Файл: Жа бет протездерін дайындау техникасы пні бойынша стандарт.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 15.03.2024
Просмотров: 168
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Стандарт: Полимеризация
Мақсаты: пластмассаны полимеризациялау режимі мен
Ресурстары:
Техникалық жабдықталуы:
Стоматологиялық қондырғылар: электр плита, пластмассаға арналған полимеризатор, сору шкафы, су моншасы
Стоматологиялық құралдар: ғанышты пышақ, шпатель, бюгель термометр, сағат
Стоматологиялық материалдар: тіс техникалық кювета – пресс форма, су
Мультимедиялық құралдар:
Оқу құралдары: мультимедиялық презентациялар мен оқу видеофильмдері
Әрекет ету алгоритмі:
-
Бюгельмен тартылған кюветаны жауып, бөлме температурасындағы суға салады, электр плитасында немесе газды горелкада баяу 30-40 минут 80-100 градусқа жеткізеді -
Полимеризацияның соңғы кезеңін 100 градус температурада нақты 30-45 минут ұстайды -
Содан кейін отты өшіріп, кювета толық суығанға дейін (баяу салқындау) 40-60 минут суда тұрады -
Полимеризация режимі пластмассаға байланысты және өндіруші елдің нұсқаулығына байланысты боладф.
Ескерту:
-
Полимеризация режимін сақтауға протездің сапасы тәуелді болады. -
Температураны 60-80 градусқа көтергенде полимеризациялау процессі біркелкі жүреді, 65 градустан асқанда бензойл тотығы тез ыдырап, полимеризация жылдамдығы артады. Бұл кезеңде полимеризация есебінен мономер массасының көлемі артады -
65-68 градусқа жеткенде масса көлемі термиялық кеңею есебінен артады. Кеңею бқл жағдайда полимеризация кезінде отырудың орнын алмастыратын негізгі фактор, шығарылған өнім сызықты өлшемде 0,2-0,5 % балауыз көшірмесінен кіші болады. -
Осыған байланысты әрбір жаңа пластмассаның қолдану ережелерін қатаң сақтау тиіс, полимеризация режимінің бұзылуының алдын алу мақсатында автоматты немесе жартылай автоматты плимеризаторды қолданған жөн. Бұндай полимеризатордан кюветаны алу тек баңдарланған баяу қыздыру, қайнатудан кейін алынуы мүмкін.
-
Стандарт: Протезді кюветадан шығару
Мақсаты: протезді кюветадан шығару әдісін меңгеру
Ресурстары:
Техникалық жабдықталуы:
Стоматологиялық қондырғылар: пресс, көшірмеге арналған фрезер
Стоматологиялық құралдар: ғанышты пышақ, тістехникалық шпатель, бюгельге бекітілген кювета щеткалар
Стоматологиялық материалдар
:
Мультимедиялық құралдар:
Оқу құралдары: мультимедиялық презентациялар мен оқу видеофильмдері
Әрекет ету алгоритмі:
-
Пластмасса полимеризациясы аяқталғаннан кейін және кювета толық суығаннан кейін оны бюгельден босатуға кіріседі -
Протезді кюветадан алуды абайлап жасайды, егер протезді шығару кезінде сыну қауіпі болса, пресспен барлық ғанышты блокты шығарып, содан кейін протезді алуға кіріседі, -
Кюветаның екі бөлігін балғаға әлсіз ұру арқылы ашып, ғанышты пышақты бөлінген жеріне салып, кюветаны баяу ашады -
Протез орналасқан жердің жиегін, ғанышты пышақпен жонып, ғанышты блокты кюветадан ажыратады. -
Щетканың көмегімен протезді ғаныштан тазартады
Ескерту: ғанышты көшірменің бетінде изоляция дұрыс жасалған жағдайда, протезді кюветадан шығару қиындық тудырмайды.
- 1 ... 5 6 7 8 9 10 11 12 ... 16
Стандарт: Пластмассалы облицовканы әрлеу, жылтырату.
Мақсаты: пластмассалы облицовканы әрлеу, жылтырату әдісін меңгеру
Ресурстары:
Техникалық жабдықталуы:
Стоматологиялық қондырғылар: шлифмотор, тіс техникалық бормашина, сору шкафы, әрлеуші аппарат
Стоматологиялық құралдар: қағаз ұстағыш, жұмсақ және қатты щеткалар, фетрлі, конус тәрізді немесе цилиндр фильц, дөңгелектер, карборунд тастары, борлар, лоток, қорғаныс масқасы, тіс техникалық шпатель
Стоматологиялық материалдар: № 2 Полисет жылтыратушы паста, минутник пастасы, протез
Мультимедиялық құралдар:
Оқу құралдары: мультимедиялық презентациялар мен оқу видеофильмдері
Әрекет ету алгоритмі:
-
Егер артықшылығы болса, пластмассаны бормен өңдейді -
Шлифмоторда немесе бормашинада наждакты қағаз көмегімен сауыттың вестибулярлы бетін өңдейді -
Шлифмотордың винтті кескініне фильцты отырғызады, жылтыратушы сұйықтығы бар ыдыс қойылады. Фильцқа және сауытқа жылтыратқыш масса жағылып, сауыттың орнын ауыстыра отырып, жылтыратады. -
Соңғы жылтыратуын қатты щеткамен, айнадай жылтырауын , пластмассаның жұқаруы мен рельефінің бұзылуының алдын алу мақсатында, қатты қысымсыз пастамен өңдейді -
Полимеризация кезінде протездің металлды бөлігі күңгірттенеді. Оны Гой пастасы арқылы жылтыратады. Паста металл мен пластмассаның ортасына түспес үшін соңғысын жылтырату кезінде лейкопластырмен жапсырады.
Ескерту: пластмассалы облицовканы әрлеу мен жылтырату үшін жеке бөліктерінің қызып кетуінің алдын алу үшін сауытты үнемі ауыстырып тұрады.
-
Стандарт: Ауыз қуысында аралас сауытты кигізу. Цементке отырғызу.
Мақсаты: аралас сауытты ауыз қуысында кигізу мен цементке отырғызу әдісін меңгеру.
Ресурстары:
Техникалық жабдықталуы:
Стоматологиялық қондырғылар: стоматологиялық қондырғы, спиртовка
Стоматологиялық құралдар: зонд, стоматологиялық айна, пинцет, шпатель, шыны.
Стоматологиялық материалдар: аралас сауыт, көшірме қағаз, тістер мен протезді медикаментозды өңдеуге арналған құралдар, мақта валиктері, цемент.
Мультимедиялық құралдар:
Оқу құралдары: жақ фантомдары, стендтер, мультимедиялық презентациялар мен оқу видеофильмдері
Әрекет ету алгоритмі:
-
Толық жасанды сауыттарға қойылатын талаптарға толығымен сәйкес келуі тиіс және науқастың эстетикалық сұраныстарын қанағаттандыруы тиіс -
Сауыттың медикаментозды өңдеуін жасау -
Сауыттың тіс культясына жабысып отырғанын тексереді. Ол үшін көшірме қағазды қолданады. Шар тәрізді немесе фиссуралы бормен тірек тістерге жанасып отыруына кедергі келтіретін жерлердің барлығын алып тастайды. -
Жоғарғы және төменгі жақтың окклюзиялық және артикуляциялық қатынастары тексеріледі -
Тірек тіске және сауытқа медикаментозды өңдеу жүргізіледі -
шыны әйнекте түсі сәйкес нұсқаулығы бойынша цементті араластыру -
Тірек тістер мен сауытты кептіру -
Сауытты үштен бір бөлігін цементпен толтыру -
Сауытты тірек тіске бекіту, 10-15 минут көлемінде цемент қатқанға дейін науқасқа аузын жауып тұруын өтінеміз.
Ескерту: сауытты алдын ала өңдеу кезінде органикалық еріткіштерді қолданбау (спирт, эфир). Қажеттілігі болса сауыттың пластмассалы бетін қосымша зертханалық тазарту.
-
Стандарт: Пластмассалы сауытты жасаудың клинико – зертханалық кезеңдері
Мақсаты: пластмассалы сауытты дайындаудың клинико – зертханалық кезеңдерін меңгеру
Ресурстары:
Мультимедиялық құралдар:
Оқу құралдары: жақ муляждары, көшірме, стендтер, мультимедиялық презентация мен оқу видеофильмдері
Әрекет ету алгоритмі:
Пластмассалы сауытты жасаудың клинико – зертханалық кезеңдері
Клиникалық кезеңдері | Зертханалық кезеңдері |
І. Клиникалық 1. қарау 2. диагноз қою 3. конструкция таңдау 4. тісті егеу 5. екі жақтан екі қабатты көшірме алу 6. түсін анықтау 7. құжаттарды толтыру ІІ. Клиникалық
| І. Зертханалық 1. көшірмені бағалау 2. көшірме құю 3. сауытты пішіндеу 4. балауыз конструкциясын кюветаға ғаныштау 5. балауызды балқытып шығару 6. балауызды пластмассаға алмастыру 7. пластмассаның полимеризациясы 8. протезді әрлеу, жылтырату |
Ескерту: пастмассалы сауытты жасау технологиясы бойынша 2 тәсілі: көшірме үлгіде және үлгісіз, берілген стандартта көшірме үлгіде дайындау әдісі көрсетілген.
-
Стандарт: Көшірмені бағалау
Мақсаты: көшірме сапасын бағалау
Ресурстары:
Техникалық жабдықталуы:
Стоматологиялық материал: көшірме үлгі
Мультимедиялық құралдар:
Оқу құралдары: жақ муляждары, көшірме, стендтер, мультимедиялық презентация мен оқу видеофильмдері
Әрекет ету алгоритмі:
-
Көшірме протез орнының, тіс қатарының, тіс аралықтарының контуры мен тіс мойнының рельефін нақты көрсетуі тиіс -
Көшірме жиектері тегіс болуы тиіс, үздіксіз және ауа кеңістіктері болмауы тиіс -
Көшірме қалыңдығы 3-4 мм -
Антогонист тістердің кесу қырлары мен шайнау беттерін нақты көрсетуі тиіс
Ескерту:
Тіс мойны бөлігінің жеткілікті емес рельефті көшірмесі сауыт жиектері жанасуының жеткіліксіздігіне алып келеді.
-
Стандарт: Модель құю
Мақсаты: модель құю әдісін меңгеру
Ресурстары:
Техникалық жабдықталуы:
Стоматологиялық қондырғылар: вибро үстел, спиртовка
Стоматологиялық құралдар: тіс техникалық шпатель, ғанышты пышақ, көшірме алу қасықтары, резеңке колба, шпатель
Стоматологиялық материалдар: медициналық ғаныш, су, көшірме
Мультимедиялық құралдар:
Оқу құралдары: жақ муляждары, көшірме, стендтер, мультимедиялық презентация мен оқу видеофильмдері
Әрекет ету алгоритмі:
1. көшірмені салқын сумен жуып, сілкиді
2. резеңке қолбаға су құйып, кішігірім порциямен толық қаныққанға дейін ғаныш салады.
3. қаймақ тәрізді консистенцияға дейін шпательмен араластырады
4. кішігірім порциямен ғанышты көшірме үлгіге құяды, көшірме үлгіні вибро үстелге орнатады немесе сілкиді.
5. көшірмені жиектеріне дейін ғанышпен толтырады. Содан кейін үстел үстіне ғанышты тау тәрізді етіп салады.
6. көшірмені теріс қаратып, ғаныштың үстіне әлсіз басып орналастырады
7. ғаныштың артығын шпательмен алып, жиектерін тегістейді
8. ғаныш қатқаннан кейін ғанышты пышаөпен құлыпты қалыптастырады.
9. ғаныштың сумен қанығуы үшін ғанышты модельді 10-15 минутқа суға салады.
10. ғаныштың жаңа порциясын араластырып, вибро үстелде көшірменің екінші бқлігін толтырады
11. ғаныш қатқаннан кейін көшірме үлгіні ғаныш модельінен ажыратады.
Ескерту:
-
Модель ауа көпіршіктерісіз, бөгде қоспаларсыз және зақымдануларсыз, сызатсыз болуы тиіс. -
Модельде тіс мойынының рельефі нақты көрсетілуі тиіс -
Модель цоколы 1,5-2,0 см болуы тиіс.
-
Стандарт: Пластмассалы сауытты пішіндеу
Мақсаты: пластмассалы сауытты пішіндеу әдісін меңгеру
Ресурстары: пішіндеуші түссіз балауыз, тіс техникалық моделяр, модель, горелка
Әрекет ету алгоритмі:
-
Моделятормен мойнын гравирлейді -
Балауыздың бірінші қабатын тістің ғанышты культясына жұқа қыздырылған жолақ тәрізді тістің ортасынан шайнау бетіне қарай жағады -
Біртіндеп, тіс культясына қыздырылған балауызды қабаттастырып, көлемін арттырады -
Балауыз пластикалық жағдайда болғанда, модельді тістесу жағдайында түйістіріп, антогонист тістердің көшірме үлгісін алады -
Балауыз қатқаннан кейін тістің қызыл иегіне сауыттың минимальды енуін ескере отырып, пішіндеуге кіріседі. -
Болашақ жасанды сауыттың балауызды конструкциясын көлемін ұлғайтып жасайды. -
Пішіндеу кезінде көрші тістер мен антогонист тістердің пішініне назар аударады -
Пішіндеуді вестибулярлы , тіл бетінен шайнау және жанасу беттерінен бастап, тістің анатомиялық пішінін қалпына келтіреді. -
Пішіндеуден кейін модельден балауыз композициясын көрші тұрғандарымен бірге, конус тәрізді етіп, ғаныш тістерді кеседі.