Файл: С. Ж. Асфендияров атындаЫ аза лтты медицина университеті б. А. Рамазанованы жне . дайбергенлыны редакциялауымен шыарылан медициналы микробиология.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.03.2024
Просмотров: 314
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Кесте 11.5.
Иммундымодуляторлардың әсер ету бағытына және сипатына негізделген
классификациясы
Белсендіру әсері | Супрессорлық әсері | ||||||
спецификалық | бейспецификалық | спецификалық | бейспецификалық | ||||
белсенді | енжарлы | белсенді | енжарлы | белсенді | енжарлы | белсенді | енжарлы |
Антиген-дер,иммунды цитокиндер, басқа иммунды цитокиндер | Антиде-нелер | Адъю-ванттар, митоген-дер, эк-зогендік иммуды-модуля-торлар, адапто- гендер | Гормон-дар,фер-менттер, сарсу қорғаныс ақуызы, микро- нутриент-тер | Толеро-гендер, иммун-ды ток-синдер | Антилим- фоцитар- лық сарсу Антилим-фоцитар-лық им- муногло- булин, лимфоцит- тің рецеп-торына қарсы моноклоналды антидене | Органи- қалық, бейорга- никалық табиғатты иммунды- депресант- тар, радио- белсенді сәуленді- ру,плазмо- форез | Гормон-дар, кейбір микро- нутриент- тер |
Кесте 11.6.
Эндогендіктер (ағзаның табиғи иммундыреагенттері) | Экзогендіктер (бөгдетектілер, ағзаға тән емес) |
1.Иммудыцитокиндер: интерлейкиндер,интерферондар,тимустың сүйек майының пептиді. Некроз факторы, ісіктер,кейлондар | 1.Органикалық табиғи заттар: ақуыздар, нуклеин қышқылдары, нуклеопротеидт-тер, липополисахаридтер, полисахарид-тер және тағы басқа жануар, өсімдік, микробтық тегі бар және синтетикалық заттар |
2.Иммундыглобулиндер (поли- моноклоналдық аутоантиденелер, абзимдер,аутоантигендер) | 2.Бейорганикалық табиғи заттар: минералдық коллоидтар (алюминий фосфаты), ерігіш қосындылар (хлорланған калций), кристаллоидтар («белсендірілген» көмір, кварц ұнтағы), микронутриенттер |
3.Иммундық процеске қатынасушы иммундыреагенттер (комплемент, ферменттер, сарсулық қорғаныс ақуыздары, гормондар | 3.Күрделі заттар: Фрейнд адъюванты, бактерия жасушасы, сүт, липид және минералдық сорбенттер қосындылары |
Кесте 11.7.
Біріншілік және екіншілік иммунды тапшылықтың даму механизімі бойынша иммундымодуляторлардың әсер ету мехнизімне негізделген классификация.
Спецификалық иммуниттетің гуморалдық факторына(демеуші, не тежеуші) әсері: 1.1. Сүйек майының жүйелік жасушасына. 1.2. В-лимфоциттердің реттелуіне және жетілуіне. 1.3. Иммундыглобулиндердің түрлі сыныптарының синтезделуіне. 1.4. В-лимфоциттің рецепторлық аппаратына. 1.5. Иммундыглобулиндердің аффиндық және авиндық қасиеттеріне. 1.6. Бағытты әсерлі цитокиндердің синтезіне. Бейспецификалық иммунитеттің жасушалық факторына (демеуші, не тежеуші) әсері: 2.1. Сүйек майының жүйкелік жасушасына. 2.2. Т-лимфоциттердің реттелуіне және жетілуіне. 2.3. Т-лимфоциттің мамандалған субпопуляцияларының белсенділігіне. 2.4. Т-лимфоицттердің нысана-жасушамен әрекеттестігіне. 2.5. Т-лимфоциттердің В-лимфоцитер және А-жасушалармен әрекетестігіне. 2.6. Бағытталған әсерлі цитокиндердің синтезіне. Иммунитеттің бейспецификалық түйнегіне: 3.1. Моноциттердің фагоцитоздаушы белсенділігіне. 3.2. Интерферогенездік жүйеге. 3.3. Комплементтің синтезіне. 3.4. Ферментердің, әсіресе лизоцимнің белсенділігіне. 3.5. Сарсудың бейспецификалық қорғаныс ақуыздарына. 3.6. Гормоналдық жүйенің белсенділігіне. Иммундық процестің гуморалдық, жасушалық, бейспецификалық факторларына қарсы бірлескен әсері. Иммундық жүйенің ісін бақылайтын әсері: 5.1.Иммуныдық жүйенің ісін ретеудегі негізгі рөлді атқаратын орталық және шеткі жүйке және эндокриндік жүйесіне. 5.2.Иммундық жүйенің орталық органдарына (айырша без, сүйек майы). 5.3.Иммунды процестің кейбір тізбегіне және бірлескен иммундыкомпетентті жасушаларға. 5.4.Иммундыкомпетентті жасушалардың зат алмастыруына және иммундыциткиндердің синтезделуіне. |
12 ТАРАУ. Иммундыдиагностикалық реакциялар және олардың қолданылуы
12.1. Антиген-антидене реакциялары
Зертханада қолданылатын реакциялардың негізінде антиген мен антидененің өзара қатынасының ерекшеліктігі жатады. Антиген мен антидененің арасында in vitro жүретін реакциялар спецификалық және бейспецификалық фазадан тұрады. Спецификалық фазада антидененің белсенді орталығы антигеннің детерминантымен спецификалық байланысқа жедел түседі. Содан кейін бейспецификалық фазасы басталады. Ол баяу және оның нәтижесінде физикалық көрністер пайда болады (агглютинацияда - тұнба, преципитацияда - лайлану). Бұл фаза қосымша жағдайларды қажет етеді (электролит, ортаның қолайлы рН –ы). Антидене мен антигеннің байланысының тұрақтылығы, олардың байланысқан саны, және де басқа көптеген факторлармен анықталады.
Иммунды реакциялар сау және ауру адамдарға диагноз қою және иммунологиялық тексеру кезінде қолданылады. Ол үшін серологиялық ( лат, serum- сарысу, logos- ілім, оқу) тәсілдер пайдаланылады, яғни сарысуда, басқа сұйықтықтар мен тіндерде табылатын антиген-антидене реакциялары арқылы зерттейді.
Ауру адамның сарысуында қоздырғышқа қарсы антиденелер табылса, онда диагноз қоюдың мүмкіншілігі туады. Сонымен қатар, серологиялық реакциялар микробтардың антигенін, түрлі биологиялық белсенді заттарды, қан тобын, тін және ісік антигенін, иммунды комплексті, жасушаның рецепторларын және т.б. анықтауға қолданылады.
Ауру организмнен микробты бөліп шығарған кезде олардың ауру тудырғанын дәләлдеу үшін гипериммунизацияланған диагностикалық иммунды сарысуды колданады. Бұл тәсіл серологиялық идентификациялау деп аталады.
Микробиологияда және иммунологияда агглютинациялық, преципитациялық, бейтараптау, комплемент байланыстыру, таңбаланған антидене мен антигендер арқылы жүретін (радиоиммундық, иммундыферменттік, иммундыфлюоресценттік ) реакциялар өте кең колданылады. Олар бірінен бірі жүргізу техникасымен, соңғы көрнісімен ажыратылады. Бірақ, олардың барлығының негізінде антиген мен антидененің өзара байланысуы болады, және де олар антиденені, не болмаса антигенді анықтау үшін пайдаланылады. Иммунды реакциялар жоғары сезімталды және спецификалы.
Төменде иммундыдиагностикалық реакциялардың ең бастыларының механизімінің принциптері мен сызбанұсқасы келтірілген.
12.2. Агглютинциялық реакциялар.
Агглютинациялық реакция – АР ( лат.agglutinatio – желімдеу) корпускулалық (бактериялар, эритроциттер, не басқа жасушалар, сонымен қатар макромолекулалық агрегаттар) антигендерді антиденелермен байланыстыру арқылы өтетін қарапайым реакция.
АР-дың бірнеше нұсқасы қолданылады: жайылма, болжамдау, жанама және т.б. Агглютинациялық реакцияның нәтижесі оң болған кезде көрінетін тұнба пайда болады. Реакцияның жүру механизімі 20-сызбанұсқада көрсетілген.
АР-ды пайдаланудың мақсаттары:
аурудың қан сарсуындағы антиденені анықтау үшін. Мысалы, сарыпта (Райт, Хеддельсон реакциялары), іш сүзегінде (Видаль реакциясы) және тағы басқа жұқпалы ауру түрлерінде;
аурудан бөлініп шығарылған қоздырғыштың түрін анықтауға;
эритроциттердің аллоантигеніне қарсы моноклоналды антиденелерді қолдану арқылы қанның қай топқа жататынын анықтау үшін.
Ауруда антидене бар екенін анықтау үшін агглютинация реакциясының жайылған түрін қояды: сарсудың әртүрлі ерітіндісіне диагностикум ( физиологиялық ерітіндідегі өлтірілген микробтар ) қосылады, термостатқа +37˚ С -та бірнеше сағаттқа қойылғаннан кейін ең жоғарғы сұйылтуда пайда болған тұнбаны байқайды (сарсудың титрі).
Агглютинацияның сипаты және шапшаңдығы антигенмен антидененің түріне байланысты. Мысал ретінде О –диагностикум мен (О-антиген) Н-диагностикумді ( Н-антиген) келтіруге болады. О диагностикумымен агглютинация (өлтірілген микробтардың жасушасы) ұсақ дәнді тұнба ретінде болса, ал Н –диагностикумымен ( талщықты антигендері бар) ірі дәнді, жапалақтаған түрде тұнба береді.
Егерде аурудан алынған микробтардың түрін анықтау қажет болса,онда агглютинация реакциясының болжау түрін қояды. Реакция зат шынысының бетінде қойылады. Реакцияның нәтижесі оң болған кезде, реакцияның жайылған түрін қояды.
Туыстығы бар әртүрлі микробтар агглютинациалық сарсудың бір түрімен агглютинацияға түсуі мүмкін. Ол көрніс микробтардың қай түрге жататындығының дәлелдеудін қыйындатады. Сондықтан, сарысуды қайшылас агглютинация беретін антиденелерден тазартады. Ондай сарысулар адсорбталған (тазартылған) агглютинациялық сарысу деп аталады. Ондай сарысудың тек қана микробтың бір дарасына қарай бағытталған өзіндік антиденелері болады. Агглютинациялық монорецепторлық диагностикалық сарысуды алу тәсілін 1902 жылы А.Кастеллани ұсынған.
Жанама гемагглютинациялық реакция (ЖГАР). Реакцияның принципі антигенмен антидене қондырған эритроциттерді, не латексті қолдануға негізделген (21-сызбанұсқа). Олар сарысудағы антигендермен не антиденелермен өзара қатынасқанда бірімен бірі жабысып пробиркада ирекшетті көріністі тұнба түседі. Реакцияның нәтижесі теріс болған кезде «түйме» тәрізді тұнба болады (22-сызбанұсқа). Әдетте бұл реакцияны эритроциттерге қондырған антигендер арқылы сарсудағы антденелерді анықтайды. Реакция керісінше вариант түрінде қолданылуы мүмкін, яғни эритроциттерге қондырылған антиденелермен антигенді анықтайды, бірақ бұл вариант сирек қолданылады. Аталған вариант «керісінше гемагглютинациялық реакция» деп аталады (КГАР). КГАР–ды жұқпалы аурудың диагнозын қою үшін, адам ағзасының гормондарға, дәріге сезімталдығын анықтау үшін тағы басқа жағдайларды дәлелдеуге қолданады.
Коагглютинациялық реакция. Қоздырғыштың жасушаларын алдын ала иммунды сарысумен өңделген стафилококтардың көмегімен анықтайды. Стафилококтардың құрамындағы А-ақуызы антидененің Fc- бөлшегіне тектестігі бар болғандықтан олар антиденелермен бейспецификалық байланысқа түсе алады да, содан кейін ол антиденелер белсенді орталығымен өзіне сәйкес микробтармен байланысып, сонының нәтижесінде стафилококтан, антденеден және анықталып отырған микробтардан тұратын жапалақталған тұнбаға түседі.
Гемагглютинацияны тежеуші реакция (ГАТР) Реакция вирустың антигендерін иммунды сарысуыдың антиденелері тосқауылдап, вирустың эритроциттерді агглютинацияға түсіру мүмкіншілігін жоғалтуына негізделген (23-сызбанұсқа).. ГАТР–ды, қоздырғыштары эритроцитпен байланысу мүмкіншілігі бар вирустар тудыратын аурулардың диагнозын қою үшін қолданады (тұмау, қызылша, қызамық, кенелік энцефалит).
Агглютинациялық реакциялар медицинаның басқа саласында да, мысалы, қанның кай топқа жататынын, резус-факторды, антирезустық антиденелерді ( Кумбс реакциясы) анықтау үшін қолданылады.
Жанама Кумбс реакциясы. Резус факторға қарсы пайда болатын антиденелер бірваленттік толық емес түрге жатады. Олар эритроциттермен спецификалық байланысады, бірақ агглютинацияға жеткізе алмайды. Однай антиденелерді анықтау үшін жанама Кумбс реакцисын қолданады. Рекция өткізу үшін антирезустік антидене+резус оң эритроциттер жүйесіне агглютиация туғызатын антиглобулинді сарысу қосады (24-Сызбанұсқа). Мысалы, реакцияны перзенттің гемолитикалық ауруының диагнозын қойғанда пайдаланады.
12.3. Преципитациялық реакциялар
Преципитациялық реакция – ПР ( лат. praecipito – тұнбаға түсіру). Реакцияның негізіне ерітілетін молекулалық антигенмен антидененің комплекс құрып преципитат деп аталатын лайлану пайда болуы жатады. Бұл көрніс антиген мен антидененің тең өлшемін араластырғанда ғана құрылады. Егерде біреуінің өлшемі үстемдірек болса, ол жағдайда комплекс құрылуының мүмкіншілігі төмендейді.
Преципитациялық реакцияны пробиркада (сақиналы преципитация), қоймалжыңда (гель), қоректік орталарда тағы басқада қоюға болады (25-сызбанұсқа).. Күнделікті жағдайда преципитациялық реакцияның кең тараған түрлеріне жартылай сұйық агарда, не агароза қоймалжыңында қойылатын Оухтерлонидың қос иммундыдиффузиясы, радиалдық иммундыдиффузия, иммундық электрофорез жатады.