Файл: Жа бет протездерін дайындау техникасы пні бойынша стандарт.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 15.03.2024

Просмотров: 163

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ескерту: мойнының гравирлеуі уступпен немесе уступсыз егеуге байланысты. Пластмассалы сауытты пішіндеу үшін сауыт түсінің болашақта өзгеруінің алдын алу мақсатында түссіз балауызды қолданады. Балауызды балқытып шығару кезінде балауыз конструкциясының түсі ғанышқа өтуі мүмкін.

  1. Стандарт: Ғанышты композицияны кюветаға ғаныштау

Мақсаты: балауызды композицияны ғаныштау әдісін меңгеру

Ресурстары:

Техникалық жабдықталуы:

Стоматологиялық қондырғылар: тіс техникалық пресс, вибрациялық үстел, тіс техникалық кювета

Стоматологиялық құралдар: щеткалар, пинцет, шпатель, резеңке колба, изоляциялық лак

Стоматологиялық материалдар: балауыз композиция, модель, ғаныш, су

Мультимедиялық құралдар:

Оқу құралдары: жақ муляждары, көшірме, стендтер, мультимедиялық презентация мен оқу видеофильмдері

Кювета, тіс техникалық моделяр, модель, ғанышты пышақ, резеңке колба, шпатель, су, пресс пішін

Әрекет ету алгоритмі:

  1. Вибро үстелде ғанышты араластырып, кюветаның бір бөлігін ғанышпен толтырады

  2. Содан кейін балауызды композицияны вертикальды, сауытын алдын ала ғанышпен толтырып кювета негізіне салады

  3. Ғаныш қатқаннан кейін кюветаны салқын сумен жуып, балауыз композициясын ғаныштан тазартып, ажыратқыш лак жағады немесе суға салады

  4. Кюветаның екінші бөлігін салып, вибро үстелдің үстінде ғаныштың жаңа порциясын салады.

  5. Жинақталған кюветаны пресске салып, ғаныштың қалдықтарын алып, ғаныш кристаллизациясы аяқталғанға дейін ұстайды

Ескерту:

  • Екі түсті сауытты дайындау кезінде (мойын бөлігінде пластмассаның сары түсі) вестибулярлы бөлігімен жоғары қаратып ғаныштайды

  • Горизонтальды бағытта ғаныштау мүмкін емес, өйткені кесу қырлары бойымен тігіс пайда болып, пішіндеуді бұрмалайды, балауызды балқытып шығарғаннан кейін пластмасса босаған кеңістіктің жартысын да толтырмауы мүмкін

  • Одан басқа, қысыммен пресстеу кезінде ғанышты культя ыдырап кетуі мүмкін, бұл жұмысты толық жарамсыздыққа алып келеді.



  1. Стандарт: Балауызды балқытып шығару

Мақсаты: балауызды балқытып шығару әдісін меңгеру

Ресурстары:

Техникалық жабдықталуы:

Стоматологиялық қондырғылар: электр пеш, суға арналған ыдыс, тіс техникалық кювета

Стоматологиялық құралдар: ғанышты пышақ, балауызды шаюға арналған қасық, шпатель, щетка, шыны ыдыс, ұстағыш


Стоматологиялық материалдар: сауыты бар тіс техникалық кювета, су, Изокол

Мультимедиялық құралдар:

Оқу құралдары: жақ муляждары, көшірме, стендтер, мультимедиялық презентация мен оқу видеофильмдері

Әрекет ету алгоритмі:

  1. Ғаныштың кристаллизациясынан кейін кюветаны қайнап тұрған суға 5-7 минутқа салады

  2. Кюветаны тіс техникалық шпательмен ашады

  3. Ары қарай балауызды қайнаған сумен шаяды

  4. Балауызды балқытып шайғаннан кейін ғаныш әлі жылы кезінде протез орнын, көшірмені, кюветаның екінші бөлігін изоляциялық сұйықтық «Изокол» жағады. Кювета салқындағаннан кейін изоляциялық сұйықтықы қайтадан жағады

Ескерту:

Ғаныштың мономерді сіңірудің алдын алу үшін пластмасса қамырын балауызды балқытқаннан кейін ғаныш әлі жылы болғанда, көшірмеге изокол жағады және кюветаның екінші жартысына жұқа қабатпен Изокол жағады.

  • Тістің ғанышты культясы сынбау үшін кюветаны баяу ашу қажет

  • Балауыз мұқият шайылуы тиіс, пластмасса жақсы паковка жасалуы үшін ғаныш және ғанышты көшірме жақсы майсыздануы тиіс.



  1. Стандарт: Балауызды пластмассаға алмастыру

Мақсаты: балауызды пластмассаға алмастыру әдісін меңгеру

Ресурстары:

Техникалық жабдықталуы:

Стоматологиялық қондырғылар: полимеризатор, тіс техникалық пресс, электр пеші, сору шкафы

Стоматологиялық құралдар: ғанышты пышақ, шпатель, шыны немесе фарфор табақша, тіс техникалық кювета, бюгель, целлофан

Стоматологиялық материалдар: пресс форма, алынбайтын протезге арналған пластмасса, Изокол

Мультимедиялық құралдар:

Оқу құралдары: жақ муляждары, көшірме, стендтер, мультимедиялық презентация мен оқу видеофильмдері

Әрекет ету алгоритмі:

І. Пластмассаны қалыптастыру мен қаптау

1. тіс культясын және оның көшірмесіне изолак жағады

2. тістің түсіне сәйкес пластмассаны араластырады

3. пластмассамен қаптауды қамыр тәріздес кезеңінде жасайды

4. шпательмен пластмассаны ыдыстан алып, спиртпен майсыздандырылған таза қолмен илеп, протездің пішінін қалыптастыра отырып, кюветаға салады. Эластикалығын сақтау үшін кюветаның екінші жағындағы ғанышқа жабысып қалуының алдын алу үшін целлофан пластинасын салады.

5. бірінші ретінде кюветаны біртіндеп қысу арқылы кюветаны бақылау үшін қайтадан ашады



  • Егер артықтары болса, оларды кесіп алады, протез ұяшығының жиектері бойымен целлофанды алып тастайды

  • Егер пресстеуінің жеткіліксіздігі анықталса, сол бөліктерге пластмасса массасын қосады

6.содан кейін целлофан пластинасысыз кюветаны толығымен түйістіріп, соңғы пресстеуден өткізеді.

7.кюветаның екі бөлігін қолда біріктіріп, пресске салады.

  • Кювета бөліктерінің орнына айнып кетуін болдырмау қажет, бұл ғанышты пішіннің айнып кетуіне алып келеді.

8.пішінделген протездер барлық уақытта, полимеризация аяқталғанша және кювета суығанша қысымда болуы тиіс. Қысымды ұстап тұру үшін кюветаны бюгельге орналастырады.

Ескерту:

  • Бос мономердің ғанышпен осылуын болдырмау үшін, пластмассаға ылғал түспеуі үшін, ғаныш пішінге пресстеуден алдын, ажыратқыш сұйықтық Изокол жағады

  • Пресстеу процессінде массаны нығыздау қолды пресстің көмегімен ғанышты пішінде протезге тұрақты қысым түсіру арқылы қол жеткізіледі.

  • Протезді күрт салқындату елеулі ішкі қысымға алып келіп, протез беті мен массасында майда сызаттардың пайда болуын тудырады. Бұндай сызаттар протезді жылтыратудан кейін қолдану кезінде әсіресе қатты білінеді. Пайда болған қуыстар мен сызаттар протезді әлсіретіп, жылдам сынуына алып келеді.



  1. Стандарт: Протезді кюветадан шығару

Мақсаты: протезді кюетадан шығару әдісін меңгеру

Ресурстары:

Техникалық жабдықталуы:

Стоматологиялық қондырғылар: пресс, модельге арналған фрезер

Стоматологиялық құралдар: ғанышты пышақ, тіс техникалық шпатель, бюгельге бекітілген кювета, щеткалар

Стоматологиялық материалдар:

Мультимедиялық құралдар:

Оқу құралдары: жақ муляждары, көшірме, стендтер, мультимедиялық презентация мен оқу видеофильмдері

Әрекет ету алгоритмі:

  1. Пластмасса полимеризациясы аяқталғаннан кейін және кювета толық суығаннан кейін оны бюгельден босатуға кіріседі

  2. Протезді кюветадан алуды абайлап жасайды, егер протезді шығару кезінде сыну қауіпі болса, пресспен барлық ғанышты блокты шығарып, содан кейін протезді алуға кіріседі,

  3. Кюветаның екі бөлігін балғаға әлсіз ұру арқылы ашып, ғанышты пышақты бөлінген жеріне салып, кюветаны баяу ашады

  4. Протез орналасқан жердің жиегін, ғанышты пышақпен жонып, ғанышты блокты кюветадан ажыратады.

  5. Щетканың көмегімен протезді ғаныштан тазартады


Ескерту: ғанышты көшірменің бетінде изоляция дұрыс жасалған жағдайда, протезді кюветадан шығару қиындық тудырмайды.

  1. Стандарт: Пластмасса сауытты әрлеу және жылтырату

Мақсаты: пластмассалы сауытты әрлеу және жылтырату әдісін меңгеру

Ресурстары:

Техникалық жабдықталуы:

Стоматологиялық қондырғылар: шлифмотор, тіс техникалық бормашина, сору шкафы, әрлеуші аппарат

Стоматологиялық құралдар: қағаз ұстағыш, жұмсақ және қатты щеткалар, фетрлі, конус тәрізді немесе цилиндр фильц, дөңгелектер, карборунд тастары, борлар, лоток, қорғаныс масқасы, тіс техникалық шпатель


Стоматологиялық материалдар: № 2 Полисет жылтыратушы паста, минутник пастасы, протез

Мультимедиялық құралдар:

Оқу құралдары: мультимедиялық презентациялар мен оқу видеофильмдері

Әрекет ету алгоритмі:

  1. Егер артықшылығы болса, пластмассаны бормен өңдейді

  2. Шлифмоторда немесе бормашинада наждакты қағаз көмегімен сауыттың вестибулярлы бетін өңдейді

  3. Шлифмотордың винтті кескініне фильцты отырғызады, жылтыратушы сұйықтығы бар ыдыс қойылады. Фильцқа және сауытқа жылтыратқыш масса жағылып, сауыттың орнын ауыстыра отырып, жылтыратады.

  4. Соңғы жылтыратуын қатты щеткамен, айнадай жылтырауын , пластмассаның жұқаруы мен рельефінің бұзылуының алдын алу мақсатында, қатты қысымсыз пастамен өңдейді

Ескерту: пластмассалы облицовканы әрлеу мен жылтырату үшін жеке бөліктерінің қызып кетуінің алдын алу үшін сауытты үнемі ауыстырып тұрады.

  1. Стандарт: Протезді тапсыру. Цементке отырғызу

Мақсаты: протезді цементке припасовкалау мен бекіту әдістерін меңгеру

Ресурстары:

Техникалық жабдықталуы:

Стоматологиялық қондырғылар: стоматологиялық қондырғы, спиртовка

Стоматологиялық құралдар: зонд, стоматологиялық айна, пинцет, шпатель, дисктер, шыны.

Стоматологиялық материалдар: қатты қоспалы фрездер жиынтығы, көшірме қаға, протезді медикаментозды өңдеуге арналған құралдар, балауыз пластина, каркас, модельдер, цемент

Мультимедиялық құралдар:

Оқу құралдары: жақ фантомдары, стендтер, мультимедиялық презентациялар мен оқу видеофильмдері

Әрекет ету алгоритмі:

І. Протезді тапсыру

1. Сауытты техникалық бағалау

2. Медикаментозды өңдеу

  • Сауыттың барлық бөліктерін сутегінің асқын тотығы, спиртпен өңдеу

3.Сауытты клиникалық бағалау

1. Сауыт тіске жеңіл киілуі тиіс

2. Сауыт тістің анатомиялық пішініне сәйкес болуы тиіс, көрші тұрған тістермен жанасып, тістің мойнын тығыз қаптап тұруы тиіс

3. Сауытта көрші тістермен фиссуралы – төмпешікті жанасуы болуы тиіс, төменгі жақтың окклюзиялық қатынасына кедергі келтірмеуі тиіс.

ІІ. Цементке отырғызу

Егер науқас шағым айтпай, протезді цементке отырғызуға келісім берсе, онда протезді тапсырып, тірек тістерге цементке отырғызылады.

  1. Протезді медикаментозды өңдеу

  2. Тісті медикаментозды өңдеу

  3. Тісті сілекейден оқшаулау

  4. Цементті араластырып, тірек сауыттарын толтыру

  5. Тістесуін бақылау арқылы протезді тірек тістерге бекіту

  6. Протезді артық цементтен тазалау

  7. Пациентке нұсқау беру