Файл: Жа бет протездерін дайындау техникасы пні бойынша стандарт.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 15.03.2024
Просмотров: 166
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ескерту:
Сауытты мөлшері көп немесе шамадан тыс қою цементке отырғызу, тірек тіске сауыттың дұрыс киілмеуі мен егелген тістің мойын бөлігінің ашылуына алып келеді.
-
Стандарт: Аралық бөлігі тұтас құйылған штампталған – дәнекерленген көпіртектес протезді жасаудың клинико – зертханалық кезеңдері.
Мақсаты: аралық бөлігі тұтас құйылған штампталған – дәнекерленген көпіртектес протезді жасаудың клинико – зертханалық кезеңдерін меңгеру
Ресурстары:
Мультимедиялық құралдар:
Оқу құралдары: жақ фантомдары, стендтер, мультимедиялық презентациялар мен оқу видеофильмдері
Әрекет ету алгоритмі:
Клиникалық сатылары | Зертханалық кезеңдері |
І. Клиникалық І. Клиникалық 1. қарау 2. диагноз қою 3. конструкция таңдау 4. тісті егеу 5. екі жақтан екі қабатты көшірме алу 6. түсін анықтау 7. құжаттарды толтыру | І. Зертханалық 1. көшірмені бағалау 2. модель құю 3. тірек сауыттарды жасау (штампталған сауыт) |
ІІ. Клиникалық
| ІІ. Зертханалық
|
ІІІ. Клиникалық
| |
Ескерту:
І зертханалық кезеңі штампталған сауытты дайындаудың № 2-11 стандарттарына сәйкес келеді. Тірек сауыттарды жасау ерекшелігі – шеткі беттері тегіс болуы тиіс (экватор пішінделмейді)
ІІ клиникалық кезеңі сауытты припасовкалау № 14 штампталған сауытты дайындау стандарттарына сәйкес келеді.
-
Стандарт: Көшірме үлгіні бағалау
Мақсаты: көшірмені бағалау әдісін меңгеру
Ресурстары:
Техникалық жабдықталуы:
Стоматологиялық материал: көшірме үлгі
Мультимедиялық құралдар:
Оқу құралдары: жақ муляждары, көшірме, стендтер, мультимедиялық презентация мен оқу видеофильмдері
Әрекет ету алгоритмі:
-
Тірек сауыттары ғаныш көшірмесінің ұяшықтарында тұрақты отыруы тиіс -
Сауыт жиектері ғаныштың бетіне 0,2-0,3 мм шығып тұруы тиіс -
Көшірме үлгі протез орнын, тіс қатары, тіс аралығы мен тіс мойнының контурын нақты көрсетуі тиіс, көшірме беті сызатсыз болуы тиіс.
-
Стандарт: Ғанышты көшірмені жапсыру
Мақсаты: ғанышты көшірмені жапсыру әдісін меңгеру
Ресурстары:
Техникалық жабдықталуы:
Стоматологиялық қондырғылар: спиртовка
Стоматологиялық құралдар: пинцет, тіс техникалық және электр шпатель, скальпель
Стоматологиялық материалдар: көшірме, жабысқақ балауыз
Мультимедиялық құралдар:
Оқу құралдары: жақ фантомдары, стендтер, мультимедиялық презентациялар мен оқу видеофильмдері
Көшірме үлгілер, стоматологиялық айна, горелка, спирт, балауыз, моделяр.
Әрекет ету алгоритмі:
-
Тірек сауыттарын орындарына мұқият орналастырып, балауызбен сыртқы жиегіне бекітеді, олар тек түбіне ғана емес, ұяшықтың жиектеріне де жабысуы тиіс
-
Егер сауыт ұяшықтың түбіне дейін жетпесе, антогонистпен жанаспай қалады -
Егер ғаныш қабаты түбінде жұқа болса, ұяшыққа сауытты абайлап салу қажет. Шамадан ыс күш жұмсалған кезде, ғанышты ыдыратып, сауыт терең кіріп кетуі мүмкін. Бұл жағдайда сауыт кқрші тістерден жоғары болады және артикулятор сол тісте ғана түйіседі. -
Көшірмедегі сауыт өз осьінен айналып кетпеуін қадағалау қажет.
-
Егер сауытты көшірмеге салу қиын болса, онда бұл бөлікті қасықтан алып тастаған жөн, бөліктерін ажыратып, үлкен бөлігіне сауытты салып, содан кейін кіші бөлігімен біріктіріп, қасыққа салады. -
Жапсыруды қарапайым тәсілмен жүзеге асырады, сауыт жиегінің бір бөлігіне жағылған қатты балқытылған балауызбен сауытты жапсыру қажет. -
Сауыттың ішіне балқытылған балауыз құйып, ортасына штифт қою қажет, бұл осы аймақтағы ғанышты сынудан сақтайды -
Сауыттың ішіне модельден оңай шешу үшін балауыз құю қажет, бұл эластикалық протезді ары қарай дайындау үшін маңызды болады -
Соден кейін балауызды көшірмені 5-10 минутқа салады -
Модельді құйып, көшірме бөліктерінен қарапайым тәсілмен босатады.
Ескерту:
Соңғы жылдары көшірме үлгі алу үшін ғаныштың орнына эластикалық массалар қолданылады. Оны қолдану кезінде техник сауыттарды орындарына мұқият орналастырып, қатты қысым жасамауы тиіс. Сауыт орны мен көшірменің барлығы мақта тампонымен мұқият кептірілуі тиіс.
-
Стандарт: Модель құю.
Мақсаты: ғанышты көшірмедегі сауытпен модель құю әдісін меңгеру
Ресурстары:
Техникалық жабдықталуы:
Стоматологиялық қондырғылар: вибро үстел, спиртовка
Стоматологиялық құралдар: тіс техникалық шпатель, ғанышты пышақ, көшірме қасықтары, резеіке колба, шпатель.
Стоматологиялық материалдар: медициналық ғаныш, су, көшірме үлгі
Мультимедиялық құралдар:
Оқу құралдары: жақ фантомдары, стендтер, мультимедиялық презентациялар мен оқу видеофильмдері
Әрекет ету алгоритмі:
-
Ғанышты көшірмені қаныққанға дейін суға салады -
Ғанышты араластырып, шығыңқы бөлігіне салады -
Резеңке табақшаның жиектеріне әлсіз ұру арқылы немее вибро үстелде модельдің тереңдетілген бқліктеріне ауыстырады, содан кейін ғаныштың жаңа порциясын салып, көшірменің барлық бөлігіне үлестіреді. -
Артық етіп көшірмені толтырып, қалған ғанышты шыны немесе кафельді плитаға тау тәрізді салып, қасықты аударып, қасық беті үстел бетіне паралелль болатындай ғаныштың бетіне қояды. -
Модельдің биіктігі 1,5-2,см. Шпательмен ғанышты көшірме жиектерімен теңестіріп тегістейді ғаныш толығымен қатқаннан кейін модельді босатуға кіріседі -
Модельді көшірмеден босату. Ғаныш толығымен қатқан кезде 1-2 сағаттан кейін көшірмеден қасықты алады, ғаныштың тегіс емес бөліктерін, модельдің жұмысшы бөлігіне дейін кеседі -
Модельді босатуды тістердің орналасуы еске түсіруден бастайды. -
Тістердің болуына, кесу линиясы мен сынықтарына байланысты жұмыс ретін ойлау қажет.
Ескерту:
Модель ғанышын көшірме ғанышынан жақсы ажырау үшін, клиникада ғанышты 1 пайыздық фуксин ерітіндісіне араластыру жөн. Көшірме бөліктерін ажыратуды жеңілдету үшін, модельді 3-5 минутқа қайнаған суға салады. Осылайша, массаның қалңдығы мен көлемі бойынша әртүрлі жылу таралуы есебінен бұл екі қабаттың бөлінуі болады.
-
Стандарт: Модельді окклюдаторға ғаныштау
Мақсаты: модельді окклюдаторға ғаныштау әдісін меңгеру
Ресурстары:
Техникалық жабдықталуы:
Стоматологиялық қондырғылар: бор машина, спиртовка
Стоматологиялық құралдар: пинцет, тіс техникалық және электр шпатель, скальпель
Стоматологиялық материалдар: пішіндеуші балауыз, балауызды немесе металлды ілмектер, модельдер
Мультимедиялық құралдар:
Оқу құралдары: жақ фантомдары, стендтер, мультимедиялық презентациялар мен оқу видеофильмдері
Модельдер, колба, ғанышты араластратын шпатель, су, артикулятор немесе окклюдатор, ағаш таяқшалар (сіріңке
Әрекет ету алгоритмі:
І. Модельді дайындау
1. модельді валиктегі көшірме бойынша жинайды
2. бір – бірімен таяқша немесе балауыз көмегімен біріктіреді
3. окклюдатор биіктігінің штифті алаңға тірелетін етіп, ғаныштың артығын кесіп тастайды
ІІ. Окклюдаторға ғаныштау
-
Ғанышты араластырады -
Тегіс жазық бетіне салып, окклюдатордың төменгі рамасына салады -
Содан кейін ғаныштың кішігірім қабатын қосып, оған бекітілген модельді салады. -
Төменгі үлгінің барлық бөлігін шпательмен тегістейді -
Ары қарай ғанышты жоғарғы модельге салып, окклюдатордың жоғарғы рамасын салады. Сол кезде штифт биіктігі окклюдатордың алаңына жанасып тұруы тиіс -
Ғанышты окклюдатор мен модельді тегіс қабатп)ен көмкерілетін етіп, тегістейді -
Ғаныш қатқаннан кейін артығын алып, модельді бекіткен ағаш таяшқаларды алып тастайды.
Ескерту:
Егер орын болмаса, модель цокльінен ғаныш артығын кесіп алады, ғанышпен жақсы біріктіру үшін модельді ылғалдандырады. Содан кейін ғанышты араластырып, үстелдің тегіс бетіне салып, оған окклюдатордың төменгі рамасын салады. Тағы да ғаныштың кішігірім көлемін салып, оған бір – бірімен біріктірілген модельді орталығына қояды. Шпательдің көмегімен модельдің цокольін ғанышпен жауып, барлық жағынан тегістейді. Содан кейін ғаныштың бір қабатын жоғарғы жақ модельіне салып, окклюдатордың жоғарғы рамасын, модель цокольі мен рама доғасын толығымен жабатындай етіп, түсіреді. Сонымен бірге, биіктік штифтінің алаңға үнемі тиіп тұруын қадағалап, модельдің ығыспауына бақылау жасайды. Ғаныш қатқаннан кейін модельді бекітіп тұрған таяқшаларды шешеді.
Протезді дайындау үшін модельді артикуляторға ғаныштау техникасы окклюдаторға ғаныштау техникасына ұқсас.
-
Стандарт: Көпір тәрізді протездің тұтас құйылған аралық бөлігін пішіндеу
Мақсаты: Көпір тәрізді протездің тұтас құйылған аралық бөлігін пішіндеу әдісін меңгеру
Ресурстары:
Техникалық жабдықталуы:
Стоматологиялық қондырғылар: бор машина, спиртовка
Стоматологиялық құралдар: пинцет, тіс техникалық және электр шпатель, скальпель
Стоматологиялық материалдар: пішіндеуші балауыз, балауызды немесе металлды ілмектер, модельдер
Мультимедиялық құралдар:
Оқу құралдары: жақ фантомдары, стендтер, мультимедиялық презентациялар мен оқу видеофильмдері
Әрекет ету алгоритмі:
-
Сауыттар аралығые вликпен толтырып, жылы күйінде жұмсартып немесе горелка отына ұстайды -
Валик сауыттан жоғары және кең болуы тиіс. Балауыз қатқанға дейін модельді антогонистерді алу үшін түйістіреді -
Валиктен шпательдің көмегімен тіс пішіндейді, ол үшін валик ені көрші тұрған тістер еніне тең болатындай етіп, балауыз артықтарын алып тастайды. -
Содан кейін жоқ тістердің санына сәйкес белгілеп, тістера аралығына бөгеттер салады. -
Әрбір тісті пішіндеуге кіріседі, премоляр мен молярдың вестибулярлы және шайнау беттерінің анатомиялық пішініне сәйкес және алдыңғы тістердің кесу қырларына сәйкес етіп пішіндеуге кіріседі. -
Шайнау тістерінің төмпешіктері дөңестенген болуы тиіс, және жақтардың қозғалысына кедергі жасамауы тиіс -
Оральды бетінде бір тістен екінші тіске өту тегіс, бірқалыпты болуы қажет. -
Шайнау бетінің оральды бетіне өтуінде 2-4 мм 45 градус бұрышта қткір шпательмен вестибулярлы бөлігіне қосылғанға дейін балауызды кеседі. -
Валикті модельден шешіп, аралық бөлігі мен қызыл иек бөлігін қалыптастырады. -
Жоғарғы жақта жоғарғы алдыңғы тістерд пішіндеу кезінде аралық бөлікке жанасу пішінін береді, ары қарай – тірек тістердің биік клиникалық сауыттарында аралық бөлім көлемі 1 - 1,5 мм болады. Шайнау тістерін пішіндеу кезінде төменгі жаққа аралық бөлігі 1,5-2,5 мм болады. -
Денесінің окклюзиялық жазықтығы тірек сауыттарының окклюзиялық бөлігінен тар болады. -
Пішіндеуді балауыз репродукциясының аралық бөлігін және сыртқы жағын горелканың үстінде ұстап тұру арқылы тегістеумен аяқтап, зертханаға модель құюүшін береді.
Ескерту:
-
Шайнау бетін дұрыс емес пішіндеу, жақтардың қозғалысы кезінде шамадан тыс жүктеме болуының салдарынан тірек тістер мен антогонист тістерді жоғалтуға алып келеді -
Сауаттардағы , көпір тәрізді протездің денесіндегі қатты шығыңқы төмпешіктер шайнау қысымының концентрациясын жасап, тістердің қозғалмалығын арттыратын, горизонтальды жүктемеге зиянды әсер етеді -
Вестибулярлы – оральды бағыттағы протез денесінің окклюзиялық жазықтықтың нақты өлшемін анықтау кезінде, тірек тістердің қосымша жүктеме алып жүретінін естен шығармау тиіс. Оларды артық жүктемеден сақтау үшін, табиғи премолярлар еніне тең моляр бетін жасау тиіс. -
Ақауға қараған сауыт бетінің биіктігі жоғары болмаса, көпір тәрізді протездің денесінде осы сауыттан тілдік бетке қарай өсінді болуы тиіс. Бұл сауыттың денесімен біріктіру бетін арттыруға мүмкіндік беріп, ротезді қолданған кезде дәнекерленген бөлігінен ажырауын болдырмайды. Бұл жағдайда ең жақсы жол сауыттың шайнау бетіне окклюзиялық накладка қою.