Файл: Жа бет протездерін дайындау техникасы пні бойынша стандарт.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 15.03.2024
Просмотров: 170
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Доға, аралық бөлім мен шырышты қабат арасында кеңістіктің болуы -
Төменгі жақта доға тілдің үзеңгісіне жанаспауы тиіс
Ескерту:
Ауыз қуысында каркастың тепе – теңдігінде дәрігер каркасты қайта жасау туралы шешім қабылдай алады.
21. Стандарт: Жасанды тістері бар балауыз базис дайындау
Мақсаты: жасанды тістері бар балауыз базисті жасау дағдыларын игеру
Ресурстары: жақ модельдері, базисті балауыз, тістер гарнитурасы, электрошпатель, артикулятор, протездері бар мини – стендтер, «жоғарғы және төменгі жақтың бюгельді протездері» плакаттары, «бюгельді протездеу» журналы, интернеттен тақырып бойынша мақала
Әрекет ету алгоритмі:
-
Жұмысшы ғанышты үлгіден алдын жағылған изоляцияны шешеді -
Балауызды базис көмегімен модельдерді орталық окклюзия қатынасына орнатып, окклюдаторға ғаныштайды. -
Каркасты модельге орнатып, каркас пен модельдің арасындағы аралықтың біркелкілігін тексереді. -
Модельге базис шекарасын карандашпен енгізеді -
Аралық бөлім шекарасына балауыз пластинасын орналастырады. -
Балауыз қатқанға дейін модельге әлсіз қыздырылған металлды каркасты орнатады. -
Каркастың дұрыс орналасуын барлық окклюзиялық накладкаларын кламмер иығының тұрақтандырғыш бөліктерінің және доғаны орналасуы бойынша ауыз қуысында тығыз орналасуын бойынша бағалайды. -
Тістерді орналастыру ережесі алынатын пластиналық протездер сияқты болып келеді.
Ескерту:
Базисті пішіндеу кезінде фильцтың аямағына назар аудару қажет, доғаның каркасқа жалғасу жерінде балауызды фильцпен пішіндейді.
22. Стандарт: Модельді кюветаға ғаныштаудың тура тәсілі
Мақсаты: модельді кюветаға ғаныштаудың тура тәсілі бойынша дағдыларды игеру
Ресурстары: жақ модельдері, базисті балауыз, тістер гарнитурасы, электрошпатель, артикулятор, протездері бар мини – стендтер, «жоғарғы және төменгі жақтың бюгельді протездері» плакаттары, «бюгельді протездеу» журналы, интернеттен тақырып бойынша мақала.
Әрекет ету алгоритмі:
-
Модельді артикулятор немесе окклюдатордан шешеді, негізін кювета биіктігінен жасанды тістер жоғбөлігі мен төменгі жақтың - төменгі ары тұратын етіп кеседі. -
Кламмері бар ғанышты тістердің бір бөлігін кламмер иығы жақсы бекітілу үшін кесіп тастайды -
Модельді ылғалдандырып, ғанышты араластырып, кюветаның негізін ғанышпен толтырып, кювета түбіне дейін оған модельді орналастырады. -
Артық шыққан ғаныштан, тістердің вестибулярлы, алдыңғы тістердің кесу қырлары мен шеткі тістердің шайнау беттерін жауып тұратын тістердің үстінде валик пішіндейді. -
Жоғарғы жақтың таңдай аймағы мен төменгі жақтың төменгі тістері бос болады. -
Барлық жасанды және табиғи тістерді жауып тұратын ғанышты валик жеткілікті қатты, берік, тегіс болу тиіс. -
Ғаныш қатқаннан кейін кювета негізінің шетін ғаныштан тазартып, ғаныштың басқа ғаныш порциясынан изоляциялау үшін бірнеше минут салқын суға салып, кюветаның жоғарғы бөлігін қақпақсыз саламыз. -
Кюветаның жоғарғы бөлігін сұйық ғанышпен толтырып, ауа көпіршіктері қалмау үшін кюветаны үнемі сілкіп, қақпақты тығыз жауып, артық ғанышты алып тастайды. -
Ғаныш қатқаннан кейін кюветаны ақырын ашып, екі жарты арасына шпатель салады. -
Кюветаның ғанышты көшірмесі бар қақпағын абайлап ашады, төменгі жақта ғаныш валигімен кһмкерілген кламмері бар тістер қалады. Жасанды тістердің оральды беті ғаныштан бос болады. -
Кюветаның екі блігін қайтадан бір біріне қосып, арнайы тордың бетіне салып, қайнат тұрған суға, балауыз ағып кеткенге дейін салады. -
Кюветаны ашып, екі жартысын ағынды ыстық сумен балауыз толығымен жойылғанға дейін шаяды.
Ескерту:
Тура ғаныштау әдісін каучуктен протез жасау кезінде қолданған. Бірақ, жасанды қызыл иегі жоқ пластмассалы протез жасау қажет кезде ғаныштаудың осы тәсілі көрсетілген.
23.Стандарт: Модельді кюветаға ғаныштаудың кері әдісі
Мақсаты: модельді кюветаға ғаныштаудың тура тәсілі бойынша дағдыларды игеру
Ресурстары: жақ модельдері, базисті балауыз, тістер гарнитурасы, электрошпатель, артикулятор, протездері бар мини – стендтер, «жоғарғы және төменгі жақтың бюгельді протездері» плакаттары, «бюгельді протездеу» журналы, интернеттен тақырып бойынша мақала.
Әрекет ету алгоритмі:
-
Модельді ғаныштауға дайындау
-
Кламмерлері припасовкаланған ғанышты тістерді вестибулярлы жақа қарай кламмер иығы ғаныштан бос болатындай етіп кеседі.
-
Модельді бірнеше минутқа суға салады. -
Ғанышты араластырып, кюветаның жоғарғы бөлігін толтырады -
Модельді тістердің мойнына дейін салады -
Қызыл иегі , тістері мен таңдай бөлігі ғаныштан бос болатындай етіп, тек модельді ғанышқа отырғызады. -
Ғанышты кювета шеті деңгейінде тегістеп, бірнеше минутқа салқын суға салады. -
Кювета негізінен қақпақты шешіп, кюветаның төменгі бөлігін жоғарғы жағына салады. -
Ғанышты кішігірім порциямен араластырып, кюветаны толтырады -
Кюветаны қақпақпен жауып пресске салады. -
Ғаныштан тазартылған кюветаны 5-10 минутқа ыстық суға салады. Балауыз жұмсарғаннан кейін кюветаны шпательмен еркін ашады. -
Кювета ашылғаннан кейін жоғарғы жағында тек модель қалады, кювета негізінде тістер, кламмерлер мен балауызды жұмсарған базис қалады. Қалған тістердің кесу ырлары кювета негізіне бағытталып, мойын бөлігі жоғары қара тұрады.
Модельді дұрыс дайындаған жағдайда кламмерлер кюветада тығыз бекітілген болады.
24. Стандарт: Модельді ғаныштаудың комбинирленген әдісі
Мақсаты: модельді кюветаға ғаныштаудың тура тәсілі бойынша дағдыларды игеру
Ресурстары: жақ модельдері, базисті балауыз, тістер гарнитурасы, электрошпатель, артикулятор, протездері бар мини – стендтер, «жоғарғы және төменгі жақтың бюгельді протездері» плакаттары, «бюгельді протездеу» журналы, интернеттен тақырып бойынша мақала.
Әрекет ету алгоритмі
:
-
Тістерді ғанышты валикпен көмкереді, шайнау тістері мен қызыл иек ғаныштан бос болады -
Ғаныштау кюветаның негізінде жүзеге асырылады -
Контрформаны құйғаннан кейін, кюветаны ашпай, ыстық суға салады. -
Балауыз жұмсарған кезде кюветаны ашып, балауызды балқытып, кюветаны паковкаға дайындайды.
Ескерту:
Ғаныштаудың бұл тәсілі шаунау тістері альвеолярлы өсіндіге жақын орналасқан кезде қолданылады.
25. Стандарт: Жасанды тістері бар балауыз базис конструкциясын пластмассаға алмастыру
Мақсаты: жасанды тістері бар балауызды базис конструкциясы бар бюгельді протезді пластмассаға алмастыру дағдыларын игеру.
Ресурстары: жақ модельдері, базисті балауыз, тістер гарнитурасы, электрошпатель, артикулятор, протездері бар мини – стендтер, «жоғарғы және төменгі жақтың бюгельді протездері» плакаттары, «бюгельді протездеу» журналы, интернеттен тақырып бойынша мақала.
Әрекет ету алгоритмі:
-
Сурет салуға арналған щетка арқылы модель бетіне изоляциялық қабатты жағады (изокол немесе кастор майы) екі рет жағады, біріншісін - балауызды қайнатқаннан кейін, екіншісі – кювета толық салқындағаннан кейін. -
Тістер, кламмерлерді мономермен майсыздандырады -
Пластмассаны дайындайды -
Таза қолмен пластмассалық қамырдың қажетті мөлшерін алып, кюветаға пішіндейді -
Пластмассаны сумен ылғалдандырылған целлофан қабатымен жабады -
Кюветаның жоғарғы жағын негізіне кигізіп, пресстейді -
Пресстеуден кейін кюветаны ашып, пластмассаны және целлофанның артық мөлшерін алып, пресске 5-10 минутқа қайтадан қояды. -
Кюветаны бюгельге салып бекітеді -
Кюветаны полимеризаторға салады -
Су бөлме температурасында және толығымен кюветаны жауып тұруы тиіс -
Суды 40-60 минут бойына баяу қыздырып, қайнатып, қайнаған суда кюветаны 30-40 минутқа қалдырады -
Кюветасы бар бюгельді шығарып, баяу салқындатады. -
Кювета бөлме температурасына дейін салқындағаннан кейін одан протезді шығарады.
Ескерту:
Пластмассалы протездерді кюветадан шығару қиын, өйткені полимеризация 100 градуста жүргізілгеннен кейін ғаныш бастапқыдан бетер қатты болады. Кюветаны ауада салқындату деформацияланудан сақтап, ғаныштың борпылдақ болуы мен протезді шығаруға ықпал етеді. Бұл ережелерді сақтамау деформациялану мен протездің сынуына алып келеді.
Ғанышты протезді кюветадан шығару үшін пластмассалы протезді шығаруды жеңілдететін пресс бар.
26. Стандарт: Бюгельді протезді өңдеу.
Мақсаты: бюгельді пртезді өңдеу дағдыларын игеру
Ресурстары: жақ модельдері, базисті балауыз, тістер гарнитурасы, электрошпатель, артикулятор, протездері бар мини – стендтер, «жоғарғы және төменгі жақтың бюгельді протездері» плакаттары, «бюгельді протездеу» журналы, интернеттен тақырып бойынша мақала.
Әрекет ету алгоритмі:
-
Дөрекі өңдеу – пластмасса артықтарын алып тастау -
Әрлеуші тастармен карборунд тастарының көмегімен шеттерін тегістеу -
Шабермен тіс мойындарын және тіс аралығын тазарту -
Тілге, ұрттық шырышты қабатына бағытталған беті тегіс болуы тиіс, сызаттары болмауы тиіс. -
Шлифтеуді наждақ қағазбен жүзеге асырады. Шлифтенген протездің беті тегіс, жылтыр, шеттері дөңестелген, сызаттары болмауы тиіс -
Шлифтеуді қаттылығы әртүрлі, пуховка – щеткалар, конусты фильц бекітілген шлифмашина арқылы жүргізеді -
Полировкалау массалары сұйық ботқа тәрізді болады, тек кламмер иығын ғана пастамен полирлейді -
Полировкалау массасын протезге жағып, фильцке жағып, протезді фильцке жақындатады -
Оның жаңындағы тістер мен оның маңы фильцпен полирленбейді -
Фильцты шеткамен алмастырып, фильцпен полирленбеген бөліктерін полирлейді: тістер, тіс маңы бөліктері, тіс аралық бөліктері. -
Содан кейін талшықтары ұзын щеткамен протездің барлық бөлігін полирлейді -
Пластмассаны жылтырату үшін тальк немесе борды суға араластырып қолданады -
Протездің металлды бөліктерін басқа щеткалар мен фильцтермен Гой пастасын қолдана отырып полирлейді. -
Полирлеуді аяқтағаннан кейін протезді сабынмен жуып, құрғатып кептіреді.
Ескерту:
-
Протезді қыздырып, деформациялаудың алдын алу үшін тек ылғалдандырылған беттерді ғана полирлеу қажет. -
Полирлеу кезінде протез қолдан ұшып кетпес үшін, айналып тұрған бқлікке протезді өткір бұрыш жасап жақындату тиіс -
Полировкасы жақсы істелген протез, гигиеналық таза, тағам қалдықтарымен реакцияланбайды, ылғалды аз сіңіреді, пайдалану кезінде берік болады.
27. Стандарт: Жұмысшы модельді дубльдеу
Мақсаты: дубльдеу мен отқа төзімді модель дайындау дағдыларын игеру
Ресурстары: жақ модельдері, базисті балауыз, тістер гарнитурасы, электрошпатель, артикулятор, протездері бар мини – стендтер, «жоғарғы және төменгі жақтың бюгельді протездері» плакаттары, «бюгельді протездеу» журналы, интернеттен тақырып бойынша мақала.
Әрекет ету алгоритмі:
-
Модельді дубльдеуге дайындау -
Модельді кювета негізіне пластилин немесе балауыздың көмегімен бекітеді -
3 тесігі бар қақпақты жабамыз -
Гелии немесе геликон гель тәрізді массаны су моншасында қыздырады -
Кюветаның бір тесігіне құяды -
Салқындатады -
Модельді кюветадан алады -
Модель фантомын алады -
Силамин немесе кристасил отқа төзімді масса дайындалып, вибро үстелде құйылады -
Дайын отқа төзімді модельді беріктігін арттыру үшін термиялық өңдеуден өткізеді.
28. Стандарт: Отқа төзімді модельде бюгельді протез каркасын құю.
Мақсаты: Отқа төзімді модельде бюгельді протез каркасын құю дағдыларын игеру.
Ресурстары: жақ модельдері, базисті балауыз, тістер гарнитурасы, электрошпатель, артикулятор, протездері бар мини – стендтер, «жоғарғы және төменгі жақтың бюгельді протездері» плакаттары, «бюгельді протездеу» журналы, интернеттен тақырып бойынша мақала.
Әрекет ету алгоритмі:
-
Құйманы пішіндеу -
Оларды конусқа жинап, модель тесігіне жинау -
Сұйық отқа төзімді массаны жағу -
Опока кигізу -
Опокаға отқа төзімді массаны жағу -
Балауызды муфельді пеште ұүйдіреміз -
Жиілігі жоғары аппаратта құю
29. Стандарт: Құлыпты фиксациялы бюгельді протезді дайындау кезеңдері
Мақсаты: Құлыпты фиксациялы бюгельді протезді дайындау дағдыларын игеру
Ресурстары: жақ модельдері, отқа төзімді масса, опока, балауыз, фрезеропараллеллометриялық аппарат, муфельді пеш, құйма аппараты, протездері бар мини – стендтер, «жоғарғы және төменгі жақтың бюгельді протездері» плакаттары, «бюгельді протездеу» журналы, интернеттен тақырып бойынша мақала.
Әрекет ету алгоритмі:
-
Тірек сауыттарының балауызды қалпақтарын пішіндейді -
Параллелометрия көмегімен анкерлі матрица тірек сауыттарына бекітіледі. -
Құйма жүйесі қалыптасып, тірек сауыттары мен матрица құймасын жүргізеді -
Анкер элементтерімен тірек сауыттарын ауыз қуысына кигізіп, жаңа көшірме үлгі алады. -
Жұмысшы ғанышты модель лаып, оны дубльдеуге дайындайды -
Ғанышты модельді силиконды материалдармен дубльдейді -
Отқа төзімді модель алып, матрицалы бөлігі бар бюгельді протез каркасының балауызды конструкциясын алады. -
Бюгельді протезді құйғанна, өңдеу мен жылтыратудан кейін протезге анкерлі бөлікті орнатады. -
Протезді жасауды стандартты технологиямен аяқтайды