Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындаы лтты білім беру Академиясы лемдік педагогикалы ой сана.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 334

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

§4. Оқушыларда ғылыми ұғымдардың қалыптасуының мәні.
Ғылым негіздерін зерттеуде ұғымдардың қалыптасуының мәні жоғарыда қарастырылды. Оқушыларда ғылыми ұғымдар жүйесінің қалыптасуы – ғылыми білім жүйесін меңгерудің маңызды элементтерінің бірі. Әрбір оқу пәні өзара байланысты негізгі ғылыми ұғымдардан тұрады. Мысалы: Физика курсын оқығанда оқушылар оның мұнандай мазмұнын меңгереді: заттың қасиеттері, физикалық өрістің қасиеттері, материя қозғалысының физикалық формалары және әртүрлі құбылыстар. Мұның барлығы құбылыстар туралы (мысалы, қайнау, булану, фотоэффект) дененің қасиеттері (тығыздық, иілгіштік) құбылысты сипаттайтын өлшемдер (ток күші) туралы ұғымдар жүйесін қамтиды.

Ұғымдарды меңгермей заңдары мен теорияларды меңгеру мүмкін емес. Ұғымдарды меңгеру оқушылардың белсенді ойлау әрекетімен байланысты (ойлау операциялары – анализ бен синтез, салыстыру, абстракция, жалпылау).

«Ойлау әрдайым ұғымдар пирамидасында қозғалады» – дейді психолог Л.С. Выготская. Ұғымдарды негізге алмай бірде-бір тұжырымды айту мүмкін емес.

Оқушылардың ғылыми ұғымдарды меңгеруі мұғалімнің процесс ерекшеліктерін қаншалықты білетіндігіне тәуелді.
§ 5. Оқу танымындағы ұғымдардың даму ерекшеліктері
Оқу танымында ұғымдардың дамуынын кейбір айырмашылықтары бар. Солардың негізгілерін қарастырайық.

Ғылыми таным сиықты оқу танымында ұғымдардың дамуы мен қалыптасуы күрделі, диалектикалық процесті береді. Оқушылар ұғымдарды бірден меңгермейді, уақыт өте онын мазмұнын, көлемін, байланысын, өзге ұғымдармен қатынасын меңгереді.

Ғылыми танымда ұғымдардың пайда болуы мен дамуы – бұл ғалымдардың шығармашылық ізденістерінін нәтижесі. Оқу танымында оқушыларды ұғымдардың қалыптасуы мұғалімнің басшылығымен жүзеге асады (оқу бағдарламалары, оқу әдістемелері, оқыту практикасы).

Оқушылар ұғымдарды мектепте оқыту барысында меңгереді. Оларға келесі факторлар ықпал етеді:

а) Оқушылардың өмірлік тәжірибесі, тұрмыстық түсініктері;

б) Мұғалімнің басшылығымен ғылым негіздерін үйренуде ұғымдардың қалыптасуы;

в) Ғылыми танымал әдебиеттерді оқу, кино фильмдерді көру;

Мұғалім жоғарыда аталған ұйымдардың пайда болу «көздерін» білуі қажет.

Оқушыларда ұғымдардың қалыптасу процесін өзіндік заңдылықтары бар. Оқушыларда осы процесс сәтті жүзеге асу үшін мұғалім мұндай заңдылықтарды білу керек: оқушылар санасында ұғымдардың қалыптасуы – күрделі әрі ұзақ процесс; Оқыту процесінде алдымен жеке ұғымдар, сосын ұғымдар жүйесі қалыптасады; Бір жүйенің ұғымдары сәтті меңгеріледі, егер де олар өзге жүйенің ұғымдарымен байланысса; Жаңа ұғымдардың қалыптасу процесімен қатар бұрын қалыптасқан ұғымдар мазмұнының тереңдену процесі жүреді. Мұнда ұғымдардың жаңа тұстары ашылады.


Ұғымдардың құрылу процесінде ұғымдардың қозғалысы екі бағытта болады:

1). Жеке қабылдау мен түсініктен жалпы ұғымдарға дейін;

2). Жалпы және абстракт ұғымнан оның нақтылануына дейін;
§6. Оқушыларда ғылыми ұғымдардың қалыптасуында «ғылымға дейінгі» түсініктердің рөлі
Жоғарыда айтылғандай, оқушыларда ғылыми ұғымдардың қалыптасуының басты көздері – бұл өмірлік тәжірибе, күнделікті бақылаулар. Осының негізінде «ғылымиға дейінгі» түсініктер қалыптасады. Мұндай ұғымдардың қалыптасуы екіжақты қалыптасуы рөль атқарады. Егер де олар ғылыми ұғымға қарсы сипатта болса, мұғалім осыған дер кезінде мән бермесе, онда бұл жағдай ғылыми ұғымдарды меңгеру процесін тежейді. Егер де олар ғылыми ұғымның мазмұнына қарсы болмаса, онда оларды оқыту барысында басшылыққа алуға болады.

Қате ғылыми ұғымдардың жағымсыз ықпалын жоққа шығару үшін, мұғалім ең алдымен оқушылардағы бұл түсініктің қаншалықты деңгейде екендігін анықтауы керек. Бұл қате пікірді дер кезінде жоққа шығарып, дұрыс ғылыми ұғымның қалыптасуына мүмкіндік береді.

«Ғылымға дейінгі» түсініктерді әңгімелесу, анкета арқылы анықтауға болады. Ғылыми ұғымдардың қалыптасуына әр сыныпта, әр сабақта алынған құбылыстар туралы білім, түсініктер маңызды рөль атқарады. Мысалы: 6-сыныптың физика курсында «зат», «молекула», «заттың күйі» деген ұғымдардың қалыптасуына 4-сыныптағы табиғаттану курсында алынған алғашқы мәліметтер ықпал етеді. Ал 6-сыныптың физика курсында «масса», «салмақ» деген ұғымдардың қалыптасуына 4-5-сыныптарда математика сабағында осы терминдерді қате қолдану кері ықпал етеді.
§7. Оқушылардың ұғымдарды меңгеру үдерсінің мәні.

Ұғымдарды меңгеру өлшемдері

Оқушылардың ғылыми ұғымдарды жоғары деңгейде меңгеруі үшін, алдымен меңгеру үдерісінің ерекшеліктерін, оны жүзеге асыру тәсілдерін, ұғымдарды қалыптастырудың рационалды тәсілдерін таңдауды білу қажет. Ол үшін мұғалім бұл үдерістің негізгі кезеңдерін (ұғымдардың байытылуы, әдіс-тәсілдер, т.б.) жақсы білу керек.

Ұғымдарды меңгеру үдерісінің мәні дегеніміз – ұғымның мазмұнын (белгілерін), оның көлемін (ұғым қамтитын нысандар жиынтығы), өзге ұғымдармен байланысы мен қатынасын меңгеру.

Оқушылардың ұғымдарды меңгеруінің сапасын және мұғалімнің қолданатын әдістемесінің тиімділігін бағалау үшін ұғымдарды меңгеру критерийлерін білу қажет. Ұғымдардың қалыптасу үдерісінің мәнін және негізгі сипаттамаларын талдау арқылы критерийлерді анықтауға болады. Меңгерудің негізгі критерийлері:



а) Ұғым мазмұнын меңгерудің толымдығы.

б) Жалпылау шегі болып табылатын ұғым көлемін меңгеру деңгейі.

в) Берілген ұғымның өзгелермен байланысы мен қатынасын меңгеру толымдығы. Осылармен қатар мыналарды да ажыратуға болады:

а) Ұғымның шынайы белгілерін ажырата білу.

б) Танымдық және практикалық сипаттағы тапсырмаларды орындауда ұғымдарды негізге ала білу.

в) Ұғымдарды классификациялау.
§8. Ұғымдарды меңгеру тиімділігі

Жоғарыда көрсетілген критерияларға сәйкес меңгеру деңгейлері анықталады. Психологтар (Н.А. Менчинская) 4 деңгейді ажыратады:

1. Зат, құбылыс туралы «диффуздық-шашыраңқы» түсінік. Мұнда оқушы бір затты екіншісінен ажырата алады, бірақ жеке белгілерін көрсете алмайды.

2. Оқушы ұғымдардың белгілерін көрсете алады, бірақ шынайы белгілерін жалғаннан айыра алмайды.

3. Оқушы барлық шынайы белгілерді меңгереді, бірақ ұғым әлі де жалпыланбаған.

4. Ұғым жалпыланған, берілген ұғымның байланысы меңгерілген, оқушы түрлі тапсырмаларды орындауда осы ұғымдарды еркін қолдана алады.

Осыған орай ұғымды меңгерудің жоғарғы бесінші деңгейі туындайды. Қысқаша айтсақ, бесінші деңгей пәнаралық байланыстармен сипатталады.

Ұғымдарды меңгеру деңгейі мен өлшемдерін білу оқушылардың меңгеру сапасын объективті бағалауға мүмкіндік береді.
§9. Оқушылардың ұғымдарды меңгеру қиындықтары
Ғылыми ұғымдарды меңгеру үдерісінде түрлі фактоларға шартталған бірқатар қиындықтар туындайды. Мұндай қиындықтарды талдаудың тоериялық және практикалық мәндері бар.

Меңгеру үдерісінде кездесетін қиындықтар түрлі сипатта болады. Ғылыми, жалпылама ұғымдарды меңгерудің басты қиындығы – жалпы, абстрактылы ұғымдардың бейнелік болмауы. Мысалы, оқушыларға «жануар» ұғымын қалыптастыруда нақты жануарлардың мысалдарын келтіріп, суреттерін, бейнесі бар фильмдерді көрсетуге болады.

Оқыту үдерісінде нақты нысандарды, кейде олардың шартты бейнелерін сезімдік қабылдауды басшылыққа алу мүмкін болмайды. Мысалы, Кванттық физикада «Квант», «Барьендық заряд», т.б. ұғымдар. Оқушылар олардың мазмұнын түсінбей ұғымды бейнелейтін терминдерді басшылыққа алады. Сондықтан ұғымдарды қалыптастырудың әдістемесін жан-жақты қарастыру керек (сөздік-теориялық түсіндіру, талқылау).

Кездесетін қиындықтардың тағы бір түрі – абстрактіден нақтыға өту.

Ғылыми ұғымдардың қалыптасуында өмірлік тәжірибе екі жақты рөл атқарады. Ғылыми білімге ол қарсы болмаса, оны басшылыққа алу тиімділігі жоғарылайды, ал егер де бұл тәжірибе қарама-қарсы болса, ұғымдарды меңгеру үдерісі тежеледі. Бұл В.И. Зыкованың геометриялық материалында, Э.А. Флэшнердің физикалық материалында нақты көрсетілген.


Өкінішке орай, педагогикалық практикада мұғалімдер кейде оқушылардың жеке өмірлік тәжірибесін жоққа шығарады. Осының салдарынан оқушыларда ұзақ уақыт бойына қате түсініктер қалыптасады.

Алайда, оқушылардың тәжірибесі деп тұрмыстық тәжірибені емес, күнделікті өмірінің тәжірибесін алу керек (оқу жұмысының тәжірибесі, оқу бақылаулары, т.б.).

Ұғымдарды меңгерудегі белгілі қиындықтар образдық, сөздік-теориялық және практикалық-әрекеттік компоненттердің арақатынасындағы шектің болмауынан туындайды. Кей жағдайда мұғалім сөздің рөлін бағаламай (түсіндіру, талқылау, салыстыру, т.б.) демонстрациялық эксперементті негізге алады. Керісінше көрнекілік-образдық компоненттің рөлі бағаланбайды. Сондықтан, мұғалім қандай да бір ұғымды қалыптастыруға кіріспес бұрын осындай мәселелерді шешіп алу керек. Әрине оқушылармен жүргізілетін өзіндік жұмыстың жүйесі жан-жақты қарастырылуы керек.

Ұғымдарды меңгеруде кездесетін басты қиындық – бұл бейнелік формада елестету мүмкін емес объектілер туралы ұғымдардың қалыптасуы. Мысалы, «Салмақ», «Энергия», «Күш», «Электронды бұлт», т.б. Мұндай ұғымдарды меңгеру оқушылардан абстрактылы ойлаудың жоғарғы деңгейін талап етеді.

Ұғымдарды меңгерудегі қиындықтарды меңгеру үдерісінің заңдылықтарын басшылыққа ала отырып жеңуге болады.
§10. Оқушылардың ұғымдарды меңгерудегі типтік қателіктері,

олардың туындау себептері, алдын алу жолдары
Психологтар ұғымдарды меңгерудегі типтік қателіктерді, олардың пайда болу себептерін анықтады. Мұғалім осындай қателіктің алдын алу үшін олардың пайда болу себептерін білуі керек.

Бірінші типтік қателік – бұл алғашқы генерализация. Ол зерттелінетін құбылыстың жеткіліксіз анализімен сипатталады.

Екінші типтік қателікті Н.Д. Богоявленский анықтады. Ол – ұғымішілік генерализация. Оның мәні – ұғымдар белгісінің барлық кешенінен кейбір «күшті» белгілер ажыратылады. Осының салдарынан, жеке белгілер арасында қате арақатынас қалыптасады. Мысалы, оқушылар молекулалар арасындағы өзара әрекетті оқығанда, тек тартылыс күшін меңгереді, ал тебілік күші «санадан» тыс қалады. Осыдан, олар кейбір құбылысты түсіндіре алмайды. Психологтардың зерттеулері көрсеткендей, генерализацияны туындататын «күшті» белгілер мыналар:

1) Оқушылардың сезімдік қабылдайтын белгілері (мысалы, 6-сыныптың оқушылары машинаның жұмыс белгісі – бұл қозғалтқыштың шуылы деп есептейді);


2) Тұрмыстық тәжірибеде қалыптасқан түсініктермен байланыс (мысалы, оқушылар қозғалтқыш күшінің шынайы белгісі – бұл «үлкен күштің әрекеті» деп есептейді);

3) Ұғымдарды қолдануға арналған жаттығуларда кейбір сыртқы белгілердің бірнеше қайталануы;

Ұғымдарды меңгерудегі үшінші қателік – бұл ұғымаралық генерализация. Ол бір ұғымның екінші ұғымға шексіз ықпалынан көрініс береді.

Қарастырылған қателіктермен қатар, келесі кемшіліктер байқалады:

1) Ұғымды білдіретін терминдерді негізге алады, бірақ оның мазмұнын, шынайы белгілерін көрсете алмайды.

2) Ортақ түбірге қатысты ұғымдардың белгілерін араластырады, мысалы, ішкі энергияның белгілерін механикалық энергияның белгілерімен араластырады.

3) Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынасты нашар меңгереді.

4) Ұғымдарды классификациялауды білмейді.

Ұғымдарды меңгерудегі кемшіліктердің бірі – оқушылар ұғымдарды оқу практикасында негізге алады, бірақ мазмұнын анықтай білмейді. Бұл – мұғалімнің кемшілігі. Тағы бір кемшілік – ұғымның ғылыми анықтамасын дұрыс еске сақтамау. Бұл кемшілікті алғаш рет М.Н. Шардаков анықтады.

Әрбір ұғымның шынайылығы сөйлеуде көрініс береді. Ұғым сөздер мен тілдік терминдер базасында туындайды. Сөздер мен терминдер – ұғымдарды таратушылар. Сөйлеуде ұғымның шынайы белгілері анықталады. Егер де оқушы ұғымды дұрыс айта алмаса, жаза алмаса, онда ұғымды меңгермегендігі.

Жоғарыда аталған қателіктердің пайда болуының басты себептерінің бірі – мұғалімдердің меңгеру заңдылықтарын, шарттарын білмеуі.

Зерттеулер көрсеткендейұғымдарды меңгеруде оқушылардың зейіні мен ойлауын, танымдық әрекетін белсенді ететін жаттығулар үлкен рөл атқарады. Белсенді танымдық әрекетінсіз ұғымдарды меңгеру мүмкін емес.

Меңгеру үдерісінсін психологиялық-педагогикалық талдауда оқушылардың белсенді танымдық әрекетін ұғымдарды меңгеруін барлық кезеңдерінде ұйымдастыру қажеттілігі туындайды. Ол үшін өзіндік жұмыстың келесі жүйесі қажет болады:

  1. Ұғыммен алғашқы танысу (оқулықпен өзіндік жұмыс, бақылау, эксперемент, графиктерді құру және талдау).

  2. Ұғымдардың белгілерін нақтылау (мұғалімнің материалды түсіндіруінен кейінгі оқулықпен жұмыс, тәжірибелер көрсету).

  3. Ұғымдарды салыстыру (жаңа меңгерілген ұғымды ертеректе меңгерілген ұғымның белгілерімен салыстыру).

  4. Берілген ұғымның өзгелермен байланысы мен қатынасын анықтау (эксперемент, графиктерді құру, талдау, эксперементтік мәліметтерді өңдеу нәтижесінде алған формуларды талдау).

  5. Ұғымдарды классификациялау (классификациялық схемалар мен кестелерді құру).

  6. Ұғымдарды нақтылау (физикалық өлшемдері бар кестемен жұмыс, материалдар жинау, күнделікті тәжірибелер мен бақылау мысалдарын талдау).

  7. Ұғымдарды қолдану (шығармашылық сипаттағы оқу тапсырмаларын орындау).