Файл: Жа бет протездерін дайындау техникасы пні бойынша стандарт.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 15.03.2024

Просмотров: 167

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ескерту:

Құлыпты фиксациялы бюгельді протезді жасаудың клинико – зертханалық кезеңдері кламмері бар бюгельді протезді жасау техникасынан тек екінші зертханалық кезең бойынша ерекшеленеді.

30. Стандарт: Бюгельді протезді тапсыру

Мақсаты: Бюгельді протезді тапсыру әдісінің дағдыларын игеру

Ресурстары: дайын бюгельді протез, протездері бар мини – стендтер, «жоғарғы және төменгі жақтың бюгельді протездері» плакаттары, «бюгельді протездеу» журналы, интернеттен тақырып бойынша мақала.

Әрекет ету алгоритмі:

Бюгельді протеді тапсыру алдында дәрігер ғанышты модельдегі түрін мұқият тексеріп, келесіге назар аударады:

  1. Шырышты қабатпен жанасатын бөлігі тегіс және жылтыр болуы тиіс;

  2. Жасанды тістер мен антогонистердің қатынасы

  3. Каркас модельдегі суретке сәйкес болуы тиіс.

  4. Келесіге назар аудару:

  • Сапасына

  • Жеке бөліктердің көлденең кескінінің пішініне

  • Бірінің екіншісіне өту тегістігі

  1. Енгізу жолдарын ескере отырып протезді ауық қуысына енгізу

  2. Протез сенімді бекітіліп, қиындықпен шешілуі тиіс

  3. Келесіге назар аударады:

  • Доға мен шырышты қабат арасындағы кеңістікке

  • Төменгі жақта доға тіл үзеңгісімен жанаспауы тиіс


Ескерту:

Бюгельді протезді қолданған бірінші күндері келесі жағымсыз сезім пайда болуы мүмкін:

  1. Жүрек айну

  2. Құсу

  3. Сілекейдің көп бөлінуі

  4. Сөйлеудің бұзылуы

  5. Дәм сезу сезімінің бұзылуы

  6. Тағамды тістеу мен шайнау қиындауы

Тіс протезіне үйрену уақыты 1-2 аптаны құрайды.

«Алынбайтын протезді дайындау техникасы» пәні бойынша стандарттар

  1. Стандарт: Штампталған сауытты дайындаудың клинико – зертханалық кезеңдері.

Мақсаты: Клинико – зертханалық кезеңдер ретін меңгеру

Ресурстары:

Техникалық жабдықталуы:

Мультимедиялық құралдар

Оқу құралдары: жақ муляждары, стендтер, мультимедиялық презентациялар мен оқу видеофильмдері

Әрекет ету алгоритмі: Штампталған сауытты дайындаудың клинико – зертханалық сатылары.

Клиникалық сатылары

Зертханалық сатылары

І. Клиникалық

  1. Тексеру

  2. Диагноз қою

  3. Конструкция таңдау

  4. Тісті егеу

  5. Екі жақтан немесе тістесуден анатомиялық көшірме алу

  6. Екі жақтан көшірме алу

  7. Құжатты толтыру

І. Зертханалық

1. көшірмені бағалау

2. модель құю окклюдаторға ғаныштау

3. Тістің клиникалық мойнын сызу

4. тістің анатомиялық пішінін модельдеу

7. ғанышты штампты кесу мен тістің анатомиялық мойнын гравирлеу
8. ғанышты блокты құю

9. екі металлды штампик дайындау

10. гильза таңдау

11. алдын ала штамптау

12. соңғы штамптау

ІІ. Клиникалық

  1. Сауытты тіске припасовкалау

ІІ. Зертханалық

  1. Ағарту

  2. Шлифтеу мен жылтырату

ІІІ. Клиникалық

  1. Протезді тапсыру. Цементке отырғызу.






  1. Стандарт: Көшірме үлгіні бағалау

Мақсаты: көшірме үлгі сапасын бағалау

Ресурстары:

Техникалық жақдықталуы:

Стоматологиялық материалдар: көшірме үлгі

Мультимедиялық құралдар:

Оқу құралдары: жақ фантомдары, стендтер, мультимедиялық презентациялар мен оқу видеофильмдері



Әрекет ету алгоритмі:

  1. Көшірме үлгі протез орнының, тіс қатары мен тіс аралық бөлім контурының рельефін нақты көрсетуі тиіс

  2. Көшірме үлгінің жиектері тегіс үздіксіз және ауа көпіршіктері болмауы тиіс

  3. Көшірме үлгі қалыңдығы 3-4 мм

  4. Антогонист тістердің кесу қырлары мен шайнау беттері нақты болуы тиіс

Ескерту:

Тіс мойнының нақты емес рельеф көшірмесі, сауыт жиектерінің тығыз емес орналасуына алып келеді.

Егер көшірме үлгі ғанышпен алынса, оны балауызбен жапсыру қажет.

  1. Қасық беті мен көшірме бөліктерін ғаныш ұнтақтарынан тазарту

  2. Кесу қырлары мен шайнау беттерінен бастап, немесе үлкен бөліктерінен бастап ғаныш сынықтарын қасыққа орналастыру

  3. Көшірме үлгіде барлық бөліктерінің бар немесе жоқтығын тексеру

  4. Көшірме үлгінің барлық бөліктерін қайнап тұрған балауызбен жапсыру. Бөлшектері тек сыртқы жағынан немесе қасықтың жиектерінен жапсырылады.

Назар аудару:

    • Қазіргі кезде көшірме үлгіні ғанышпен алмайды, бірақ көшірме үлгіні ғанышпен алу әдісі тіх тегнигіне сабақ берудің классикалық түрі болып саналады.



  1. Стандарт: Модель құю.

Мақсаты: модель құю әдісін меңгеру

Ресурстары:

Техникалық құралдар:

Стоматологиялық қондырғылар: вибро үстел, спиртовка

Стоматологиялық құралдар: тіс техникалық шпатель, ғанышты пышақ, көшірме алу қасықтары, резеңке колба, шпатель.

Стоматологиялық материалдар: медициналық ғаныш, су, көшірме үлгі

Мультимедиялық құралдар:

Оқу құралдары: жақ фантомдары, стендтер, мультимедиялық презентациялар мен оқу видеофильмдері

Әрекет ету алгоритмі:

І. Алгинатты массамен алынған көшірме үлгі бойынша, ғаныштан модель құю

1. көшірмені салқын сумен жуып, сілкиді

2. резеңке қолбаға су құйып, кішігірі порциямен толық қаныққанға дейін ғаныш салады.

3. қаймақ тәрізді консистенцияға дейін шпательмен араластырады

4. кішігірім порциямен ғанышты көшірме үлгіге құяды, көшірме үлгіні вибро үстелге орнатады немесе сілкиді.

5. көшірмені жиектерінен жоғары етіп ғанышпен толтырады. Содан кейін үстел үстіне ғанышты тау тәрізді етіп салады.

6. көшірмені теріс қаратып, ғаныштың үстіне әлсіз басып орналастырады

7. ғаныштың артығын шпательмен алып, жиектерін тегістейді

8. ғаныш қатқаннан кейін ғанышты пышаөпен құлыпты қалыптастырады.


9. ғаныштың сумен қанығуы үшін ғанышты модельді 10-15 минутқа суға салады.

10. ғаныштың жаңа порциясын араластырып, вибро үстелде көшірменің екінші бқлігін толтырады

11. ғаныш қатқаннан кейін көшірме үлгіні ғаныш модельінен ажыратады.

Ескерту:

  1. Модель ауа көпіршіктерісіз, бөгде қоспаларсыз және зақымдануларсыз, сызатсыз болуы тиіс.

  2. Модельде тіс мойынының рельефі нақты көрсетілуі тиіс

  3. Модель цоколы 1,5-2,0 см болуы тиіс.



  1. Стандарт: Тістің клиникалық мойнын сызу

Мақсаты: Тістің клиникалық мойын бөлігін гравирлеу мен сызу әдісін меңгеру

Ресурстары:

Техникалық жабдықталуы:

Стоматологиялық құралдар: тіс техникалық шпатель, скальпель

Стоматологиялық материалдар: химиялық қарандаш, модель

Мультимедиялық құралдар:

Оқу құралдары: жақ фантомдары, стендтер, мультимедиялық презентациялар мен оқу видеофильмдері

Әрекет ету алгоритмі:

  1. Тістің көлденең осьіне бағытталған тіс техникалық моделяр көмегімен тіс мойны контурының анықтығын бұзатын ғанышты, оның көлемін азайтпай, тіс қызыл иек қалтасына тереңдетпей алып тастайды.

  2. Өткірленген химиялық карандашпен ғанышты модельде тістің деңгейі мен рельефін сақтау үшін, тістің клиникалық мойнын сызады.

Ескерту:

Тістің клиникалық мойны сауыт ұзындығын және қызыл иек қалтасына кіру деңгейін анықтайтын бастапқы пункт.

  1. Стандарт: Тістің анатомиялық пішінін модельдеу

Мақсаты: тістің анатомиялық пішінін модельдеу әдісін меңгеру

Ресурстары:

Техникалық жабдықталуы:

Стоматологиялық қондырғылар: газды горелка, спиртовка

Стоматологиялық құралдар: тіс техникалық шпатель немесе электрошпатель

Мультимедиялық құралдар:

Оқу құралдары: жақ фантомдары, стендтер, мультимедиялық презентациялар мен оқу видеофильмдері

Әрекет ету алгоритмі:

  1. Тіс техникалық шпательмен пішіндеуші балауызды алып қайнатады

  2. Бірінші порциясын тістің ғанышты культясына тістің ортасынан шайнау бетіне қарай жағады.

  3. Баяу қыздырылған балауызды қабаттай отырып, культя кһлемін арттырады

  4. Балауыз пластикалық жағдайда болғанда, тістесу модельін алып антогонист тістер көшірмесін алады.

  5. Балауыз қатқаннан кейін модельдеуге кіріседі, балауз тістің мойнына 1,0-1,5 мм жетпеуі тиіс.

  6. Пішіндеу кезінде көрші тістер мен антогонист тістердің пішініне ориентирленеді

  7. Пішіндеуді тіл бетінен, шайнау мен шеткі бетінен бастап анатомиялық пішінін қалыптастырады


Ескерту:

Дұрыс пішінделген тіс культясы келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:

  1. Көлемі бойынша қалпына келтіретін тістен металл қалыңдығына кіші болуы тиіс (0,2-0,3 мм)

  2. Төмпешіктері шамадан тыс анық болмауы тиіс

  3. Қалпына келтіретін тістердің жанама беттері арасында экватор деңгейінде металл қалыңдығындай кеңістік болуы тиіс.

  4. Тістің балауызды модельі беттерінің бір – біріне өтуі тегіс болуы тиіс

  5. Өткір ұырлары болмауы тиіс.



  1. Стандарт: Ғанышты штампик кесу мен тістің анатомиялық мойнын гравирлеу

Мақсаты: Ғанышты штампик кесу мен тістің анатомиялық мойнын гравирлеу әдісін меңгеру

Ресурстары:

Техникалық жабдықталуы:

Стоматологиялық қондырғылар: газды горелка, спиртовка

Стоматологиялық құралдар: лобзик және егеу жиынтығы, тіс техникалық шпатель немесе электрошпатель, ғанышты пышақ

Стоматологиялық материалдар: модель

Мультимедиялық құралдар:

Оқу құралдары: жақ фантомдары, стендтер, мультимедиялық презентациялар мен оқу видеофильмдері

Әрекет ету алгоритмі:

  1. Модельді суға салады

  2. Ғанышты модельден лобзик, егеу көмегімен пішінделген тісті кесіп алады

  3. Негіздің вертикальды жазықтығы мен пішінделген тіс бір сызықтың бойында болуы тиіс. Сауыт осьі негіздің осьіне сәйкес келуі тиіс, сондықтан шпатель жазықтығы сауытты бөлік осьіне паралелльді болуы тиіс.

  4. Алдын ала карандашпен белгіленген тістің мойын сызығына параллельді дайындалған штамп негізінде 1 мм ара қашықтықта екінші сызықты сызып, тереңдетеді.

  5. Бірінші және екінші сызық арасындағы ғанышты кесіп алып тастайды.

  6. Егер мойын бөлігі дұрыс гравирленген болса, ғанышты штампты айналдырған кезде бұл бөлік қатаң вертикальды сызық сияқты көрініп, мойын сызығының жалғасы болады.

Ескерту:

    • Ғанышты штамптың сауыт бөлігінің қалыңдығы мойын бөлігі көлденең кескінің профильіне нақты сәйкес келуі тиіс

    • Ғанышты тістің мойнының диаметрін арттыру кең сауытты алуға алып келеді.

    • Көлемі кішірейген сайын сауыт тарылады

    • Егер ғаныш штамптың негізі сауыт бөлігінің экваторынан кең болса, штамповкалау процессінде гильза жыртылады немесе шайнау бетінде мыжылады.

    • Егер ғанышты штамптың негізі экватордан тар болса, штамповкалау кезінде қатпарлар пайда болады.



  1. Стандарт: Ғанышты блок дайындау

Мақсаты: ғанышты блок дайындау әдісі игеру