Файл: С. Ж. Асфендияров атындаЫ аза лтты медицина университеті б. А. Рамазанованы жне . дайбергенлыны редакциялауымен шыарылан медициналы микробиология.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.03.2024
Просмотров: 278
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
* Нобель сыйлығының лауреаттары
8.1.4. Иммунологияның медицина саласындағы жетістігі
Иммунология қысқа мерзім арасында адамзат ауруларының жиілігінің көрсеткіштерін төмендетуге және де оның кейбір түрін жоюға, адамды сақтап және денсаулығын одан әрі нығайтуға атаулы үлес қосты.
Жұқпалы аурулардың алдын алуда, диагнозын қойып, оны емдеуде иммунологияның көрнекті жетістіктері бар:
- екпе еккеннің арқасында қара шешек жойылды, жуық арада сал ауруы жойылуы мүмкін, ал көптен аурурлар жекеленген түрде ғана кездесіп отыр (қызылша, көк жөтел, күл), болашақта екпе егу арқылы қауіпті аурулар –гепатит, АИВ –ның алдын алу мүмкіншліктері бар;
- зерттеліп ашылған жаңа иммундыдиагностикалық тәсілдер түрі медицинаның тәжрибесіне еңгізіліп отыр;
- жұқпалы аурулардың көптеген түрлерін емдеуге иммундымодуляторлар (интерферон, тимус пептидтері, интерлейкиндер) мен спецификалық иммундыглобулиндер қолданылып отыр.
Онкология саласында адамның қатерлі ісігінің антигені бар екені анықталып, ол мәлімет ісіктің түрлерін бірінен бірін ажыратуға мүмкіншілік тудырды.
Трансплантология саласында иммунологияның жетістіктері арқасында (гистосәйкестік антигендері, толеранттық құбылыс) иммундыдепрессанттар қолданылып ауыстырылған органдардың ағзаға орнықпау қауіпі жойылды.
Қан топтарының иммунологиялық сәйкестігінің сыры ашылғандықтан қан кұю мәселесі шешілді.
Ана мен ұрық арасындағы иммунологиялық карым-қатынастарының күрделі мәселері шешілгендіктен, бала көтеру, бедеулік, тумысынан мүгедектілік мәселелерін шешу женілдендірілді.
Жоғарыда келтірілгендермен қатар ағзаның көптеген ішкі ауруларының, иммундытапшылық механизмдерінің бірталай кезендері ғалымдарға әйгілі болып, күнделікті тәжірибеде қолданылатын болды.
Аллергиялық аурулардың пайда болу механизімінің негіздерін анықтау, олардың алдын алу мәселелері мен емдеу тәсілдері едәуір алға басты.
Болашақ уақытта иммунологияның алдында орасан зор мақсаттар тұр. Олардың бастылары төменгідей:
- сапалы вакциналармен (генді-инженерліқ, синтетикалық, полиантигендіқ, парентералдық емес) иммундыпрофилактика жүргізіп, жұқпалы ауруладрың кейбір түрлерін жойып, кейбіреуінің жиілігін тежеу;
- қатерлі ісіктің иммундыдиагностикасы, иммундыпрофилактикасы және иммунды емдеуі;
- иммунды сәйкестік антигендердің құрлысы мен атқаратын ісін зерттеу арқылы орган ауыстыру кезіндегі иммундықайшыластықтық мәселелерін шешу;
- әр түрлі тегі бар иммундыпатологиялық жағдайлар мен аллергиялық аурулардың жемісті алдын алу мен емдеу мәселелерін анықтау;
- ана мен іштегі нәрестенің иммундық кайшыластығының пайда болу процестерінің механизімін шешу;
- ағзаның иммундық жағдайына зиянды экологиялық, әлеуметтік, кәсіптік факторларды жою;
- иммундыпрофилактикаға, иммундыемдеуге керекті жаңа эндогендік және экзогендік факторларды іздеу;
- тумысынан болған иммундытапшылықты генетикалық тәсілдермен емдеу және генетикалық диагнозын қою әдістерін ашу.
Айтылған орасан зор мәселелерді шешу үшін іргелі иммунология саласы жедел дамуы керек.
8.1.5. Иммундық жүйенің іс атқаруының негізгі принциптері мен механизмі
Иммундық жүйе организмді антигендерден арнайы түрде қорғау ісін атқарады. Ол жүйе лимфоидтық тіннен тұрады. Өзінің іс атқаратын факторларының (иммундыреагенттер) кірісуімен жасушалық және де гуморалдық реакциялар жүру арқылы антигенді бейтараптап, залалсыздандырып ағзадан тыс шығарады. Иммундық жүйенің антигендерді заладансыздандыру ісі бейспецификалық факторлармен толықтырылып, ағзаны қандайда болмасын бөгде заттардан қорғайды.
Бейспецифиқалық резистенттік факторлары мен иммунитеттің спецификалық факторларының тізімі 8.3-кестеде келтірілген.
Кесте 8.3.
Иммундық жүйе мен антигеннің өзара әсерлесу принциптері.
Антигеннің тегі | Кіріс қақпасы | Иммундық қорғау факторлары | Қорғау механи- зімі | Нәтижесі | |
Тумысынан пайда болған | Жүре пайда болған | ||||
Экзогендік Эндогендік | Тері, шырышты қабық, АІШ, Тыныс алу,жыныс, зәр шығару жолда- ры, қан, сөл. | Механикалық ке- дергі (тері,шырыш ты қабық).Физика- химиялық кедергі (ферменттер, рН) Биологиялық кедер гі (фагоцитоз, ком- племент т.б.) | Антидене түзу. Иммунды фагоци- тоз. Лимфоциттер- дің киллерлік ісі. ДГС. БГС.Толера- нттық. Иммуноло- гиялы есте қалу. | Бейбелсендіру. Күйретү.Антиген- ді шығару. Ареактивтік. | Гомеостазды қал- пына келтіру. Им- мунологиялық есте сақтаудың негізін құру. Толерантық- ты құру. Аллергия- ны калыптастыру. |
Ағзаның бейспецификалық төзімділігін қамтамасыз ететін факторлар: а) бөгде заттардың ағзаға енуіне бөгет болатын механикалық кедергілер (тері, тыныс жолының және ас қорыту жүйелерінің шырышты қабығы, тыныс алу жолының желпілдегіш эпителиі және шырышы); б) антигендердің құрылысын бұзушы физикалық-химиялық кедергілер (ферменттер, ортаның рН-ы, органикалық қышқылдар т.б.) в) қорғаныстың арнайы факторларымен бірлесіп антигендерді бөгде заттар ретінде ұстап-обырушы және құрылысын бұзушы иммундыбиологиялық кедергілер ( фагоциттер, комплемент, интерферон, қан ұйуын қолдаушылар, фибронектин).
Арнайы қорғанысты қамтамасыз ететін факторлар: антиденелер, иммундық фагоцитоз, лимфоциттердің цитотоксикалық әрекеті, гиперсезімталдықтың жедел (ЖГС), гиперсезімталдықтың сезімталдықтың баяу түрі (БГС), толеранттық және иммунологиялық есте қалу.
Егер антигендер бейспецификалық бірінші қорғаныс факторлар кезеңінен өтіп кетсе онда іске екінші шептегі спецификалық факторлар кіріседі, яғни екі шеп қоян–қолтық тығыз байланыста іс атқарады. Сонымен қатар, антигендерді заласыздандыру үшін қорғаныс факторларының барлығының қатынасуы міндетті емес. Бірақ, ағзаны антигендерден қорғау жолында көбінесе иммунитеттің спецификалық және бейспецификалық реакциялары бірлесіп жүреді.
Иммундыглобулиндер (спецификалық, рецепторлық , табиғи), фагоциттер (табиғи, иммунды), киллерлік іс атқаратын цитотоксиқалық лимфоциттер, антигеннің құрылысын бұзатын ферменттер (лизоцим және т.б.), комплемент, қан сарсуының қорғаушы ақуыздары (пропердин, бетта-лизин, фибронектин т.б.), иммундыцитокиндер (интерлейкиндер, интерферондар, тимустың пептидтері, миелопептидтер т.б. факторлар), иммундыжауапты жасушалардың рецепторлары, МНС-тың (ағылшын - Main Histocompatibility Complex, гистосәйкестіктің басты комплексі) антигендері иммундық жүйеде қорғаныс ісін атқаратын басты биорецепторлар болып табылады.
Иммунитет процесінің механизімін сызбанұсқа ретінде қарасақ, ол өзін-өзі бағдарлайтын, рет-ретімен жүретін, антигендерді тысқа шығарып, дербестікті сақтап, тұрақтылықты қайта құруға бағытталған іс-әрекеті болып табылады.
Иммундық жүйе жұмысының басталуына антигеннің ағзаға әртүрлі жолмен сырттан енуі, немесе оның ағза ішінде құрылуы себепкер болады. Содан кейін ең алғашында антигеннің бөгде екені дәледенеді: бірінші- фагоцитоз арқылы бейспецификалықты анықтау, одан кейін Т-лимфоциттермен спецификалықты тану. Келесі кезең - ағзаның барлық спецификалық және бейспецификалық қорғаныс факторларын іске қосу. Ол процесс антигенің табиғатына және сипаттарына, сонымен қатар антигеннің ағзаға патогендік әсер ету дәрежесіне байланысты. Осы процестердің нәтижесі ретінде антиген күйретіліп, бейтараптанып организмнен тыс шығарылады. Кейбір жағдайда антигенмен кездескеннен кейін, организмде сол антигенге сезімталсыздық және шыдамдылық пайда болады. Қолайлы нәтиже кезінде иммундық процесс организмнің гомеостазын қалпына келтіріп, ұзақ уақытқа дейін организмде сол антигенге қарсы иммунитетті сақтап, ол антиген туралы мәліметті иммундық есте қалдырылып, төзімділік тудырады. Сонымен қатар, жағымсыз жанама көрініс ретінде сол антигенге қарсы көтеріңкі, не жоғарлатылған сезімталдық (аллергия) пайда болуы мүмкін.
8.1.6. Иммунитеттің түрлері
Эволюциялық даму жолында адамда, жылықандыларда, оның ішінде құстарда арнайы иммундық жүйе құрылған. Ол организмді генетикалық бөгде зат -антигеннен қорғап, сонымен қатар әрібір түрге, жеке тұлғаға тән тіннің және биологиялық молекуланың антигендік ерекшелігін сақтауға арналған.
Заттың бөгделігін айыру төменгі сатыдағы омыртқасыздарға да тән, оларда да қарапайым қорғау жүйесі бар. Бірақ, ол жүйелердің арасында зор айырмашылық бар.
Эволюциялық дамудың сатысына байланысты иммундық жүйенің түріне ,оның күрделігіне, жауап беру тәсіліне сәйкес иммунитет бірнеше түрге бөлінеді (8.4-кесте).
Кесте 8.4.
Иммунитет түрлерінің жіктелуі.
Иммунитет | |
Түрлік (тумысынан,түқымқуалаушылық, генетикалық, конституционалдық) | Жүре пайда болған |
Белсенді (табиғи, жасанды ) | Енжарлы (табиғи, жасанды) |
Гуморалдық | Жасушалық |
Жергілікті | Жалпы |
Стерилді | Стерилді емес |
Антитоксикалық Бактерияға қарсы Вирусқа қарсы Саңырауқұлақтарға қарсы Ісіктерге қарсы Трансплантациялық Гельминттерге қарсы | |
Түрлік, тумысынан пайда болған, немесе тұқымқуалаушылық, генетикалық, конституционалдық иммунитет- филогенез процесінде бекітілген, ұрпақтан ұрпаққа тараушы түрлік, не дербестік антигеннің бір түріне сол организмнің биологиялық ерекшеліктерімен, антигеннің қасиетерімен, сонымен қатар орлардың қарым-қатынасына негізделген иммунитет. Мысал ретінде адамның мал ауруының кейбіреуіне сезімталсыздығын келтіруге болады ( қара малдың обасы, жылқының шешегі). Түрлік иммунитетің негізінде бірнеше себептері болуы мүмкін – біріншіден, антигендердермен алғаш кезедесіп, байланысқа түсіп, патологиялық процесті, не иммунитетті іске қосуды қамтамасыз ететін рецепторлық аппараттың кейбір түрлерінің жоқтығы. Сонымен қатар, организмде антигеннің жедел бұзылуын (мысалы, ферменттермен), не организмде микроботардың қонақтап өсіп-өнуін қолдайтын жағдай болмауын