Файл: Кіріспе Таырыпты зектілігі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 118

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Тап осы ерекшеліктерді жан-жақты білген А.Байтұрсынұлы әліппе, оқулықтарында көрнекілік қағидатын басшылыққа алған. Мәселен, «Әліппе» (1928) атты жаңа құралында дыбыс атауларына орай шәкірттерге таныс түрлі бейне-суреттерді беріп отырады. Дыбыс түрлерін суреттер арқылы ұғындыру, айтқызу, тілге алға қойған мақсатқа тез жетудің кепілі. Мысалы, «а», «о», «р», «з», дыбыстарын өтерде «а» деп тұрған баланың суретін, «р» деп тұрған иттің суретін, «з» деп тұрған араның суретін көрсетуден бастаған. Сондай –ақ осы ретпен «о» дыбысын өтерде «о»-ны айтып тұрған бала, саусаққа жіп орау қалпы, орылған, маяланған шөптің суреттері, «н» дыбысын өтерде, піскен ас, сона суреттері жалғасып келіп отырады. Барлығы 116 беттен тұратын әліппеде 130 сурет беру сол кезеңі үшін өте сирек кездесетін жағдай. Бұл – А.Байтұрсынұлының шебер әдіскерлігінің тағы бір көрсеткіші.

Егер біз көрнекілік атаулыны заттық, бейнелі, символдық деп үшке бөлген болсақ, А.Байтұрсынұлы әліппе, оқулықтарында бейнелі көрнекіліктер (суреттер) мен символды көрнекіліктердің ішінде топшама (карточка), кестелер (таблица) кеңінен пайдаланылған. Жинақтап айтқанда, А.Байтұрсынұлы әліппе, оқулықтарындағы материалдарды меңгертуде қолданған көрнекіліктері мыналар: сурет, кесте, топшама, тақта, оқулық, бор, шырпы (оттық), әріп жазылған қағаздар.

Ғалым С.Рахметова сабақ үдерісіндегі көрнекілікке қойылатын талап туралы: «Оқушы сөзді немесе оның бөлшектерін (әріптерді, буындарды, морфемаларды) анық көретін болуы тиіс, бірақ жазғанда бір әріптен соң екінші әріпті қарап, ежелеп жазбай, естерінде тұтас сөз немесе буынды сақтап, сөзді немесе буынды бірден жазып дағдыланулары керек. Бұл үшін көру және қолды қозғау керектілігі қажет», -дей келе: «көрнекілік» деген ұғым сөздерді анық айтуда да, мәнерлеп айтуда да, мысалдар іріктеуде де, тақтадағы, кестедегі, дәптердегі жазуларды да қамтитынын айтады. Ал бұл тұрғыдағы көрнекіліктер А.Байтұрсынұлы оқулықтарында жетіп артылады.

А.Байтұрсынұлы дыбыстарды көрнекі түрде меңгертуде ескертпе-нұсқау да берген. Автор онда балалардың дыбыстарды естуімен қатар өз көздерімен көру керектігі, ол үшін дыбыс таңбасын бормен тақтаға әдемілеп жазу прқылы не әрбір әріпті бір-бір жапырақ қағазға үлкен етіп көрсетуде, яғни көру көрнекіліктерін пайдалануды ұсынады.

А.Байтұрсынұлы бейнелі көрнекіліктердің ішінде суреттерді (картина) молынан қолданған. Жоғарыдағы «Әліпбиге» қоса суреткер Т.Шонанұлымен бірігіп жазған «Оқу құралы» атты хрестоматиясына (Орынбор, 1925) 73 сурет енгізген. Ағартушының бастауыш сынып оқушыларына білім беруде «олардың жас ерекшелігіне сай суретші болмағандықтан, бұл әліп-би кітабында (Әліпби», 1928) да сүгірет жағынан кемшілік көп. Онысы оңдала жатар» деуінің өзі әдіскер ғалымның «қазақ тұрмысына лайық» суреттерді қолдануды, яғни, суреттердің кездейсоқ алынбай, ұлттық ерекшелікті аңғартатындай болуын көздегенін көрсетеді.


К.Д.Ушинский өз тұсында: Детская природа ясно требует наглядности. Учите ребенка каким-нибудь пяти неизвестным ему словам, и он будет долго и напрасно мучиться над ним; но свяжите с картинками двадцать таких слов, и ребенок усвоит на лету. Вы объясняете ребенку очень простую мысль, и он вас понимает быстро. Попробуйте одно и то же ребенку сложную картинку, и он вас понимает быстро. Попробуйте одно и то же проишествие рассказать двум детям, оцените тогда все значение картинок для ребенка»,- деген пікір А.Байтұрсынұлы әрекетімен қабысып жатыр.

А.Байтұрсынұлы дыбыстарға жаттығу кезінде де тақырыпқа сәйкес суреттерді әліппеге енгізіп, олар туралы шәкірттерге әңгімелесіп, тіл дамыту жұмысын да жүргізе білген. Қазақ ағартушысы қолданған бұл әдістің тиімділігін К.Д.Ушинский сөзімен дәлелдесек, төмендегіше болар еді: «Показывание картинок и рассказы по ним личшее средство для сближения наставника с детьми. Ничем вы не можете так быстро разрушить стену, отделяющую взрослого человека от детей, и в особенности учителя от учеников, как показывая и объясняя детям картинки. Если вы входите в класс, от которого трудно добиться слова (а таких классаов, у нас не искать стать), - начните показыать картинки, икласс заговарит, а главное – заговарит свободно, непринужденно, что, конечно, необходимо для учителя русского языка если он не суживает своей обязанности до выучки детей чтению, письму и орфографии».

Сондай-ақ, әдіскер ғалым әліппеде «Шыққанын шыршыдан жасау», «Алғанын жазу», «Қисындау», «Кім жаңылтпаш жасайды?», «Қайсысын қайда қою?», «Қолайына қарай сөйлемнен қою» секілді ойын іспеттес әрі ермек, әрі еңбек тұрғысындағы жұмыстарда үлестірмелі топшамаларды пайдаланған.

А.Байтұрсынұлы қолданысындағы тұрақты көрнекілік – сынып тақтасы. Әдіскер тақта бетінде, шәкірттердің көз алдына жазылған үлгінің, сөз бен сөйлемге жасалған талдаудың оқушылар санасында берік сақталатынын білген. «Бормен жазатын» үлкен тақта болса, (әріп таңбаларын) бөлек-бөлек тақтайға жазып көрсетсе де болады», - деуі немесе балалардың жазудағы қателерін көздерінше түзеуге бағыт ұстауы оған дәлел.

Оқудағы саналылық қағидаты. А.Байтұрсынұлы әліппе, оқулықтарында оқудағы саналылық қағидатын ұсынады. Ал оқудағы саналылық қағидаты оқу үдерісін ақырғы сәттегі сапасы мен нәтижесін айқындайтын дидактиканың басты заңдылықтарының бірі.



Оқудағы саналылық пен оқушының творчестволық белсенділігі қағидаты мектепке ұзақ жылдар бойы үстемдік еткен догмалықпен, мәтінді құр жаттаумен күрес нәтижесінде пайда болды және дамыды.

Дидакт ғалым М.А.Данилов бұл қағидаттың оқытуда педагогикалық басшылық пен оқушылардың саналы, белсенді шығармашылық еңбегін жағымды үйлестіре білуден туындайтынын айтады. Ол үшін оқушылардың өзіндік ойлау қабілетін қалыптастырып дамыту керек. Және оқушының бұл саладағы әрбір қол жеткен табысы келесі сатыны игеруге қадам болуы тиіс.

Бұл қағиадат жөнінде ғалымдар М.Н.Скаткин, Н.А.Сорокин, И.Ф.Харламов, Л.В.Занков та пікір білдірді. Олардың пікірлерін саралай келіп, оқушыны алған білімнің ғылыми мәні байыбына жетіп түсінбесе, әр алуан ереже, заңдылықтарды практикалық тұрғыда орнын тауып, қолдана білмесе, онда ол білімді формальды түрде үстіртін ұғынғанға жататынын аңғардық. Ал жаттанды білімнің түкке жарамайтындығы, яғни тоты болудан аулақ болу жөнінде кезінде М. Жұмабайұлы да, А. Байтұрсынұлы да айта білген.

Сондай-ақ саналылық қағидаты негізінде оқу үдерісін мақсатты ұйымдастыру мұғалімге құр жаттап алуға, оқу материалын түсінбей қабылдауға қарсы әрекет жасауға, білім меңгерудің логикалық жүйелі тәсілдерін оқушыға тез игеруге көп септеседі. Оқудағы жаттандылыққа қарсы А.Батұрсынұлының әліппе, оқулықтарында түрлендіріп берілген тапсырмаалр шәкірттердің ойлана отырып орындауын талап етеді. Автор ұсынылған ережені не дыбыс таңбаларының ерекшелігін саналы түрде меңгеріп, тапсырманы орындаудың амалын өздігінен шешуге жетелейді. Сондай-ақ А.Байтұрсынұлының оқулықтарындағы саналылық қағидатын жүзеге асуы әр түрлі формадағы қайталау жұмыстарын, творчестволық тұрғыдағы, бақылау ретіндегі жаттығулардан көрінеді.

Түсініктілік қағидаты. А.Байтұрсынұлы әліппе, оқулықтарына мәні дәл анықталған материалдарды ендіруде түсініктілік қағидатын басшылыққа алған. Бұны түсіндіруге жеңіл әрі қолайлылық қағидаты десек те болады.

Әдіскер ғалым Ә.Исабек мектеп оқушыларына тілдік дерктерге байланысты білім мен дағдыларды жетік әрі берік меңгертуде түсінуге жеңіл қолайлылық қағидатын қолдануды жөн деп біледі. Бұл қағидатын оқушылардың жас ерекшеліктерін, білім дәрежесі мен сынып түрлерін ескере отырып, мұғалімнің түсіндіруі, оқулық тілі және оның баяндалу желісі сияқты үш түрлі ерекшелікті басшылыққа алатынын айтады. М.А.Данилов, М.Н.Скаткин сияқты ғалымдар түсінікті ғылымилық қағидатымен бірлікте қарастырады. Бұл ретте М.А.Данилов: «Правильное определениеғ учителем и авторами учебных пособий и характера трудностей в учебном процессе состовляет главное средство, чтобы вызвать движущую силу учения ирасширить познавательные возможности учащихся», - деп жазады. Сондай –ақ түсініктілік қағидаты туралы қазіргі ғалымдардан Бабанский, Харламовтың пікірлері бар.


Сонымен осы қағидат қалыпты сақталу үшін: 1.Оқушы ерекшелігі ескеріле отырып берілер білім мазмұны анықталу керек; 2.Оқулық, бағдарламаларға енгізілер материалдар жоғары деңгейде іріктеліп, екшеліп алынуы тиіс. Ойластырылмай өзгеріс енгізу, не қалай-солай енгізу, асығыс түрде оқу материалдарын шамадан тыс көбейтіп жіберу де зиян.

А.Байтұрсынұлы оқулық құрастыру кезінде түсініктілік қағидатына сәйкес ерекшеліктерді ескеріп, шәкірттерді дұрыс та жеңіл түсінік алуына тиімді орайластырған. Оқу материалдарының шәкірт ұғымына үйлесімді келуі көзделген. Әліппе, оқулықтарындағы алынған әрбір сөз де, тіркесі де, сөйлемде оқушы ұғымына жеңіл. Мәселен, ағартушы әліппедегі тілдік материал тапсырмалардың оқушыға түсінікті болуын көздеуіне сәйкес, іріктелген сөздер мен мәтіндердің оқушыны қоршаған ортаға байланысты, таныс ұғымдар туралы болуын ескерген. Яғни, әдіскер А.Байтұрсынұлы таныс, білігіне сай мысалдарды оқушы тез түсінеді деп білген. Мысалы, «Әліппе» (1928) бойынша «т» дыбысын өтерде оқушыларға ата, ат, атан, сарт (өзбек шалы), татар жігітінің суретін көрсетумен бірге шәкірт өмірінде ұшырасатын ат, атан, тар, тара, тарат, от, отар, тас, таста, тастар, татар, сат, сатар, таза, тазар, тазарт секілді сөздерді келтірген.

Алайда бұған қарап, әліппеге енген материалдардың салмағы жоқ, жеп-жеңіл, оп-оңай орындалатын дүниелер деген қорытынды шығаруға болмайды.

Сонымен оқытудағы А.Байтұрсынұлы қолданған түсініктілік қағидатының бір ерекшелігі – жеңілден ауырға қарай жүру. Бұл оқытудағы сатылықтың қажеттілігін аңғартады, яғни, оқушы жеңіл ұғынатын жақсы танымал, түсінікті материал оқушыны белгілі деңгейде ойланатын жұмыстармен жалғасуы заңды. Өз тұсында К.Д.Ушинский оқытуды тым жеңілдетіп, қарапайымдатып жіберуден сақтандыра келіп: «обучение должно требовать от учащихся умение серьезно трудиться», -деген-ді.

А.Байтұрсынұлы әліппелерінде әрдайым аз дыбыстан тұратын сөзден, өте шағын мәтіннен бастай отырып, оларды біртіндеп қана күрделендіру, кеңейте түсу тәсілі үнемі ескеріледі. Ал бұның өзі оңайдан бастап, қиынға қарай құлшына түсуіне, сенімді қимылдауына икемді де лайықты. Мәселен, екі буынды (а-ра, а-та, а-са, о-ра), жеңіл тұйық буынды (ар, аз, ал, ас, ор, ол, он, ақ, оқ), біраз дағдыдан кейін жеңіл бітеу буынды (зар, саз, тар, зор,тор) сөздерді оқу арқылы қалыптастырылған. Сондай-ақ, тұйық бір буынды, екі буанды сөздерден соң біртіндеп бітеу буынды сөздер оқытылады.(А, а-ра, а-за, а-зар. Ас, а-са, а-ра, а-ла, а-лар, а-лас)


Бұл орайда Н.А.Сорокин: «Правила идти в обучении от легкого к трудному предусматривается постановку перед учамся задач с постепенно возрастающей степенью трудности. Черезмерно легкое обучение, не требующее от учащихся умственного напряжения, тормозит их движение в вперед, вызывает у них потерью интереса к учению. С другой стороны непосильные затруднения в учебной работа могут привести к известному разочарованию, утрате уверенности в своих силах», - дей келе, - «Именно преодоление трудных учебных задач вызывает у школьников чувство глубокого удовлетворения, положительные эмоции, укрепляет веру в себя, усиливает стремление к приобретению новых знаний» - деп жазғаны дәлел [11,43].

А.Байтұрсынұлы оқытуда қолданылған түсініктілік қағидатының екінші ерекшелігі – белгіліден белгісізге қарай жүру немесе таныстан таныққа қарай өрлеу. Бұл ерекшелік оқудың физиологиялық жағына негізделген. Мұнда жаңадан үйретілген таңба не ұғым бұрыннан белгілі мәліметке байланыстырыла ұқтырылады. Сондықтан да мұғалім оқушылардың білім деңгейі мен таным көкжиегінің қандай мөлшерде екенін анықтай отырып, жаңа материалды меңгертуде осыны негізге алуы тиіс. Жасқсы белгілі міліметке байланыстырыла оқылса ғана, анағұрлым жеңіл меңгеріледі. К.Д.Ушинский оқытудағы таныстан таныққа қарай өрлеу әдісін жоғары бағалаған. А.Байтұрсынұлы да оқытудағы белгіліден белгісізге кешу әдісін қатаң сақтай отырып, белгілі дыбысты таныту үшін алынған сөздің шәкірт ұғымына, түсінігіне жақын болуын ескерген. Мысалы, «ш» дыбысын өтерде шортан, шолақ, шошақ, ошақ, арша, шаша, шашал, алаш, алаша, араша, шал, шала секілді сөздердің шоғырын пайдаланған т.б. Ал бұл сөздер дала баласына да, қала баласына да таныс болса керек. Себебі мысалдар ел тұрмысынан алынған.

Сондай-ақ А.Байтұрсынұлы әліппе, оқулықтарында оқытудың қарапайымнан күрделіге қарай, жақыннан алысқа қарай секілді дидактикалық заңдылықтарды да мұқият сақтай білген.

Қарапайымнан күрделіге қарай оқытуда алғашқы кезектегі жалаң деректер, ұғымдар бірте-бірте күрделі материалдарды оқытуға ұласып келеді.Көбіне-көп қарапайым материалдар деп оқушының қиналмай ұғынатын мәліметтерін айтамыз. Н.А.Сорокиннің бұл ретте де: «Кроме того, для детей часто сложном представляется все новые инепонятные; сложное становитсяпростым, когда познается, понимается и осознается, связывается с тем, что уже простым. Задача учителя состоит в том, чтобы помочь учащимся сложное сделать простым и доступным для понимания и усвоения»,- дегені бар. Әдіскер ғалым С.Рахметова бастауыш сынып балаларына қабылдау үшін берілетін заттарды бірте-бірте күрделендіріп отырса, көлемі де қарапайым бір буынды түрлері алынған (ар, аз, ас, ол, ат, ақ, оқ, аш, ық, ыс, аң, оң, ай, ой, ау, сау, бау, жау, өр, ұр, ұн, ән, ел, ер, ез, кек, тек, т.б.). Кейін ол екі-үш буынды сөздерге ұласыпкүрделенген. Одан әрі өтілген дыбысқа жаттықтыру, тіл дамыту бағытындағы сөйлем жасату, жаңылтпаш жасату, оларды оқыту, шапшаң айтқызу секілді практикалық өздік жұмыстаржалғасып келеді. Немесе А.Байтұрсынұлының «Тіл құралдарындағы» алғашқыда сөз, буын,дыбыс категориялары ұқтырылып, кейін зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, одағайларға, олардың түрлеріне, ерекшеліктеріне ұласады. Бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, сөйлем түрлеріне жалғасады.Ендеше «қарапайымнан күрделіге қарай» ұласу дегеніміз осыдан-ақ көрінсе керек.