Файл: С. Ж. Асфендияров атындаЫ аза лтты медицина университеті б. А. Рамазанованы жне . дайбергенлыны редакциялауымен шыарылан медициналы микробиология.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.03.2024
Просмотров: 312
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сақиналы преципитациялық реакция. Реакция иммунды сарысу бар арнайы жіңішке пробиркаға ерітілетін антигенді қабаттап қосу арқылы жүргізіледі. Антиген мен антидененің капталы теңесінде екеуінің арасында сақина тәрізді күңгірт преципитат пайда болады. Антигеннің артық өлшемі реакцияның нәтижесіне ешқандай зиянды әсер етпейді. Егерде реакцияға колданылатын антиген зерттелетін заттан қайнатылып сорынды түрінде алынса, бұл жағдайда термопреципитация реакциясы деп аталынады (Асколи реакциясы).
Оухтерлони бойынша қойылатын қос иммундыдиффузиялық реакция. Реакцияны қою үшін ерітілген агар қоймалжыңын шыны пластинкасының бетіне жұқа қабыршақ ретіне кұяды. Агар қатайғаннан кейін оның бетінде диаметірі 2-3 мм мөлшерінде щүңқыр жасайды. Ол шұңқырларға жекелеп антиген мен иммундық сарысу құяды. Уақыт өткеннен кейін антигенмен антиденелер қоймалжыңға сіңіп, біріне бірі қарама-қарсы жылжыйды. Олардың теңбе-тең өлшемі кездескен жерде преципитаттың ақ түсті тілкемі пайда болады. Антигенмен антидененің сәйкес тілкемі бірімен бірі жалғастырылып қосылады, ал сәйкес болмаған жағдайда қайшыласып жатады.
Радиалдық иммундыдиффузия реакция.Иммундық сарысу қосылған агар қоймалжыңын шынының бетіне біркелкі құяды. Қоймалжың қатайғаннан кейін антиген мен антидененің әртүрлі өлшемді ерітіндісі құйылатын шұңқыр жасайды. Антиген қоймалжыңға сіңіп, антиденемен байланысып, шұнқырдың айналасын бойлайтын шеңбер тәрізді преципитат тудырады. Преципитат шеңберінің диаметірі антигеннің концетрациясына пропорционалды. Реакцияны қан сарысуындағы иммундыглобулиндердің сыныптарын, комплемент жүйесінің құрамын анықтау үшін қолданады.
Иммундық электрофорез. Электрофорез және иммундық преципитация тәсілін үйлестірген реакция. Антигендердің қосындысы агар қоймалжыңындағы шұнқұрға құйылып электрофорез арқылы жекелендіріледі. Сонан кейін электрофорездің зонасына параллельді жасалған өзектерге иммундық сарысу құяды. Иммундық сарсудағы антиденелер қоймалжыңға сіңіп антигенмен «кездескен» жерінде преципитат сызығы пайда болады (26-сызбанұсқа) .
Флоокуляциялық реакция (Рамон бойынша) ( лат. –flocus - жүннің жапалағы). Токсин+антитоксин, не анатоксин+антитоксин байланысқан кезде пайда болатын күңгірт жылтырауық, немесе жапалақ масса. Реакцияны антитоксикалық сарсудың, немесе анатоксиннің белсенділігін анықтауға колданады.
Иммундыэлектрондық микроскопта қарау тәсілі. Сәйкес иммундық сарысумен өңделген вирустарды электрондық микроскоппен қарау қолданылады. Иммунды сарысумен өңделген вирустар иммунды агрегаттарға (микропреципитаттарға) айланады. Фосфорлы-вольфрам қышқылымен, не басқа электронды-оптикалық тығыздығы бар препарттармен қарама-қарсыластырылған антиденелер вирионның айналасында гүлді тәж құрады.
12.4. Комплементтің қатынасуымен жүретін реакциялар
Комплементтің қатынасуымен жүретін реакциялар антиген-антидене комплексінің комплементті белсендіруіне негізделген (комплемент байланыстыру реакциясы, радиалдық гемолиз т.б.).
Комплементті байланыстыру реакциясы (КБР). Антиген мен антидене бір-біріне сәйкес келген уақытта иммунды комплекс құрылады. Антидененің Fc-бөлшегі арқылы комплекске комплемент жалғасады, яғни антиген-антидене комплексі коплементті байлайды. Егерде антиген-антидене комплексі құрылмаса комплемент бос қалады. КБР –ның өту механизімі екі фазадан тұрады. Бірінші фазада антиген+антидене+комплемент қосындысы белгілі уақытқа термостатқа қойылады. Уақыт өткеннен кейін оларға, эритроциттермен оған қарсы антиденелері бар гемолитикалық сарысуынан тұратын екінші «индикаторлық» жүйе еңгізіледі. Егерде зерттеліп отырған затта антигенге сәйкес антидене болса олар комплекс құрып комплементті байлайды, сондықтан қосындыда бос комплемент болмайды. Екінші жүйені қосқан кезде эритроциттерге қарсы антиденелері бар иммунды гемолиткалық сарсу эритроциттерді ерітпейді, өйткені, ол процесс тек қана бос комплементтің көмегімен жүруі керек. Реакцияның нәтижесі оң болғанда пробиркада эритроциттердің «түйме» тәрізді тұнба құрғаны байқалады. Ал, зертелген затта антиген, не антидене болмаса, немесе олар бір-біріне сәйкес келмесе комплекс кұрылмайды да, комплемент бос болады, сондықтан ол екінші фазаға қосылылады. Бұл жағдайда гемолитикалық сарсу эритроциттерді ерітеді де, пробиркада гемолиз байқалады (мөлдір қызғылт сұйық), яғни реакцияның нәтижесі-теріс (27-сызбанұсқа).
КБР реакциясы бірқатар жұқпалы аурулардың диагнозын қою үшін колданылады (созда- Борде-Жангу реакциясы, мерезде- Вассерман реакциясы).
27- сызбанұсқа. КБР- механизімінің сызбанұсқасы.
Антиген Антиген
(белгілі) (белгілі)
+ +
Антидене Антидене
Аурудың қан сарысуы Аурудың қан сарысуы
(белгісіз) (белгісіз)
+ +
---------------------
Комплемент Комплемент
------------------------
+ +
Гемолитикалық жүйе Гемолитикалық жүйе
(Гемолитикалық сарсу + қой эритроциті) (Гемолитикалық сарсу + қой эритроциті)
! !
! !
! !
Гемолиз жоқ.. Эритроциттердің Гемолиз бар. Эритроциттер еріген.
тұнбасы бар. Мөлдір қызыл түсті сұйық..
Реакцияның нәтижесі оң. Реакцияның нәтижесі теріс.
(Антидене бар) (Антидене жоқ)
Радиалды гемолиздік реакция (РГР). Қой эритроциттері мен комплементі бар агар қоймалжыңындағы шұңқырларда қойылады. Шұңқырға гемолитикалық сарысу қосылғаннан кейін реакцияның оң нәтижесінде антиденелердің қоймалжыңға радиалды сіңуінен шұңқырдың айналасында гемолиздік белдем пайда болады. Тәсіл арқылы комплементтің, гемолитикалық сарсудың белсенділігін, тұмау вирусына қарсы антиденелерді анықтауға болады.
Иммунды жабысу реакциясы (ИЖР). Комплемент жүйесін, иммунды сарысумен өңделген корпускулды антигендермен белседірілуіне негізделген. Соның нәтижесінде иммундық комплекстің құрамындағы корпускулдық антигенге қосылатын комплементтің белсендірілген С3b бөлігі пайда болады. Эритроциттерде, тромбоциттерде, макрофаг-тарда С3b мен байланасатын рецепторлар болғандықтан, оларды С3b бар иммундық комплекстерге қосқанда, айтылған жасушалар қосылып агглютинацияға түседі.
12.5. Бейтараптау реакциясы (БР)
Иммунды сарсудағы антиденелердің, микробтардың сезімтал жасушаларын, немесе олардың токсиндерін, немесе тін жасушаларын зақымдаушы мүмкіншілігін бейтараптау реакциясы арқылы анықтайды. Ол антиденелердің микроб антигендерін байлау, яғни бейтараптау процесіне негізделген. Бейтараптау реакциясын (БР) антиген мен антидене қосындысын зертханалық жануарға еңгізу , немесе сезімтал сынақ–нысандарына (жасуша дақылы, эмбрион) жұқтыру арқылы жүргізеді (28-сызбанұсқа).. Жануарларда, не сынақ-нысандарда микробтардың, не олардың антигендерінің, токсиндерінің зақымдаушы әсері байқалмаған кезде иммунды сарысудың бейтараптау қасиеті бар екені көрсетіледі, яғни антиген-антидене комплексінің өзіндік байланыста екені дәлелденеді.
12.6. Таңбаланған антидене мен антигендердің қатынасымен жүретін реакциялар
12.6.1. Иммундыфлюоресценция реакциясы - ИФР (Кунс тәсілі)
ИФР-ды қолданудың үш тәсілі бар: төте, жанама және комплементтің қатынасуымен. Кунс реакциясы микробтардың антигенін, немесе антиденелерді анықтау үшін колданылатын шұғыл-диагностикалық тәсіл түріТөте тәсілдің принципі: тіннің, немесе микробтардың антигенін флюорохромдармен белгіленген антиденелері бар иммунды сарысумен өңдейді. Антиденелерді ультракүлгін сәуле беретін люминисценттік микроскоппен қарағанда олар сәулеленеді. Егерде антигендер аталған антиденелерге сәйкес келсе олар қосылғанда микроскоппен қарағанда бактерияларың айнала шеттері жасыл түсті сәуле шығарады.
Жанама ИФР. Антиген-антидене комплексін флюорохроммен белгіленген антиглобулиндік сарысумен (антиденелерге қарсы антиденелер) анықтауға негізделген.
Ол үшін микробтардан жасалған жағындыны солардың антигендеріне қарсы иммундық сарысумен өңдейді. Антигендермен байланыспаған антиденелерді шайып тастап, антигенмен байланысып қалған антиденелерге флюорохроммен өңделген антиглобулиндік сарысуды қосады. Соның нәтижесінде микроб+антимикробтық сарсу+ флюорохромммен өңделген антиглобулин комплексі құрылады. Комплекстің бар-жоғын люминесценттік микроскоппен анықтайды (29-сызбанұсқа).
12.6.2. Иммундыферменттік тәсіл немесе талдау ИФТ.
ИФТ дегеніміз антигендерді соларға сәйкес ферментпен ( пероксидазасы, бета-галактозидаза, сілтілік фосфотаза) белгіленген антиденелермен анықтау. Антиген ферментпен таңбаланған иммунды сарысумен қосылғаннан кейін, сол қосындыға ферментпен ыдыратылатын зат (хромоген) құйылады. Зат ферментпен ыдыратылып реакциядағы сұйықтың түсін өзгертеді. Байланысқан антигенмен антиденелердің саны неғұрлым көп болса соғұрлым сұйықтың түсі күреңдеу болады.
Қатаңфазалық ИФТ – реакцияның кең қолданылатын тәсілі. Принципі-антигенді, немесе антиденені қатаң тасымаладаушының үстіне, мысалы, полистрол планшетасының шұңқүрларының бетіне қондыруға негізделген.
Антиденелерді анықтағанда планшетаның шұңқұрына ретімен аурудың қан сарысуы, ферментпен өңделген антиглобулиндік сарысу, фермент ыдырататын хромоген құйылады. Әрбір компонент қосылғаннан кейін шұңқұрдан байланбаған заттарды мұқият жуып-шайып отырады. Реакцияның оң нәтижесінде шұңқырдағы сұйықтың түсі өзгереді. Катаңфазалық тасымалдаушыға антиденлерді қондырып антигендерді анықтауға болады, ол үшін тек қана антиглобулиндік сарысудың орнына, ферментпен өңделген антигенге қарсы иммундық сарысу қосылады.