Файл: С. Ж. Асфендияров атындаЫ аза лтты медицина университеті б. А. Рамазанованы жне . дайбергенлыны редакциялауымен шыарылан медициналы микробиология.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.03.2024
Просмотров: 321
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
11.4.3. Аллергиялық аурулар
Ағза антигенмен бірінші кездескенде антидене және сенсибилизацияланған лимфоциттердің құрылуымен жауап қайтарады. Антиген сол ағзаға кайталап еңгенде сол антиденелер және сенсибилизацияланған лимфоциттермен байланысқа түседі. Реакция антигеннен арылуға бағытталған, бірақ кейбір кезде реакция патологиялық жағдайға соқтырады. Иммунды жауап калыпты деңгейден асқанда патологиялық процесс туады. Тұлға антигенге көтеріңкі жауап берген кезде аллергия көрнісі пайда болады.
Аллергия төрт түрге бөлінеді. Клиникалық тәжрибеде ол өте маңызды. Күнделікті жағдайда аллергияның жекеленген түрі сирек кездеседі. Әдетте аралас, немесе бір түрі екіншіге айналатын жағдайлары жиі, кездеседі.
11.4.3.1. I-типтес реакциялар (анафилактикалық)
Анафилаксия пайда болу үшін спецификалық цитофилді антиденелер (IgЕ) мен жасушалар қажет. Оның көрнісіне сәйкес жергілікті (тері, шырышты қабық) және жүйелік (анафилактикалы шок) реакциялары бар. Жергілікті түрдің клиникалық сырқаттарына уртикарлық бөртпе, вазомоторлық тымау, бронхиалдық демікпе, не ішек жұмысының бұзылулары жатады. Базофилдер мен тін базофилдерінің аллергияның осы түріне белсенді қатынасы бар болғандықтан, және де олар ағзаның барлық бөлімінде кездесетіндіктен анафилактикалы реакция барлық органдарда өтуі мүмкін (16-сызбанұсқа). Адам организмінің бронхалары мен артериолалары анафилаксияның органдары деп атайды. IgE қоздыратын адамның анафилактикалы реакциялар түріне бронхиалдық демікпенің ұстауы, шөп безгегі, қышыма, сона, не ара шағуы жатады. Табиғи шығу тегі әртүрлі заттар анафилаксия қоздыруға себепкер болады (11.3.-кесте)
Кесте 11.3.
Анафилаксия тудыру қабілеті бар заттардың мысалдары.
Ксеногенді сарысулар | Антилимфоцитарлық сарысу Сіреспеге қарсы сарысу Күлге қарсы сарысу Ақуыздан тұратын басқа препараттар |
Өсімдік | |
Табиғи улар | Араның уы Сонаның уы Жыланның уы |
Емдеу препараттары | Антибиотиктер (пенициллин) Салицилаттар Ақуызды гормондар Вакциналар (қызылшалық, тымаулқ) |
11.4.3.2.II-ші типтес реакциялар (гуморалды цитотоксикалық)
II-типтес аллергиялық реакциялар антиденелердің жасушаның беткейлік антигендерімен немесе жасуша беткейіне екіншілік ретте жабысқан антигендермен тікелей байланысуына негізделген (17-сызбанұсқа). Шешуші рөлді комплементті белсендіретін IgG1-3, IgМ антиделері атқарады. 11-ші типті аллергияға дәріге қарсы аллергияны жатқызуға болады. Өйткені дәрі антигендері қан түйіршіктерінің бетіне орналасады. Соның әсерінен гемолитикалық анемия, лейкоцитопения, тромбоцитопения, агранулоцитопения аурулары дамиды. Басқа тұлғаның эритроцитетеріне қарсы бағытталған реакцияны изоиммунды, меншікті эритроциттерге бағытталғанды аутоиммунды реакция деп атайды. Әрбір адамның қан сарысуында, қан ұйыту жүйесінің құрамында жоқ антигенге қарсы жоғары концентрциядағы антиденелер бар. Сәйкес емес қан құйылғанда сол антиденелер цитотоксикалық реакция туғызып эритроциттерді ерітеді. Қайталап жүкті болған кезде резус оң нәрәстеге резус теріс ананың қанында антирезустік IgG құрылады. Ол антидене плацентадан өту мүмкіншілігі боғандықтан нәрестенің эритроциттеріне цитотоксикалық әсер етіп оларды жояды. Бұл көрніс нәрестеде гемолитикалық аурудың дамуына тікелей себепкер болады. Аутоиммунды гемолитикалық анемияда меншікті эритроциттерге қарсы құрылған антиденелер комплементтің көмегімен эритроциттерді ерітеді. Кейбір дәрі түрлері эритроциттерге қонуға ықшам тұрып, соларға қонған кезде иммуноген ретінде гемолитикалық анемия туғызады. Айтылған әсері бар препараттарға хинин, пенициллин, цефалоспорин, сулфаниламидтер т.б. жатады. Аталған механизіммен қанның басқа элементтері де цитотоксикалық көрніске душар болады (агранулоцитоз, тромбоцитопения).
11.4.3.3.III-ші типтес реакциялар (иммундыкомплекстік)
Иммунды процестің заңдылық ережесіне сәйкес организмде антигендердің қан айналымындағы концентрациясы төмендеген уақытта антиденелер көбейеді. Егерде антиденелер қан айналымына түскен кезде антигендердің концентрациясы мол болса антиденелер олармен байланысқа түсіп иммунды комплекс құрады. Ол кешендер тіндерде іркіледі. Олардың зиянды улы қасиеті болғандықтан, күрделі механизмді комплемент, антиденелердің IgМ, IgG1-3 сыныптары қатынасуымен, биологиялық белсенді заттардың шығуымен, комплекс орналасқан жерде қабыну процесі туады (18-сызбанұсқа). Аллергияның осы түріне клиникалық көрнісі бойынша Артюс феномені, қансарысулық сырқат, гломерулонефрит жатады.
11.4.3.4.IV-ші типтес реакциялар (Т-лимфоциттердің жанамасымен)
Бактериялардың, саңрауқұлақтардың, вирустардың, қарапайымдылардың жасуша ішіндегі антигендерге, бөгде тін антигендеріне (трансплантаттардың), табиғи және синтетикалық гаптендерге (дәрілер, тағам бояулары т.б.) иммундық жауапта Т-лимфоциттер демеліп басты рөлді атқарады. Т-лимфоциттер гиперсезіталдықтың баяу түріне жауапкер болғандықтан, төменгі салмақты молекуласы бар заттар Т-лимфоциттер жанамасы арқылы аллергияның 4-ші түрін туғызады. Аллергияның даму механизімінде Т-лимфоциттер түрлі медиаторларды бөліп шығарып, цитотоксикалық зақымдалуды күшейтеді. Аллергияның осы түрін аллергендердің өте төмен өлшемі туғызады. Аллергияның морфоклиникалық көрнісі 24-48 сағаттың арасында пайда болады. Мысал ретінде туберкулин реакциясын келтіруге болады. Аллергияны төменгі салмақты молекуласы бар заттардың тудыратын себебі, олар организмде оның меншікті ақуыздарымен байланысып, толық бағалы антигендерге айланып гиперсезімталдықтың баяу түрін іске асырады (19-сызбанұсқа).
11.4.4. Иммундыпролиферативті аурулар
Бұл топ ауруларының қатарына иммундық жүйенің жасушаларынан тараған патологиялық иммундыпролиферативті процестер жатқызылады. Ол патологияның қатарына қатерсіз ісіктен бастап, қатерлі ісік түріне дейінгі ауруларды еңгізуге болады. Иммундыпролиферативті аурулардың тізімі 11.4 - кестеде келтірілген.
Кесте 11.4.
Иммундыпролиферативті аурулардың классификациясы.
Жасуша түрі | Ауру түрі |
В- жасушалар | Созылмалы лимфолейкоз Ұрық орталығының жасушаларынан тараған ісіктер (лимфосаркома) Лимфоплазмацитоидық лимфома В-лимфобластық саркома |
Т-жасушалар | Т-лимфобластық саркома Дереу Т-жасушалық лейкоз Созылмалы лимфолейкоздың сирек кездесетін түрі |
«0» -жасушалар | Жетілмеген лимфоидтық лейкоз |
11. 5. Иммундыкоррекция
Иммунды тапшылықтың зардабынан түрлі жұқпалы аурулар пайда болады. Ондай аурулардың алдын алу , не болмаса емдеу үшін химиалық препараттар қолданылады. Кыйыстырылған ауыр иммунды тапшылық балаларда болған кезде тар спектрлі антибиотиктерді қолданады. Емдеу уақыты жылдарға созылуы мүмкін.
Иммундық жүйенің функционалдық қабылетін қалпына келтіруге оның орнын баса тұратын емдеу, яғни организмге иммундыглобулиндерді жіберу, айырша безді, сүйек майын эмбрионалдық айырша безімен және сүйек майымен ауыстыру қолданылады.
Иммундық жүйенің ісін үдету, не тежеу үшін спецификалық немесе бейспецификалық препараттардың көмегімен иммундыкоррекция жүргізіледі.
Иммундыкоррекция, немесе иммундымодуляция иммундық жүйенің іс ақаулығына байланысты пайда болған аурулар мен жағдайлардың емдеуін, не алдын алу тәсілдері мен әдістерін зерттеп табатын микробиологияның клиникалық бөлімі.
Иммунды статусқа әсер ететін, иммундыкоррекция, немесе иммундымодуляция үшін колданылатын препараттар иммундымодуляторлар деп аталынады. Осы заманда иммундымодуляторлардың медицина тәжірибесінде қолданылатын жүздеген түрлері әйгілі. Олар иммунитетке әсер ету бағыты мен сипатына сәйкес жіктеледі ( 11.5-кесте).
Табиғаты және шығу тегіне қарамастан барлық иммундымодуляторлар демеулік (стимуляторлық) және тежеулік(супрессорлық), белссенді және енжарлы, спецификалық және бейспецификалық әсер етеді. Шыққан тегі эндогендік, немесе экзогендік болады (11.6-кесте). Эндогендіктерге организмнің өзі бөліп шығарған, әр тәсілмен иммунды процеске қатынасатын заттар жатса, экзогендіктерге организмге тыстан кіретін бөгде заттар жатады. Иммундымодуляторлардың табиғаты және тегі негізінде сыныпталуы 11.6-кестеде көрсетілген. Эндогендік иммундымодуляторлардың қатарына спецификалық және бейспецификалық иммунитет қатынасатын иммундыцитокиндер, иммундыглобулиндер, басқа иммундыреагенттер жатады. Эндогендік иммундымодуляторлар калыпты жағдайда иммуногенездің табиғи процестерін реттейтін заттар болғандықтан олар организм үшін гомологиялық, яғни бөгделігі жоқ болып табылады. Экзогендік иммундымодуляторларға иммундық жүйеге әсер ететін органикалық, бейорганикалық, немесе құрылысы анықталмаған күрделі заттар жатады. Экзогендік иммундымодуляторлар түгелінен организмге бөгде заттар. Олар организмге кездейсоқ, не «арнайы» емдеу, немесе алдын алу үшін препараттар қолданылғанда сырттан енеді. Шығу тегі мен көзіне қарамастан эндогендік және экзогендік иммундымодуляторлардың иммундық жүйеге спецификалық және бейспецификалық, демеуші (стимуляциялы) және тежеуші (супрессорлы) әсерін тигізеді. Иммундымодуляторлардың кейбір түрі гендік инженерия тәсілімен жасанды түрде алынып, медицина тәжірибесінде колданылып жүр.
Иммундымодуляторлардың иммундық жүйеге әсер ету механизімі әр салалы. Біреуі В-жүйесіне (сүйек майының пептидтері) , екіншісі Т-жүйесіне (тимустың пептидтері), үшіншісі А-жасушалық жүйеге (ЛПС), төртіншісі Т-, В-, және А-жүйеге ынтымақтасып (мурамилпептид және одан шыққан заттар) әсер ете алады. Бірақ, соған қарамастан әр иммундымодулятордың тек өзіне тән иммунды процестің белігілі бір үзіміне үстемді әсер ететін қабілеті бар. Мысалы, бірі сүйек майының жүйелік жасушасына басты әсер етсе, басқалары иммундыкомпетентті жасушаларға, немесе иммундыглобулин жасалуына әсерін тигізуі мүмкін. Иммундымодуляторлардың әсер ету механизімі бойынша жіктелуі 11.7-кестеде келтірілген.
Жетік иммундыкоррекцияның басты мақсаты организмнің иммундық жауап беру қабілетіне бағыттап әсер ету, яғни сырт көрністерге сәйкес иммундық жүйені белсендіру, немесе тежеу. Мысалы, ағза жұқпалы аурулардың микробтарына қарсы иммунитет құру үшін иммундық жүйені вакцинаның көмегімен белсенедіреді, ал енжарлы иммунитетті иммунды сарысуды, немесе иммундыглобулиндерді қолдану арқылы құрады. Аллергиялық, не басқа иммунопатологиялық жағдайларда иммундық жүйені тежеу қажет болған кезде иммундыдепресанттарды қолданады. Сонымен қатар иммундыдепресанттар тін, не орган транасплантациясында қолданылады. Антигенспецификалық демеудің (стимуляцияның) және тежеудің (супрессияның) өте зор маңызы бар. Клиникалық тәжірибеде тиісті шектеу болатындықтан емдеудің негізгі тәсілі бейспецификалық иммундыкоррекция болып табылады.
Иммундыкоррекцияның нәтижелі болуы иммунды жауаптың ерекшелігіне байланысты.
Иммундыкррекцияны сапалы тағам, витаминдер мен микроэлементтер жеткілікті мөлшерде қабылданған кезде ғана қолдану керек. Организмді ауыр металдардың тұздарынан, антигендерден, радионуклидтерден, нитраттар мен нитриттерден арылтатын энтероадсорбенттерді қолдану иммундыкоррекцияның маңызды бөлігі болып саналады.
Иммундыкоррекцияның басты принциптері төменгідей:
-
Иммундыколррекцияны тек қана иммундық жүйенің жағдайын анықтағаннан кейін, яғни иммунитеттің функционалдық қызметінің жетіспеушілігін анықтағанан кейін қолдану керек. -
Иммундық емдеуді міндетті түрде клиникалық көрніспен өтетін иммунды статустың ақаулығында ғана колдану қажет. -
Иммунды емдеу барысында иммунды статус деңгейі бақылауда болуы керек. -
Иммундыдуляторлар иммунды тапшылық туғызатын заттардың әсерінің алдын алу үшін колданылуы қажет.