Файл: С. Ж. Асфендияров атындаЫ аза лтты медицина университеті б. А. Рамазанованы жне . дайбергенлыны редакциялауымен шыарылан медициналы микробиология.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.03.2024
Просмотров: 299
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Эпидемиялық процестің екінші элементіне инфекцияның механизмі, жұғу жолдары және берілу факторлары жатады. Эпидемиолог Л.В.Громашевский организмде қоздырғыш орналасуы мен берілу механизмінің сәйкестігі туралы заңдылық негізін қалады, оны кесте түрінде келтіруге болады (7.1 - кесте).
Эпидемиялық процестің үшінші элементіне ұжымдық қабылдаушылық жатады. Егер популяцияның иммунды қоғамдық тобы 95% және одан жоғары болса , сол ұжымда эпидемиялық аман-саулық жағдай орнығатыны байқалған және қоздырғыш айналымы тоқтайды. Сондықтан, эпидемияның алдын алу міндеті қоздырғыштарға қарсы егу жүргізу арқылы осы ұжымдарда иммунды топ қалыптастыру болып табылады.
Осыған сәйкес ұжымдарда атқарылатын эпидемияға қарсы шаралар эпидемиялық процестің әртүрлі звеноларына бағытталуы мүмкін. Шаралардың 1-тобы инфекция көзіне, 2-тобы – берілу механизмі мен жұғу жолдарына, ал 3-тобы-қабылдаушы ұжымға бағытталған.
Шаралардың 1-тобына инфекция көзіне бағытталған кешенді әрекеттер жатады: науқастарды анықтау, оқшаулау және емдеу; тасымалдаушыларды-анықтау, есепке алу және сауықтыру қажет; ауру малдарды - әдетте жояды.
Шаралардың 2-тобы берілу жолдары мен механизмін үзуге бағытталған. Оған мыналар жатады: тұрғындық жерлерді сауықтандыру шаралары (мысалы, орталықтандырылған канализациямен және құбыр суымен жабдықтау), ұйымдасқан ұжымдарды ірілендіру, карантиндік шаралар, тағамдық өндірістерді, қоғамдық тамақтандыру орындарын қадағалау, емдеу профилактикалық мекемелерде асептикалық,
Кесте 7.1.
Әртүрлі топтағы жұқпалы аурулардың механизмдері, берілу жолдары мен факторлары.
Организмде қоздырғыштар орналасатын жері | Берілу механизмі | Берілу жолдары | Факторлары |
Асқазан-ішек арнасы | Фекалді-оралді | Алиментарлы Су арқылы Тұрмыстық -жанасу | Тағамдар Су Ластанған қол Шыбындар Ыдыстар |
Тыныс алу ағзалары | Аэрогенді(респираторлы) | Ауалы-тамшылы Ауалы-шаңды | Ауа Шаң |
Қан | Қанмен | Қансорғыш эктопаразиттер арқылы Парэнтеральды Жыныстық | Эктопаразиттер Қан Шприцтер Хирургиялық саймандар Инфузиялық ерітінділер т.б. |
Сыртқы жабындылар | Контактты(жанасу) | 1)Жарақаттық 2)Жыныстық жанасу | Оқтар және т.б. Кескіш заттар және т.б. |
Ұрықтық жасушалар | Вертикалді | Вертикалді | |
антисептикалық, дезинфекциялық және стерилдеу ережелерін қатал сақтау т.б. Бұл, өкінішке орай, берілу жолдары мен факторларының көпшілігімен сипатталатын инфекцияларда (мысалы, зоонозды немесе ауруханаішілік инфекцияларда) ең қиын және тиімділігі аз шаралар.
Қабылдаушы ұжымға бағытталған 3-топ шараларына егер мүмкіндік болса , жүре пайда болатын жасанды белсенді (егу арқылы) немесе енжар( сарысулар мен иммуноглобулиндердің көмегімен ) иммунитет жасау кіреді. Дәрігердің қолында спецификалық иммуноглобулиндік профилактикалық препараттар болмаса , 3-топ шаралары тұрғындар арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізумен шектеледі.Егер эпидемиялық процестің бір немесе бірнеше звеноларына тиімді әсер ете алатын шаралар болса (мысалы вакцинациялау ) оны басқарылатын , ал ондай шаралар жоқ болса-басқарылмайтын инфекциялар деп ажыратуға болады.Сондықтан басқарылатын инфекциялармен күресуде эпидемиологияның түбегейлі мақсаты оларды глобалды масштабта, бүкіл дүниежүзінде жою болып табылады. ДДҰ-ның үйлестіруімен әлемдік қоғамдастықтың күшімен 1980 жылы аса қатерлі инфекцияны-нағыз шешекті жоюға қол жеткізілді. ДДҰ-ның жақын арадағы жоспарында-басқарылатын бірқатар басқа инфекцияларды (полиомиелит , қызылша т.б.) жою міндеті болып отыр.
Эпидемиялық процестің интенсивтілігі науқастанушылықтың (өлім туғызушылықтың) интенсивті көрсеткіштерімен анықталады. Ол індеттің атын , территориясын және тарихи уақыт аралығын көрсете отырып , тұрғындардың 10000 немесе 100000-на шаққандағы ауырғандардың (өлгендердің) саны.
Эпидемиялық процестің үш дәрежесін ажыратады:
• спорадикалық науқастанушылық – ол осы нозологиялық ауру түріннің белгілі аумақта, белгілі тарихи уақыт аралығында әдетте , оқтын-оқтын болып тұратын науқастанушылық деңгейі;
• эпидемия – сол жердегі спорадикалық науқастанушылықтың деңгейінен індеттің күрт (бірнеше есе) артып кетуі;
• пандемия – ол сол жердегі эпидемияның әдеттегі деңгейінен шұғыл артып кетуі. Көбінесе науқастанушылықтың мұндай деңгейін белгілі географиялық аумақ шеңберінде ұстап тұру қиын және індет тез таралып , жаңа аумақтарды (мемлекеттерді, континенттерді) қамти бастайды (мысалы: оба, тырысқақ, тұмау, АИВ-инфекция пандемиялары т.б.)
Эндемия - эпидемиялық процестің сипатын айқындай алмайды, ол белгілі географиялық аумақтағы белгілі нозологиялық ауру түрінің салыстырмалы науқастану жиілігін ғана көрсетеді.
Табиғи ошақты эндемия – табиғат жағдайымен және табиғатта инфекция резервуары және тасымалдаушылардың таралу ареалымен байланысты болады. Статистикалық эндемия - ол климатты –географиялық және әлеуметтік экономикалық факторларға байланысты (мысалы Үндістан және Бангладештегі тырысқақ індеті).
Тарлу кеңістігіне қарай жұқпалы ауруларды төмендегідей топтарға бөлуге болады:
1.Дағдарыстық (кризистік) -100000 тұрғындарға шаққанда 100-ден артық науқастанушылық болу , мысалы ЖИТС.
2.Жаппай көпшіліктік (массовый ) – 100000 тұрғындарға шаққанда 100-ге дейін науқастанушылық, мысалы, ЖРА (ОРЗ ), ЖІА (ОКИ ), іріңді қабыну аурулары (ІҚА-ГВЗ ).
3. Басқарылу мүмкіндігі бар таралуы – 100000 тұрғындарға шаққанда 20-дан кем науқастанушылық , мысалы газда гангрена, псевдотуберкулез.
4. Спорадикалық – 100000 тұрғындарға шаққанда бірлі – жарым жағдайда кездесетін түрлері.
7.8.1. Жұқпалы аурулардың экологиялық – эпидемиологиялық классификациясы.
Эпидемиялық процестің жоғарыда айтылған ерекшкліктерін ескере отырып, адамдардың жұқпалы ауруларының қазіргі кезгі экологиялық – эпидемиологиялық классификациясы жасалған (7.2 - кесте).
Адамдардың барлық жұқпалы ауруларын экологиялық – эпидемиологиялық тұрғыдан бөлгенде табиғатта адамдарға жұғуымен байланысы бар қоздырғыштың ең басты мекендеу ортасын (резервуар) есепке алу керек. Қоздырғыштың спецификалық мекендейтін ең басты үш ортасы болады: адам организмі (антропоноздар), жануарлар организмі (зооноздар), сыртқы орта (сапроноздар). Екі резервуарды қос пайдалану қоздырғыштың өтпелі түріне тән. Антропоноздар кезінде адам – қоздырғыштың табиғаттағы жалғыз резервуары және инфекция көзі. Бұл жерде жіктеудің негізі ретінде қоздырғыштың адам организмімен (шоғырлануы), немесе адам популяциясымен (берілу механизмі) өзара қатынасының сипаты алынған. Антропоноздарды жете жіктеу кезінде жалпы қабылданған топтарға бөлу қолданылады: ішектік, респираторлы, қандық, сыртқы жабындылық, «вертикалді» (анасынан ұрыққа жұғу) инфекциялар.
Қоздырғышының табиғатта адамдардан тыс резервуары бар инфекцияларда тіптен басқаша көріністер байқалады. Мұндай инфекция кезінде адам организмінде қоздырғыштың шоғырлануы немесе оның адамнан адамға берілу механизмі індет себепкері емес , ол патогенді микробтың қалыпты тіршілігін қамтамасыз ететін процестің салдары.
Зоонозды инфекциялар қоздырғыштарының табиғаттағы негізгі резервуары-жануарлар, көбінесе сүтқоректілер және буынаяқтылар. Атап айтқанда дәл солар қоздырғыштың биологиялық түр ретінде табиғатта тіршілігін қамтамасыз етеді және оқта – текте адамдарға жұқтыру қаупін туғызады, ал паразит үшін адамдардың рөлі бейдетерминантты және маңызды емес. Зооноздарды экологиялық-эпидемиологиялық екі топқа бөледі: үй (ауылшаруашылық, қымбаттерілік ) және синантропты жануарлардың (негізінде кеміргіштер) аурулары; жабайы жануарлардың аурулары.
Кесте 7.2.
Жұқпалы аурулардың экологиялық – эпидемиологиялық классификациясы.
Жұқпалы аурулар сынып- тары | Сынып ішіндегі топтар | Қоздыр- ғыштың негігі резервуа- ры | Репрезентативті аурулар |
Антропо – ноздар | Ішектік Респираторлы Қандық Сыртқы жабындылық «Вертикалдылар» | Адам | Іш сүзегі. А гепатиті, полиомиелит, қызылша, қызамық, күл, мысқыл, жел шешек, бөртпе сүзек, қайталама сүзек, мерез, соз т.б. |
Зооноз- дар | Синантропты және үй жануарлары Жабайы жануарлар (табиғи-ошақты) | Жануар- лар | Бруцеллез, аусыл, Ку-қызбасы, орнитоз, трихофития т.б. Туляремия, кенелі риккетсиоз, кенелі борелиоздар, арбовирусты инфекциялар, маймыл шешегі, құтыру, Лас қызбасы ж.б. |
Сапроноз-дар | Топырақтық Сулық Зоофилділер(сапро - зооноздар) | Топырақ Су Сыртқы орта +жануарлар | Клостридиоздар, боғмала, аспергиллез, гистоплазмоз, бластомикоз, кокцидиоидомикоз ж.б. Легионеллез, тырысқақ, мелиойдоз, НАГ-инфекциялар ж.б. Күйдіргі, лептоспироздар, иерсиниоздар, листериоз, сіреспе ж.б. |
Сапроноздар кезінде қоздырғыштың негізгі резервуары – сыртқы орта субстраттары (топырақ, су ж.т.б.) Нағыз сапроноздар қоздырғыштары үшін сыртқы орта жалғыз немесе негізгі мекендеу ортасы болып табылады . Басқа сапроноздар біртіндеп және ұзақ уақыт зоонозды инфекцияға ауыса бастайды, сол кезде қоздырғыш резервуары ретінде жануарлардың рөлі арта бастайды. Оларды сапрозооноздар деп атайды.
Сапроноздарды берілу механизмі бойынша жіктеу мүмкін емес. Адамдар мен жылықанды жануарлар олардың қоздырғышы үшін биологиялық «тұйық» болып табылады, сондықтан олардың бір дарадан екіншіге тізбекшелеп берілу заңдылығы жоқ .Эпидемиологиялық тұрғыдан табиғи резервуары бойынша сапроноздарды топрақтық және сулық топтарына бөледі.
«Таза» сапроноздар – табиғи-ошақты аурулар : олардың қоздырғыштары жер бетіндегі немесе судағы экологиялық жүйенің табиғи компоненттері болып табылады. Легионеллалардың – табиғи су қоймаларында, терең микоз қоздырғыштары саңырауқұлақтар мен клостридиялардың-топырақта автономды тіршілік ете алатыны дәлелденген. Сонымен , адамдарға сапроноз қоздырғыштары топырақтан, судан , өсімдік субстраттарынан және де жануарлардан да жұғады.
7.8.2. Конвенциялық (карантиндік) және аса қауіпті инфекциялар туралы түсінік
Қазіргі кезде халықаралық байланыстар күрт өсіп келеді. Тұрғындардың мемлекетаралық миграциясының күшеюіне қазіргі заманғы тасымалдау жүйесінің дамуы едәуір әсер етіп отыр. Жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу үшін карантин қолдану XIV ғасырдан бастап белгілі. Карантиндік инфекциялардың таралуына жол бермеу үшін халықаралық шаралар тәжірибесі аса маңызды қорытынды жасауға мүмкіндік береді: мемлекеттер арасында эпидемиологиялық ақпараттармен жылдам алмасудың орталықтандырылған жүйесі болмайынша , тиісті ұлттық және халықаралық қауіпсіздік шараларын дер кезінде қабылдау мүмкін емес.
Конвенциялық ауру- ол ақпарат беру жүйесі және алдын алу шаралары халықаралық келісімдермен (конвенциямен) қарастырылған ауру.
1952 жылдың 1 қазанынан бастап Халықаралық медициналық –снитарлық Ереже енгізілді.
Жер шарының кез келген нүктесінде карантиндік инфекция пайда болса осы Ереже бойынша мына жүйе күшіне енеді :
-
Болған жағдай (ауру) туралы ақпаратты сол ел ДДҰ-на шұғыл хабарлайды ; -
ДДҰ алынған мәліметтерді өңдейді және дүниежүзінің барлық елдеріне хабарлайды . -
Ақпарат алған елдер эпидемияға қарсы тиісті шаралар жүргізу туралы шешім қабылдайды және ол туралы ДДҰ-на хабарлайды . -
ДДҰ алынған мәліметтерді өңдейді және дүниежүзінің барлық елдеріне хабарлайды.