Файл: 1 азастан аумаындаы тас асырына атысты археологиялы ескерткіштерді ашылуы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.10.2024
Просмотров: 102
Скачиваний: 0
СОДЕРЖАНИЕ
Қаңлылардың шығу тегі жəне этностық тарихы.
Түркеш мемлекетінің құрылуы мен нығаюы.
Сырдария бойындағы жабғу мемлекеті.
Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы Қараханидтер
Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы?
Моғолстан(14 ғ.ортасы-16 ғ басы) Мемлекетің құрылуы.
Көшпелі өзбектер мемлекеті немесе Əбілхайыр хандығы.Аумағы,этникалық құрамы?
«Қазақ» терминінің əлеуметтік, этникалық мəні мен мазмұны Жауабы:
XV-XVI ғғ.Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы жəне негізгі оқиғалары.
66) Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ даласы.
Қырғыз(Қазақ)Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы.
Ф.И. Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы: мəні мен салдары.
Саяси сенімсіздік пен халықтарды Қазақстанға күштеп депортациялау
Шығыс пен Батысты байланыстырған бұл Ұлы Жібек жолы түркі жері үшін үлкен рөлді ойнайды.
Ұлы Жібек жолының тарихында оны түркі мемлекеттері толықтай дерлік бақылауда ұстаған үш кезең болды:
1 VI-XIII ғасырдың басындағы түрік қағанаттарының бақылауындағы кезең;
2 ХІІІ ғасырдың басы мен ХІV ғасырда Шыңғысхан империясының бақылауындағы кезең;
3 ХІV ғасырдың екінші жартысы мен ХV ғасырдың басындағы Әмір Темір империясының бақылауындағы кезең
Ұлы Жібек жолының басты тауары жібек матасы саналды. Жібек матасы жұқа , жұмсақ , жеңіл мата. Ал жібектен жасалған киімдер әдемі , ыңғайлы және сәнді еді. Сондықтан түркі ақсүйектері тек жібек матадан тігілген киімдерді киген. Мысалы , Тон – Жабғу қағанның жасыл жібек шапан кигені белгілі. Араб географы әл – Идриси мәліметтері бойынша , дәулетті қиматтар түрлі түсті жібек киімдер киген. Ұлы Жібек жолының Еуропадан Қазақстан жеріне әйнек және теңгелер , айна , шыны ыдыстар , түймелер мен қапсырмалар жүргізілді. Ал Қазақ жерінен тері мен жүн , жылқы , қой тасылған.
26. Қазақстанның түркі дәуіріндегі ортағасырлық сәулет ескерткіштері
Сәулет өнері.Өнердің бұл түрі Қазақстанда X-XII ғасырларда Қарахан мемлекетінің кезінде өркендей бастаған еді.Оның басты дәлелі-Тараз қаласының маңындағы Айша-бибі,Бабаджа қатын сияқты сәулет өнерінің тамаша туындылары.Алайда XIII ғасырдағы моңғол шапқыншылығы бұл өнердің дамуына үлкен нұқсан келтірді.Өйткені XIII ғасырдан XIV ғасырға дейін жерімізде айтарлықтай ірі құрылыстар салынбаған.
XIII ғасырдың екінші жартысынан бастап қалалық отырықшылық мәдениеттің жандана бастауының нәтижесінде XIV-XV ғасырларда ірі архитектуралық құрылыс жүйелері салына бастаған.Мәселен, бұл кезден бізге жеткен сәулет өнерінің тамаша үлгілеріне Арыстан-баб, Қожа-Ахмет Йасауи, Айиша-бибі кесенесі, Қарахан кесенесі сияқты кесенелер жатады.
"Арыстан-баб кесенесі" көне Отырар қаласының батыс жағында 3км жерде, Сырдария өзеніне жақын орналасқан.Ел аузындағы аңыз бойынша, Арыстан-баб VII-VIII ғасырларда өмір сүрген. Оның басына тұрғызылған кесене құлап қалған. Сол құлап қалған күмбезді Әмір Темір XIV ғасырда қайта салғызыпты. Арыстан-баб кесенесі екі бөлмеден тұрады.Ортасында дәлізі бар. Негізгі бөлмелердің төбесі күмбезбен көтерілген. Кесене XIX ғасырда бірнеше рет жөндеуден өткен.
Қазақ жеріндегі тамаша сәулет өнері ескерткіштерінің бірі Түркістан қаласындағы ислам дінінің ғұламасы, сопы Қожа Ахмет Йасауиге тұрғызылған кесене. «Әзірет сұлтан» аталатьш Қожа Ахмет Йасауидің кешенді кесенесі орта ғасырдың сирек кездесетін сөулет өнерінің ескерткіші. Бұл кесене 1396-1404 жылдары салынған. Кесене сол кездегі Мауараннахр билеушісі Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылған. Аталған ғимарат өзінің ерекше әдемілігімен, сөулет өнерінің ғажайып үлгісімен қызықтырады. Құрылыстың биіктігі 40 метр. Оның ішінде бір-бірімен жапсарлас 35 бөлме бар. Ғимараттың ортасында зәулім биік күмбез орналаскан. Кесененің ішінде үлкен тайқазан, кітапхана бар. Кесенені салуға сапалы құрылыс материалдары қолданылған. Қазіргі кезде кесенені көруге Түркістан қаласына көптеген адамдар келеді. Бұл жер мұсылмандар үшін қасиетті орын болып саналады. «Мединеде Мұхаммед, Түркістанда Қожа Ахмет» деген сөз содан қалған. Сонымен бірге Йасауи кесенесін қазақ халқы касиетті пантеон есебінде құрметтейді. Ол жерде қазактың хандары, басқа да мемлекет қайраткерлері жерленген. «Пантеон» сөзі грек тілінен аударғанда құдайлар мекені деген мағынаны білдіреді.
Ерте кезден сақталған ғимараттардьщ бірі Айша бибі кесенесі. Бұл кесене ХІ-ХII ғасырларда салынған. Ғимарат қазіргі Тараз қаласынан 18 шақырым жерде орналаскан. Кесененің сырты түгелдей оюөрнекпен әшекейленген. Кесене бір кездері қатты бүлінгендіктен көптеген бөлігі сақталмаған. Бүгінде кесене кайта калпына келтірілді.
Сәулет өнерінің тағы бір ерекше туындысы Қарахан кесенесі. Бұл ескерткіш те Тараз қаласының маңында орналаскан. Кесене шаршы пішіндес болып келеді, порталды-күмбезді құрылысқа жатады. Ғимарат орталық зал мен бұрыштағы шағын үш бөлмеден тұрады. Төртінші бұрышында кесененің төбесіне шығатын баспалдары бар. Кесененің сырты кірпіштен қаланып әшекейленген. XX ғасырдың басында кайта жаңғыртылған.
27. Түркі мәдениетіндегі ауызша дәстүр. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмет Яссауи шығармаларының әлемдік маңызы
Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан мәдениеттің жалпы атауы. Түркілердің алғашқы ата қонысы Шығыс Тянь-Шань мен өңірі болған. "Халықтардың ұлы қоныс аударуының" нәтижесінде қазіргі Қазақстан, Орта және Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа территорияларына кең таралып орналасқан түркілер қазіргі түркі тілдес халықтардың барлықтарының субстраты болып табылады. "Түркі" деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады.
Түркілердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болған. Түркі қағандағы тұсында түркі тілінің өрісі барынша кеңіп, ұланғайыр өлкедеғі негізгі тілге айналған. Түркілердің жазуы да болған. Сол көне түркі жазбаларынан түркілердің дүниетанымдық көзқарастары, наным- сенімдері туралы көп мағлүмат алуға болады Көне түркі жазба ескерткіштері арқылы қазіргі түрік халықтарының көне тілін, тарихын, этногенезін, географиясын, рухани мәдениетін, жазба дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымын білуге болады.
Әл-Фараби – көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, философ және шығыс аристотелизмінің ең ірі өкілі. Өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында "Екінші Ұстаз" атауына ие болды. Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор (150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар), ал оның айналысқан ғылыми салалары ол – философия мен логика, саясат пен этика
, музыка мен астрономия. Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат" деп аталады. Оның атақты “Музыка туралы үлкен трактат” деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.
Жүсіп Баласағұн. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908 - 955) тарту етеді.
Махмұд Қашғари-Ыстықкөл маңындағы болған Барысхан қаласында әскерилер отбасында дүниеге келген. Қарахан әулетінен. Қашқарда, Бағдатта білім алған. Византия, Түркия, Қытай және басқа елдерді аралаған. Түркі тілімен қатар, араб және парсы тілдерінде де еңбектер жазған. «Диуани лұғат ат-түрік» - Қ. ең ұлы шығармасы. Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады.
Қожа Ахмет Ясауи – 1093 жылы туылған түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Ясауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды.
28. Шыңғысханның Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алуы..
1206 жылы көшпелі шонжарлардың құрылтайында Монғол империясы құрылды. Ұлы хан болып Шыңғысхан (Темүжін) сайланды. Монғол мемлекеті 95 түмен әкімшілік билікке бөлінді. Әскери аумағы жағынан мемлекет үш әскери әкімшілік аймақтан тұрды. Олар – барунгар (оң қанат), жоңғар (сол қанат) және кул (орталық қанат). Мемлекеттің басты заңы “Жасақ” деп аталды. Оның бірінші бөлімінде Шыңғысханның нақыл сөздері мен ел басқарудағы шешімдері болған. Екінші бөлім әскери, азаматтық істерді орындаудағы жалпы заңдар мен жазалау ережелерінен құралды. “Жасақ” бойынша өкімет билігінің жоғарғы органы құрылтай болды.
1207-1208 жылдары Жошы Енисей қырғыздары мен Сібір халықтарын жаулап алды. Ал 1207-1209 жылдары Шыңғысхан таңғұттарды, Тұрфан кінәздігін, ұйғырларды бағындырды. 1211-1215 жылдар арасында Шыңғысхан Қытай жерін басып алды. 1217 жылы Шыңғысхан Күшліктің Жетісудағы иеліктерін басып алуға Жебе ноянды аттандырды. Монғолдар 1218 жылы Жетісу жеріне енді. Осы жылы қаңлы, найман және керей тайпалары жайлаған Жетісу жеріне алғашқы соққы берілді. Бұл кезде Жетісуды наймандардың Күшлік ханы билеп тұрған еді. Оған қарсы Шыңғыс хан өзінің таңдаулы қолбасшыларының бірі Жебені жіберді. Монғолдар жергілікті халыққа ислам дінін жария түрде ұстануға рұқсат етіп, Күшліктің мұсылмандарды қудалауына байланысты халықтың наразылығын тиімді пайдаланды. Сонымен қатар Жетісу халқын өз жағына тарту үшін Шыңғыс хан бұл өлкеде тонаушылық пен қырғынға тиым салды. Көптеген елді мекендер, соның ішінде Баласағұн қаласы ұрыссыз берілді, ал Күшлікті монғолдар Бадахшанда ұстап, өлтірді.
- 1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 17
Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы?
-
Алтын Орда – Дешті Қыпшақ аумағында немесе Еуразияның далалық аумағында ХІІІ ғасырдың басынан ХVІ ғасырдың алғашқы жылына дейін өмір сүрген империя.
— Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы: территория, этникалық процестер.
1227 ж. Шыңғысхан қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін 1235 ж. Қарақорымда өткен монғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Монғол əскерлерін Шыңғысханның мұрагер немересі, Жошының екінші ұлы БАТУ басқаратын болды. Бату əскері 1236 жылы Камадағы бұлғарларды, мордваларды талқандап, 1237 ж. орыс мекендеріне келіп шүйлікті. Рязань, Мəскеу, Владимир түбінде монғол əскерлерімен кескілескен ұрыстар жүрді. 1239 ж. басында монғол əскерлері Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыққа аттанды.1240 ж. күзінде Бату Киевті талқандады, олар Польша, Венгрия, Чехияны жəне басқа да елдерді басып алды. Батудың екпінді жорығы барысында монғолдар кең байтақ жерге ие болды. 《Оның шегі батыста - Днестрге, шығыста - Ертіске, Солтүстікте - Батыс Сібір
ойпатына, Оңтүстікте - Солтүстік Кавказға 》дейін жетті.
Бату иеліктерінің құрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік Хорезм мен Сырдарияның төменгі жағындағы жерлер енді. Осындай аса зор мемлекет шығыс деректемелерінде Көк Орда, ал орыс жылнамаларында Алтын Орда деп аталды. Астанасы алғашында Еділ бойындағы Сарай Батуда болса, Кейін Сарай Беркеге көшірілді. Алғашында Алтын Орда деген ұғым болмаған. Бұл атау орыс деректерінде тек XVI ғ. аяғында пайда болған. Өтеміс қажының «Шыңғыснама» шежіресінде бұл туралы аңыз бар.
Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда - Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды