Файл: . С. мірова, К. Анартаева Кркем дебиет дістемелік нсау.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.05.2024
Просмотров: 171
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Міндеттері: Өлең мазмұнына деген қатынасын бере білуге, тілдің бейнелілігін сезінуге үйрету. «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясына негізделген рухани-адамгершілік, жалпы адамзаттық құндылықтарды, патриоттық тәрбие арқылы туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. Туған жерін сүюге, қадірлеуге, татулықта, бірлікте өмір сүруге тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: өлеңнің авторын, атын, мазмұнын біледі, өлеңді мәнерлеп айтады; Түсінеді: өлең мазмұнын түсінеді;
Қолданады: өлең мазмұнының жүйесін сақтай отырып айтып береді, қарым-қатынас жасауда Отаны туралы қысқа мәлімет береді. Мақалдың мағынасын айтады.
Көрнекіліктер: Тәуелсіздік монументінің, Астана, Алматы қаласының көрікті жерлері, Бәйтеректің, Ақорданың және ЭКСПО суреттері. Слайд, жұмыс дәптері.
Сөздік жұмыс: тәуелсіздік, еркіндік, теңге. Полилингвальді компонент: тәуелсіз – независимый – independent.
ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
Отан деген – атамекен, Отан деген – туған жер.
Отан – ана, Отан – үлкен Туған ел!
2. Негізгі кезең
-
Біз қай Республикада тұрамыз? -
Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?
-
Қазақстан жері үлкен, табиғаты бай, көп ұлтты егемен мемлекет. Еліміздің мақтана алатын мемлекеттік рәміздері бар. Ол – туы, елтаңбасы, гимні. Біз – тәуелсіз елдің бақытты ұландарымыз. -
Бүгін ақын Оразақын Асқардың «Тәуелсіз Қазақстан» атты өлеңімен танысамыз. - Өлең – әдеби жанрдың бір түрі екенін түсіндіру. Өлең сөз адамның жан тебіреністерін әсерлі етіп жеткізеді. Айрықша сезімдерді ұйқас сөздермен суреттейді.
Тәуелсіз, еркін елде біз Дүниеге келгенбіз. Көк ту мен елтаңбамыз, Бар біздің өз теңгеміз.
Сөздік жұмыс:
Тәуелсіздік – еркіндік, теңдік, егемендік деген мағынаны білдіреді.
Еркіндік – еліміз ешкімге тәуелді емес, өз туы, гимні, елтаңбасы бар.
Теңге – біздің ұлттық төл ақшамыз.
Полилингвальді компонент: тәуелсіз – независимый – independent.
Сұрақ-жауап:
-
Өлең қалай аталады? -
Сендерге өлең ұнады ма? -
Өлеңде не туралы айтылған? -
Еліміздің қандай рәміздері бар? -
Сендер «тәуелсіздік» дегенді қалай түсінесіңдер?
Сергіту сәті:
Егемен елдің ұлымын, Ертеңгі күннің нұрымын. Отанын сүйген азамат Болатындардың бірімін. Білімнен жұпар жинаймын, Еліме бақыт сыйлаймын.
Балалар қимылмен орындайды.
-
Өлеңді қайталап есімізге түсірейік.
3-4 балаға өлеңді мәнерлеп жатқа айтқызу. Дәптермен жұмыс:
-
Суретке қара, не байқадың? Өз ойыңды айт. -
Суретте не бейнеленген? -
Сен Астананы көрдің бе? -
Мақалдың мағынасын түсініп ал:«Туған жерге туыңды тік».
3. Қорытынды бөлім. Рефлексия
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
- Сабақта сендерге не ұнады?
№ 8 Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Мысық, әтеш және түлкі
Мақсаты: Ертегіні мазмұндауда балалардың қабілеттілігін арттыру. Ертегінің мазмұны арқылы кейіпкерлерімен таныстыру. Ертегінің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру. Ертегі – әдеби жанрдың бір түрі екені туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: Ертегіні баяндауда сюжеттік бірізділікті сақтау, қисынды мазмұндауға, ертегіні әңгімелеу барысында бейнелеуіш сөздерді қолдануға үйрету. Ертегі мазмұнын эмоциямен бейнелі қабылдау, қоршаған орта, табиғат туралы түсініктерін және өзара жағымды қарым-қатынасын дамыту. Жағымды әдеттерді бағалай білуге тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже:
Жасайды: ертегінің мазмұнын сақтай отырып айтып береді;
Түсінеді: ертегінің мазмұнын түсінеді, кейіпкерлерді ажыратады;
Қолданады: ертегіні бейнелеуіш сөздер арқылы шығармашылықпен мазмұндайды. Көрнекіліктер: мысық, әтеш, түлкінің суреттері, ойыншықтары, қуыршақтары және ертегі кейіпкерлерінің бетпердесі, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.
Сөздік жұмыс: шап беріп, тәкаппар.
Полилингвальді компонент: әтеш – петух – cock; түлкі – лиса – fox; мысық – кошка – cat.
ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
2. Негізгі кезең
Педагог балаларға жұмбақ жасырады: «Бұрап қойған сағаттай,
Айғайлайды таң атпай». (Әтеш)
-
Қандай жан-жануарлар туралы ертегі білесіңдер? -
Бүгін біз «Мысық, әтеш және түлкі» деген ертегімен танысамыз. -
Ертегі – әдеби жанрдың бір түрі екенін түсіндіру.
Ертегіні мәнерлеп оқып береді. Мазмұнын түсіндіреді.
Сөздік жұмыс:
Әтеш – үй құсы, жем, тарыны тұмсығымен шоқып жейді. «Ку-ка-ре-ку!» деп шақырады. Мысық – үй хайуанаты. Ол мияулайды.
Шап беріп – тез ұстап алу.
Тәкаппар – менсінбей, кеудесін көтеруді айтамыз.
Полилингвальді компонент: әтеш – петух – cock; түлкі – лиса – fox; мысық – кошка – cat. Сұрақ-жауап
-
Ертегі қалай аталады? Ертегі ұнады ма? -
Ертегіде не туралы айтылған? -
Қай кейіпкер саған ұнады? -
Орманда мысықпен бірге не өмір сүрді? -
Мысық қайда кетеді? -
Әтешті түлкі қалай алдады? -
Мысық әтешті қалай құтқарды? -
Түлкінің жасағаны дұрыс па?
Сергіту сәті
-
Мысық қалай жүреді? Қалай дыбыстайды? -
Әтеш қалай секіреді? Қалай шақырады? -
Түлкі қалай қуланады? Құйрығын қалай қозғалтады? Балалар ертегі желісі бойынша қимылмен жасайды.
-
Ертегіні қайталап есімізге түсірейік.
Ертегі сюжеті бойынша шығармашылықпен әңгімелету. Ертегіні 3-4 балаға қайталату. Дәптермен жұмыс:
-
Суретте қай ертегі бейнеленген? -
Сурет бойынша ертегі мазмұнын, оқиға жүйесін сақтап баянда. -
Ертегіде қандай кейіпкерлер кездеседі? -
Жұбыңмен бірге кейіпкерлер диалогін ойнап көрсетіңдер.
Есіңе сақта:
«Дос болсаң, берік бол, Досыңа серік бол».
3. Қорытынды бөлім. Рефлексия
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
- Сабақта сендерге не ұнады? Несімен ұнады?
№ 9 Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Көркем әдебиет Тақырыбы: Жаңа жыл келді
Мақсаты: Жаңа жыл туралы түсініктерін кеңейту. Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру. Өлең – әдеби жанрдың бір түрі екенін түсіндіру.
Міндеттері: Өлеңді дауыс ырғағымен мәнерлей оқи отырып, логикалық екпінмен, үзілістермен жаттату, көтеріңкі көңіл күймен жатқа айтуға үйрету.
Балалардың өлең мазмұнына деген қатынасын, тілдік бейнелілігін сезінуге және өзара қарым-қатынасын дамытуға жетелеу. Ұйымшылдыққа, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: өлеңнің авторын атайды, өлеңді жаттайды;
Түсінеді: өлеңнің мазмұнын түсінеді;
Қолданады: өлең мазмұнына сәйкес ойын әрекеттерін орындайды, мәнерлеп жатқа айтады. Сұрақтарға жауап беріп, өз ойымен бөліседі, жаңа жылда алған әсерлері туралы айтады. Жұмбақтың шешімін айта алады.
Көрнекіліктер: жаңа жыл мерекесінің суреттері, жасыл шыршаны сәндеп жатқан балалар суреттері, слайд, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар. Сөздік жұмыс: жылыстап, әзір.
Полилингвальді компонент: Жаңа жыл – Новый год – New year; шырша – ёлка –
Christmas tree.
ҰОҚ барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбері
Біздің топта балалар Тату-тәтті ойнайды. Дос көңілі әрқашан Тек жақсылық ойлайды.
-
Негізгі кезең
-
Қазір жылдың қай мезгілі? -
Жақында қандай мереке болады? -
Жаңа жыл мерекесі саған несімен ұнайды?
-
Жаңа жыл мерекесі қай мезгілде тойланады? -
Бүгін ақын Сағи Жиенбаевтың «Жаңа жыл келді» атты өлеңімен танысамыз. -
Өлең – әдеби жанрдың бір түрі екенін түсіндіру. Өлең сөз адамның жан тебіренісін әсерлі етіп жеткізеді. Айрықша сезімдерді ұйқас сөздермен суреттейді. Жаңа жыл да келеді, Бізге қарай жылыстап. Өлең де әзір, ән де әзір, Ойын да әзір, бәрі әзір.
Кел, Жаңа жыл, біздерге,
Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!
Сөздік жұмыс:
Жылыстап – ақырындап, біртіндеп.
Әзір – дайын.
Полилингвальді компонент: Жаңа жыл – Новый год – New year; шырша – ёлка –
Christmas tree.
Сұрақ-жауап:
-
Өлең қалай аталады? -
Жаңа жылда балалар не істейді? -
Жаңа жылда бізге кім келеді?
Сергіту сәті:
Қар борайды оң жақтан, Қар борайды сол жақтан. Қар лақтырып ойнасақ, Су өтеді қолғаптан.
Балалар қимылмен орындайды.
-
Өлең шумағындағы сөздерді есімізге түсірейік.
Жылыстап, әзір сөздерінің мағынасын қайталау. Өлеңді мәнерлеп жатқа айтады. 3-4 балаға өлеңді қайталап айтқызу.
Дәптермен жұмыс:
-
Суретте балалар не істеп жатыр деп ойлайсың? -
Әр балаға ат қойып, олардың немен айналысқанын әңгімеле. -
Балалардың көңіл күйі қандай? -
Жаңа жылды қарсы алу үшін шыршаға қандай ойыншықтар дайындайды? -
Жаңа жыл мерекесі қалай тойланатынын әңгімеле.