Файл: С. Ж. Асфендияров атындаЫ аза лтты медицина университеті б. А. Рамазанованы жне . дайбергенлыны редакциялауымен шыарылан медициналы микробиология.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.03.2024
Просмотров: 307
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Антивирустық препараттарды қолданғанда болатын жанама жағдайлар.
Тұмауға қарсы препараттар. ОЖЖ-де эндогенді дофаминнің әсерін күшейтуі нәтижесінде лоқсу, құсу, ашушаңдық, елермелік (галлюцинация) және психоз қоздыруы мүмкін. Шеткейлік дофаминдік рецепторларға әсер ете отырып АҚ (АД) төмендетуі және несеп шығаруды тоқтатуы ықтимал. Аллергиялық реакциялар (теріде бөртпе пайда болу) байқалады. Ұшыққа қарсы препараттар - ацикловир, фамцикловир, валацикловир энцефалопатиялық реакциялар (бас ауыруы, қалтырау, елермелеу, тырысу), диспептикалық өзгерістер, бауыр қызметінің және қан түзілуінің бұзылуын, АҚ (АД)-ң төмендеуін тудыра алады.
Анти - АИВ (ВИЧ) препараттар. Қайтымды транскриптаза ингибиторлары бас ауыру, лоқсу, іш өту, ұйқышылдық, теріде бөртпе, миалгия, парастезия, гипертермия, қалтырау, жөтел, депрессия қоздыруы мүмкін. Протеаза ингибиторлары (индинавир) бауыр қызметінің бұзылуын, диабет (сусамыр), гемолитикалық анемия, дизурия қоздыруы мүмкін.
5.6.2. Интерферондар
Интерферондар ашылғаннан бергі уақытта оның физикалық-химиялық және биологиялық қасиеттері туралы ауқымды ақпараттар жинақталды: IFN (интерферон) жүйесінің негізгі феномендері анықталды, интерферондық және реттеуші гендердің орналасуы зерделенді, IFN-ң негізгі типтері және субтиптерінің нуклеотидтік және ақуыздық реттіліктері анықталды, қалыпты жағдайда және әр түрлі патологиялардағы IFN-ң рөлі белгілі болды. Атап айтқанда, гендік-инженерлік тәсіл арқылы прокариоттармен синтезделетін эукариоттардың алғашқы функционалды белсенді ақуыздары IFN болды. Бұл биопрепараттардың жаңа түрлерін жасаудың бірінші кезеңі туындағаны туралы мәлімет биология мен медицина саласындағы әйгілі уақиға болды. IFN жүйесінің қызмет атқаруы бірінен соң бірі ілесетін, бөгде агенттің енгеніне жауап ретінде организмнің ерекше тізбекті реакциясының кезеңдерінен тұрады.
Бұл тізбектің 4 звеносын ажыратуға болады (1- сызбанұсқа):
1. Индукция (немесе «қосылу»)- IFN гендерін депрессияға әкелетін, олардың ақпараттық РНҚ-н транскрипциялайтын және оларды кейіннен трансляциялайтын жүйелер.
2. Продукция (өнімдену)- жасушалармен IFN-ң α, β, γ- типтерінің синтезделуі және олардың қоршаған ортаға секрециялануы (шығуы).
3. Әсер ету- жаңадан пайда болған IFN-мен бөтен агенттерден (вирустар, бактериялар ж.б.) айналасындағы жасушаларды қорғау.
4.Нәтижелері (эффектілері)- антивирустық, иммундымодуляциялаушы, антитуморогендік, радиопротективті (олар негізгілері) әсер ету.
1-сызбанұсқа. Интерферондар жүйесінің қызмет атқаруы
Жасуша + индукторлар
Антивирустық
Иммундымодульдеуші Антитуморлық
Радиопротективтіқ ж.б.
α, β, γ -интерферон-
дар
Жат нуклеин қышқылдарың экспрессиясын басып тастау
IFN-ң негізгі биологиялық эффектілеріне яғни нәтижелі әсерлеріне жатады: вирустық және вирусты емес табиғаты бар жасушадан тыс және жасушаішілік инфекциялық агенттердің (хламидиялар, риккетсиялар, қарапайымдылар, бактериялар) өсуін тоқтату; антипролиферативті , антитоксигенді, протективті белсенділік; антитуморогенді белсенділік, антимутагендік әсері; АД өндірілуін тежеу немесе күшейту; макрофагтарды стимульдеу; фагоцитозды күшейту; сенсибилирленген лимфоциттердің нысана – жасушаға цитотоксикалық әсер етуін белсендіру; табиғи киллерлік жасушаларды белсендіру; простагландин Е синтезделуін индукциялау; гистиосәйкестіктің басты комплексі антигендерінің экспрессиясын күшейту; бірқатар жасушалық ферменттердің белсенділігін күшейту немесе тежеу; екі жіпшелі РНҚ-ң цитотоксикалық әсерін күшейту; жоғарғы сезімталдықтың баяу типін тежеу; жасушалық мембраналардағы көптеген өзгерістерге қатысу; адгезиялық факторлар мен молекулалардың өндірілуін стимульдеу; эффекторлық лимфоциттер мен макрофагтардың дифференциациялануын және пролиферациялық процесін индукциялау.
Интерферон препараттарының классификациясы. Қазіргі кездегі IFN-ң медициналық препараттары активті компонентінің типі бойынша – α, β, γ-ға, ал жасалған уақытына және қолданылуына байланысты – адам лейкоциттерінен алынған табиғи IFN (бірінші буын) және рекомбинантты IFN (екінші буын)- қазіргі заманғы биотехнологиялық әдістердің көмегімен алынған (5.8- кесте) деп бөлінеді.
IFNα және IFNβ вирустық ақуыздардың синтезделуін және олардың репродукциялануының басқа да кезеңдерін тосқауылдай отырып, айқын антивирустық әсер етеді. IFNα иммуноциттерге (NK – жасушалар, Т-лимфоциттер, моноциттер, макрофагтар және гранулоциттер) белсенді әсер етеді, және де гистосәйкестіктің басты комплексінің I және II-кластық мембрандық антигендерінің экспрессиясын күшейтеді (HLA)
Кесте 5.8.
IFN препараттары
IFN типтері | Препараттары |
Табиғи интерферондар (бірінші буын) | |
Альфаферондар | Адам лейкоцитарынан алынған IFN (ЧЛИ) эгиферон, вэллферон, лейкинферон |
Бетаферондар | Адам фибробластынан алынған IFN, ребиф, ферон |
Гаммаферондар | Адамдардан алынған иммунды IFN (IFN γ) |
Рекомбинантты интерферондар (екінші буын) | |
IFN α 2а | Реаферон, роферон-А, виферон, интераль |
IFN α 2б | Интрон-А, инрек, пэгинтерферон |
IFN α 2с | Берофор |
IFN β | Авонекс, фрон |
IFN γ | Рекомбинантты IFN γ (гаммаферондар) |
Әсер ету механизмі. Интерферондар бөтен генетикалық ақпаратты анықтап алуды және элиминациялауды атқаратын табиғи (туа біткен) иммунитеттің маңызды факторы болып табылады. Жасуша рецепторларына жабысып, IFN екіншілік мессенджерлердің синтезделуін индуцирлейді, олар өз кезегінде вирустардың көбею кезеңдерінің кез келгенін (транскрипцияны-трансляцияны-құрылуын-вирион ұрпақтарының шығуын) басып тастай алады. IFN-ң негізгі әсер ету механизмі-протеинкиназа синтезделуін индукциялауда, нәтижесінде трансляцияны иницирлейтін факторлардың біреуін фосфорилирлейді. Фосфорилирленген фактор иницирлейтін комплекстің пайда болуын қамтамасыз ете алмайды. Вирустық матрицалардың трансляциялануының басылып қалуы вирустық трансляция жүйесін иницирлейтін фактордың фосфорилденуіне жоғарғы сезімталдығымен, немесе вирус жұққан жасушалардағы трансляцияның спецификалық өшіп қалуымен байланысты. IFN-мен өңделген жасушаларда 2'-5'-олигоаденилді қышқылдың синтезделуі индуцирленеді, нәтижесінде бос вирустың мРНҚ-н бұзатын латентті нуклеазаның белсенділігін күшейтеді де, рибосомалармен байланыса алмаған мРНҚ нуклеазаның әсерінен бұзылысқа ұшырайды. Трансляцияның инициациялық сатысының тосқауылдануы және вирустың мРНҚ-ң бұзылуы вирустық инфекциялар кезіндегі IFN-ң әсер ету механизмінің әмбебап екендігін түсіндіреді.
IFN фагоцитозды, табиғи киллерлердің белсенділігін ынталандырады (стимулирует). Осы кезде сонымен қатар IFN АД пайда болуына, анафилактикалық шок, қабыну, жоғарғы сезімталдықтың баяу типі, лимфоциттердің пролиферациясы, трансплантанттқа қарсы реакция, комплемент байланыстыру реакциясының дамуына кедергі жасайды.
IFN плеотропты цитокиндер ретінде айқын иммундыкоррекциялаушы әсер етеді:
1.Вирустардың жасушаішілік өсіп-өнуіне тікелей әсер ету.
2. ЕК-жасушалардың көмегімен инфицирленген материалдан арылу.
3. Айналасындағы сау жасушаларды қорғау.
IFN-дық препараттардың кең спектрлі әмбебап антивирустық белсенділігі бар және вирустардың резистентті түрлерінің қалыптасуын тудырмайды. Табиғи (туа біткен) иммунитеттің негізгі факторы болатындықтан IFN, вируспен инфицирленгенде жедел жауап ретінде, организм вируспен жанасқаннан кейін бірден (алғашқы 1-2 сағатта) синтезделе бастайды.
I-типті интерферонның биосіңірулігі (биодоступность) 80%-ға дейін жетеді, ал жартылай шығарылу кезеңі: IFNα үшін-2 сағат, IFNβ үшін- 8-10 сағат, IFNγ үшін- 0,5 сағат. IFN– ға сезімтал аурулардың спектрі өте кең. Шартты түрде оларды үлкен 3 топқа бөлуге болады: вирустық инфекциялар, онкологиялық аурулар және басқа патологиялар. Вирустық инфекциялар кезінде IFN өте жиі қолданылады. Ондай инфекцияларға бірінші кезекте әр түрлі ұшықтық зақымданулар (кератит, кератоконъюктивит, гениталий ұшығы, белдемелі теміреткі), жедел және созылмалы вирустық гепатиттер, және де тұмау және басқа ЖРВИ жатады.
АИВ – инфекциялар, папилломавирустық инфекциялар (үшкір шетті кандиломалар, кеңірдектің ювенильдік папилломатозы, сүйелдер ж.б), қызылша, эпидемиялық паротит және құтыру кезінде IFN-ң тиімділігі бар екені белгілі болса да, аз зерттелген. Иммундыдепрессанттар қолданылып орган алмастырылғанда болатын вирустық асқынуларды, нәрестелердің іріңді-қабыну аурулары, жүре пайда болған постнатальдық ЦМВ-инфекцияларды, псориаз, шашылмалы склероз, және де әртүрлі бактериялық ауруларды (хламидиоздар, легионеллездар, риккетсиоздар) осы тізімге жатқызу керек.
Әртүрлі IFN препараттарына вирустардың тиімділігі 5.9-5.10-кестеде жинақталып берілген.
Кесте 5.9.
IFN препараттарының антивирустық тиімділігі (эффективтілігі)
Вирустар | Интерферондық тиімді препараттар |
Тұмау вирусы және басқа ЖРВИ (адено-, рино-, корона-ж.б.) | Альфаинтерферон, лейкинферон, локферон, гриппферон, интерген, инфагаль, реаферон, реальдирон, инрек |
Ұшық вирустары (ВПГ-1,2, HZV, EBV, ЦМВ) | Альфаинтерферон, локферон (көз ауруларында), сверофор, эгиферон, ферон, виферон, интераль, интерген, инфагаль, роферон-А, инрек, интрон-А, берофор, авонекс, фрон. |
Гепатит В, С, D вирустары | Альфаинтерферон, вэллферон, эгиферон, ферон, виферон, интераль, реаферон, инрек, интрон-А, негинтрон, фрон. |
Ювенильдік папилломатоз, генитальдық сүйелдер | Вэллферон, эгиферон, ферон, интераль, реаферон, лицинт, роферон-А, интрон-А, берофор, авонекс. |
Нейровирустар (менингит, менингоэнцефалит қоздырғыштары) | Альфаинтерферон, инрек |
АИВ-инфекция (АИВ кезіндегі оппортунистік инфекциялар) | Альфаинтерферон, вэллферон, роферон-А, интрон-А. |
Кесте 5.10.
IFN препараттарын кейбір вирустық инфекциялар кезінде клиникалық пайдаланудың тиімділігі (эффективтілігі)
Нозологиялық түр | Емдеу тиімділігі |
Генитальдық ұшық, белдемелі теміреткі | Рецидив мерзімінің айқын қысқаруы, ауырудың төмендеуі, рецидиваралық кезеңнің ұзаруы. IFN-н емдеу кезінде иммунды депресанттар қабылдап жатқан ауруларда белдемше теміреткі 3 есе сирек кездеседі. |
Кератиттер, кератоконъюктивиттер (ұшықтық, аденовирустық) | IFN-ды жергілікті пайдалану кеселдің ауырлығын төмендетеді және ұзақтығын қысқартады. |
ЖИТС кезіндегі ЦМВ инфекция және бүйрек, сүйек кемігі алмастырылғанда болатын инфекциялар. | ЦМВ-қ пневмония және гепатит кезінде профилактика үшін қолдану. |
Грипп және басқа ЖРВИ | ЖРВИ жедел профилактикасы үшін, әсіресе қатерлі топтар арасында (балалар, қарттар), сәби жастағы балаларда РС-инфекция кезінде емдеу мақсатында IFN енгізуді қолданады. |
Вирустық гепатиттер (В,С,D гепатиттердің жедел және созылмалы түрлері) | Айқын клиникалық эффект. Ауыр жағдайларда - интоксикацияның ұзақтылығы және үдемелілігі азаяды. Өліммен аяқталуы 60%-ға дейін төмендейді, вирустық репликацияның маркерлері HBs және HВe-антигендер жойылады, сарысулық трансамидаза көрсеткіштері қалпына келеді. |
Папилломавирустық инфекциялар | IFN-і жергілікті пайдаланғанда сенімді клиникалық эффект (папилломдардың жойылуы) байқалады. |
Генитальдық сүйелдер, үшкір шетті кондилломалар | Емдеу басталғаннан 6-10 аптадан кейін сүйелдердің толық жойылуы (50-100% жағдайда), папилломды алып тастағаннан кейін IFN-мен үдемелі емдеудің нәтижелігі дәлелденген. |
Кеңірдек папилломатозы | IFN-ды жұлын каналына немесе бас ми қуыстарына енгізгенде әртүрлі дәрежедегі клиникалық жақсару байқалады. |
Склероздық жеделше панэнцефалит | Иммунологиялық параметрлер қалпына келеді, 50% жағдайда инфекция барысының жітілігі төмендейді, аурудың сарысулық маркерлері жойылады. Капоши саркомасы (ЖИТС-пен ассоциацияланған) кезінде тиімділігі 32-50% -ға жетеді. |
ЖИТС (СПИД) | Анти-АИВ – препараттарымен қоса емдеу ұсынылады. |