Файл: Жа бет протездерін дайындау техникасы пні бойынша стандарт.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 15.03.2024

Просмотров: 172

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ресурстары:

Техникалық жабдықталуы:

Стоматологиялық қондырғылар: газды горелка, спиртовка

Стоматологиялық құралдар: тіс техникалық балға, шпатель, ғанышты пышақ, резеңке колба, шпатель , металлды рама, диаметрі 3-4 см, биіктігі 4-5 см резеіке сақиналар.

Стоматологиялық материалдар: ғанышты штамп, медициналық ғаныш

Мультимедиялық құралдар:

Оқу құралдары: жақ фантомдары, стендтер, мультимедиялық презентациялар мен оқу видеофильмдері

Әрекет ету алгоритмі:

І. Ғанышты блок дайындау

1. ғанышты штамптарды 5-10 мин салқын суға салады.

2. ғанышты үстелге ені 5-6 см, жиектерінің биіктігі 2 см металлды рама орнатады, рама ұзындығы бірмезетте алатын штамптар санына байланысты

3. ғанышты араластырады

4. ғанышты рамаға құйып, шпательмен тегістейді

5. ғанышты штампты ғанышқа апроксимальды бетімен жартысына дейін салып, бір – бірінен 1 см қашықтыққа орналастырады

6. ғаныш қатқаннан кейін пішінді рамкадан босатып, бетін тегістеп, жиектерінен 2 ойық жасап, салқын суға бюірнеше минутқа салады.

7. ғаныштың жаңа порциясын араластырып, пішіннің екінші бөлігін алу үшін қалығдығы 2-3 мм етіп құяды.

8. ғаныш қатқаннан кейін пішінді балғаның әлсіз қағуымен ашады

9. ғаныш штамптарды абайлап алып, негізіне қарай орынды кеңейтеді

10. содан кейін пішіннің екі жартысын біріктіреді

ІІ. Сақинада ғанышты блок жасау

  1. Ғанышты штамптарды 5-10 минутқа салқын суға салады.

  2. Ғанышты араластырып, резеңке сақиналарға құяды

  3. Ғанышты штампты резеңке сақинаның ортасында етіп орналастырып, ғанышқа салады.

  4. Қатқан ғанышты блокты сақинадан шығарып, екі қарама – қарсы беттеріне тереңдігі 3-4 мм ойықтар саламыз.

  5. Көлденең кескіндер ғанышты штампқа бағдарланған болуы тиіс.

  6. Ғанышты пішінді сындыру үшін, оны сол қолдың алақанына салып, ғанышты пышақтың жүзін көлденең ойыққа салады. Ғанышты блокты ашып, ғанышты штампты алады.

  7. Ғанышты штампты босатқаннан кейін, ғанышты форманың барлық бөліктерін жинап, резеңке сақинаға салады.

Ескерту:

Сынық сызығы ығысқан болса, ғанышты модельді пішіннен алу қиынға соғады.

  1. Стандарт: Металлды штамп дайындау

Мақсаты: металлды штамп дайындау әдісін игеру

Ресурстары:

Техникалық жабдықталуы:


Стоматологиялық қондырғылар: бормашина, спиртті горелка

Стоматологиялық құралдар: тіс техникалық балға, шпатель, ғанышты пышақ, резеңке колба, шпатель , борлар, фиксатор, егеу, оңай балқитын материалға арналған қасық.

Стоматологиялық материалдар: ғанышты штамп, оңай еритін қоспа

Мультимедиялық құралдар:

Оқу құралдары: жақ фантомдары, стендтер, мультимедиялық презентациялар мен оқу видеофильмдері

Әрекет ету алгоритмі:

  1. Пішіннің екі бөлігін ойықтағы борозда арқылы қосады

  2. Тез балқитын металлды, қасықты горелканың үстіне ұстап тұрып балқытады

  3. Екі жарты пішінді фиксаторға бекітеді

  4. Пішіннің тесігіне тез балқитын металлды құяды

  5. Металл салқындағаннан кейін форманы ашады

  6. Бірінші металлды штампты алады

  7. Сол әдіспен екінші металлды штамп алады

  8. Штамп беріндегі тегіс еместігі пен кедір – бұдырлығын егеу арқылы тегістейді

Ескерту: тез балқитын металлды балқыту кезінде қоспаны қайнатуға апармайды, өйткені қыздыру кезінде, тез балқитын қоспа компоненттері күйіп, металлды штамп әлсіз және қуысты болады. Әрбір тіс үшін 2 металлды штамп құяды, біріншісін қорытынды штамповкаға, екіншісін алдын ала штамптауға арналған.

  1. Стандарт: Гильзаны таңдау

Мақсаты: Гильзаны таңдай әдісін игеру

Ресурстары:

Техникалық жабдықталуы:

Стоматологиялық қондырғылар: Самсон немесе Шварц аппараты, отқа төзімді массасы бар пеш, дәнекерлеуші аппарат, газды горелка

Стоматологиялық құралдар: тіс техникалық балға, шпатель, ғанышты пышақ, резеңке колба, шпатель , борлар, фиксатор, егеу, оңай балқитын материалға арналған қасық.

Стоматологиялық материалдар: екінші металлды штамп, стандартты гильза

Мультимедиялық құралдар:

Оқу құралдары: жақ фантомдары, стендтер, мультимедиялық презентациялар мен оқу видеофильмдері

Әрекет ету алгоритмі:

  1. Металлды штамп диаметріне сәйкес келетін, стандартты гильзаны таңдайды. Егер гильза кең болса, Самсон немесе Шварц аппараты арқылы оны қажетті өлшемге дейін тарылтуға болады.

  2. Стандартты гильзаны күйдіреді

  3. Матрицаның сәйкес тесігіне орналастырып, пуансонды қимылдатады.

  4. Біртіндеп кішірейетін тесік арқылы гильзаны тарту нәтижесінде қажетті диаметрдегі гильзаны алады.

  5. Гильзаны әрбір Самсон немесе Шварц аппараты арқылы тартудың алдында күйдіреді

  6. Дұрыс дайындалған гильза қиындықпен металлды штампқа тартылады. Штамп және гильза қабырғасы арасында кеңістіктер болады.

  7. Гильзаның ұзындығын сауытты қайшымен сызықтың төменгі линиясынан кеседі және күйдіреді


Ескерту:

Механикалық әсер ету нәтижесінде гильзада ішкі кристаллды өзгерістер болады, салдарынан эластикалығы жоғалып, құю қасиеті төмендейді.

  1. Стандарт: Алдын ала штамптау

Мақсаты: алдын ала штамптау әдісін игеру

Ресурстары:

Техникалық жабдықталуы:

Стоматологиялық қондырғылар: дәнекерлеуші аппарат, отқа төзімді массасы бар пеш, газды горелка

Стоматологиялық құралдар: тіс техникалық балға, қорғасын пластина, наковальня, балға.

Стоматологиялық материалдар: екінші металлды штамп, стандартты гильза

Мультимедиялық құралдар:

Оқу құралдары: жақ фантомдары, стендтер, мультимедиялық презентациялар мен оқу видеофильмдері

Әрекет ету алгоритмі:

І. Гильзаны алдын ала өңдеу (еркін ұру)

  1. Наковальняда домалақ өсіндіде алдыменен гильза түбінің жиектерін тегістейді

  2. Содан кейін сәйкес тістерге өсіндіні ауыстырып, жиектерін қаттырақ, тістің окклюзиялық бетінің пішінін шығару үшін ұрады. Балға соққысын гильза түбінен жиектеріне қарай бағыттау қажет.

  3. Алдын ала өңдеуден кейін, оны қайтадан термиялық қңдеуден өткізеді (күйдіреді)

ІІ. Гильзаны алдын ала штамптау

  1. Гильзаны екінші металлды штампқа кигізіп, қорғасын пластинасында балғамен гильзаға , түбінде тістің пішіні пайда болғанша кигізеді.

  2. Ұруды штампталған шайнау бетінен штамп экваторына қарай балғамен жасайды

  3. Окклюзиялық беті штампталғаннан кейін гильзаны штамптан шешеді

  4. Гильзаны қайтадан термиялық өңдеуге ұшыратады (күйдіреді)

Ескерту:

  • Егер гильзаны жылжыту кезінде тістің мойын бөлігінде кедергілер пайда болса, онда гильзаны шешіп, кеседі

  • Балғамен шайнау бетінен ұруға болмайды, өйткені оның дефомациясы пайда болады.


  1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16


Стандарт: Паркер бойынша сауытты сыртқы штамптау әдісі

Мақсаты: Паркер әдісі бойынша соңғы сыртқы штамптау әдісін игеру

Ресурстары:

Техникалық жабдықталуы:

Стоматологиялық қондырғылар: Паркер аппараты, дәнекерлеуші аппарат, отқа төзімді массасы бар пеш, газды горелка

Стоматологиялық құралдар: қайшы, балға

Стоматологиялық материалдар: екінші металлды штамп, стандартты гильза

Мультимедиялық құралдар:

Оқу құралдары: жақ фантомдары, стендтер, мультимедиялық презентациялар мен оқу видеофильмдері

Әрекет ету алгоритмі:

Паркер бойынша сауытты штамптау

  1. Термиялық өңдеуден кейін гильзаны бірінші штампқа кигізіп, паркер аппаратында соңғы штамптауды жүзеге асырады

  2. Аппарат көлемді қуыс денелі негіз бен оған кіріп тұратын, цилиндрден тұрады. Негіздің қуысы вулканикалық емес каучукпен толтырылған.

  3. Материямен немесе тығыз қағазбен көмкеру

  4. Масса ішіне штампты гильзаны сауытты бөлігімен салу – шайнау бетімен төмен қарай ортасына салады, цилиндрді балғамен ұру немесе арнайы прессте соңғы штамповканы жүзеге асырады.

  • Масса соққы нәтижесінде тығыздалып, қысымды біркелкі таратады, салдарынан гильза тығыз штампқа жабысады

  • Сол кезде мольдин немесе каучук контрштамп рольін атқарады,

  1. Штамптаудан кейін сауыт бетінде қатпарлар болған жағдайда, балғамен ұрып, сауытты пинцетпен ұстап тұрып, металлды тісті балқыту арқылы жояды.

  • Штамптауды қайталау қажет болған жағдайда жаңа штамп дайындалып, сауытты термиялық өңдеп, қайтадан штамптауға ұшыратады.

  1. Штампы бар штампталған болат сауыт шешілмейді, сол үшін оны тез балқитын қасықта балқыту қажет.

  2. Штампталған сауытты термиялық өңдеуден өткізеді.

  3. Содан кейін ойық сызығы бойымен шлифмоторда сауытты қысқартады.

  4. Сауытты қайтадан күйдіреді.



  1. Стандарт: Шарпу бойынша ішкі штамптау әдісі (сақина бойынша сауытты жасау)

Мақсаты: ішкі штамптау әдісін игеру

Ресурстары:

Техникалық жабдықталуы:

Стоматологиялық қондырғылар: дәнекерлеуші аппарат, отқа төзімді массасы бар пеш, газды горелка

Стоматологиялық құралдар: қайшы, балға, резеңке колба

Стоматологиялық материалдар: биндрант, каучук, балауыз, тез балқитын металл, көшірме алу массасы, медициналық ғаныш, күміс припой, ағартқыш.


Мультимедиялық құралдар:

Оқу құралдары: жақ фантомдары, стендтер, мультимедиялық презентациялар мен оқу видеофильмдері

Биндрат, тез балқитын металлға арналған қасық, құйма балауыздары, қайшы, шлифмотор, отқа төзімді массасы бар пеш, дәнекерлеуші аппарат.

Әрекет ету алгоритмі:

  1. Осы әдіс бойынша бұзылған тісті сақинаны припасовкалау мен оған анатомиялық пішін беру жолымен қалпына келтіріледі. Бұл әдісті қолдану кезінде, тісті клиникалық дайындау талаптары жоғарыда аталғанға ұқсас.

  2. Тіс мойыны көлемін жұқа сыммен өлшеп, алынған өлшем бойынша сақина дайындайды. Осы мақсатта қызыл мыс сымын алып, горелкаға ұызыдырып, сақина түрінде иеді, жиектерін күміс припоймен дәнекерлейді. Припой құрамына күмістің 2 бөлігі мен латунның 1 бөлігінен тұрады.

  3. Сақинаны спиртте ағартып, болашақ сауыт пішішіне сәйкес келетін, контурлы қысқышпен пішін беріп ауыз қуысында припасовкалайды. Сақина жиектері қызыл иекке 0,5-1,0 мм кіріп тұрады. Сақина кқрші тістермен жанасуы тиіс және төменгі жақтың шайнау қызметіне кедергі жасамауы тиіс.

  4. Сақинаны припасовкалаудан кейін, тістің шайнау мен кесу қырларына пластикалық көшірме алу массасын, балауызды, немесе ғанышты салып, науқасқа жақтарын орталық окклюзияда антогонист тістердің көшірмесін алу мақсатында түйістіруді өтінеді. Содан кейін сақинаны абайлап, көшірме массасымен бірге ауыз қуысынан шешеді.

  5. Зертханада сақинаны ғанышпен толтырып, қою ғанышқа салады.

  6. Ғаныш бірқатар қатқаннан кейін оны кесіп, модельге созылыңқы пішін береді. Сақинаның екі жағынан ғанышқа 4-5 мм тереңдікте ойық жасайды

  7. Содан кейін модельді сақинамен біірге 2-3 минутқа суға салады немесе ғаныштың бетін маймен майлайды. Осы бетке және көшірме массаға антогонист тістерді шығару үшін ғаныш құяды.

  8. Екі ғанышты модель жеткілікті түрде қатты болуы иіс, сондықтан әрбір модельдің өлшемін 5-7 см, ұзындығын 3-4 см жеткізу қажет.

Штамптау әдісі: алдыменен штифте ғанышты штампты бекітіп, конусқа кюветаны орналастырып, металлмен толтырады. Содан кейін металлды алып, контрштамп арасында бөліп, кюветаға салады.

Ескерту:

Сауытты аралас штамптау әдісін түсіну үшін, ішкі штамптау әдісі туралы түсінік болуы тиіс, қазіргі кезде нақтылығы жеткіліксіз және қиын болғандықтан сирек қолданылады. Бұл әдіс негізінде тістері қатты бұзылған кезде, ғанышты көшірме тіс мойнының нақты көшірмесін бере алғана кезде қолданылады.

  1. Стандарт: ММСИ әдісі бойынша соңғы штамптау