Файл: С. Ж. Асфендияров атындаЫ аза лтты медицина университеті б. А. Рамазанованы жне . дайбергенлыны редакциялауымен шыарылан медициналы микробиология.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.03.2024
Просмотров: 296
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Зардаптанған ауданда індет жойылғаннан кейін де осындай ақпарат алмасу болады. Карантиндік инфекциялар туралы мәлімет арнасы : апталық эпидемиологиялық бюллетень «Weekly epidemiology review» (WER) және автоматты телекстік байланыс (карантиндік аурулар туралы күн сайынғы ақпарат таратылады).
Қазақстанда аса қатерлі инфекциялардан және паразитарлық аурулардан сақтану шаралары «Территорияны санитарлық қорғау Ережесі» бойынша атқарылады . Бұл Ережеде шетелдерден аса қауіпті инфекцияның еніп кетпеуіне және оның республика аумағына таралып кетуіне жол бермеуге , індет анықталған жағдайда оны шектеуге және жоюға бағытталған жалпы мемлекеттік шаралар жүйесі қарастырылған.
8 ТАРАУ. Иммунитет туралы ілім және бейспецификалық тұрақтылықтың факторлары
8.1 Иммунологияға кіріспе
Адам организмі айналадағы ортаның табиғи тірі өкілдерімен үздіксіз қарым-қатынаста болуымен бірге биологиялық белсенді әсері бар көптеген макромолекулалармен кездесіп отырады. Ол макромолекулалар жануарлар және өсімдік өкілдерінің тіршілік ету кезінде пайда болып, ақуыздардан, полисахаридтерден, нуклеин қышқылдарынан және де оның косындыларынан тұрады. Сонымен қатар, адам тіршілігіне қажетті заттар жасанды түрде алынуы мүмкін ( дәрі–дәрмек, тағамдық ақуыздар, ферменттер).
Биологиялық белсенді макромолекулалар адам ағзасына еңген кезде биологиялық процестердің жүруіне кедергі жасауы мүмкін. Ондай заттар адам организміне бөгде болғандықтан олардың барлық түрі бір топқа жатқызылып, «антигендер» деп аталған. Эволюциялық даму барысында организмді бөгде заттардан қорғау үшін жылықандыларда арнайы жүйе құрылған. Ол жүйе иммунитет жүйесі деп, ал оның атқаратын қорғаушылық қызметі- иммунитет деп аталды.
8.1.1. Иммунитеттің мәнісі және рөлі
«Иммунитет» (immunitas) латын тілінен аударғанда –дербес құқықтық, зат әсерінен, не әртүрлі себебтен босатылған, не арылған деген мағына болады. Бұл түсінік адам қоғамында ерте заманнан бері әйгілі, мысалы, шаруаларды салықтан босату, ал кейінірек уақытта дербестік үшін қолданылды. Ол сөздің биологиялық маңызы организмді антигендерден қорғап және арыту жолында жүретін биологиялқ процестер түсінігіне сәйкес келеді.
Назар аударатын бір жағдай, кез-келген зат антиген болуы үшін белгілі қасиеттерге ие болу керек, соның ішінде негізгілері; генетиқалық бөгделік, белгілі химиялық құрылымы, организмнің ішкі тұрақтылғын бұзу мүмкіншілігі т.б.
Антиген әлемі түрлі және көп санды болып келеді. Олар организмге әртүрлі жолдар арқылы енуі мүмкін; тыныс алу органдары, ас қорыту жүйесі, тері, шырышты қабық. Организмге сырттан енетін антигендерді экзогендік антиген деп атайды. Сонымен қатар, кейбір кезде ағзаның меншікті тіні мутация, не басқа бір факторлар әсерінен өзгергендіктен антигендер іштен пайда болуы мүмкін, олар эндогендік деп аталады. Эволюциялық даму жолында организмді антигендерден қорғау үшін арнайы кұрделі қорғаныс жұйесі құрылған. Ол жүйені «иммунитет жүйесі» деп атайды. Жылықандыларда ол жүйенің рөлін ерекше анатомиялық құрылысы бар, арнаулы түрде, өзіндік механизіммен жауап беретін және физиологиялық функциялы лимфойдтық тін атқарады.
Иммунитет жүйесінің атқаратын басты-басты жұмыстары төменгідей:
1.Антигенді ажыратып тану, яғни оның генетикалық бөгделігін және оның ағзаның антигендерінен өзгешілігін дәлелдеу.
2.Иммунитет жүйесіне тән реакциялар мен механизмдер кешені арқылы ағзаның құрлыстық, функционалдық калыптылығын сақтау үшін ағзада жүретін биологиялық процестерге антигеннің әсерін тигізбеуден сақтау.
3.Ағзада сол антиген туралы өзіндік мәліметті өмір бойына есте сақтап қалу.
Сонымен қатар иммунитет жүйесі организмнің жеке бастық биополимерлерінің өзіндігін қолдап, оның сақталуына себепкер болады. Өйткені, планетадағы әр адам ( бірұрықты егізден басқалары ), генетикалық тәсілмен құралған тек қана өзіне тән биополимерлердің антигендік ерекшелігіне ие. Егерде организмде антигендердің бөгде түрі пайда болса ( мутация, не басқа патологиялық процестерге байланысты) иммунитет жүйесі оны ажыратып - бейтараптайды.
Қорытып айтқан кезде, әлемдегі жануарлардың, өсімдіктердің соның ішінде микроорганизмдердің биополимерлерінің антигендік кұрамы генетикалық өзгешіліктен тұрады, яғни антигендерінің түрлік ерекшеліктері бар.
Содықтан, нақтылы айтсақ, иммунитет дегеніміз организмді генетикалық бөгде заттардан, яғни экзогендік және эндогенік тегі бар антигендерден қорғап, ағзаның гомеостазын, құрлыстық, функционалдық және де тек қана әрібір организмнің даралығы емес сонымен қатар бүкіл түрдің қасиеттерін қолдау, қорғау және сақтау тәсілі.
8.1.2. Иммунология - жалпы биологиялық және жалпы медициналық ілім саласы
Иммунитет жалпыбиологиялық және жалпымедициналық ілім болғандықтан оның организмдегі кұрылысын, атқаратын жұмысын, иммунитетті іске асыратын механизімін арнаулы ілім тарабы -иммунология зерттейді.
Ілім ретінде иммунология 100 жылдан аса бұрын пайда болған. Әрине, иммунитеттің әр салалы механизміне көзқарас ілімнің мазмұны дамыған сайын өзгеріп отырған. Осы замандағы иммунитет туралы анықтама жоғарыда келтірілген. Сол анықтамаға сәйкес қайталап назар аударатын пункттері: а) иммунология қандай текті болмаса да, организмді генетикалық бөгде заттардан ( микробтық, жануарлық., өсімдіктік, не басқа текті) қорғау тәсілдерін және оның механизімін зерттейді; б) иммунитеттің механизімі организмге сырттан, не іштен туған заттардан қорғауға бағытталған; в) иммунитет жүйесі әрбір дербестің, жеке бастың және де бүкіл түр тобының антигенініңыњ генетикалыќ антит________________________________________________________________________________________________ генетикалық ерекшелігін сақтап, қорғауға бағытталған. Бұл анықтама иммунологияның адам, жануар, өсімдік иммунитетін зерттеу мақсатына қарамастан негізі бір екенін дәләлдейді. Аталған топтардың өзіне тән ерекшеліктері болуына сәйкес иммунологияның ең басты үш бағыты атап өтілуі қажет: медициналық иммунология (гомоиммунология): зооиммунология және фитоиммунология яғыни- адамзаттың, жануарлардың және өсімдіктердің иммунитетін зерттейді. Олардың әрқайсысы жалпы және арнаулы иммунологияға бөлінеді. Медициналық иммунология төменгі келтірілген кестеге сәйкес жіктеледі (8.1-кесте).
Кесте 8.1
Медициналық иммунологияның жіктелуі.
Иммунология | |
Жалпы | Арнаулы |
Молекуларлық Жасушалық Иммунитет физиологиясы Иммундыхимия Иммундыгенетика Эволюциялық иммунология | Иммундыпрофилактика (вакцинология) Аллергология Иммундыонкология Трансплантациялық иммунология Репродукциялық иммунология Иммундыпатология Биотехнологиялық иммунология Иммундыфармакология Экологиялық иммунология Клиникалық иммунология |
Иммунология көп тарамды ілімнің қатарына жатады, өйткені иммунология арқылы шешілген мәселелер медицинаның көптеген саласында қолданылады. Кейінгі уақытта иммунологияда клиникалық және экологиялық бағыттар орын алды. Иммунологияның қай бағыты болсада олардың негізгі мақсаттары мен өзекті мәселелері бар. Тұжырымдап айтсақ иммунология - медицинаның осы замандағы күрделі, адамзат үшін күнделікті қажетті мәсәлерін шешіп іске асыруға себепкер бола алатын ғылым саласы.
8.1.3. Иммунологияның даму тарихы
Ауырған адам сауыққаннан кейін қайталап ауырмайтындығы ерте заманнан бері байқалынған еді. Әр ғасырда, әр оқымысты бұл көрініске өз пікірінше түсінік берген. Гиппократ- «ағзаның табиғаты», не «емдеу күші», Гален - «өмірлік күш», Парацельс - «емдейтін күш» деп түсіндірген. «Иммунитет» деген термин медициналық әдебиетке Х1Х ғасырдың соңына таман кіре бастап, француз сөздігіне 1869 жылдары нақтылы қосылған.
Иммунология ілімі даму желісіне сәйкес шартты түрде үш кезеңнен өткен: протоиммунология – антикалық уақыттан Х1Х- шы ғасырдың 80-ші жылдарына дейін; эксперименталдық және теориялық кезең – Х1Х - шы ғасырдың 80-ші жылдарынан ХХ-шы ғасырдың бас кезіне дейін; үшінші кезең ХХ -шы ғасырдың орта кезінен бастап соңына дейін. Үшінші кезеңде иммунологияның молекулалық және генетикалық салалары щұғыл дамығандықтан бұл уақыт молекулалық-генетикалық кезең деп аталды.
Ғылыми иммунологияның негізін құрған француз химигі Луи Пастер, орыс ғалымы И.И.Мечников, немістің дәрігер-биохимигі Пауль Эрлих деп саналады.
Әділеттік ретінде атап кететін жағдай. Қазақ елінің ХV ғасырдағы ғұлама-шипагері Өтебойдақ Тілеуқабылұлы “Шипагерлік баян” дейтін еңбегінде шешек індетіне қарсы егу әдісін тапқан және іс жүзінде қолдану тәсілі туралы толық мәлімет берген. 200 жылдан кейін шешек ауруынан сақтану үшін сиыр қара шешегін адамға егуді ағылшын дәргері Эдвард Дженнер ұсынған болатын, бірақ, ол бұл көрністі ғылыми түрде негіздей алмады.
Сонымен, Х1Х және ХХ ғасырлардың арасында жаңа ілім саласы иммунология құрылып, ХХ ғасырдың ішінде аса маңызды ғылыми жаңалықтар ашылып, иммунология жалпыбиологиялық және жалпымедициналық ілімге айналды (8.2-кесте). Көптен-көп ашылған жаңалықтардың биологияға, әсіресе медицинаға маңызы зор екеніне Нобель сыйлығымен марапатталған оқымыстылардың: (И.И.Мечников, П.Эрлих, Р.Кох, Э.Беринг, Ж.Борде, К.Ландштейнер, Ш.Рише, Д.Снелл, Н.Ерне, Ф.Бернет, П.Медвар, Р.Портер, Д.Эдельман, Ж.Доссе, У.Мильштейн Д.Келлер, С.Тонегава, С.Прусинер және тағы басқалардың) еңбектері куә бола алады. Иммунологияның негізін құрған Л.Пастер Нобель сыйлығымен марапатталмаған, өйткені оның өмір сүру кезінде мұндай сыйлықпен марапаттау комитеті құрылмаған еді.
Х1Х ғасырда мен ХХ ғасырдың бірінші жартыснда иммунология Еуропада
, әсіресе Францияда қарқынды дамыған еді. 1888 жыл Л.Пастердің адамзатқа сіңірген атақты еңбегі үшін халықтан жиналған қаражатқа Иммунология институты (қазіргі уақытта Пастер институты) ашылып, бұл мекеме басқа елдердің иммунолог-ғалымдары жыйналған орталық ғылыми мектебі болды. Пастер институтының қабырғасында көптеген дүние жүзіне әйгілі ғалымдар іс атқарып иммунологияның одан әрі дамыуына себепкер болған. Иммунологияның дамуына аса зор еңбек сіңірген Ресей ғалымдары И.И.Мечниковты, В.К.Высоковичті, Г.Н.Габричевскийді, Н.Я.Чистовичті, Л.А.Зилберді, П.Ф.Здродовскиді, Р.В.Петровты айта кету керек.
1980 жылы Иммунолог галымдардың Бүкілодақтық қоғамы құрылған болатын. 1983 жылдан бері «Иммунология» журналы шығарылады. Қазақстанда осындай қоғам құрылған, онын төрағасы профессор А.А.Шортанбаев басқарған қоғам мүшелері-республиканың иммунологтары жемісті еңбек етіп жатыр.
Иммунология мамандары медициналық академияларда, университеттерде және ғылыми-зерттеу институттарында дайындалады.
Кесте 8.2.
Иммунология тарихының маңызды кезеңдері
Ашылуы | Жылы | Авторлары |
Сыйыр шешегін адамға егу | 1796 | Э.Дженнер |
Фагоцитоз.Жасушалық иммунитет | 1884 | И,И,Мечников* |
Кұтыруға қарсы екпе егу | 1885 | Л.Пастер |
Ретикуло-эндотелиалдық жүйе және оның иммунитеттегі рөлі | 1886 | В.К.Высокович |
Баяу гиперсезімталдық | 1880 | Р.Кох* |
Лейкоциттердің хемотаксисі | 1889-1891 | Г.Н.Габричевский |
Енжарлы иммунизациялау | 1891 | Э.Беринг* |
Бүйір тізбекті теория | 1897 | П.Эрлих* |
Комплемент | 1889 | Ж.Борде* |
Қанның топтары | 1900 | К.Дандштейнер* |
Анафилаксия, дереу гиперсезімталдық | 1902-1905 | Ш.Рише*, М.Сахаров |
Артюс феномены | 1903 | М.Артюс |
Сарысу ауруы. Аллергия | 1905 | К.Пирке |
Ревакцинацияның көрінісі | 1915 | М.Райский |
Иммундыфлюоресценция | 1942 | А.Кунс |
Антиглобулиндік сынама | 1945 | Р.Кумбс |
Иммунды диффузия | 1946 | Дж.Уден, Э.Оухтерлони |
Н-2 жүйесі | 1948 | Д.Снелл* |
Қатерлі ісік антигендерінің зерттелуі | 1948 | Л.Зильбер |
Интерферон | 1957 | А.Айзекс, Ж.Линдеман |
Идиотип-антиидиотиптік теория | 1955-1977 | Н.Ерне* |
Клоналды-селекциялық теория | 1958 | Ф.Бернет* |
Иммунологиялы толеранттық | 1958 | П.Медовар*, М.Гашек |
Иммундыглобулиндердің құрылысы | 1958-1968 | Р.Портер*, |
HLA жүйесі | 1958 | Д.Эжельман*Ж.Досье* |
Тимус иммунитеттің орталық органы екенінің дәлелденуі | 1961 | Ж.Миллер |
Секреторлық IgА | 1963 | Т.Томази |
Иммунитеттің физиологиялық негізінің құрылуы | 1959-1969 | П.Ф.Здродовский |
Иммунды жауаптың гендері | 1963 | Б.Бенацерафф |
Лимфокиндер | 1969 | Д.Дьюмонд |
Моноклоналдық антиденелер | 1975 | У.Мильштейн*, Д.Келлер* |
Жасушааралық өзара әсерлесу | 1973 | Б.Бенцеррафф,Р.Петров |
Антидене құрылуының иммунды генетикалық теориясы | 1980 | С. Тонегава* |
Патогендік ақуыз- приондардың ашылуы | 1997 | С.Прусинер* |