Файл: Жа бет протездерін дайындау техникасы пні бойынша стандарт.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 15.03.2024
Просмотров: 161
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Б) брекеттің пазына ортодонтиялық доға кигізіледі.
В) брекеттің қанаттары паздағы ортодонтиялық доғаны бекіту үшін қолданылады. Кейбір тістерде брекет қанаттары металлды және эластикалық лигатура көмегімен пазда ортодонтиялық доғаны бекіту тағайындалған. Кейбір тістерде қанатша тәрізді, кішкентай металлды ілмек болуы мүмкін, оған емдеу барысында эластикалық тартпа бекітіледі.
Г) ортодонтиялық сақиналар мен ұрттық құлыптар доғаға тірек болып, 6 және 7 тіске бекітіледі. Ұрттық құлыптар брекеттер сияқты тура тіс бетіне бекітілуі мүмкін немесе сақиналармен дінекерленіп, цементтің көмегімен бекітілуі мүмкін.
Д) ортодонтиялық доға – ортодонтиялық ынтаның негізгі көзі, брекет – жүйесінің қозғалмалы күші. Доғаға алдын ала тіс қатарының пішіні белгіленеді, брекеттерге бекіту алдында тістерді дұрыс орналастыру абзал.
Е) эластикалық лигатуралар доғаны брекеттер пазында бекітеді. Олардың сыртқы көрінісі кең диапозонда ауысады - лигатуралар мөлдір, күмісті, түрлі – түсті, декоративті болады. Түрлі – түсті және декоративті доғалар брект – жүйесінің түрін жандандырып, ортодонтиялық аппараттан қызықты, экзотикалық, стильді әшекейге айналдырады.
Өзінің эластикалығы есебінен лигатуралар уақыт өте созылады, брекеттердің арасындағы қосылу жылжымалы болады, сондықтан 3-4 аптада бір ауыстырып тұру қажет. Одан басқа мөлдір доғалар тағамдық бояғыштар әсерінен боялып қалады. Емдеудің соңғы кезеңі – емдеу нәтижелерін бекіту үшін ретейнерлерді қолдану.
Ескерту:
-
Заманауи стоматология брекет – жүйесінің кең ассортиментін ұсынады. Науқастың қандай емдеуді таңдағанына қарамастан, отаның көрсеткіштері мен кезеңдері өзгріссіз қалады. -
Брекеттерді ортодонтиялық доғаны дәнекерленуі үлкен қиындық тудыруы, бөлшектерінің серпімділігін жоғалтуы, қатты қыздыру салдарынан деформациялануы сияқты бір қатар кемшілікке ие болады.
-
Стандарт: Функциональды және аралас әсер ететін аппараттар. Катцтың бағыттаушы сауыты, таңдай бөлігіне тістеу пластинкасы бар катц сауыты, тістеу жазықтығы бар пластинкалар, Френкель реттегіштері (1,2,3) активаторлар мен обтураторлар.
Мақсаты: функциональды және аралас әсер ететін аппараттар, Катцтың бағыттаушы сауытын дайындау техникасын игеру.
Ресурстары: кітаптар, кестелер, лекциялар, үлгілер, металл, ағартқыш, резеңке, «Пастагой», щекталар
Әрекет ету алгоритмі:
Функциональды әсер етуші немесе бағыттаушы аппараттар өздігінен күші болмайды, яғни, оларда ешқандай белсенді әсер ететін элементтер салынбаған. Бұндай аппараттарды қолдану кезінде күш көзі ретінде шайнау мимкалық бұлшықеттердің жиырылу күші қолданылады. Аппараттарда барлық уақытт бұлшықеттердің әсерін емдеуге қажетті бағытқа бағыттап тұратын, белгілі құрылғылар бар. Бұл аппараттар үзік әсер етеді.
Механикалық және функциональды әсер етуші аппараттардан басқа өзінің құрамында екеуінің де элементтері болатын, аралас конструкциялар да қолданылады.
-
Бағыттаушы ілмегі бар Катц сауытын дайындау
Иілген жазықтығы бар катц сауыты алдыңғы тістердің вестибулярлы ығысуын жөндеуге арналған. Егер бірнеше тістерді таңдай жағына ығыстыру қажет болса, тірек сауыттардың вестибулярлы бетіне диаметрі 0,8-1,0 мм жанама сымды дәнекерлейді, ал таңдай бөлігіне шеттері домалақтанған, қалыңдығы 2 мм 30-40 градус бұрышпен балауыздан иілген жазықтықты пішіндеп, дәнекерлейді.
Катц сауытын ығысқан жоғарғы тіске бекітіледі. Кесу қырларына ілмек тәрізді иілген сымды дәнекерлейді. Осы жазықтық бойымен антогонист – тістер сырғиды. Егер бір емес бірнеше тістер ығысқан болса, сауыттарға өсінділерді дәнекерлйді, олал тістерді артынан тартады. Осылайша, екі сауыт арқылы төрт тісті жылжытуға болады. Бір тіс жылжыған кезде бір ілмек екі антогонистен кем емес тісті қамтуы тиіс, екі тіс жылжыған кезде - антогонистің қарсылығын арттыру үшін, төрт немесе бестен кем емес тісті қамтуы тиіс.
-
Ию ережелерін, бағыттаушы ілмекті дәнекерлеу мен ілмек пен сауыт арасындағы аралықты июді қолдану.
Катц сауытын нейзильберден немесе болаттан жасайды. Дайындалған сауытты тіске кигізіп, иілкен жазықтықты дінекерлеу нүктесін белгілейді. Бұл мақсатта қолданатын сым нейзильберден дайындалады (қалыңдығы 0,8-1,0 мм). сымның бір шетін сауытқа дәнекерлеп, тағыда тіске кигізеді.
Содан кейін иілген жазықтық үшін оның ауыз қуысындағы орналасуын тексеріп, сауытқа және сымға қосымшасын белгілеп, сауытты қайтадан зертханаға береді. Бұл жерде оны ерін бөлігімен ғаныштап, ілмекті дәнекерлейді. Припойды ерін бетінде ары қарайғы жалғасы ретінде балқытады.
Иілген жазықтықты тот баспайтын болаттан құюға болады.
-
Конструкцияны ағартып, өңдеу.
Құйылған иілген жазықтығы бар сауытты ғаныштап, дәнекерлеп, әрлеуді.
Ескерту:
Алынбайтын каппа төменгі тімс доғасының дамуын тежеп, жоғарғы жақтың фронтальды бөлігінің дамуын стимулдау үшін қолданылады, өйткені төменгі тістерді бірге байланыстырады. Егер жоғарғы және төменгі тістерді бір мезетте жылжыту қажет болса, онда Катцтың бағыттаушы сауытын қолданған абзал.
«Бюгельді протез дайындау техникасы» пәні бойынша стандарттар
-
Стандарт: Бюгельді протезді дайындаудың клинико – зертханалық кезеңдері (дубльдеусіз)
Мақсаты:
Бюгельді протезді дайындаудың клинико – зертханалық кезеңдерін меңгеру
Ресурстары:
Жақ үлгілері, параллелометр, протездері бар мини – стендтер, «жоғарғы және төменгі жақтың бюгельді протездері» плакаттары, «бюгельді протездеу» журналы, интернеттен тақырып бойынша мақала.
Әрекет ету алгоритмі:
| Клиникалық кезеңі | Зертханалық кезеңі |
1 |
|
|
2 |
|
|
3 |
|
|
4 |
|
|
5 |
| |
-
Стандарт: Бюгельді протезді дайындаудың клинико – зертханалық кезеңдері (дубльдеумен)
Мақсаты: Бюгельді протезді дайындаудың клинико – зертханалық кезеңдерін меңгеру (дубльдеумен)
Ресурстары:
Жақ үлгілері, параллелометр, протездері бар мини – стендтер, «жоғарғы және төменгі жақтың бюгельді протездері» плакаттары, «бюгельді протездеу» журналы, интернеттен тақырып бойынша мақала.
Әрекет ету алгоритмі:
| Клиникалық кезең | Зертханалық кезең |
1 |
|
|
2 |
| Үлгіні дубльдеуге дайындау:
|
3 | | |
4 |
|
|
5 |
| |
-
Стандарт: Науқасты тексеру
Мақсаты: игеру науқасты тексеру әдісін игеру
Ресурстары: стоматологиялық қондырғы, залалсыздандырылған стоматологиялық құралдар жиынтығы
Әрекет ету алгоритмі
І. Зерттеудің негізгі әдістері
1. сұрау
2. қарап тексеру
3. перкуссия
4. пальпация
ІІ. Зерттеудің қосымша әдістері
1.ретнгенография
2. электроодонтометрия
3. зертханалық зерттеулер
4. цитологиялық зерттеулер
5. басқа әдістер
ІІІ. Пародонт және шырышты қабат аурулары кезінде қолданады:
1.пародонтальды индекстер
2.арнайы зерттеу әдістері
-
Стандарт: Эластикалық массамен жақтың көшірмесін алу
Мақсаты: эластикалық массамен жақтың көшірмесін алу әдісін игеру
Ресурстары: колба, шпатель, стандартты перфорирленген көшірме алу қасығы, көшірме масса, протездері бар мини – стендтер, «жоғарғы және төменгі жақтың бюгельді протездері» плакаттары, «бюгельді протездеу» журналы, интернеттен тақырып бойынша мақала.
Әрекет ету алгоритмі:
Кезеңдері | Жабдықталуы | Қолдану дұрыстығының критериі |
Стандартты қасықты таңдау | Стандартты перфорирленген көшірме қасықтар |
|
Эластикалық массаны дайындау | Массаны араластыратын резеңке табақша, шпатель, көшірме алу материалы |
Көшірме үлгі алу кезінде:
Көшірменің шеттерін пішіндеу белсенді жөндеу үшін активті және пассивті қимылдармен жүзеге асырылады. |
| Мұздай суы бар табақша | Көшірме ауыз қуысынан қаықпен бірге алынып, мұқдай суы бар табақшаға салынады. |
| Көшірме сапасының критериі | Көшірме үлгісі:
|