Файл: 1саба Жанды табиат блімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 85

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар: судың адам өміріндегі маңызын, суды бейнелейтін өрнектерді біледі.

Табиғи материалдарды көркем бейнеге айналдырып үйренеді.

Оқушылардың көпшілігі: су бейнелі өрнек түрлерін қоса отырып, табиғи материалдарды көркем бейнеге

айналдырады.

Кейбір оқушылар: су бейнелі өрнектерді қосып және оларды әшекейлей отырып, табиғи материалдарды

көркем бейнеге айналдырады.

Бұрын алған білімдері

Жаратылыстану және дүниетану пәндерінен меңгерген білімдері. Белгі символдары, 3-сынып. Ою-өрнек, ою-

өрнек құрастыру, 2-сынып.

Пәнаралық байланыс

Бұл сабақта мына пәндермен байланыс орнайды: жаратылыстану, дүниетану, музыка, әдебиеттік оқу. Оқушылар тақырыпты талқылап, әдеби туындыларды тыңдау барысында дұрыс әрі бейнелі түрде сөйлеу

дағдыларын дамытады. Оқушылар жаратылыстану сабақтарынан алған жанды табиғат туралы білімдерін

пайдаланады. Шығармашылық шабыттарын ояту үшін

№2 қосымшадағы өлеңдерді оқиды.

Сабақтың барысы

Сабақ

кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Дереккөздер

Сабақ тақырыбына кіріспе

Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай жасау. Сабақтың басында

№2 қосымшадағы әндердің бірін қосып қоюға болады.

Судың әртүрлі күйі бейнеленген фото- суреттер (өзен, теңіздегі су, қар, қырау, мұз, сүңгі,

бұлт).

№2 қосымшадағы музыкалық үзінді- лер.

Алған білімнің өмірмен байланысы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу

Адам сусыз бір күн де өмір сүре алмайды. Кәне, адамға су не үшін керек екенін атап шығайықшы.

Адамға су қажет болғандықтан, оны қастерлей білу керек. Суретшіге де сусыз қиын соғатыны белгілі.

Оқушылардан сусыз пайдалануға болмайтын бояуларды атауды сұрайды (акварель, гуашь).

Судың қасиеті, оның пішіні, адамдар бұрын суды қалай бейнелегендері туралы білімдері алдағы уақытта керек болады.

Оқулық.

Судың әртүрлі күйі бейнеленген

фотосуреттер (өзен, теңіздегі су, қар, қырау, мұз, сүңгі,

бұлт). Суды

білдіретін ою-өрнек- тер.



Материалды түсіндіру

Сабақтың басында судың адам өміріндегі маңызына тоқталған дұрыс. Бұл тақырып жаратылыстану сабағында да өтілетін

болғандықтан, оқушылар осы тақырып бойынша хабардар, сондықтан тақырыпты талдауға белсене қатыса алады. Оқушылар судың адам өміріндегі маңызы туралы әңгіме құрап, «Су – тіршілік көзі» деген тіркесті қалай түсінетіндерін айтады.

Олардың назарын судың қандай күйде болатыны-

Оқулық.

Судың әртүрлі күйі бейнеленген

фотосуреттер (өзен, теңіздегі су, қар, қырау, мұз, сүңгі,

бұлт). Суды

білдіретін ою- өрнектер.





на аударуға болады. Одан әрі әртүрлі халықтардың өрнектеріндегі судың бейнеленуіне көшеді.

Ақпаратты оқулықтан, сондай-ақ кітаптар мен ғаламтордан алуға болады. Суды бейнелейтін әртүрлі өрнектерді көрсетеді. Су өрнектері неліктен ең көне өрнек түрлеріне жататыны туралы әңгімелесуге болады, оқушылар басқа

сабақтардағы мәліметтерді еске түсіре отырып, өз ойларын ортаға салсын. Ұлттық кілемдердің

жиегіне салынатын «бітпес» оюын көрсеткен жөн. Оқушылар бұйымдарды бұл өрнекпен әшекейлеу арқылы шеберлер не айтқысы келгенін айтып

берсін. Тақтаға шығып, суретін сала алады. Сабақтың соңында мұғалім 100–101-беттегі жобаны ата-аналарымен қалай орындайтынын айтады. Бұл жобаны оқушылар тақырыптың соңына қарай орындайды да, таныстыру са-

бағында жоба туралы айтып береді. Жоба бойынша негізгі жұмысты оқушылар өздері орындайды, ата- аналары бөтелкені табуға, тұзды кептіруге,

бұйымды жасауға көмектеседі. Тұзды әртүрлі түске бояп, кептіру көп орынды алады, сондықтан оны сыныпта орындау мүмкін емес.

№2 қосымшаның

№7 тақырыбындағы материалдар.

Өздік жұмысты орындау

Оқушылар альбомдарына толқынның, қардың суретін салады. Кейбір оқушылар сол бейнелердің негізінде өрнек құрастырады. Ал енді бір оқушылар жасалған өрнектермен әртүрлі заттарды (ваза, тәрелке, жастық, жамылғы) қалай

әшекейлеуге болатынын ойланады.

Альбом, қара, көк не көгілдір түсті

фломастерлер мен түсті қарындаштар.

Сабақтың қорытынды- сы

Оқушылар адам өміріндегі судың маңызын, суды бейнелейтін өрнектерді білді.

Су бейнелі өрнекті құрастыра отырып, табиғи материалдарды көркем бейнеге айналдыруды үйренді.




Қосымша ақпарат

Дифференциация Оқушылардың бәрі судың адам өміріндегі маңызын, суды

бейнелейтін өрнектерді білді. Табиғи материалдарды көркем бейнеге айналдырып үйренді.

№2 жұмыс дәптерінің

18-бетіндегі тапсырманы орындады.

Оқушылардың көпшілігі су бейнелі өрнек түрін қоса

отырып, табиғи материалдарды көркем бейнеге айналдырды.

№2 жұмыс дәптерінің

18-бетіндегі тапсырманы орындады.

Кейбір оқушылар су бейнелі

Оқушылардың ақпаратты меңгергенін қалай тексересіз?

  1. Оқушылардың мұғалімге берген

жауабынан (оқулық- тағы);

  1. жасаған жұмыс- тарынан (жақсы

жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз);

  1. жасаған жұмысты талқылауларынан.

АКТ-мен байланыс

Сабақтың барысында мұғалім СD-дискідегі материалдарды, интерактивті тақтаны қолданады.
Мұғалім өздік жұмыстың басында қайшымен жұмыс

істеу ережесін еске түсіреді.


өрнек түрін қосып және оларды әшекейлей отырып, табиғи материалдарды көркем бейнеге айналдырды.

Тапсырманы альбомдарына орындады.







Оқушыларға қалай қолдау көрсетесіз?

Сабақтың барысында оқушыларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақтарға толық жауап бересің! Сен өте байқампазсың! Сен табиғат

нысандарын жақсы суреттейсің (суретшілер туындыларын)!

Сен тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға

белсене қатыстың! және т.б.

Бағалау

Сабақта оқушыларды бағалау:

  1. оқушылардың мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауабы;

  2. туындылардың репродукцияларын суреттеуі;

  3. жұмысты талдап, талқылауға қатысуы;

  4. жұмыс дәптерінде орындалған тапсыр- малар (жақсы жасалған жұмыстарды ғана

бағалаңыз).

Құндылықтармен байланыс Анималист-суретшілер мен пейзажшылардың жұмыс- тарын, жанды табиғат

фотосуреттерін көрсетіп, табиғатқа, туған өлкеге сүйіспеншіліктерін оятып,

эстетикалық көзқарастарын қалыптастыруға септігін тигізетін №2 қосымшадағы өлеңдер мен материалдарды қолданады.

Рефлексия. Мұғалім жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қояды. Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды!», «Мен

бәрін жасап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді. Сабақтың қалай өткенін, ең қызықты нәрсе не болды, қандай жаңа нәрсе білгендерін, нені үйренгендерін айтады.



28–29-сабақ


Сабақ тақырыбы: Бейнелеу өнеріндегі теңіз пейзажы. Теңізді қалай бейне- лейміз? Есте қалар теңіз. Таныстыру, талдау және бағалау

Мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

СЫНЫП: 3

Қатысқан оқушы- лардың саны

Қатыспағандар

Оқу мақсаттары

Кескіндеменің жаңа тәсілдерімен танысу арқылы

танымдарын арттыру.

Бағдарламалық міндеті

3.2.2.1

3.2.2.2

3.3.3.1

Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер

Мұғалім үшін: «марина» (теңіз пейзажы) жанрымен, осы жанрда сурет салатын суретшілердің туындылары- мен, кескіндеменің жаңа тәсілдерімен, «пуантилизм» бағытымен таныстыру, теңізді бейнелеу жолдарын үйрету. Оқушылардың шығармашылық міндеті: №2 қосым-

шадағы музыкалық және поэтикалық үзінділерді марина





жанрындағы нақты туындымен салыстыру. Музыканың әсерімен «Теңіз» түсті композициясын жасау. №2 жұмыс дәптерінің 19, 20–23-беттеріндегі (таңдаулары

бойынша), 21– 22-беттеріндегі (таңдаулары бойынша), 24– 25-беттеріндегі (таңдаулары бойынша)

тапсырмаларды орындау.

Оқушылардың міндеті

Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беру, теңіздің күйін, теңіз жанрындағы картиналарды түс үйлесіміне, көңіл күйіне, жазу мәнеріне қарай суреттеу.

Жаңа термин сөздерді үш тілде білу. Жұмысын таныстырып, талдау.

Тірек сөздер: марина – бейнелеу өнерінің теңіз бейнеленетін жанры. Маринист-суретшілер,

пуантилист-суретшілер, түстерді оптикалық араластыру, суды бейнелеу.

Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:

  1. Теңіз бейнеленетін бейнелеу өнері жанры қалай аталады? Жауап. Марина.

  2. Теңізді бейнелейтін әйгілі суретшілерді ата. Иван Айвазовский, Уильям Тернёр, Поль Синьяк.

  3. Реңк дегеніміз не? Суретші оны палитрада қалай шығарады?

Жауап. Реңк – бір түстің түрленуі. Суретші палитрада әртүрлі түстерді араластыру арқылы алады.

  1. Гуашь бояуларының қасиеттері мен бояу жағынды- лары туралы білетіндеріңді есіңе түсір.

Жауап. Гуашь – суда еритін қоймалжың бояулар. Бояу жағындысымен нысандарды, сонымен қатар теңіз толқынын бейнелеуге болады.

  1. Акварель бояуларының қасиеті туралы не білесің? Жауап. Акварель – суда еритін мөлдір бояу.

Бұл бояумен судың мөлдірлігін беруге болады.

  1. Теңіздің түсі қандай болады? Теңіздің қандай түстерін білесіңдер?

Жауап. Теңіздің түсі алуан түрлі болады: жарықтың түсуіне қарай қара, ашық көк, көгілдір, қызыл, ақшыл көк түс.

Қара, Қызыл, Сары, Ақ теңіз.

  1. Пуантилист-суретшілердің сурет салу мәнері қандай? Олар қысқа түрлі түсті нүкте, дақтармен сурет салған («пуант» – французша «нүкте» деген мағынаны білдіре- ді). Түстерді бұлай араластыру оптикалық деп аталады.

  2. Суды қандай материалдармен және жолдармен бейне- леуге болады?

Жауап. Суды акварель және гуашь бояуларымен, бояу жағындысымен, жиырылған қағаздардан таңба түсіру арқылы, дымқыл қағаздың бетіне акварель жағып

бейнелеуге болады. Бояу жағылған қағаз парағының

бетіне тұз сеуіп, пуантилист-суретшілер сияқты жұмыс істеуге болады (басқа да жолдарын сұраңыз).




Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар: жаңа жанр, маринист-суретшілер, теңізді бейнелеу жолдарын біледі. Марина жанрын

анықтай алады. Осы жанрдың жұмыстарын басқа туындылардан ажырата алады. Белгілі бір тәсілмен теңізді бейнелей алады.

Оқушылардың көпшілігі: әсерлегіш құралдарды және әртүрлі материалдарды пайдаланып, теңізді бірнеше

жолмен бейнелей алады.

Кейбір оқушылар: әсерлегіш құралдарды және әртүрлі материалдарды пайдаланып, шығармашылық жұмыс

орындай алады.

Бұрын алған білімдері

Пейзаж дегеніміз не? 1-сынып. Түс реңктері. 2-сынып.

Түстің әсерлі мүмкіндіктері. 2-сынып. Баспа-таңбалармен жұмыс. 2-сынып.

Штрих пен бояу жағындысының сипаты мен әсерлі мүмкіндіктері. 3-сынып.

Пәнаралық байланыстар

Бұл сабақта мына пәндермен байланыс орнайды: жаратылыстану, әдебиеттік оқу, музыка. Оқушылар тақырыпты талдау барысында, жұмысты суреттегенде, әдеби шығармаларды тыңдағанда сөйлеу дағдыларын

жетілдіріп, дұрыс сөйлеуге тырысады. Оқушылар жара- тылыстану сабағынан өткен жанды табиғат туралы

білетіндерін пайдаланады. № 2 қосымшадағы тақпақ- тарды оқиды. Сабақтың басында және шығармашылық жұмыс жасау барысында 2-қосымшадағы музыкалық

үзінділерді тыңдайды.

Сабақтың барысы

Сабақ

кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Дереккөздер

Сабақ тақыры- бына кіріспе

Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай жасау. Сабақтың басында

№2 қосымшадағы музыканы қосады. Маринист- суретшілердің жұмыстарының репродукциялары

ілінеді. Тақырыпты хабарлап, оқушылардан неліктен көптеген суретшілер теңізді бейнелегенін сұрайды. Олардың жауабын тыңдап, тақырыпты ашуға көшеді.

Маринист-сурет- шілердің графи- калық және кескіндеме

жұмыстарының репродукцияла- ры. Теңіздің әртүрлі тәулік пен ауа райындағы

фотосуреттері.

№2 қосымшадағы музыкалық үзінді.

Алған білім- нің өмірмен байланысы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу

Біз өткен жылы өздеріңмен реңктің не екенін білдік, сурет салу үшін палитрада жаңа реңктерді шығарып үйрендік. Сонда біз бұл білімдеріміз алдағы уақытта іске асады деген болатынбыз. Шынымен де,

сендердің жұмыстарыңның бояуы қанық бола түсті. Ал бүгін теңізді бейнелеу үшін көптеген бояу реңктерін шығаруға тура келіп тұр. Сендер теңізге, өзен-көлге бардыңдар, сонда судың жылтырап, ойнағанын көрген боларсыңдар?! Су шынымен де

ойнайды, ол жүздеген реңк береді (фотосуреттерді

Оқулық. Маринист- суретшілердің графикалық және кескіндеме

жұмыстарының репродукцияла- ры. Теңіздің

әртүрлі тәулік пен ауа райындағы