Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындаы лтты білім беру Академиясы лемдік педагогикалы ой сана.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 333

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
деп аталады. Олардың түрлік белгілері қарама-қарсы сипатта болады. Бір ұғымның белгісі келесі ұғымды толықтай жоққа шығарады, мысалы, «ақ» – «ақ емес», «жоғары» – «жоғары емес». Бұлардың контрарлық ұғымдардан айырмашылығы – олардың көлемінің суммасы түбірлік ұғымның көлеміне тең болады. Егерде контрарлы ұғымның екеуі де оң болса, онда қарсы айтылатын ұғым да – бірі оң, екіншісі теріс болады (12-сурет).






а) б) в)

12-сурет. Қарсы айтылатын (контрадикторлық) ұғымдар.

Жоғарыда қарастырылған ұғымдардың түрлерін схема түрінде көрсетуге болады (13-сурет).


Б айланыс пен қатынас бойынша ұғым түрлері



С алыстырмалы



Салыстырылмайтын




Ү йлесімді




Ү йлесімсіз




Тең мәнді




Қарама-қарсы




Қарсы айтылатын




Қиылысатын




Бағынышты




13-сурет. Ұғымдар арасындағы қатынас түрі (мазмұны мен көлемі бойынша).

§3. Ұғымдар анықтамасы

Ұғымдар анықтамасы дегеніміз – (лат. defiaitio) логикалық операция, бұл процесс кезінде ұғымның мазмұны анықталып, айрықша белгілер көрсетіледі. Ұғымды анықтау, яғни, анықталатын заттың басты қасиеттерін қысқаша формада көрсету деген сөз. Ұғымдарды дәл анықтау, олардың ережелерін білу – ғылым мен практиканың барлық саласында үлкен мәнге ие. Ерте заманнан бері көптеген философтар осы мәселемен айналысты: Демокрит (б.э.д. 460-370 ж.ж.) «Логика туралы» трактаты, Сократ (б.э.д. 469-399 ж.ж.), Платон (б.э.д. 428-347 ж.ж.), Аристотель (б.э.д. 384-322 ж.ж.), Т.Гоббс (1588-1679 ж.ж.), т.б.

Ұғымдарды анықтауға К. Маркс, Ф. Энгельс, В.И. Ленин де атсалысты. «Ұғымды анықтау заттың белгілерін атау деген сөз емес. Ұғымды анықтау дегеніміз – оны дамыту, түйін сызығына ұғымдық алмасуларды енгізу, теориялық құрылымды анықтау» – дейді В.И. Ленин.

Ұғымды анықтау тәсілдері. Логика шынайы белгілерді ашуға мүмкіндік беретін ұғымдарды анықтаудың тәсілдерін көрсетеді. Ұғымды анықтаудың бірнеше тәсілі бар: жақын түбірі мен түрлік айырмашылығы бойынша анықтау, генетикалық анықтау – заттың құрылу тәсілін көрсету арқылы анықтау. Сонымен қатар номиналды анықтауды (берілген ұғымды білдіретін сөздің, терминнің немесе атаудың мәнін түсіндіру) ажыратады. Анықтаудың алғашқы басты тәсілі түбірді көрсетуден басталады. Мұнда түр ретінде анықталатын ұғым кіреді (genus proximum). Ұғымды анықтаудың бастауы – бұл ауқымды ұғымды табу. Екінші кезең – анықталатын ұғымның түрлік айырмашылығын (differentia specifica) көрсету. Әрбір түбірге көптеген түр кіреді. Ұғымды дәл анықтау үшін, берілген түрдің мазмұнын табу керек.

Ұғымды жақын түбірі және түрлік айырмашылығы арқылы анықтау тәсілін алғаш рет Аристотель енгізді. Ол дәстүрлі логикамен кабылданған анықтаудың ережелерін де қалыптастырды. Мысалы, К. Маркс өзінің «Капитал» деген жұмысында еңбектің тәсілдерін анықтайды: «Еңбек тәсілі дегеніміз – бұл заттар кешені. Адам оның көмегімен әсер ете алады».

Жоғарыда біз қозғалтқыштың классификациялық схемасын қарастырған болатынбыз (5.а.-сурет). Қозғалтқыштың әрбір түрін анықтағанда оның белгілері көрсетіледі. Осылайша, көрсетілген қозғалтқыштың барлық түрлерінің жақын түбірлік ұғымы – бұл «қозғалтқыш», ал түрлік айырмашылығы жоғарыда айтылған болатын.

Анықтаудың құрылымы. Түрлік айырмашылық екі бөліктен тұрады: анықталатын ұғым және анықтайтын ұғым. Анықталатын ұғым
– бұл шынайы белгілері ізделінетін ұғымдар, ал анықтайтын ұғым – түбірлік және түрлік белгілерді бейнелейтін ұғымдар. Түбірлік ұғым – бұл жалпылама ұғым, оның көлеміне анықталатын ұғым кіреді. Мысалы, «Электрлік қозғалтқыш» ұғымын анықтау келесідей болады: «Электрлік қозғалтқыш» дегеніміз – электрлік энергияны механикалық (түрлік айырмашылық) энергияға айналдыратын қозғалтқыш (жақын түбірі). Мұнда бірінші орында – анықталатын ұғым, «электрлік қозғалтқыш», екіншісі – бағынышты (түбірлік) ұғым «қозғалтқыш», үшіншісі – түрлік айырмашылық «электрлік энергияны механикалыққа айналдыратын».

Барлық қажетті белгілері көрсетілген анықтама «толық анықтама» деп аталады. Егер де анықтамада барлық қажетті белгілер көрсетілмесе, ол толымсыз деп аталады.

Ұғымдарды анықтау ережесі. Логика қойған бірқатар талаптар ұғымды анықтауды қанағаттандыруы керек. Бұл талаптар – анықтау ережелері деп аталады. Ондай ереже бесеу. Ереженің біреуі бұзылса, ұғымды анықтауда қателік кетеді, яғни ұғымның мазмұны дұрыс ашылмайды. Осы ережелерді қарастырайық:

1. Анықтама өлшемді болуы керек, анықталатын ұғымның көлемі бірдей болуы қажет. Жоғарыда келтірілген электрлік қозғалтқыш анықтамасы осы талапты қанағаттандырады. Бұл ереженің бұзылуына мысал қарастырайық: «ұшақ – бұл машина» немесе «қозғалтқыш – бұл машина», т.б.

2. Түбірлік белгі жақын жоғары ұғымды көрсетуі керек. Осы ережеге сәйкес, ұғымды анықтағанда алшақ түбірді алуға болмайды. Ереженің бұзылғандығын көрсететін мысал: «Бу турбинасы бу энергиясын механикалыққа айналдыратын қозғалтқыш».

3. Түрлік айырмашылық бір түбірге қатысты, тек берілген ұғымға тән белгілер немесе белгілер тобы болуы керек. Бұл ереженің бұзылу мысалы: «Күшті өлшеуге арналған құрал пружинді динамометр деп аталады». Мұндағы белгі (күшті өлшейтін құрал) – тек пружинді динамометрге ғана ортақ емес;

4. Анықтама тек теріс болмауы керек. Теріс анықтама шынайы белгілерді көрсетпейді, ұғымның мазмұнын ашпайды.

5. Кез келген анықтама түсінікті болу керек.

Генетикалық анықтамалар. Генетикалық анықтама – бұл заттың шығу тегі көрсетілетін анықтама. Мысалы геометриялық ұғымдар қатары мен шеңбер анықталады: «Шеңбер дегеніміз – жазықтықта орналасқан нүктелердің геометриялық орны».

Генетикалық тәсілмен алынған анықтамада жақын түбір және түрлік айырмашылықтар айқын көрсетіледі.


Ұғымдарды анықтау – бұл қоршаған әлемді танудың табалдырығы. Бұл табалдырық заттар мен құбылыстарды терең танытуы үшін, қысқаша анықтама заттарды толықтай бейнелемейтінін еске ұстау керек.

Осылайша, ұғымды анықтау – бұл анықталатын заттың басты және шынайы қасиеттерін қысқаша формада білдіру.

Ұғымдарды анықтауда жіберілетін қателіктер. Педагог ұғымдарды анықтаудың ережелерімен қатар, оқу тәжірибесінде жіберілетін қателіктерді де білуі керек. Логикада басты 6 қателікті ажыратады: өлшемдік ережесінің бұзылуы (2 қателік), анықтамадағы тавтология, анықтамадағы шеңбер, белгісізді белгісіздік арқылы анықтау, анықтамаға ұғымның жоқ белгілерін енгізу.

Ықшам анықтама мысалдары:

1). Молекулярлық құрылысы бар зат деп аталады.

2). Қозғалтқыш – электрлік энергияны механикалыққа айналдыратын машина.

Ауқымды анықтама мысалдары:

1). Материя зат деп аталады.

2). Қозғалтқыш – машина.

Тавтологияның мәні – зат өзі арқылы анықталады, тек тұжырымның сөздік формасы өзгереді. Тавтология оқушылар құрған анықтамаларда жиі байқалады. Мысалы, химия, физика сабағында оқушы келесі анықтаманы береді: «Жылу беруде алынатын немесе берілетін энергия ішкі энергия деп аталады», «Ішкі энергия дегеніміз – ішкі энергия», т.б.

Анықтамадағы шеңбер оқушылардың жауабында сирек кездеседі, бірақ оқу және әдістемелік әдебиеттерде қателер байқалады. Ешкім оны байқамайды. Қателіктің мәні – бір ұғым өзге арқылы анықталады, ал бұл өзге – жаңа арқылы. Мысалы: «Айналу дегеніміз не?» – «Ось айналасындағы қозғалыс» – «Ось дегеніміз не?» – «Ол – айналасында айналым жүретін нүкте».

Белгісізді белгісіздік арқылы анықтау. Бұл қателіктің мәні – ұғым белгілері белгісіз, әлі анықталмаған ұғым арқылы анықталады.

Анықтамаға жоқ белгілерді енгізу. Ол жиі кездеседі. Мысалы, 6-сыныптың «Пружинді динамометр» ұғымын анықтауда былай дейді: «Бұл – пружина мен зәкірден тұратын құрал». Мұнда жоқ белгі – зәкір, түбір де дұрыс көрсетілмеген – «құрал». Ең жақын түбір – «динамометрді» алу керек.

Мұғалім қандай да бір ұғымды анықтағанда, келесіні ескерген жөн:

1. Ұғымдар анықтамасы тек анықталатын заттар мен құбылыстардың жалпы және айрықша қасиеттерін бейнелейді.

2. Анықтаудың міндеті – зат немесе құбылыс туралы ұмытылған білімді қысқаша формада белгілеу.

3. Ұғымдар анықтамасы әрдайым өзгеріссіз қалмайды.