Файл: 1 орта мектебі кммні 20202021 оу жылына арналан оутрбие жмысыны жылды жоспары Бекітілді.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 109
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сауалнаманы қорыта келе ата-аналардың жауапкершілігі жақсы, білім беру қызметінің сапасына қанағаттанарлық деп баға беретіні анықталды.
Жаңа оқу жылдың жұмыс бастамасы мектеп жасына келген балалардың оқуға даярлығын тексеру және оқу мотивациясын анықтау үшін Керн Йерасик тестін алумен басталды. Мақсаты: мектеп мотивация деңгейін анықтау, балалардың мектепке деген қарым – қатынастарын, мектепке психологиялық дайындығымен мектеп өміріне бейімделу деңгейін анықтау. Бұл зерттеуге 1«а», 1«ә», 1«б», 1«в», 1«г» сыныптарының оқушылары қатысты. Нәтижесін төмендегіден көруге болады.
Алынған нәтижелер ата – аналар жиналысының назарларына ұсынылды.
Оқушылармен жұмыс істеу барысында олардың танымдық қабілеттерін анықтап, түзету-дамыту жұмыстары жүргізіледі. Осы айда 5-ші сынып оқушыларының орта буынға бейімделуіне көмек көрсету үшін оқушылардың мектептегі жалпы алаңдаушылық, мазасыздық деңгейін анықтайтын Филлипс тесті алынды. Нәтижесі төмендегідей болды:
5-ші сыныптың орта буынға бейімделуіне көмектесу туралы кеңестер мен ұсынымдар мұғалімдерге және сынып жетекшілеріне айтылды. Оқушылардың орта буынға бейімделуін дамыту үшін жыл бойында түрлі тренингтер, сауалнама , ағарту жұмыстары жүргізіліп отырды.
Оқушылар арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алуға арналған жұмыстар жоспарына сәйкес қазан айында 8-10 сынып оқушыларынан «Өзін-өзі бағалаудың тұлғалық шкаласы» тесті алынды. Нәтижесін өңдей келе оқушылар ішінде жоғары деңгей шкаласын көрсеткен оқушылармен жеке әңгіме жүргізіліп, өзін реттеуге кеңестер ұсынылды . Қазан айында оқушылардың өзара қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау мақсатында 2-10 сынып оқушыларынан «Социометрия» әдістемесі алынды. Тест нәтижесінде шеттетілген оқушы анықталған жоқ, сыныптармен «Дос болайық әрқашан», «Жағымды қарым-қатынас құру бағасы » тақырыбында тренингтер жүргізілді. Қараша айында 9 сыныптардан Скрининг тесті және 3-4 сынып оқушыларынан «Кактус» әдістемесі алынды. Ақпан айында «Мен өмірді таңдаймын» тақырыбында 5-6 сынып оқушыларымен тренинг жүргізілді. Наурыз айында 10 сыныптар арасында «Өмір ғажапсың» тақырыбында эссе жұмысы алынды. Оқушылардың өмірге деген көзқарастары оң екені көрініп тұр. Сәуір айында «Адами қарым-қатынас ізгіліктері» тақырыбында сынып жетекшілермен ағарту жұмысы жүргізілді .
Мектептегі психологиялық қызмет 9-11 сынып оқушыларымен бағдарлы оқытуға даярлық жұмыстарын жүргізеді. 9-шы сынып оқушыларынан қабілет ерекшеліктерін және мамандыққа бейімділігін анықтау мақсатында қыркүйекте А.Е.Голомшток әдісі бойынша «Қызығушылық картасы» сауалнамасы алынды. Жұмыстың нәтижесі оқушыларға ұсынылып, мамандық таңдау бойынша сұрақтарына жауап беріліп ағарту жұмысы жүргізілді. Қазан айында 9 сынып оқушыларымен «Мамандықтар әлемі» тақырыбында ағарту жұмысы жүргізілді. Желтоқсан айында 9 сынып оқушыларымен Дж.Голланд тесті алынды. Ақпан айында «Менің болашағым» тақырыбында тренинг жүргізілді. Наурыз айында 9 сынып оқушыларынан мамандық таңдау бойынша сауалнама алынды. Қатысқаны 80 оқушы, нәтижесі төмендегідей болды:
11 сынып бітірушілердің ұлттық бірыңғай тестілеуге және қорытынды аттестаттауға психологиялық дайындығына көмек көрсетуге арналған жұмыстар да жоспарға сай өткізілді. Қазан айында «Өзіңізге деген сенімділігіңіз қандай» сауалнамасы алынды. Сауалнама нәтижесі бойынша оқушылардың өзіне сенімділігі қалыпты екені көрінді , оқушыларға дайындықты ертерек бастап, қалай, қай жақтарда дайындық жүргізуге болатыны туралы кеңестер айтылды. Қараша айында «Оқушы портреті» әдістемесі алынып әр оқушыға карта толтырылды. Қараша айында алынған Скрининг тесті бойынша жоғары деңгейлі қорқынышы бар оқушы анықталған жоқ. Қаңтар айында «Емтиханға психологиялық дайындық» тақырыбында баяндама оқылып, болашаққа перспективалық жоспар құрылып, ағарту жұмысы жүргізілді.
Мектептегі дарынды оқушылармен жасалатын жұмыстарға көмек ретінде қазан айында 6-7 және 3-4 сынып оқушыларының қабілеті мен бейімділігін анықтау мақсатында «Дарындылық картасы»әдістемесі алынды, жұмыс нәтижесі сынып жетекшілеріне ұсынылды. Жұмыс нәтижесі пән мұғалімдеріне оқушының бейімділігіне қарай қабілетін ашуға көмек береді. Қараша айында мұғалімнің дарынды балалармен жұмыс жасауға қабілетін анықтауға арналған тест алынып, «Дарындылық қайдан туындайды» тақырыбында баяндама оқылды. Қаңтар айында «Менің жеке қасиеттерім» тақырыбында 8 сынып оқушыларымен тренинг өткізілді. қабілетті оқушылар тізімі шығармашылық топтағы мұғалімдерге ұсынылды.
Оқу жылының басында мектептегі мектепалды даярлық тобындағы оқушылардан Т.А.Нежнованың «Мектеп туралы әңгіме» әдістемесі бойынша баланың мектепке дайындық деңгейін анықтау диагностикасы жүргізілді. Тест нәтижесі балалардың барлығы мектепке баруға дайын екені анықталды.
Денсаулығына байланысты үйден оқытылатын оқушыларға психологиялық қолдау көрсету мақсатында жыл барысында жоспарланған уақытта рейд жұмыстары ұйымдастырылады. Биылғы оқу жылында мектепте ерекше білім алуға қажеттілігі бар инклюзивті біліммен қамтылған оқушылармен жоспарға сәйкес таным қабілеттерін дамыту, өзін-өзі бағалауына ықпал ету, сөздік қорын дамыту сияқты түзету жұмыстары жүргізіліп отырды. Оқуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мақсатында психологиялық –педагогикалық консилиум құрылған жоспарға сәйкес жұмыс атқарды. Консилиум өз жұмысында инклюзивті біліммен қамтылған оқушылармен жүргізілген жұмыстарды талдап, назарда ұстады.
Ұжымдағы психологиялық ахуалды реттеп отыру мақсатында жыл бойында жұмыстар жүргізіліп отырады. Әртүрлі тақырыптарды қамтып баяндамалар оқылып, «Оқушылардың бойында рухани-адамгершілік тәрбиені дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел, «Мен және менің ұжымым» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді және жас мамандармен ағарту жұмыстары жүргізілді. Ұжымның ахуалын анықтауға сауалнама алынды.
Мұғалімдерден алынған сауалнама нәтижесі төмендегідей болды:
№ | Сұрағы | Өте жақсы | Жақсы | Орташа |
1. | Ұжымның жұмысқа деген ынтасы | 76% | 24% | 0% |
2. | Ұжымның ұйымшылдығы | 64% | 46% | 0% |
3. | Ұжымда мәдени және мерекелік шаралардың ұйымдастырылуы | 48% | 52% | 0% |
4. | Ұжымның шығармашылығы | 64% | 46% | 0% |
5. | Ұжым мүшелерімен сіздің қарым-қатынасыңыз | 85% | 15% | 0 |
6. | Мектеп әкімшілігімен қарым-қатынапсыңыз | 85% | 15% | 0 |
7. | Мектеп басшылығының ұжымды басқаруы | 76% | 24% | 0 |
8. | Өз уақытыңызды және мүмкіншілігіңізді тиімді пайдалануыңыз өзіңізді қанағаттандырады ма? | 85% | 15% | 10% |
Ұжым мүшелерінің жауаптары бойынша мектептегі психологиялық ахуал қалыпты, мектеп әкімшілігімен қарым-қатынасы жақсы екені көрінді.
2020 жылдың төртінші тоқсаны елдегі пандемия салдарынан қашықтықтан өткізілетін болғандықтан жоспарлы жұмыстар қашықтықтан жүргізілді. Ең алдымен ата-аналар мен оқушыларға қашықтықтан оқу кезінде жаңа жағдайға бейімделу, оқуды дұрыс ұйымдастыру және өзін реттей алуға қатысты кеңестер бейнеролик арқылы ұсынылды. Роликтер ата-аналар мен оқушылар чаттарына және фейсбук желісіне жарияланды. 11 сынып оқушыларына өздеріне деген сенімділіктерін арттыру мақсатында дайындалған бейнеролик ұсынылды. Сәуір айында ата-аналар мен 11 сынып оқушыларына ҰБТ-ға қатысты кеңестер ұсынылды. Қашықтықтан оқуға байланысты үй жағдайындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында «Қауіпсіздік ережелері, отбасындағы қарым-қатынас, балаларды кибербуллингтен қорғау» тақырыптарында бейнероликтер дайындалып ұсынылды. Маусым айында ата-аналарға жаз мезгіліндегі балалардың қауіпсіздігі, уақытты тиімді ұйымдастыруы, қыз бала тәрбиесіне қатысты кеңестер жарияланды. Оқушылардың оқу мотивациясын, карантинге байланысты психологиялық ахуалын бақылап отыру мақсатында сынып жетекшілермен тығыз байланыста болып, оқушыларға ватсап байланысы арқылы қолдау көрсетіліп отырды.
2019-2020 оқу жылында атқарған жұмыстарды талдай келе келесі жылы мына жұмыстарды жандандыру қажет :
-
Оқушылардың дамуындағы «дағдарыс», «өтпелі», «қиын» кезеңдерде психологиялық қолдау көрсетіп, келеңсіз жағдайдың алдын алу мақсатында ата-аналармен олардың психологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыстарды жандандыру. -
Оқушылармен әлеуметтік ортаға қиындықсыз бейімделуіне, өзін-өзі басқара алуына, оқу мотивациясын арттыруға қатысты жұмыстарды түрлендіру. -
Қашықтықтан оқу кезінде оқушыларға жаңа жағдайға бейімделуге психологиялық қолдау көрсету жұмыстарын жандандыру
Жалпы кітап қоры- 23773 дана. Оның ішінде негізгі қор 6443 дана, 13448 дана оқулық, 199 дана әдістеме, 94 дана электронды оқулық.
Биылғы жаңа оқу жылындағы кірісіміз 6689 дана, шығысымыз 6667 дана. Аудандық білім бөлімінен 2,4,9,10 сыныптарға 4836 дана оқулық, 13 дана әдістемелік және 4,5,6,9 сыныптарға 1561 дана дәптер алынды.
Биылғы оқу жылында мектеп оқушылар санының өсуіне байланысты мектеп кітапханаларымен байланысып өзара оқулықтарымен алмасу әдісімен 2,3,6,8 сынып оқушылары оқулықпен 100% қамтылды.
1сыныптар оқушы саны – 102
комплект саны – 105
берілген оқулық саны – 102
2 сыныптар оқушы саны – 103
комплект саны – 93
берілген оқулық саны – 103
3 сыныптар оқушы саны – 101
комплект саны – 95
берілген оқулық саны – 101
4 сыныптар оқушы саны – 95
комплект саны – 100
берілген оқулық саны – 95
5 сыныптар оқушы саны - 74
комплект саны – 92
берілген оқулық саны – 74
6 сыныптар оқушы саны - 93
комплект саны – 93
берілген оқулық саны – 93
7 сыныптар оқушы саны - 84
комплект саны – 90
берілген оқулық саны – 84