Файл: Жа бет протездерін дайындау техникасы пні бойынша стандарт.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 15.03.2024
Просмотров: 164
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Әрекет ету алгоритмі:
-
Модельді паралеллометрия үстелінде нольдік жағдайда орналастырады -
Талдаушы серіппені әрбір тірек тістерге жақындатып, тістің тіректік және ұстап тұрушы көрсеткішін талдайды -
Тірек бөліктің көрсеткіші кламмер бөліктерін қоюға жеткіліксіз болуы мүмкін, бұл жағдайда модельді параллелометр үстелінің басқа орналасу жағдайында зерттейді.
Параллелометрия үстелінің орналасуы:
А) артқы еңкею
Б) алға қарай еңкею
В) шеткі сол жаққа
Г) Нольдік – горизонтальды
4. Модельді паралеллометрия үстелінің барлық орналасу жағдайында зерттегеннен кейін оптимальды орналасу жағдайын табамыз, ол кезде тісті ұстап тұрушы және тірек бөлігінің көрсеткіші кламмер бөлігін орналастыруға жеткілікті болады.
5. Талдаушы серіппені грифильденген серіппеге алмастыру
6. Барлық тірек тістерді сызу.
-
Мақсаты'>Стандарт: Паралеллометрия. Сухарев әдісі.
Мақсаты: параллелометрия жүргізу ретін меңгеру
Ресурстары: жақ модельдері, протездері бар мини – стендтер, «жоғарғы және төменгі жақтың бюгельді протездері» плакаттары, «бюгельді протездеу» журналы, интернеттен тақырып бойынша мақала.
Әрекет ету алгоритмі:
-
Тіс қатарының окклюзиялық бетіне балауыздың көмегімен шыны бекітеміз -
Шыны паралеллометрия негізіне паралелль орналасуы тиіс -
Шыныны алып тастап, тірек тістерге нысаналы сызық сызамыз.
-
Стандарт: Каркас суретін сызу
Мақсаты: каркас суретін сызу ретін меңгеру
Ресурстары: жақ модельдері, протездері бар мини – стендтер, «жоғарғы және төменгі жақтың бюгельді протездері» плакаттары, «бюгельді протездеу» журналы, интернеттен тақырып бойынша мақала.
Әрекет ету алгоритмі: (форма симметриясын сақтау маңызды)
-
Тірек тістерге кламмер суретін салу
-
Кламмер иығы тірек тістердің вестибулярлы және оральды бетінде орналасады -
Кламмер денесі ақауға жақын, тістің жанама бетінде орналасады -
Окклюзиялық накладкасы тіс фиссурасында орналасады -
Кламмер өсіндісі каркастың еріне қарай өтеді
-
Протездің ер тәрізді бөлігінің контурын сызу
-
Протез ері жоқ тістер аймағында орналасады -
Ері өтпелі қатпармен жанаспайды -
Құрылысы торлы немесе сетка тәрізді болып келеді
-
Доға суретін салу
-
Жоғарғы жақта доға 3 түрлі орналасады:
-
Алдыңғы -
Ортаңғы -
Артқы
Доғаның орналасуы тіс қатарының ақауына байланысты болады.
-
Төменгі жақта доға альвеолярлы өсінді биіктігінің ортасында орналасады
Ескерту:
Төменгі жақ доғасының өлшемдері: ені 3-5 мм, қалыңдығы 1,5-2 мм. Жоғарғы жақ доғасының өлшемдері: ені 5-8 мм, қалыңдығы 1-1,5 мм. Доға қызыл иек шетінен 4 мм төмен тұруы тиіс.
-
Стандарт: Кламмерлерді модельдеу
Мақсаты: Кламмерлерді модельдеу әдісін меңгеру
Ресурстары: жақ модельдері, протездері бар мини – стендтер, «жоғарғы және төменгі жақтың бюгельді протездері» плакаттары, «бюгельді протездеу» журналы, интернеттен тақырып бойынша мақала.
Әрекет ету алгоритмі:
-
Тіске кламмер суретін салу -
Бюгельді балауыз пластинкасын плиткаға қыздыру немесе жылы суға салу -
Бюгельді пластинаны екі бүктейміз -
Тісті балауызбен жапсыру -
Тіске кламмердің суретінің контуры бойынша балауызды шпательмен кеседі -
Кламмерді модельде пішіндейді.
Ескерту:
Кламмерлердің тірек қызметін атқарады: окклюзиялық накладка немесе кламмер иығының 2\3 бөлігі. Кламмердің бұл бөліктері нысаналы сызықтан жоғары орналасуы тиіс, яғни, тірек тістерде орналасуы тиіс, кламмердің 1\3 иығы мен денесі нысаналы т сызықтан төмен орналасуы яғни, тістің бекіту бқлігінде орналасуы тиіс. Кламмерлердің барлық бөліктері денесіне қарай кеңейеді.
-
Стандарт: матрица бойынша бюгельді протез каркасын модельдеу
Мақсаты: матрица бойынша бюгельді протез каркасын модельдеу
Ресурстары: жақ модельдері, протездері бар мини – стендтер, «жоғарғы және төменгі жақтың бюгельді протездері» плакаттары, «бюгельді протездеу» журналы, интернеттен тақырып бойынша мақала.
ӘРЕКЕТ ЕТУ АЛГОРИТМІ:
-
Матрицада бюгельді протез каркасының қажетті эелементтерін таңдау -
Шпательді қыздыру -
Балауыз жолағын ыстық шпательге жақындату -
Матрицаның қажетті ұяшықтарына құю -
Балауыздың қатуын күту -
Матрицадан балауыз артықтарын шпательмен абайлап алу -
Матрицадан каркастың балауызды дайын композициясын шығарып алу -
Доға мен ер аямағына бюгельді балауыздың жолағын изоляция жасау үшін жағады -
Балауызды изоколмен немесе вазелинмен жағамыз -
Каркастың барлық элементтерін біріктіреміз -
Каркасты соңғы модельдейміз.
-
Стандарт: Қолмен бюгельді протез каркасын модельдеу
Мақсаты: бюгельді протез каркасын қолмен модельдеуді білу
Ресурстары: жақ модельдері, протездері бар мини – стендтер, «жоғарғы және төменгі жақтың бюгельді протездері» плакаттары, «бюгельді протездеу» журналы, интернеттен тақырып бойынша мақала.
Әрекет ету алгоритмі:
-
Протездің аралық бөлігі мен доғасына мзоляция жасау үшін бюгельді балауыз жолағын жағамыз -
Балауызға изокол немесе вазелин жағамыз -
Бюгельді протез пластинкасын плитаның үстіне қойып қыздыру немесе ыстық суға салу -
Бюгельді пластинканы екіге қабаттау -
Каркас суреті салынған бөлігін балауызбен жапсыру -
Каркас контуры бойымен балауызды шпательмен кесіп тастау -
Модельде каркасты пішіндеу
-
Стандарт: Каркастың балауызды композияциясын шешумен бюгельді протез каркасын құю
Мақсаты: бюгельді протез каркасын құю дағдыларын игеру
Ресурстары: жақ модельдері, отқа төзімді масса, опока, балауыз, муфельді пеш, құйма аппараты, жақ модельдері, протездері бар мини – стендтер, «жоғарғы және төменгі жақтың бюгельді протездері» плакаттары, «бюгельді протездеу» журналы, интернеттен тақырып бойынша мақала.
Әрекет ету алгоритмі:
-
Деподан литниктерді модельдеу -
Конусқа құйма жүйесін орналастыру -
Сұйық отқа төзімді массаны жағу -
Опока кигізу -
Опокаға отқа төзімді масса жағу -
Балауызды муфельді пеште қүйдіру -
Жиілігі жоғары аппаратта құю
19.Стандарт: Бюгельді протез каркасын өңдеу
Мақсаты: бюгельді протез каркасын өңдеу әдістері бойынша дағдыларды игеру
Ресурстары: жақ модельдері, шлифмотор, абразивтер, шлифтеуші инструменттер, резеңке полирлер, фетрлі фильцтер, щеткалар, әрлейтін пасталар, ГОЙ пастасы, протездері бар мини – стендтер, «жоғарғы және төменгі жақтың бюгельді протездері» плакаттары, «бюгельді протездеу» журналы, интернеттен тақырып бойынша мақала
Әрекет ету алгоритмі:
-
Каркасты дөрекі өңдеу дегеніміз шлифмоторда карборунд тастарының көмегімен литниктерді кесу. Құйылған бөліктерді пішіндеуші массадан босату қажет. Оны келесідей істеуге болады:
А) механикалық жолмен – пышақпен, карборунд тастарымен
Б) химиялық жолмен – қышқылдар мен сілтілер ерітінділерімен
В) ультрадыбыспен
Г) құм шашатын аппаратпен
2. Шлифтеу дөрекі, орташа және жұқа болады. Ол үшін абразивті құралдар қолданылады - әртүрлі өлшемдегі резеіке домалақтар, металлды фреза, вулканикалық негіздегі шливтеуші құралдар. Өңделген беттің бағалануы визуальды жүзеге асырылады.
3. Жылтырату механикалық және электрохимиялық болады. Жылтыратудың механикалық жолының шлифтеуден еш айырмашылығы жоқ. Жылтырату үшін дәндері ұсақ домалақтар, фетр фильцтері, шашты және маталы щеткалар мен әрлейтін пасталар қолданылады.
Тегіс айнадай жылтыратуды жасау қажет. Кей кезде иілген элементтердің астына айналатын щеткаларды қолдана алмағандықтан, электрохимиялық жылтырату әдістерін қолданады.
Ескерту:
Электрохимиялық жэылтырату әдісі тот баспайтын болат немесе КХС бір сортынан жасалған протездерді өңдеуге жарамды. Дәнекерленген протездерді электрохимиялық жылтыратуға болмайды.
20.Стандарт: Ауыз қуысында каркасты припасовкалау кезеңдері.
Мақсаты: ауыз қуысында каркасты припасовкалау дағдыларын игеру
Ресурстары: жақ модельдері, бюгельді протез каркасы, протездері бар мини – стендтер, «жоғарғы және төменгі жақтың бюгельді протездері» плакаттары, «бюгельді протездеу» журналы, интернеттен тақырып бойынша мақала
Әрекет ету алгоритмі:
Ауыз қуысында каркасты тексеруден алдын, дәрігер оны ғаныш модельдден зерттейді.
-
Каркас модельдегі суретте сәйкес болуы тиіс -
Модельде каркастың аралық бөлігі мен доғасының арасында кеңістік болуы тиіс -
Келесіге назар аударамыз:
-
Әрлеу сапасы (қуыстардың болуы) -
Жеке бөліктердің көлденең кесікінің пішіні -
Бірінің екіншісіне өтуінің тегістігі -
Каркас дезинфекциясы
-
Енгізу жолдарын ескере отырып, протезді ауыз қуысына енгізеді -
Каркас сенімді бекітілуі тиіс -
Келесіге назар аударылады: