтылатынын түсіндірген. Әрбір әріптің таңбалануын көрсетумен бірге сол әріптердің сөз басы, сөз ортасы, сөз аяғында жазылуын көрсетіп отыратын бір буынды, екі буынды мысал сөздерді қоса беріп отырған. Бұл әдіс әліппелерінің барлық басылымдарына да тән. Демек, осы келтірілген дәлелдеменің өзі А.Байтұрсынұлының әліппе оқулықтарын жазуда ғылымилық қағидатты басшылыққа алғанын анық көрсетеді.

Көрнекілік қағидаты. Белгілі пән материалдарын анық, дәл түсіндіруде іске асырылатын қағидаттың бірі – көрнекілік қағидаты. Бұл қағидат турасында Я.А. Коменский өз кезегінде: если мы намерены насадить в учащихся истинные и достоверные знания, то мы вообще должны стараться всеми при помощи личного наблюдения и чувственной наглядности» (Великая дидактика), - десе, К.Д.Ушинский көрнекілік арқылы: «Знания будут тем прочнее и полнее, чем большим количеством оргонов чувств они воспринимаются», -дей келе: «Что такое наглядное обучение? Да это такое учение которое строится не на отвлеченных предстовлениях и словах, а на конкретных образах, непосредственно воспринятых ребенком, будут ли эти образы восприняты при самом чтении под
руководством наставника или прежде, самостоятельным наблюдением ребенка, так что наставник находит в душе дитяти уже готовый образ и на нем строит учение»,- деп тұжырымдайды.

Сондай-ақ қағидат турасында Н.А.Сорокин: «Принцип наглядности обучения способствует при обретенеию осознанных знаний, вызывает познавательную активность учащихся, помогает прочности знании, осуществлению связи теории с практикой, доступности обучения и других дидактических принципов», -дегенді айтса, поляк ғалымы В.Оконь: «Что же такон принцип наглядности в этом новом свете? Его можно определить как совокупность норм, которые исходят из закономерностей процесса обучения и касаются действительности на основе наблюдения, мышления и практики на пути от конкретного к обратно. Такое познание – условие более глубокого понимания дейтвительности и тем более эффективного воздействия на нее» -деп жазады. [10,68].

Өз тұсында атақты Ф.А.Дистерверг те адам баласының білімгеи жетудегі ең басты жолы көрнекілік арқылы жүзеге асады, басқалай жол жоқ деп кесіп айтқан.

Сонымен, ғалымдар көрнекілік қолдана оқытудың шәкірттердің ынта-ықыласын көтеріп, білімді тереңірек меңгеруде септесетінін дәл болжаған. Егер оқыту қоршаған ортаға белгілі бір үдерісті көріністі, затты көрсетуден басталса сәттірек болатынын дұрыс анықтаған. Көрнекілік атаулы оқушының бақылаған көрінісінің ақиқаттығына көзін анық жеткізіп, нық сезім ұялатады деген түйінге келген.

Ал бастауыш сынып оқушыларын оқытуда көрнекілік қағидаттың орны тіпті ерекше. Н.А.Сорокин бұл үдерісті: «Степень изпользования наглядности и характер ее разлчны на разных ступениях обучения. Найболее полно используется, она в начальных классах, где довольно широкого применяется индуктивный путь приобретения знаний», - деп көрсетеді. М.Н.Скаткин бастаған ғалымдар: «Наглядное, или, вернее, предметное, неизбежно приводило к индуктивным обучениям, при которых дети обычно активны. Этот способ обучения соответствует характеру обучения премущественно младших классах», - дейді [10,69].

Жалпы көрнекілік оқушының білімге деген қызығушылығын арттырады, оқу үдерісін біршама жеңілдетеді. Көптеген күрделі теориялық ұғымдар көрнекілікті үйлестіре қолдана білгенде ғана оқушыларға түсінікті де ұғыныңқы болады. Көрнекілік шәкірттің белгілі бір зат, құбылыс туралы ұғым-түсінігін нақтылайды, оқытудың түсініктілігін арттырады. Баланың бақылау қабілетін іске қосып, біліктің еске берік сақталуын қамтамасыз етеді. Оқу үдерісін қызғылықты етуге де себепші болады.