Файл: Жа бет протездерін дайындау техникасы пні бойынша стандарт.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 15.03.2024

Просмотров: 162

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



  1. Стандарт: Құйма құю

Мақсаты: отқа төзімді материалдан жасалған пініде пішіндеуші балауыздан балқытылған модель бойынша құю әдісін меңгеру

Ресурстары:

Техникалық жабдықталуы:

Стоматологиялық қондырғылар: вентилятор, вибро үстел, муфельді пеш, құю қондырғысы, металлды сақина, (опока), құ шашатын аппарат, опока астылық конус, электронды таразы, керамикалық тигель.

Стоматологиялық құралдар: тіс техникалық және электро шпатель, резеңке колба, қатты құймалы фреза, пинцет, алмазды және карборунд тастары, скальпель, шпатель.

Стоматологиялық материалдар: сақиналарға (опокаға) арналған компенсациялық лента (лайнер), балауыз штифттер, құйма балауыздарының жиынтығы, силиконды спрей, балауыз жолақтары, қалыптыы масса, металл, каркас, модель.

Мультимедиялық құралдар:

Оқу құралдары: жақ фантомдары, стендтер, мультимедиялық презентациялар мен оқу видеофильмдері


Әрекет ету алгоритмі:

  1. Бөлшектердің балауызды модельін дайындау

  2. Құйма қалыптастыратын штифттерді орнату мен құйма жүйесін жасау

  • Диаметрі 1,5-2 мм ұзындығы 0,5 см балауыз штифттерді әлсіз қыздырылған шпательмен пішіндеуші бөлшекке жапсырады

  • Басты құймаға диаметрі 3-4 мм әртүрлі бағытта шырша тәрізді етіп, штифттің балауызын балқытып, балауыз бөлшектеріне жапсырады.

  • Муфта құйылғанна 2-2,5 мм ара қашықтықта орналасады.

  • Құйма түзетін штифтті орналастырғаннан кейін, құйма жүйесін электрошпательмен кесіп, таразыда өлшейді (металл кһлемі осылай анықталады)

  • Өлшегеннен кейін құйма жүйесін опока астылық конусқа орналастырады.

  1. Модельді отқа төзімді облицовкалы қабатпен көмкеру

  • Алынбайтын протездің балауыз каркасын беткейлік қысымды алу үшін және спрей немесе щеткамен жағу, немесе сұйық массаға бірнеше рет салу арқылы қалыптастырғаш материалдың ағымдылығын арттыру.

  • Облицовкалы қабатты бөлме температурасында және ыстық ауамен кептіру

  • Құйма кюветасын таңдау мен орналастыру

  1. Отқа төзімді масса модельән қалыптастыру мен паковкалау

  • Қоспаға байланысты, қалыптастыруша массаны таңдай мен дайындау

  • Қалыптастырушы массаны қалыптастыру алдымен қолмен кейін вакуум араластырғышында араластыру

  • Дайын қалыптастырғыш массаны вибро үстелде паковкалау, барлық биіктігіне толтырады

  • Көшірмені қатқаннан кейін опокадан босату

  1. Муфельде балауызды балқыту

  • Балауызды балқыту, құйма пішінін кептіру мен күйдіру арнайы күйдіру пештерінде, берілген масса үшін (отқа төзімді) ұсынылатын режим бойынша жүргізіледі;

  1. Сплинді алдын ала балқыту

  • Керамикалық тигельде құйма қондырғысында қоспаны сәйкес көлемін балқытады

  • Металл бөлшектерін балқытып, бір тамшылап ағады, содан кейін жиектерімен тамшы ағарып, ортасында көлеңке пайда болады.

  • Көлеңке жойылғаннан кейін цинтрифуганы қосуға болады

  1. Қоспаны құю

  • Опока құйма жүйесіне орнатылады

  • Қысымның сипатына байланысты құйманың келесі әдістерін ажыратады:

  • Қысыммен – металлған сырттан қысым жасаудан негізделген

  • Ортасынан периферияға қарай - металлға сырттан қысым жасауға негізделген

  • Вакуумды – пішін ішінде теріс қысым түзуге негізделген

  1. Отқа төзімді массадан және құйма жүйесінен бқлшектерді босату


  • Ауада құйманы баяу салқындату

  • Опокадан ғанышты пышақпен немесе пішіндеуші массадан абайлап итеріп шығарады

  • Құйма жүйесі алмазды дискттер, дөңгелектер, карборунд тастар мен борлар көмегімен протез каркасын ажыратады

Ескерту:

  • Формула бойынша металлдың қажетті көлемін есептейді: балауыз массасын балұытылған металлдың салыстырмалы тығыздығына көбейтеді

  • Муфта әрбір құйма түзетін штифке орналасуы тиіс

  • Облицовкалы қабаты кептіру 20-22 температурада 1,5-2 сағат көлемінде арнайы орындарда және қыздырылған ауада 40-50 мин кептіреді. Қыздырылған ауаны электр пешінің алдына орналастырылған, вентилятордың көмегімен бағыттауға болады.

  • Пішіндеуші массаны балқытуды муфельді пеште 40-60 градустан 100 градусқа дейін жоғарылатып, 30 мин балауыз балқып, ағады.

  • 250-300 градус температурада будың көп көлемі түзілуінің алдын алу үшін кептіруді баяу жүргізеді, содан кейін муфельді пештегі температураны 800-850 градусқа көтеріп, балауыздың қалдығын күйдіру үшін, пішіннің газ өткізгіштігін арттыру, қажетті жылу таралуын алу үшін, пішін ішінде және металлдың ағымдылығын алу үшін құйма жүйесінің ішінде жоғары температураны жасау үшін, пішінді күйдіреді.



  1. Стандарт: Дәнекерлеу

Мақсаты: дәнекерлеу әдісін меңгеру

Ресурстары:

Техникалық жабдықталуы:

Стоматологиялық қондырғылар:шлифмотор, тіс техникалық бормашина, дәнекерлеуші аппарат

Стоматологиялық құралдар: ғанышты пышақ, тіс техникалық шпатель, карборунд дисктері, тастар, мұздай суы бар ыдыс.

Стоматологиялық материалдар: бура, ғаныш, асбест, күміс припой, металлды таға, модельдер

Мультимедиялық құралдар:

Оқу құралдары: жақ фантомдары, стендтер, мультимедиялық презентациялар мен оқу видеофильмдері

Әрекет ету алгоритмі:

І. Дәнекерлеуге дайындау

1. Қызыл иекке қараған бетін резеңке дөңгелекпен өңдейді, өйткені дәнекерлеуден кейін оған қол жеткізу қиын болады

2. Модельді орнатып, антонист тістер мен сауыттарға шақтайды. Содан кейін протездің барлық бөліктерін дәнекерлеуге дайындайды, сол үшін сауытты модельден шешеді (оны істеу оңай, горелка отына біршама қыздырғанда ішіндегі толтырылған балауызы еріп, сауыт оңай шешіледі)


3. карборунд дисктерімен абайлап, окалинаны (металл қышқылдары) құйылған тістермен жанасатын жерлерден шешеді.

4. Тірек сауыттарын аралық бөлікпен дәнекерлеу: дайындалған тірек сауыттары балқытылған балауызбен вестибулярлы және оральды бетіне бекітіліп, ал құйылған тістер модельге орнатылады, орналасу нақтылығы тексеріледі:

  • Антогонист тістерге

  • Альвеолярлы өсіндіге

  • Тіс доғасына

5.Содан кейін жабысқақ балауызбен сауыт пен құйылған тістер арасын бекітеді

  • Модельден шешу кезінде ығысуының алдын алу үшін қосымша конструкция пішіні бойымен иілген сыммен мықтап, әрбір бөлшекке балауызбен бекітеді

6.дәнекерлеу үшін отқа төзімді массаға ғаныштау

  • Осы мақсатта сауытты ғанышпен толтырып, ғаныштың бір бөлігін үстелге құяды оған протездің барлық бөліктерін салып, дәнекерлеу бөліктерін ашық қалдырады

7.Балауызды ерітіп шығару

  • Ғаныш соңына дейін қатқаннан кейін, ыстық сумен балауыздың қалдықтарын шаяды.

8.Кептіру

9.дәнекерленген жерлерді судағы бура ерітіндісімен шаяды (бура металл бетіндегі оттегіні сіңіреді) металлдың қалыңдығына припойдың енуіне кедергі жасайтын, қышқылдардың пайда болуын жояды.

ІІ. Көпір тәрізді протездің тірек эелементтері мен аралық бөлігін дәнекерлеу

  1. Протезді біркелкі қыздыру

  • Дәнекерлеудің қиындығы қышқылдардың түзілуі мен припойдың әлсіз ағымында болады

  • Сондықтан кептіргеннен және дінекерленген орынды қыздырғаннан кейін, бурамен қайтадан жағып, протезді паяльды аппаратпен біркелкі қыздыруға кіріседі

  1. Дәнекерлеу

  • Бура көпіріп, температурасы жоғарылаған сайын шыны тәрізді болады

  • Сол уақытта дәнекерлеу орнына припой салып, горелка отында қабаты қалң жерлерін қыздырады, содан кейін ғана отты припойға ауыстырып, балқытады.

  • Болатқа арналған припой балқытылып, тамшыға жиналады, припой дәнекерлеуші бетке таралуы үшін, припой тамшысын болат сыммен ағызады.

  • Припой беткейдің барлық бөліктеріне жетуі тиіс

  • Егер беткейге припой түспесе және оның таралуы байқалмаса – припойды қосып өыздыруды арттырады.

  • Содан кейін ғана басқа бөліктерді дәнекерлеуге кіріседі

  1. Закалка

  • Барлық бөліктерін дәнекерлеуден кейін, протезді ғанышты массамен салқын суға салып, барлық металлды протездің барлығына закалка жүргізеді

  • Сонымен қатар протезді ғаныштан тазартады


ІІІ. Дәнекерлеуден кейін көпір тәрізді протезді өңдеу

  1. Көпір тәрізді протез бетінен припой қалдықтарын, кішігірі қуыстарды, терең емес сызаттарды, арборунд тастары, металлды бура арқылы алады.

  2. Дәнекерлеу сапасын бағалау

  • Тірек сауыттар мен көпір тәрізді протездің аралық бөлігін дәнекерлеуден кейін пайда болған тігіс болуы тиіс:

  • Сызықты, үздіксіз, берік, қуыссыз

  • Дәнекерлеуші металлдан түсі бойынша ерекшеленбеуі тиіс

  • Қызыл иекті жарақаттамау үшін, сауыт жиегіне жетпеуі тиіс.

Ескерту:

  • Ғаныш қатқаннан кейін ғаныштың артықтарын алады, ол үшін дәнекерленген жерлер бос болуы тиіс

  • Осы бөліктерді әлсіз қыздыру мен припойды балқыту қамтамасыз етеді

  • Бураны қатты қыздыру мен көп мөлшерде болуы бураның қайнауы мен қустың пайда болуын тудыратынын есте сақтау жөн. Осыны болдырмау үшн, отты бір жерде ұстап тұру қажет және отты біртіндеп, жалынын азайта отырып алу қажет

Дәнекерлеу алдында ғаныштаудың екі амалы бар: модельде және модельсіз.

Модельде – ғаныштау кезінде модельге ғанышпен вестибулярлы және оральды беттерімен протездің барлық бөліктерін бекітеді. Бұл тәсілдің кемшілігі дәнекерлеуден кейін модель ыдырайды.

Көбінесе модельсіз ғаныштап, дәнекерлейді. Ашық және жабық тәсілді қолдануға болады.

Жабық дәнекерлеу үшін денесінің қызыл иектік беті бос қалатындай етіп, дәнекерленген протезді сұйық ғанышқа салады. Балауызды балқытқаннан кейін денесі мен сауыты арасында припой толтыруы тиіс қуыс босайды. Припойдың басқа жерлерде қаббатасуы болмайды, өйткені басқа жерлері ғанышпен толтырылған. Бірақ, дәнекерлеу кезінде босатылған барлық жерлерге припойдың түсуін байқау қиын болады.

Ашық дәнекерлеу кезінде сауытты ғанышпен толтырады.

  1. Стандарт: Ағарту

Мақсаты: ағарту әдісін меңгеру

Ресурстары:

Техникалық қондырғылар:

Стоматологиялық қондырғылар:отқа төзімді пеш, сору шкафы, спиртовка

Стоматологиялық құралдар: пинцет, ағарту қасығы

Стоматологиялық материалдар: штампталған сауыт, тот баспайтын болатқа арналған ағартқыш

Мультимедиялық қондырғылар:

Оқу құралдары: жақ фантомдары, стендтер, мультимедиялық презентациялар мен оқу видеофильмдері

Әрекет ету алгоритмі: