Файл: Жа бет протездерін дайындау техникасы пні бойынша стандарт.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 15.03.2024
Просмотров: 169
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ескерту:
Қосымша егеу ауырсыну туғызуы мүмкін, сондықтан көрсеткіштері бойынша жансыздандыру жасалады.
-
Стандарт: Сауытпен көшірме үлгі алу
Мақсаты: сауытпен көшірме алу әдісін меңгеру
Ресурстары:
Стоматологиялық қондырғылар: стоматологиялық қондырғы
Стоматологиялық құралдар: зонд, стоматологиялық айна, пинцет, шпатель, араластыруға арналған резеңке колба, көшірме қасықтар
Стоматологиялық материалдар: штампталған сауыт, ғанышты штамп, тістерді медикаментозды өңдеуге арналған құралдар, көшірме алу массалары
Мультимедиялық құралдар:
Оқу құралдары: жақ фантомдары, стендтер, мультимедиялық презентациялар мен оқу видеофильмдері
Әрекет ету алгоритмі:
-
Сауытты балқытылған пішіндеуші балауызбен толтырып, тістің культясына отырғызады, балауыз болашақ сауыт орнын толтырады, артығы сауыттағы тесік арқылы шығып кетеді -
Сауыттың ішінде тіс культясының көшірмесі қалады -
Табиғи жарықта, қалған тістерге ориентир ала пластмассаның сәйкес келетін түсін таңдайды -
Көшірмені клиникаға сауытпен бірге береді
Ескерту:
Сауытты шешпей, барлық тіс қатарының көшірмесін алады. Кқшірмені алғаннан кейін оған сауытты енгізеді. Балауыздың қалыңдау қабаты арқылы, егеуі жеткіліксіз болған бөліктерді анықтап, қосымша егейді, содан кейін сауытты қайтадан балауызбен толтырып, көшірмені қайтадан алады. Табиғи жарықта, қалған тістерге ориентир ала пластмассаның сәйкес келетін түсін таңдайды. Көшірмені клиникаға сауытпен бірге береді.
-
Стандарт: Сауыты бар көшірмеден модель құю.
Мақсаты: сауыты бар көшірмеден модель құю әдісін меңгеру
Ресурстары:
Стоматологиялық қондырғылар: вибро үстел, спиртовка
Стоматологиялық құралдар: тіс техникалық шпатель, ғанышты пышақ, көшірме қасықтары, резеңке колба, шпатель.
Стоматологиялық инструменттер: медициналық ғаныш, су, көшірме
Мультимедиялық құралдар:
Оқу құралдары: жақ фантомдары, стендтер, мультимедиялық презентациялар мен оқу видеофильмдері
Әрекет ету алгоритмі:
І. Модель дайындау (көшірмені өзгертпей, балауыз бен сауытты қоспай, облицовка нақытылығын бұзбай көшірме алу)
-
Ғанышты қою емес етіп аралстыру, алғашқы порциясын көшірменің шығыңқы бөлігіне салу -
Резеңке табақшаның жиегіне көшірмені сілки отырып немесе вибро үстелде көшірменің сауыттары мен тереңдетілген бөліктерін толтырады -
Содан кейін ғаныштың жаңа порциясын қосады. -
Көшірменің барлығын артықшылығымен толтырып, қалған ғанышты ғанышты үстелдің тегіс бетіне тау сияқты салады. -
Қасықты аударып, тау сияқты ғанышқа жапсырады, қасық беті үстел бетіне паралелль болуы тиіс. -
Шпателдің көмегімен ғанышты көшірме жиектеріне сәйкес тегістейді
ІІ. Модельді ғаныштан босату
-
Ғаныш модельдің жиектерін кеседі -
Абайлап көшірмені алады -
Көшірме жиектерін босатып, модельді ғаныш толығымен қатқаннан кейін алады.
ІІІ. Модель сапасының критериі
-
Модель ауа қуыстарысыз, бөгде заттарсыз, зақымданусыз және сызатсыз болуы тиіс -
Модель бетінде тістің мойын бөлігінің рельефі нақты болуы тиіс -
Модель цоколі 0,7-1,0 см болуы иіс. Модельдің биіктігі цокольдан кесу қырларына дейін 2,0-2,5 см.
Ескерту:
Балауызды отқа әлсіз қыздырып, сауытты шешеді. Сауытта балауызды қыздырып, оны модельден шешіп, балауыз қалдықтарын күйдіреді.
Сауытты ағартып, әрлеп, жылтыратады.
«Ағарту» ІІ зертханалық кезеңі штампталған сауытты дайындаудың № 13 стандартына сәйкес келеді.
«Әрлеу мен жылтыраты» штампталған сауытты дайындаудың № 14 стандартына сәйкес келеді.
-
Стандарт: Аралас сауыттың «терезесін» кесу
Мақсаты: сауыттың вестибулярлы бетін кесу әдісін меңгеру
Ресурстары:
Техникалық жабдықталуы:
Стоматологиялық қондырғылар: тіс техникалық бормашина
Стоматологиялық құралдар: карборунд тастары, дөңгелек тәрізді борлар, шпатель, ұштықтар, пинцет
Мультимедиялық құралдар:
Оқу құралдары: жақ фантомдары, стендтер, мультимедиялық презентациялар мен оқу видеофильмдері
Әрекет ету алгоритмі:
-
Әрлеуден кейін сауыттың вестибулярлы бетін карборунд дискісімен 0,5-1 мм кесіп алады. -
Пластмассаны нығайту үшін жиектерінен дөңгелек тәрізді бормен қарлығаштың құйрығы түрінде ойық жасайды. -
Пайда болған тісшелерді жан – жағына қарай пластмасса фиксациясы жақсы болу үшін иеді.
Ескерту:
Бұндай сауыт жеткілікті берік болмайды, өйткені вестибулярлы бетінен барлық металлды бөлігі алынған. Пластмасса бұл жағдайда тек облицовкалы материал ретінде қызмет етеді.
-
Стандарт: Аралас сауыттың облицовкасын модельдеу
Мақсаты: облицовканы модельдеу әдісін меңгеру
Ресурстары:
Техникалық жабдықталуы:
Стоматологиялық қондырғылар: газды горелка, спиртовка
Стоматологиялық құралдар: тіс техникалық шпатель, резеңке колба, шпатель, модельдеу жиынтығы
Стоматологиялық материалдар: штампталған сауыт, балауыз, спирт, эфир, пинцет, суретсалуға арналған щетка, изоляциялық лак, ЭДА лак
Мультимедиялық құралдар:
Оқу құралдары: жақ фантомдары, стендтер, мультимедиялық презентациялар мен оқу видеофильмдері
Әрекет ету алгоритмі:
-
Штампталған сауыттың дайындалған каркасын терезені кескен кезде деформация болмағандығын тексеру үшін, жұмысшы модельге орналастырып, тексереді -
Сауытты модельден шешіп, металлды бөлігін спиртпен, эфирмен сүртіп майсыздандырады, модельге орналастырады -
Металлды каркасты ЭДА лагымен көмкеріп, кептіреді -
Модельдегі тістің ғанышты пішінін изоляциялық лакпен жағып, модельге аралас сауыттың негізін орнатады -
Тіс культясымен металл арасындағы аралыққа жақсы балқытылған балауызды енгізіп сауыттың вестибулярлы бөлігн түссіз балауызбен модельдейді. -
Балауыз бен металлдың жанасқан жерлерін тегістеліп, білінбей кетуі тиіс
Ескерту:
Металлды доғаны ЭДА лагымен көмкеріп, кептіріп, қажеттілігі болса лактың екінші қабатын жағады, металлдың пластмасса арқылы көрініп кетуінің алдын алу үшін.
-
Стандарт: Кюветаға ғаныштау
Мақсаты: кюветаға ғаныштау әдісін меңгеру
Ресурстары:
Техникалық жабдықталуы:
Стоматологиялық қондырғылар: тіс техникалық пресс, вибрациялық үстел, тіс техникалық кювета
Стоматологиялық құралдар: щеткалар, пинцет, шпатель, колба, изоляциялық лак
Стоматологиялық материалдар: штампталған сауыт, модельдер, медициналық ғаныш, су
Мультимедиялық құралдар:
Оқу құралдары: жақ фантомдары, стендтер, мультимедиялық презентациялар мен оқу видеофильмдері
Әрекет ету алгоритмі:
-
Көшірмеден ғанышты блок кесіп, бірнеше минутқа суға салады. -
Ғанышты араластырып, кюветаның негізін толтырады -
Кюветаға горизонтальды бағытта, вестибулярлы беттері жоғары қаратып, ғаныштайды (45 градус бұрыш жасап) құлыптар болмау үшін бетін тегістейді -
Ғаныш қатқаннан кейін, ғанышты суға салады немесе изоляциялық лак жағады -
Виброүстелде ғанышты аралстырып, контркюветаға құяды -
Жинақталған кюветаны ғаныштың кристаллизациясы аяқталғанға дейін пресске салады.
-
Стандарт: Балауызды балқытып шығару
Мақсаты: балауызды балқытып шығару әдісін меңгеру
Ресурстары:
Техникалық жабдықталуы:
Стоматологиялық қондырғылар: электр пеші, суға арналған ыдыс
Стоматологиялық құралдар: ғанышты пышақ, балауызды шаюға арналған қасық, шпатель, щетка, шыны ыдыс, ұстағыш
Стоматологиялық материалдар: сауыы бар тіс техникалық кювета, су, «Изокол»
Мультимедиялық құралдар:
Оқу құралдары: жақ фантомдары, стендтер, мультимедиялық презентациялар мен оқу видеофильмдері
Әрекет ету алгоритмі:
-
Ғаныштың кристаллизациясынан кейін кюветаны қайнап тұрған суға 5-7 минутқа салады -
Кюветаны тіс техникалық шпательмен ашады -
Ары қарай балауызды қайнаған сумен шаяды -
Балауызды балқытып шайғаннан кейін ғаныш әлі жылы кезінде протез орнын, көшірмені, кюветаның екінші бөлігін изоляциялық сұйықтық «Изокол» жағады. Кювета салқындағаннан кейін изоляциялық сұйықтықы қайтадан жағады
Ескерту:
Ғаныштың мономерді сіңірудің алдын алу үшін пластмасса қамырын балауызды балқытқаннан кейін ғаныш әлі жылы болғанда, көшірмеге изокол жағады және кюветаның екінші жартысына жұқа қабатпен Изокол жағады.
-
Тістің ғанышты культясы сынбау үшін кюветаны баяу ашу қажет -
Балауыз мұқият шайылуы тиіс, пластмасса жақсы паковка жасалуы үшін ғаныш және ғанышты көшірме жақсы майсыздануы тиіс.
-
Стандарт: Қалыптастыру
Мақсаты: Пластмассаны араластыру әдісін меңгеру
Ресурстары:
Техникалық жабдықталуы:
Стоматологиялық қондырғылар: тіс техникалық пресс, электр пеші, тіс техникалық кювета
Стоматологиялық құралдар: ғанышты пышақ, фарфор немесе шыны ыдыс, қақпақ
Стоматологиялық материалдар: қақпағы бар тіс техникалық кювета, су, пластмасса Синма, Изокол
Мультимедиялық құралдар:
Оқу құралдары: мультимедиялық презентациялар мен оқу видеофильмдері
Әрекет ету алгоритмі:
І. Қалыптастыру
1. Пластмассалық қамырды фарфор немесе шыны ыдысқа ішіне белгілі мөлшере ұнтақ (полимер) салып, ұнтақ толық қыаныққанға дейін сұйықтық қосады (мономер). Компонеттің нақты мөлшерлеу үшін арнайы автоматты режимде жұмыс істейтін миксерлер болады
2. Ұнтақ пен сұйықтықтың қатынасы 2:1 көлемі бойынша немесе массасы бойынша 3:1
3. Пластмассаны мерзімді араластырып ыдысты тығыз қақпақпен жабады, полимер гранулалары біркелкі ісініп, біркелкі қамыр пайда болғанша араластырады
4. Ұнтақ пен сұйықтықты шыны шпательмен араластырып, мономер булануының алдын алу үшін ыдыс қақпағын жауып, толық піскенге дейін платсмассаны ұстап тұрады.
5. Пластмассаның дайындығының белгісі қысқа созылатын жіптер мен ыдыс пен қолға жабыспаушылығы болады – пластмассалық қамырдың қамыр тәрізді кезеңі
Ескерту:
Пластмассамен жұмыс жасау протез сапасына өте маңызды.
-
Пластмассамен жұмыс жасау аса мұқиятттықты , қолдың және жұмыс орнының тазалығын талап етеді -
Мономер жеңіл болады, жоғары қарай ығысып, полимердің жоғары қабаттарын қанықтырып, нәтижесінде, пластмассаның бір бөлігінің тығыздығы аз болады, түсі де ашық болады, ал төменгі қабаттарына мономер жетпей, гранулалары қосылмай, пластмассасы сынғыш болып келеді. -
Сондықтан плстмассаның жетілу процессін, паковкалау кезеңінен өтіп кетпеу үшін, мұқият бақылау қажет. Уақыт бойынша пластмассаның пісуін бақылауға болмайды, өйткені пластмассаның жетілу кезеңдері пластмассаның түріне, грануланың көлемі мен дайындалу мерзіміне сақтау шарттары мен берілген уақыттағы бөлме температурасына байланысты әртүрлі ұзақтықта болады. -
Қалыптастыру үшін пластмассаның дайындығы туралы бөлу кезінде жіпшелердің жойылуынан байқауға болады. Пластмассаны келесі резеңке тәрізді кезеңге дейін ұстауға болмайды, өйткені онда пайда болатын серіппелі қасиеттері протезді қалыптастыруға мүмкіндік бермейді, яғни, қамыр жарамсыз болып қалады.
-
Стандарт: Паковка (қаптау)
Мақсаты: кюветаға пластмассалық қамырды қаптау әдісін меңгеру
Ресурстары:
Техникалық жабдықталуы:
Стоматологиялық қондырғылар: тіс техникалық пресс, сору шкафы
Стоматологиялық құралдар: ғанышты пышақ, шпатель, бюгель
Стоматологиялық материал: сауыты бар тіс техникалық кювета, пресс – пішін, су, пластмасса Синма, Изокол.
Мультимедиялық құралдар:
Оқу құралдары: мультимедиялық презентациялар мен оқу видеофильмдері
Әрекет ету алгоритмі:
-
Пластмассаны қалыптастыруды салқындатылған кюветада жасайды -
Протездің металлды бөліктерін мономермен тазартып, майсыздандырады -
Содан кейін таза қолмен қамырдың қажетті бөлігін алып, сәйкес пішін беріп, кюветаның бір бөлігіне салып, екі жағын қосып, пресстейді. -
Кювета толығымен жабылғаннан кейін, оны пресстің астында 10-15 минут ұстап тұрады -
Содан кейін кюветаны металлды рамаға (бюгельге) салып, бқлме температурасындағы суға, пластмассаны полимеризациялау үшін салады.
Ескерту:
Ұшқыш мономердің зияндығы салдарынан барлық жұмыс полимеризациялық бөлмеде жүргізілуі тиіс.
Бақылаудағы пресстеу әдісін пайдалану: пластмассаны суланған целоффанның пластинкасымен көмкереді, кюветаның екі бөлігін жинап, тіс техникалық пресске орнатып, түйісуге 1,0-1,5 мм жеткізбей екі бөлігін баяу пресстеп, 3-5 минутқа қалдырады. Сынамалы пресстеуден кейін кюветаны пресстен шығарып, целлофанды шешіп, мономердің ұшып кетуінің алыдн алу мақсатында пластмассаның артық бөліктерін алып тастайды, пластмассасы аз жерлерге пластмассаны жақсы бірігу үшін мономермен ылғалдандырып, жаңа порциясын салады. Кюветаны жауып, пресстейді, екі жағын толығымен түйістіріп, пресстің астында 10-15 минут ұстайды, содан кейін пресстен шығарып, бюгельге бекітіп, пластмассанф полимеризациялауға кіріседі.